- •Этика пәні: анықтама беріңіз. Қаламқас әшірәлі
- •Жақсылық пен жамандық: салыстырмалық талдау жасаңыз райхан бәйімбетова
- •Ар мен ұяттың мәнін қарастырыңыз ақниет бекбосын
- •Парыз ұғымы қалыптасуын қарастырыңыз гули жанәділ
- •Кәсіпкерлік ұйымдасқан мәдениетті бағалаңыз асыл қанбаева
- •Партиципативтік ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау жасаңыз эльмира құрмаш
- •Кадрлық менеджмент: әлеуметтік-психологиялық талдау жасаңыз арай тоқтарбай
- •Кадрлық менеджмент эволюциясын бағалаңыз назерке хамза
- •Адам ресурстарын басқарудағы қызметкерлерді басқарудың қайта құрылуын бағалаңыз. Райхан бәйімбетова
- •Қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі әдістері ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Қаламқас әшірәлі
- •Адам ресурстарын басқарудың екі әдісі: этикалық талдау жасаңыз ақниет бекбосын
- •Кадрлық стратегияны зерттеудің негізгі методологиясына баға беріңіз
- •Біліктілік түрлерін зертеудің негізгі методологиясын көрсетіңіз жания жәнібек
- •Менеджердің этикасы: этикалық талдау жасаңыз сапарайым қалшабек
- •Менеджердің қызметкерлер бойынша жұмысындағы іскери қарым-қатынасқа салыстырмалы талдау беріңіз асыл қанбаева
- •Менеджер кәсіби этикасының тарихи негіздерін көрсетіңіз. Эльмира құрмаш
- •Кәсіби қызмет мақсаттарын дәлелдеңіз. Арай тоқтарбай
- •Менеджердің кәсіби қызметіндегі этикаға талдау жасаңыз. Назерке хамза
- •Қоғамдағы сәттілік феноменін талдап түсіндіріңіз қаламқас әшірәлі
- •Сәттіліктің өркениетті моделін түсіндіріп негіздеме беріңіз райхан бәйімбетова
- •Сәттілік психологиясы және лидерлік жайлы байланыстырып талдау беріңіз гули жанәділ
- •Сәтті адам мінез-құлқын модельделдеуге психологиялық талдау жасаңыз. Жания жәнібек
- •Сәтті коммуникацияның вервалды және вербалды емес технологияларына таладу жасап жүйелі ықпалда түсіндіріңіз асыл қанбаева
- •Манипулятивті технологиялар және сәттілік факторының маңызын салыстырып талдау жасаңыз эльмира құрмаш
- •Іскерлік қарым-қатынас психологиясын талдап түсіндіріңіз.Райхан бәйімбетова
- •Тілдік этикет, кәсіби және іскерлік этикетті жүйелік тұрғыдан талдаңыз ақниет бекбосын
- •Эмоцияны басқару психологиясы мен сәттілік феноменін өзара байланыстырыңыз гули жанәділ
- •Табыска жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстауды жүйелік талдап түсіндіріңіз
- •Жақсы (манера) әрекет: қонақ этикеті танымдық жүйеде түсіндіріңіз асыл қанбаева
- •Іскер қарым-қатынастағы конфликтілер талдау жасап түсіндіріп, психологиялық деңгейде өз тұжырымдамаңызды жасаңыз назерке хамза
Іскерлік қатынастар этикасының психологиялық табиғатын талдай отырып бағалаңыз және өз пікіріңізді айтыңыз.
Тілдік этикет, кәсіби және іскерлік этикетті жүйелік тұрғыдан талдаңыз ақниет бекбосын
Іскерлік қарым-қатынас.
Жазбаша іскерлік қарым-қатынас Іскерлік қатынас этикасы – мінез – құлықтық талаптардың принциптері, нормалар мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы. Іскерлік қарым – қатынас белгілі бір мінез – құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады: 1. іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек; 2. адамгершілік; 3. мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі; 4. құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет. Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы. Кәсіби такт – бұл қарым – қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі. Шетел азаматтарымен іскерлік қарым – қатынас жасаудың негізгі қағидалары мен ережелері дипломатиялық хаттамамен белгіленеді. Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым – қатынас жасау кезінде, келіссөз бен келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту – бұл дипломатиялық хаттама нормаларының сақталуын білдіреді. Қабылданған нормалардан қандац да болмасын бас тарту мемлекеттердің абыройына нұқсан келтіру сияқты бағаланады. Тіпті белгісіз бір кеткен қателік қасақана жасалған қорлауға тең. Қазіргі кезде мемлекеттер қарым – қатынастарының арасында 1991 жылы қабылданған «дипломптиялық қарым – қатынас туралы Вена Конвенциясы» бар. Дипломатиялық хаттаманың ережелері «халықаралық әдептілік» қағидасына негізделген, яғни мемлекетті таныстырып, көрсеттетін құрметтеулер мен қадірлеулердің барлығын сақтауды білдіреді. Хаттамамен шет мемлекетке келген ресми тұлғалардың өзін - өзі ұстауы, ресми жағдайларда киінуі және т.б. белгіленеді. Халықаралық этикет нормаларынан ауытқу шетелдік әріптестермен тек қана бейресми мәні бар, қызметтен тыс жағдайларда ғана жол беріледі.
Бизнес этикасы психологиясы, сәтті адам психологиясын талдаңыз
Эмоцияны басқару психологиясы мен сәттілік феноменін өзара байланыстырыңыз гули жанәділ
Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi.
Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз.
Эмоция — бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б. Эмоцияналдық бағыт-бағдармен рационалды бағытының ерекешелiгiн қарастыратын болсақ, мынадай өзгешелiктердi байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтiн (яғни, туа бiткен), ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкiндiктерi нашар түсiнбеушiлiктер және қысқа мерзiмдi (жиi тылсым) ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептерi мен негiзiн жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ олардың дәлдiгiне сенiмдi болуы шарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi сенiмдiлiгi әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады.
Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады: пәнi, эмоционалды уайым және қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).
Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе бiреудiң көздеген ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.
Эмоцияның қызметтерi
Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады.
Әсiресе қуаныш эмоциясы осы жөнiнде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып кеткен. (Психология эмоции. Новый подход – журнал ңМир психологииң, 2002, N4). Бiздiң бойымызда қуанышымыз өмiрге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем бередi. Қоғамға пайдалы шындық бiздiң бойымызға қуаныш әкеледi.
Жағымды эмоциялар адам өмiр жолын таңдау барысында өмiрлiк бағдар бередi (×уприкова Н.И. Эмоциональные сигналы, Определяющий выбор жизненного пути. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 44-47).
Жағымсыз эмоциялар керiсiнше ояту функцияларын орындайды.
Эмоциялар адамның физиологиялық функцияларына өте қатты әсер етедi, себебi эмоция олармен қосылып ортақ психофизиологиялық жүйенi құрайды. Сондықтан да эмоциялар әрқашанда ағзаның азды-көптi өзгерiстерiмен бiрге жүредi. Физиологиялық фукнцияларды эмоция арқылы реттеу мүмкiндiктерi өте көп. Олар әртүрлi бағытта ондаған, жүздеген есе өзгеруi мүмкiн: күшеюi, әлсiреуi, тiптен толық өшiп қалуға дейiн, жақсаруы, паталогияға дейiн нашарлауы, жылдамдауы, баяулауы және т.б. Көптеген аурулар және уақытынан бұрын қартаю немесе жасару эмоциялық негiзде пайда болады.
