- •1 Отбасымен әлеуметтік жұмыс тобына неше маман кіруі тиіс. Олар қандай кәсіби сипатқа ие болуы тиіс.
- •2 Жағдайсыз отбасылармен әлеуметтік жұмыстың қандай құқықтық аспектілері бар.
- •3 Балалар приюты немесе отбасына қайтарғанға дейін балалар қанша уақыт кризистік орталықтарда болу керек
- •4 Қандай отбасыларға адрестік әлеуметтік жұмыс арналған
- •5 Отбасындағы девиантты мінез-құлық үлгілері қандай
- •6 Кәмелетке толмағандарға арналған сенім телефоны қызметінің жұмысы неге арналған 8-7292-30-20-10
- •7 Мүгедек баласы бар отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістері қандай
- •8 Қандай жағдайларда балаларға кризистік орталықтардан жедел әлеуметтік көмек қажет
- •10 «Әйел сұрақтарының» дамуының әлемде және біздің елдегі негізгі бағыттары қандай
- •9 Отбасы және балалармен жұмыс тобына қандай мамандар кіруі тиіс
- •11 Қазақстандық қоғамда әйелдердің әлеуметтік еңбек мәселелері бар ма
- •12 Отбасы терапиясының технологиялары қандай
- •21. Отбасы және балалармен жұмыста психологиялық әдістің маңыздылығы қандай?
- •50 Адамды жекешелендіретін және ана болу, азаматтық жағдайлар акті сияқты құқықтар мен міндеттердің пайда болуы мен тоқтатылуына байланысты жағдайлар қандай құжатта ресми рәсімделінеді.
9 Отбасы және балалармен жұмыс тобына қандай мамандар кіруі тиіс
Отбасымен жұмыс жасауға арнайы білімі бар әлеуметтік қызметкерлер бөлінеді. Әрбір өмірлік қажеттіліктер үшін адамға көмектесеті н әлеуметтік қызметкер болып табылады. Отбасыларға олардың қажеттіліктеріне байланысты көмек түрі корсетіледі. Жобанын ең маңызды бөлігі ол әлеуметтік жетімдікті болдырмау, яғни балалардың өзінің биологиялық отбасынан айырылуына жол бермеу. Осындай қауіпті топқа мынадай балалар тобы жатады:
•Ата-аналары материалдық-әлеуметтік қиыншылықтарға тап келсе (аз қамтылған, жұмыссыз, тұрғын үйі жоқ)
•Ата-аналары ішімдікке салынған және зиянды заттар пайдаланып, заң бұзушылықпен айнлысатын болса
•Ажырасатын отбасылар
•Қарттардың қамқорлығына алынған балалар
•Ата-аналары өте ауыр ауру түрлерімен ауырса
•Ата-аналарымен ұрыс-керіске көп түсетін және үйлерінен қашатын, көп уақытын далада өткізетін балалар./2,17 б./Соңғы уақытта мамандар көбінесе әлеуметтік жетімдікті ауыр әлеуметтік-экономикалық немесе медициналық мәселеден емес, ата-ана мен бала арасындағы қатынастардың бұзылуынан деп көп қарастырады. Жобадағы көрсетілетін көмек балаларға көрсетіледі, бірақ толығымен отбасыға бағытталады.Әлеуметтік жетімдікті жеңудегі іс-әрекет тек қана жергілікті және мемлекеттік мекемелердің серіктесе жұмысы негізінде ғана іске асады. Жұмыс мамандардың топтала және бұл үдеріске отбасының барлық мүшелері мен баланың жақын айналасындағылары, әлеуметтік қоғамды жұмылдыру арқылы жүзеге асады.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс өзінің негізінде әлеуметтік (қоғамдық) ғылым бола отырып, техникалық, әсіресе, табиғи ғылымдармен байланысты. Оның білімі шегінде жүргізілетін зерттеулер пәнаралық сипатта болады: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық т.б.,ал екінші жағынан социология, педагогика, құқықтану және басқа да әлеуметтік пәндермен байланыстары бар.
Отбасымен әлеуметтік жұмыс тобына мына мамандар кіруі тиіс: әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік педагог, психолог, терапевт, юрист ,т.б. Олардың әрқайсы өзіндік кәсіби сипатқа ие болуы тиіс.Өз ісінің шебері болуы керек.
10 «Әйел сұрақтарының» дамуының әлемде және біздің елдегі негізгі бағыттары қандай
Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.
Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан астам уақыт болса да еліміздің жаһандық саясатта шеберлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске жетіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңгеленген дүниенің барлық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мықтырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек.
Қазіргі замандағы негізгі үрдістердің бірі гендерлік алшақтық пен гендерлік тепе-теңдік болып табылады. Бұл үрдіс біздің елімізде қол қойылған, халықаралық құжаттармен бекітілген. Бірақ бастапқыдан-ақ гендерлік мәселелерді шешудің қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтарына тап болды. «Әйелдерге қатысты кем- сітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция» атты халықаралық бағдарламалық құжаттың бесінші тармағында бір жыныс екінші жынысты басымдыққа алатын мәдени салт-дәстүрлерді жоюды талап етті, бұл көптеген мемлекеттер үшін қиындыққа соқты. Аталған тармақ еркек пен әйелдің өмірлік тәжірибесі мен қарым- қатынастарындағы айырмашылықты есепке алмай, екеуінің жалпы теңдігі тұрғысынан тұжырымдалды. нақты қазіргі таңда отбасының бұл типі гендерлік теңдігі орнаған эгалитарлы үлгіге өту кезеңінде тұр. Бұл әйелдің экономикалық, білім алу, билікке еркекпен теңдей қол жеткізу мақсатындағы заңды үдеріс болып табылады және бұл қадамдар адамдарды негізгі өркениет құндылықтарынан ажыратуды көздемейді.
Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Мемлекеттік гендерлік саясат базалық гендерлік заңдарға және Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына (бұдан әрі – Стратегия) сәйкес жүзеге асырылады. Онда Мыңжылдық даму мақсаттары мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның қағидаларына сай Қазақстан үшін гендерлік индикаторлар анықталған. Олар мемлекеттік органдар әзірлейтін бес жылдық мерзімге арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларына енгізіледі.
