Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГулзадаTesty_4_kurs_Integr_KAZ_Nefro_bez_otv.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
507 Кб
Скачать
☆
  1. Ig A жоғарылауы

  2. cANCA, pANCA

  3. ЦМВ-қа Ig G

  4. Жай герпес вирусына Ig М

  5. Ana, dsDna-ге антидене

11. 11 жастағы ұл бала, айқын ісінулерге, асцит, аз мөлшерде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Суықтанудан соң жедел ауырды. АҚҚ120/80 мм с.б., зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 38 г/л, холестерин – 9,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 5,8 г/л, лейк. – 1-2 к/а, эритр. – 5-6 к/а, салыст.тығ. – 1025. Глюкокортикостероидтармен патогенетикалық ем 6 апта мөлшері жүргізілді, ремиссия болған жоқ. Биопсия кезінде гломерулонефриттің морфологиялық варианты – ФСГС анықталды. Балаға циклоспорин-А мен метилпреднизолон тағайындалды. Науқасқа міндетті түрде қандай кезеңдік зерттеу өткізу қажет?

  1. ФГДС

  2. Бауыр ферменттері

  3. Окулист кеңесі

  4. Стоматолог кеңесі

  5. Қандағы циклоспорин-А концентрациясын анықтау

12. 15 жастағы жасөспірім, бөлімшеге бас ауруына, қабақтарының, аяқтарының ісінуіне шағымданумен түсті. Қарағанда: қабақтары және аяқтарында аздаған ісінулер бар, АҚҚ 160/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы белок 60 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, калий 5,0, холестерин 5,6 ммоль/л; зәрде белок 2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде к/а, лейкоциттер 2-3 к/а. Аз зәр бөле бастады. Бақылау қан анализдерінде креатинин 360 мкмоль/л, мочевина 16 ммоль/л, жалпы белок 50 г/л., несепте белок 2,5 г/л, эритроциттер көп мөлшерде.

ЕҢ мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?

  1. Нефротикалық синдром

  2. Нефритикалық синдром

  3. Тубулоинтерстициалдық нефрит

  4. Жекелеген несептік синдром

  5. Тез үдемелі гломерулонефрит

13. 15 жастағы жасөспірім, бөлімшеге бас ауруына, қабақтарының, аяқтарының ісінуіне шағымданумен түсті. Қарағанда: қабақтары және аяқтарында аздаған ісінулер бар, АҚҚ 160/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы белок 60 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, калий 5,0, холестерин 5,6 ммоль/л; зәрде белок 2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде к/а, лейкоциттер 2-3 к/а. Аз зәр бөле бастады. Бақылау қан анализдерінде креатинин 360 мкмоль/л, мочевина 16 ммоль/л, жалпы белок 50 г/л., несепте белок 2,5 г/л, эритроциттер көп мөлшерде. Тез үдемелі гломерулонефритке күдіктенді. Биопсия кезінде бүйрек зақымдалуының мейілінше болатын морфологиялық варианты қандай?

  1. Экстракапиллярлы

  2. Минималды өзгерістер

  3. Мембраналық нефропатия

  4. Мезангиопролиферативті

  5. Мембранопролиферативті

14. 15 жастағы жасөспірім, бөлімшеге бас ауруына, қабақтарының, аяқтарының ісінуіне шағымданумен түсті. Қарағанда: қабақтары және аяқтарында аздаған ісінулер бар, АҚҚ 160/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы белок 60 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, калий 5,0, холестерин 5,6 ммоль/л; зәрде белок 2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде к/а, лейкоциттер 2-3 к/а. Аз зәр бөле бастады. Бақылау қан анализдерінде креатинин 360 мкмоль/л, мочевина 16 ммоль/л, жалпы белок 50 г/л., несепте белок 2,5 г/л, эритроциттер көп мөлшерде.

Қандай патогенетикалық ем мейілінше дұрыс болады?

