Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Трбие Воок шыару.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

1.Қазақстандық-патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие.

Мақсаты: Гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

              Міндет: Оқушының бойында патриотизм,  азаматтық, төзімділік, рухани өнегелік, шымыр да белсенді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін оқушылардың қадірлеуін қалыптасады.

            Нәтижесінде: Жақсы мен жаманды ажыратып, қоғамға тизігер пайдаларын ұғынатын, ел тарихы мен мәдениетін білетін, елдің саяси өмірі жайлы түсінігі бар тұлға қалыптасады.

Менің Отаным Қазақстан! Қазақстан Республикасының мейрамдары...

Білім күні 1- қыркүйекте Қазақстан көлеміндегі білім ошақтарында

" Менің Отаным- Қазақстан!"атты тәрбие сағатын өткізу бекітілгені белгілі. Тәрбие сағатының тақырыбын алдын-ала оқушыларға арнайы хабарландырып, шығармашылық тапсырмалар үлестірдім. Сыныптың сурет салуға бейім оқушылары түрлі патриоттық тақырыпта сурет салып, әдебиет, музыкаға қабілеті барлары эссе, өлең жазып келіп, шығармашылығын ортаға салды. Мектеп тарапынан " Менің Отаным- Қазақстан!" оның ішінде Қазақстан Республикасының Мейрамдары 7- сыныптарға берілгендіктен, осы тақырыпқа аса көңіл бөлінді. Мұғалімнің бағыт- бағдары бойынша мейрамдардың түрлерімен танысып, әр мерекеге шолу жасалды. Қоғамдық-саяси мәндегі оқиғаларға орай, Қазақстан Республикасы азаматтарының дәстүрлі мемлекеттік мерекелеріне тоқталдық. Атап айтқанда, олар: 1-2-қаңтар - Жаңа жыл 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні.  22-наурыз - Наурыз мейрамы. 1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні  7 мамыр - Отан қорғаушы күні 9-мамыр - Жеңіс күні. Кеңестер Одағы халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні. 6-шілде - Қазақстанның Елордасы – Астана күні 30-тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

1-желтоқсан- ҚР тұңғыш президенті күні 16-17-желтоқсан - Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамы. Тәуелсіздік күні 17-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні

жүргізушілер Сүлейхан Айбын мен Наурузова Томирис Алматы қаласына арнап салған Кишанова Диана суретін оқушыларға таныстырып тұр.

" Тіл -тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз" , " Алма бақты гүл Алматы- ару қалам!" , Конституциямыздың -20 жылдығына " Бабалар салған сара жол- Ата заңы елімнің!", ҚР Мемлекеттік рәміздері мен мұғалімдер күніне орай тәрбие сағаттары өткізілді. Барлық тәрбие сағаттарында оқушылар тақырыпты бөлісіп алып, қосымша мәліметтермен толықтырып, плакаттарға суреттерін салып белсенділік танытты. Ата- аналар тарапынан тәрбие сағаттарына деген қызығушылық жоғары екенін Конституцияның 20 жылдығына орай өткізілген эстафеталық жарыстан байқадым. 7-сыныптар арасында тарих пен дене шынықтыруды байланыстырып, салауатты өмір- салтын дәріптеу ортақ мақсатымыз болды. "Алма бақты гүл Алматы- ару қалам!"