Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Трбие Воок шыару.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

«Қуатты Қазақстан» қорының президенті Әуелбай Мұхит Асанұлы

Мектеп ұжымына дәріс оқу сәті...

Оқушылар демалыс уақытын тиімді өткізу үшін, Ақсай мешітінің ұстазы Қуаныш мырза ,7- сыныптарға қоғамдағы болып жатқан өзекті мəселелердің алдын-алу жайлы біраз ақпар берді. Қуаныш ұстаздың әңгімесін мұқият тыңдап болған соң, әр түрлі тақырыпта сұрақтарын қойып, жауабын тыңдады. Діни сауатты болуға шақырып, өзге дін жетегінде адасып жүрген жастарымызды осы діни сауатсыздықтың төмендігінен деп топшылады.Жалпы ислам діні бебітшілік діні. Ислам ғылымға, білім мен өнерге шақыратынын айтып, жалқаулықтан арылу ең басты қасиет екенін ескертті.Ұйқының да қалыпты болуын қатаң бақылау керектігін айтып, жарқын болашағыңның кепілі бүгініңнен басталады деп сөзін қорытындылады.

7 - сынып оқушылары ұстаз Қуаныш мырзаның әңгімесін тыңдауда

"Кітап -білім бұлағы!"

Ғабит Мүсіреповтың "Қазақ солдаты" романындағы ағайдың "Оқыңдар, қарақтарым, оқыңдар!. Қазақтың оқуда кеткен еншісі көп!. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы! Сабақтың мақсаты:

Оқушы бойына білімнің қайнар көзі - кітаптығын ескертіп, кітапты аялап ұстауға шақыру; Кітап оқу арқылы санасы толысқан тұлға қалыптасатындығын, кітап- асыл қазына, өшпес мұра, сарқылмас рухани байлық екендігін түсіндіріп, еліміздің кемел келешегі болар,білімді ұрпақ болуына жағдай жасап, тәрбиесіне ықпал ету.

Оқушыларды өз бетімен шығармашылыққа баулу, кітапқа деген қызығушылығын арттыру;

Кітаптың шығу тарихы мен жанрларын, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетін салыстыру;

Мұғалім сөзі:

Кітап - тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал етеді, әсіресе бұл өскелең ұрпаққа аса өзекті. Жақсы кітап адалдық пен шыншылдық, мақсаткерлік пен мақсатқа жетудегі табандылық, осыған қажетті қайсарлық пен тәртіптілік, сондай-ақ жеке мінез-құлықтағы сыпайылық пен әдептілік, сыни ойлау мен өзін-өзі сынау секілді өзіңдегі жағымды қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан да мен көп оқыған адам жаман болады деп ойламаймын. Сондай-ақ мен кітаптарды электронды нысанмен қатар қағаз көшірмесін қолға алуға шақырамын, себебі кітаптан тарайтын энергетиканы ештеңемен салыстыруға болмайды. Кітаптың салмағы, қағазды сезіну, беттердің сыбдыры, оның иісі – мұның барлығы оны оқырман қауымға ерекше етеді" ...

Мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әли ибн Әбу Тәліп аса білімдар адам болыпты. Білімінің арқасында ел ол кісіні «Ілімнің қақпасы» деп атаған. Бірде замандастары оған 10 адамды кезекпен жіберіп, бәріне бірдей: «Білім артық па, байлық артық па?» деген сұрақты қойдырған екен. Сонда Хазіреті Әли әрбір сұраққа әртүрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген екен: Оқушылар білім артық па? Байлық артық па? сұраққа жауап беру үсітінде...

1. Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық –бақылдардан қалған мұра. (Парсаханов Бақдаулет) 2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады. (Нуридин Аружан)

3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады.(Сарманов Санжар) 4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні таусылады.( Кишанова Диана) 5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің. .(Базар Әльтаир) 6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол.(Құспекова Лаура) 7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.(Жұмағұл Мағжан) 8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық.(Толеген Жібек) 9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады.( Бопай Дулат) 10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық, ( Макажан Мариям)

М. Жұмабаевтың " Мен жастарға сенемін" атты өлеңін мәнерлеп айтуда