  1. Стероидтар + нефропротективті ем

  2. Стероидтар + мофетил микофенолаты

  3. Стероидтармен + циклофосфамидпен пульстерапия

  4. Стероидтар + циклоспорин-А

  5. Стероидтар + плазмаферез

15. Бөлімшеге 10 жастағы қыз 2 апта ішінде креатинин деңгейі 75-тен 210мкмоль/л-ге дейін өсуімен түсті, ауру басталғанда зәр түсінің өзгергеніне шағымданды. Ерте анамнеінде бүйрек ауруларына сілтемелер жоқ. Зертханалық мәліметтер бойынша – гематурия, протеинурия 1,2 г/тәу, ЭТЖ 45мм/сағ, УДЗ-де бүйрек өлшемдері ұлғайған, конкременттер мен іркілістер жоқ. Қандай зерттеу әдісі емдеу тактикасын анықтауға көмектеседі?

  1. NGAL

  2. АНЦА

  3. АСЛ-О

  4. Бүйрек биопсиясы

  5. Комплементтер С3, С4

16. Төменде аталғандардан бүйрек биопсиясын өткізуге қарсы көрсеткіш болып табылады:

  1. Артериалық гипертензия

  2. Жалғыз бүйрек

  3. Гематурия себебі белгісіз

  4. Нефропатияның торпидті ағымы

  5. Себебі белгісіз протеинурия

17. 9 жастағы ұл. Айқын ісінулерге, аз мөлшерде зәр шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданумен түсті. Суықтанудан соң жедел ауырды. АҚҚ 110/70 мм с.б., бүкіл денесінде ісінулер, зәр түсі таза. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, салыст.тығ – 1025. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 38 г/л. Ең мүмкін болатын диагноз қандай?

  1. Нефритикалық синдром

  2. Нефротикалық синдром

  3. Тубулоинтерстициялық нефрит

  4. Жекелеген несептік синдром

  5. Тез үдемелі гломерулонефрит

18. 14 жастағы қыз клиникаға ісінулерге, бас ауруына, несеп түсінің өзгеуіне шағымданумен түсті. Бұл шағымдары өткерген баспадан кейін 2 аптадан кейін пайда болды. Тексергенде: бетінде, аяқтарында ісінулер, АҚҚ 140/90 мм с.б., макрогематурия. Қан талдауында: жалпы белок 60 г/л, калий 41 ммоль/л, натрий 140 г/л, холестерин 3,7 ммоль/л, креатинин 128 мкмоль/л, мочевина 9,2 ммоль/л; несепте белок 2,0 г/л, эритроциттер – жаппай көру аймағында. Биопсия кезінде бүйрек зақымдалуының МЕЙІЛІНШЕ болатын морфологиялық түрі қандай?

  1. Мембраналық нефропатия

  2. Мембрано-пролиферативті

  3. Диффузды-пролиферативті ГН

  4. Минималды өзгерістер ауруы

  5. Фокалды-сегментарлық гломерулонефрит

19. 13 жастағы ұл бала, клиникаға ісінулерге шағымданумен түсті. Анамнезінен: бұл жағдайлардың дамығанына бір апта. 3,7 г/л протеинурия анықталуына байланысты стационарлық емделуге жіберілді. Қарағанда: анасаркаға дейін массивті ісінулер, АҚҚ 110/70 мм. С.б. Анализдерінде: қан сарысуындағы креатинин 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖНТ: протеинурия 4 г/тәу., эр. 2-3 к/а. Патогенетикалық мақсатпен Преднизолон терапиялық дозада тағайындалды, нәтижесіз. Стероидқа қандай дәрілік препаратты қосқан мейілінше дұрыс?

  1. Мофетил микофенолаты

  2. Циклофосфамид

  3. Циклоспорин-А

  4. Фраксипарин

  5. Фозиноприл

20. 9 жастағы бала, бетінің, алдыңғы құрсақ қабырғасының, аяқтарының ісінулеріне шағымданды. Қарағанда: анасаркаға дейін ісінулер. АҚҚ 85/40 мм с.б. Қан талдауларында: жалпы белок 38 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 9,8 ммоль/л. ЖНТ-да белок 4,5 г/л, Ле ед, Эр 0-1 к/а. Гипотензия даму механизмі қандай?

  1. Эндокринді бұзылыстар

  2. Тамырішілік көлемнің азаюы

  3. Жүрек лақтырылысының төмендеуі

  4. Нейрогенді белсенділіктің бұзылысы

  5. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

21. 13 жастағы пациент, педиатрға комиссиядан өту кезінде кездейсоқ анықталған микрогематурияға байланысты қаралды. Анамнезінде бүйрек аурулары анықталмады. АҚҚ 120/80мм с.б. Қандай тактика мейілінше дұрыс?

