- •1 Отбасымен әлеуметтік жұмыс тобына неше маман кіруі тиіс. Олар қандай кәсіби сипатқа ие болуы тиіс.
- •2 Жағдайсыз отбасылармен әлеуметтік жұмыстың қандай құқықтық аспектілері бар.
- •3 Балалар приюты немесе отбасына қайтарғанға дейін балалар қанша уақыт кризистік орталықтарда болу керек
- •4 Қандай отбасыларға адрестік әлеуметтік жұмыс арналған
- •5 Отбасындағы девиантты мінез-құлық үлгілері қандай
- •6 Кәмелетке толмағандарға арналған сенім телефоны қызметінің жұмысы неге арналған 8-7292-30-20-10
- •7 Мүгедек баласы бар отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістері қандай
- •8 Қандай жағдайларда балаларға кризистік орталықтардан жедел әлеуметтік көмек қажет
- •10 «Әйел сұрақтарының» дамуының әлемде және біздің елдегі негізгі бағыттары қандай
- •9 Отбасы және балалармен жұмыс тобына қандай мамандар кіруі тиіс
- •11 Қазақстандық қоғамда әйелдердің әлеуметтік еңбек мәселелері бар ма
- •12 Отбасы терапиясының технологиялары қандай
- •21. Отбасы және балалармен жұмыста психологиялық әдістің маңыздылығы қандай?
- •50 Адамды жекешелендіретін және ана болу, азаматтық жағдайлар акті сияқты құқықтар мен міндеттердің пайда болуы мен тоқтатылуына байланысты жағдайлар қандай құжатта ресми рәсімделінеді.
7 Мүгедек баласы бар отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістері қандай
Мүгедек балалар – бұл күрделі әрі ауыр. Мамандардың айтуынша бұндай балалары бар отбасында дағдарыс өмір бойы болуы мүмкін. Бұндай жағдайдан тез өту және ауру баланы дұрыс тәрбиелеу үшін ата-ана мықты болып, жігерлік танытуы, өз міндеттерін дұрыс орындап, қамқорлық танытуы керек.
Жарақат салдарынан толық өмір сүру мүмкіншілігінен айырылу, әртүрлі созылмалы аурулар және туғанынан ауытқушылықтары бар балалар саны өте жоғары болғандықтан, қазіргі жоғары дамыған қоғам жағдайында мүгедек балаларға көмек көрсету маңызды мәселе болып қалады.
Мүгедек балалары бар отбасыларына республикалық бюджеттен мемлекетпен келесі төлемдер:
мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
мүгедек баланы тәрбиелейтінге жәрдемақы қарастырылған.
«Он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға -1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады.
Отбасында екі және одан да көп мүгедек балалар тұратын жағдайда, жәрдемақы әр мүгедек балаға жеке тағайындалады және төленеді.
Мүгедек баласы бар отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы:
Отбасыны зерттеу: отбасының қызмет етуін зерттеу, оның жасырын ресурстарын анықтау, әлеуметтік ортасы туралы ақпарат жинау, ата ана мен бала қажеттіліктерін зерттеу.
Контакт орнату, психологиялық қорғанысты жою бойынша жұмыс, әріптестікке мотивтеу.
Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жолдарын бағалау.
Диагностика нәтижесіне байланысты жұмыс бағыттарын таңдау.
Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізу
Алынған нәтижелер тиімділігін талдау.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі әдісін бөліп көрсетуге болады: диагностикалық, реабилитациялық, профилактикалық..
1. Диагностика отбасы және оның мүшелері туралы ақпарат жинақтайды, талдайды, проблеманы анықтайды. Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс.
2. Реабилитация – бұл отбасындағы жоғалған жағымды жағдайды қалпына келтіру мен жаңаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін шаралар жүйесі. Отбасы және оның мүшелерін реабилитациялау мақсатында әлемдік тәжірибеде отбасылар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, территориялық орталықтар, медико-психолог-әлеуметтік және мультипәндік кризистік орталықтар қолданылады.
3. Профилактика немесе алдын-алу отбасының толыққанды қызмет істеуін қамтамасыз ететін, болуы мүмкін проблемаларды тоқтататынпрвентивті шаралардың кешенінен тұрады. Алдын-алудың бір жолы –оқыту және ағартудың арнайы бағдарламасын жасау. Мысалы, отбасы проблемаларын және отбасы тәрбиесін зерттеу ата-аналар көбіне баланың эмоционалдық, интеллектуалдық, физиологиялық қажеттіліктерін қажетті сапалы деңгейде қанағаттандыратын және ұстап тұратын жағдайлар жасау, өзара қатынасты реттеуге қажетті білім мен іскерлік меңгеру мәселелері бойынша мамандардың көмегін қажет ететіндігін көрсетеді.
2015 жылғы маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстандық - Ресейлік медициналық университетпен бірігіп мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарды онлайн-қолдау бойынша жобасы жүзеге асырылады. Қызмет жұмысының уақытында мүгедек балаларды тәрбиелейтін 40 қазақстандық отбасы психологтардың кеңестерін алды.
Онлайн-қолдау қызметінің негізгі мақсаты мүгедек баласы бар отбасыларына кеңестік көмек көрсету, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың психологиялық денсаулығын қалыптастыруға жағдайлар жасау үшін, отбасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелейтін азаматтарға психологиялық қолдау көрсету болып табылады.
Қызметтің жұмысы білікті психологтарды шақырумен, «SKYPE» бағдарламалық қамсыздандыру көмегімен ұйымдастырылады, ол ата-аналарға үйден шықпай кәсіптік кеңес алуға мүмкіндік береді.
Қызметтің қөмегі тегін телефон 1411 нөміріне жүгінген кезде қолжетімді.
