Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Трбие Воок шыару.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Екі суретші қызымыз Абдулазимова Малика мен Наурузова Томиристің суреттері

3. Ұлттық тәрбие

Оқушылар өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы негізгі мақсаты болып табылады.

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». 

Жалпы кез - келген тәрбие сағатында ұлттық құндылықтарымыз дәріптеледі. Ол мейлі спорттық жарыстар болсын, интеллектуалдық сайыстар болсын ұлттық болмысымыздың айрықша элементтері жүреді. Алайда, 3000 жылдық тарихы бар әз Наурыздың алар орны бөлек.Осы мақсатта " Армысың әз Наурыз!" атты тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында, нарыз жыл басы, мейрамның тарихына тоқталдық. Сонымен қатар, наурыз көже, тұсау кесер, ұлттық ойындарымызбен таныстырылды. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген  ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 

4.Отбасы тәрбиесі.

Жалпы 7- сынып өскелең ұрпақтың психологиясында да, физиологиясында да айтулы өзгерістер енетіні белгілі.Осы мақсатта ата- аналармен бірлескен жұмыстар жасалды. Алайда, кейбір ата- аналар тарапынан бала тәрбиесіне салғырттық пен немқұрайлылық басым екені байқалды. Бұлай айтуыма себеп, жыл басынан бері жоспарлы ата- аналар жиналысына бірде - бір рет қатыспағандығы дәлел болып отыр. Мұндай ата- аналарды зерттеп- зерделеу үшін, тұрақты мекен- жайы бойынша үйлеріне барып, оқушының отбасы мүшелермен, әлеуметтік ортасы мен жағдайын, соңғы кездері бала бойындағы психологиялық өзгерістерді анасына баяндап, баланың тәрбиесі мен үлгеріміне әсер етіп жүрген, кері факторларды айту сынып жетекшісі яғни менің міндетім.

Ата- аналар жиналысында, қоғамның сүбелі шындықтары мен кері факторлардың алдын- алуды күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде ортаға салып, пікір алмасамыз.

Сот қызметкері, ата- ана Кожатаева Малика ата- аналарға Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұрғанын айтып, біз мұның салдарымен күреспей, алдын- алуымыз керек,- деп пікірін ортаға салды.

Кез- келген адам баласы жасөспірім кезеңнен өтеді. Бұл кезеңнің ерекшелігі бала өз бойындағы физиологиялық құбылыстарды түсінсе де, психологиялық тұрғыда өз- өзін не үлкен не кішілер санатына қоса алмай, әбігерге түсіп жататыны баршамызға аян. Өзіне сенімді, өз проблемасын өзі шеше алатын адам секілді ұғынғанымен, кәмелет жасына жетпеген, әлі де үлкендер тарапынан демеу керектігін көбіне- көп ұғына алмай, ұғынса да, ұғынғысы келмей жататын жайттар бар емес пе? Ал, бұған біз үлкендер түсініспеушілікпен қаруымыз тиіс. Дәл осы сәттен оның бойында адами болмысында "Мені" қалыптасуына, еркін ойлы , қоғамға пайдалы адам болуына ықпал етер мына біздер. Бұл құбылысты мамандар қалыпты санап, жасөспірім тәрбиесі өте нәзік екенін ескертіп келеді. Осы орайда ата- аналарға педогогикалық, психологиялық кеңестер беру менің тырнақ алды жұмыстарымның бірі десем артық болмас.

Адам өміріндегі ең маңызды, есте қалатын кезеңнің бірі – жасөспірімдік шақ. Яғни, 11-20 жас аралығы. Мінезі де, сабағы да қиындап, қоршаған ортамен жанжалдасатын, сіркесі су көтермейтін уақыт. Әсіресе 7, 8, 9-сыныптарда оқитын оқушыларға тән көрініс.Жасөспірімдер өздерінің енді бала емес екенін, алайда ересекке де жатпайтынын түсінеді.Ересектерге еліктеп, солардың қылығын қайталайды, кейбірі зиянды әдеттерге әуес болады. Үлкендердің ақыл айтқанын жақтырмайды. Өйткені, өздерін ақылды сезінеді. Ата-аналарының айтқан ескертулеріне, мұғалімдерінің кеңестеріне қарсыласып, өре түрегеледі. Бойлары да өсе бастайды, әсіресе қыздар тез жетілгендей болады. Аласа бойлы сыныптастарын менсінбей, жоғары сынып жаққа ұрлана қарау көбейеді. Кейбіреулерінің түрлері де өзгеріп кетеді. Ал сыртқы келбет жасөспірімдер үшін бірінші орында. Сол себепті өзінің түріне көңілі толатын жасөспірім кем де кем.

Осы кезеңде жасөспірімдер «Мен кіммін?» деген сұрақты өзіне жиі қояды.

Үлкендер балаларға ашуланбауы керек, өйткені бұл баланы түземейді, керісінше бұзады

Отбасы тәрбиесі бағыты бойынша сынып жетекшілерге «Отбасының тәрбиелік әлеуетін арттыру бойынша сынып жетекшінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» деген тақырыпта баяндама оқыдым.