- •1 Отбасымен әлеуметтік жұмыс тобына неше маман кіруі тиіс. Олар қандай кәсіби сипатқа ие болуы тиіс.
- •2 Жағдайсыз отбасылармен әлеуметтік жұмыстың қандай құқықтық аспектілері бар.
- •3 Балалар приюты немесе отбасына қайтарғанға дейін балалар қанша уақыт кризистік орталықтарда болу керек
- •4 Қандай отбасыларға адрестік әлеуметтік жұмыс арналған
- •5 Отбасындағы девиантты мінез-құлық үлгілері қандай
- •6 Кәмелетке толмағандарға арналған сенім телефоны қызметінің жұмысы неге арналған 8-7292-30-20-10
- •7 Мүгедек баласы бар отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістері қандай
- •8 Қандай жағдайларда балаларға кризистік орталықтардан жедел әлеуметтік көмек қажет
- •10 «Әйел сұрақтарының» дамуының әлемде және біздің елдегі негізгі бағыттары қандай
- •9 Отбасы және балалармен жұмыс тобына қандай мамандар кіруі тиіс
- •11 Қазақстандық қоғамда әйелдердің әлеуметтік еңбек мәселелері бар ма
- •12 Отбасы терапиясының технологиялары қандай
- •21. Отбасы және балалармен жұмыста психологиялық әдістің маңыздылығы қандай?
- •50 Адамды жекешелендіретін және ана болу, азаматтық жағдайлар акті сияқты құқықтар мен міндеттердің пайда болуы мен тоқтатылуына байланысты жағдайлар қандай құжатта ресми рәсімделінеді.
5 Отбасындағы девиантты мінез-құлық үлгілері қандай
Девиантты мінез- құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттер.
Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам-бұл отбасы. Қазіргі уақытта отбасы мәселесі, соның ішінде девиантты мінез-құлқы бар әкемен, шешемен немесе баламен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізу оларды девиантты мінез-құлықты болдырмаудың алдын-алу шараларын жүргізу үлкен жауапкершілікті талап етуде.
Девианттық тәртіп негізінде ең алдымен отбасындағы әлеуметтік теңсіздік жатыр. Жас әйелдер мен ерлер үшін жоғарғы жалақы алудың әлеуметтік қолайлы тәсілдерін шектеуде өзін-өзі дамыту және қоғамдық құптау алуға талаптану кезінде жастар алдыңда кездесетін қиыншылықтар, отбасының көпшілік бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендігі. «Нарықтық экономикадағы» қиыншылықтар: жұмыссыздық, құнсыздану қысымы, «төмендегілердің» көбейіп келе жатқан әлеуметтік шиеленістегі отбасы өміріне қатты әсер етуде. Отбасы түрлерін әлеуметтік осалдығының объективтік қатері бойынша бөлуге негіз бар.Отбасының мұндай сипаттамасы ерекше қызметтерді материалдық қолдау қажетттілігі дәрежесін анықтауға қажет. Мысалы, отбасының 20%-і 4,5 адамнан тұрады, ендеше, халықтың ең жоғарғы орташа 20%-де үй шаруашылығында отырғандардың кем дегенде үш мүшеден азын құрайды. [5]. Қазақстандағы кедей отбасының көп мөлшері және бала санының немесе асырауындағы баланың көп болуымен байланыстырылады. Бұл топқа жалғыз басты аналар отбасы, ата-ананың біреуі алимент төлеуден бас тартқан отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар және ата-аналары мүгедек отбасылар жатады. Көп балалы отбасылар, балалы студенттер отбасы, балалы жұмыссыздар отбасылары ерекше материалдық көмекті қажет етеді. Қоғамның моральдық-этникалық факторы мен моральдық адамгершілік деңгейі, нашақорлық пен «сатқындық махаббаттың» кең етек алуы, зорлық пен құқық бұзушылықтың өршуі отбасы мүшелерін басып тастайды. Отбасылық девиация-алкоголь мен есірткіні теріс пайдалану, отбасылық озбырлық отбасы қызметін дағдарысқа ұшыратады. Мұндай отбасыларда әлеуметтік қызметтерді толық өзгерту жүреді. Олар қоғам мен отбасы мүшелерін тек қанағаттандырмай ғана қоймай, сондай-ақ зиян келтіреді. Осындай отбасылардағы балалардың тиісті тәрбиеден, махаббат пен қамқорлықтан құр қалғаны жиі кездеседі, өсе келе олар делинквенттердің қатарын толықтырады. Жас девиант-маскүнем, нашақор, жезөкшелерге бейтарап немесе жақсы қарайтын қоршаған орта бұлар да көбінесе, ата-аналарының біреуі немесе екеуі де ішімдік ішетін нашар отбасынан шыққандар.
Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді.
·жанұяда берекенің болмауы
·ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;
·тәрбие берудегі кемшіліктер;
·өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
·өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
·сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
·психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
·агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