  1. Стероидтар тағайындау

  2. Антибиотиктер тағайындау

  3. Цистоскопия жасау

  4. Бүйрек биопсиясына жіберу

  5. Эритроциттерді ажырату

22. 16 жастағы науқаста – нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен жүргізілген ем тиімсіз. Бүйрек биопсиясының нәтижелері: сәулелі микроскопта – шумақтарда сегментарлы өзгерістер. Шумақтың тек бір бөлшегі ғана зақымдалған. Гиалиноз (ірі протеинді тромбтар), көпіршікті жасушалармен. БМ қалыңдаған, бүріскен, коллабирленген. Зақымдалған бөлігі Баумен капсуласының мембранасымен бітісіп кеткен (синехия). Электронды микроскопта – подоцит аяқшаларының өсінділері толықтай тегістелуі. Мезангийде электронды-тығыз депозиттер, әсіресе мезангиалды БМ бойында аздап байқалады. Иммуногистохимия – IgM және СЗ, С4, С5 жарықтануы. Мейілінше мүмкін болатын морфологиялық диагноз қандай?

  1. Экстракапиллярлы ГН

  2. Мембраналық нефропатия

  3. Мембрано-пролиферативті ГН

  4. Минималы өзгерістер ауруы

  5. Фокалды-сегментарлы гломерулосклероз

23. 16 жастағы науқаста – нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен жүргізілген ем тиімсіз. Бүйрек биопсиясының нәтижелері: сәулелі микроскопта – шумақтарда сегментарлы өзгерістер. Шумақтың тек бір бөлшегі ғана зақымдалған. Гиалиноз (ірі протеинді тромбтар), көпіршікті жасушалармен. БМ қалыңдаған, бүріскен, коллабирленген. Зақымдалған бөлігі Баумен капсуласының мембранасымен бітісіп кеткен (синехия). Электронды микроскопта – подоцит аяқшаларының өсінділері толықтай тегістелуі. Мезангийде электронды-тығыз депозиттер, әсіресе мезангиалды БМ бойында аздап байқалады. Иммуногистохимия – IgM және СЗ, С4, С5 жарықтануы. Бұл жағдайда қандай ем жүргізген мейілінше дұрыс?

  1. Циклоспорин-А

  2. Симптоматикалық ем

  3. Метилпреднизолонмен пульстік ем

  4. Преднизолонмен емді жалғастыру

  5. Преднизолонның альтернирлеуші курсы

24. Қандай морфологиялық көрініс мембранопролиферативті гломерулонефритке мейілінше патогмонды?

  1. ГБМ қалыңдауы

  2. Өзекшелер атрофиясы

  3. Интерстициалды фиброз

  4. Мезангиалдық пролиферация

  5. ГБМ-ң «трамвай жолдары» сияқты екі еселену

25. 15 жастағы науқаста, өткерген респираторлы инфекциядан кейін қайталамалы макрогематурия байқалды (гломерулалық эритроциттер). Төменде аталған диагноздардың қайсысы мейілінше мүмкін?

  1. МӨНС

  2. IgA-нефропатия

  3. Мембраналық ГН

  4. Мембрано-пролиферативті ГН

  5. ГН эндокапиллярлы-пролиферативті

26. 6 жастағы баланың анасы балада несеп талдауында жиі эритроциттер анықталатынына шағымданды.бала бөлімшеде тексерілді – эритроциттер гломерулалық («дисморфты»), естуді төмендеуі анықталды. Анамнезінен – атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, әпкесінде 12 жасында микрогематурия анықталған. Мейілінше мүмкін диагноз қандай?

  1. Жұқа мембрана ауруы

  2. Фанкони нефронофтизі

  3. Отбасылық гематурия

  4. Альпорт синдромы

  5. Берже ауруы

27. Амбулаторлық тексеру кезінде 16 жастағы жігітте созылмалы бүйрек ауруының белгілері, естудің төмендеуі, несепте протеинурия, гематурия анықталды, атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, әпкесінде 12 жасында микрогематурия анықталған. Қандай емдеу тактикасы мейілінше дұрыс?

  1. Стероидтар

  2. Цитостатиктер

  3. Антиагреганттар

  4. Нефропротекторлар

  5. Антикоагулянттар

28. 16 жастағы ер бала, клиникаға ісінулерге шағымданумен түсті. Анамнезінен: бұл жағдайлардың дамығанына бір апта болған. 3,7 г/л протеинурия анықталуына байланысты стационарлық тексерулерге жіберілді. Қарағанда: анасаркаға дейін массивті ісінулер, АҚҚ 100/60 мм. С.б. Анализдерінде: қан сарысуындағы креатинин 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖНТ: протеинурия 4 г/тәу., эр. 2 к/а. Преднизолонмен емдеу тактикасы тиімсіз. Қандай зерттеу тактикасы мейілінше бірінші кезекте жасалады?

  1. Бүйрек биопсиясы

  2. Метилпреднизолонмен пульс-терапия

  3. Преднизолон 1-2мг/кг салмағына тағайындау

  4. Циклоспоринді преднизолонмен бірге тағайындау

  5. Преднизолонмен қосып циклфосфанмен пульс-терапия

29. 5 жастағы балада атопиялық дерматитпен ауырғаннан кейін анасаркаға дейін ісінулер пайда болды, АҚҚ 85/50 мм.с.б., қан сарысуындағы креатинин 45 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л, протеинурия 6 г/тәу, эр. 1-2 к/а. Нефробиоптатты сәулелі микроскопта қарағанда өзгерістер анықталмады. Мейілінше мүмкін болатын морфологиялық диагноз қандай?

  1. Минималды өзгерістер

  2. Диффузды пролиферативный ГН

  3. Мембраналық гломерулонефрит

  4. Фокалды-сегментарлық гломерулосклероз

  5. Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит

30. 5 жастағы бала клиникаға бетінің пастоздығымен түсті. Несеп талдауларында келесі өзгерістер анықталды: салыст.тығызд 1010, несеп түсі қою қоңыр, белок 1,5 г/л, лейкоциттер-2-3 к/а, эритроциттер – көру аймағында жаппай, цилиндрлер 10-15 к/а. Аталған болжам диагноздардың қайсысы мейілінше мүмкін болып табылады?

  1. Гломерулонефрит

  2. Жедел пиелонефрит

  3. Несептас ауруы

  4. Интерстициалды нефрит

  5. несеп жүйесінің инфекциясы

31. Ұл бала 8 жаста. Ісінулермен, бас ауруымен, несеп түсінің өзгеруімен келіп түсті. Тексергенде: бетінде, аяқтарында ісінулер, АҚҚ 140/90 мм с.б. Несеп талдауында белок 2,5 г/л, эритроциттер – көру аймағында жаппай. Төменде аталған диагноздардың мейілінше дұрыс:

  1. Пиелонефрит

  2. Бүйрек туберкулезі

  3. Гломерулонефрит

  4. Несептас ауруы

  5. Интерстициалды нефрит

32. Ұл бала 8 жаста. Ісінулермен, бас ауруымен, несеп түсінің өзгеруімен келіп түсті. Тексергенде: бетінде, аяқтарында ісінулер, АҚҚ 140/90 мм с.б. Несеп талдауында белок 2,5 г/л, эритроциттер – көру аймағында жаппай. Қандай емдеу тактикасы мейілінше дұрыс?

  1. Преднизолонмен монотерапия

  2. Преднизолон мен гепаринді қосып тағайындау

  3. Дезинтоксикациялық ем, плазма

  4. Преднизолон мен цитостатикті қосып тағайындау

  5. Тұзсыз емдәм, симптоматикалық ем

33. 8 жастағы ұл балада жедел гломерулонефрит. Аталғандардан қандай клиникалық симптомдар мен зертханалық көрсеткіштер мейілінше жедел гломерулонефритке тән?

  1. Іштегі ауру-сезімі, гематурия

  2. Лейкоцитурия жаппай к/а, дизурия

  3. Тізелерінде геморрагиялық бөртпелер, протеинурия

  4. АҚҚ жоғарылауы, протеинурия 2,0 г/тәу. дейін, гематурия

  5. Бактериурия 1 мл зәрде 100 000 м.д., дизурия

34. 5 жастағы ұл бала. Анасаркаға дейін массивті ісінулер. АҚҚ 90/55 мм.с.б. қан сарысуындағы креатинин 47 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л, протеинурия 4 г/тәу, эритроциттер 2 к/а. Аталған болжам диагноздардың қайсысы МЕЙІЛІНШЕ дұрыс?

  1. Пиелонефрит

  2. Нефротикалық синдром

  3. Нефритикалық синдром

  4. Жекелеген несептік синдром

  5. Тез үдемелі гломерулонефрит

35. Нефритикалық синдром кезіндегі ісіну мен гипертензияның даму механизмі қандай?

  1. Катехоламиндер синтезінің жоғарылауы

  2. Белок синтезінің төмендеуі және гипопротеинемия

  3. Антидиуретикалық гормонның дұрыс емес түзілуі

  4. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

  5. Натрийуретикалық жүрекшелік пептид синтезінің төмендеуі

36. 12 жастағы қыз. Шамалы ісінулерге, АҚҚ-ң 150/95 мм с.б-на дейін жоғарылауына шағымданумен түсьі. Анализдерде: ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4,0 ммоль/л, протеинурия 1,3 г/л, макрогематурия, ШСЖ 67 мл/мин. Аталған болжам диагноздардың қайсысы МЕЙІЛІНШЕ мүмкін?

  1. Пиелонефрит

  2. Нефротикалық синдром

  3. Нефритикалық синдром

  4. Жекелеген несептік синдром

  5. Тез үдемелі гломерулонефрит

37. Балада тұрақты гематурия, экстрареналды көріністері жоқ. Төменде аталған гломерулалық аурулардың қайсысы жекелеген несептік синдроммен көрінеді?

  1. Тұқым қуалайтын нефрит

  2. Мембраналық нефропатия

  3. Минималды өзгерістер ауруы

  4. Фокалды-сегментарлық гломерулосклероз

  5. Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит

38. 3 жастағы қыз балада ерте жасынан жедел респираторлы инфекциядан кейін немесе инфекция фонында макрогематурия эпизодтары байқалады. Несеп жүйесіндегі тастар мен басқа себептер жоққа шығарылды. Мейілінше ықтимал диагноз:

  1. мембранозды ГН

  2. IgA-нефропатия

  3. тұқым қуалайтын нефрит

  4. нефритикалық синдром

  5. тез үдейтін гломерулонефрит

39. Клиникаға 12 жастағы қыз ісінулермен түсті, несепте – протеинурия 3г/л, эритроциттер 40-50 к/а, лейкоциты 4-6 к/а, бетте – гиперемия. Қанда – ЭТЖ жоғары. АҚҚ – 140/90мм с.б., ауырғанға дейін бір ай бұрын аздаған температура, артралгия болған. Зертханалық зерттеулер қамтиды:

  1. ревмофактор

  2. нәжісті бак.себу

  3. нефробиопсия

  4. ДНҚ-ға антидене

  5. стерильдікке қан тапсыру

  6. несепті флораға бак.себу

  7. антинуклеарлық антидене

  8. зоонозды инфекцияларға ИФА

40. 7 жастағы қызда 3 күн бойы айқын ісінулер, несепте – белок 3 г/л. Клиникалық диагнозды анықтау үшін қандай зерттеулер қажет?

  1. қандағы электролиттерді анықтау

  2. нефросцинтиграфия жасау

  3. стерналді пункция жасау

  4. белоктың тәуліктік экскрециясын анықтау

  5. несепті бактериологиялық зерттеу

41. Клиникаға 7 жастағы ұл жедел нефритикалық синдромға күдіктенумен түсті. Жедел нефритикалық синдром үшін қандай көрсеткіштер тән

  1. анемия

  2. макрогематурия

  3. гипопротеинемия

  4. протеинурия 3,5 г/л

  5. лейкоцитурия

42. Клиникаға 7 жастағы ұл жедел нефритикалық синдроммен түсті. Жедел постстрептококкты гломерулонефриттің еміне кірмейді:

  1. циклофосмамидпен пульстерапия

  2. тұзды шектей отырып емдәм

  3. ААФ тежегіштері

  4. антибиотик

  5. фуросемид

43. 9 жастағы балада нефротикалық синдром, стероидтәуелді түрі. Нефротикалық синдромды емдеу үшін қандай препарат қолданылады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]