- •Қазақстанның физикалық географиялық сипаттамасы
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстанның климаты
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстанның ішкі сулары
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстанның топырақ жамылғысы. Табиғат зоналары
- •Конспект сұрақтар
- •Қазақстан аумағын физикалық географиялық аудандастыру
- •Конспект сұрақтар
- •Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану
- •Конспект сұрақтар
Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы
Қазақ жері туралы алғашқы деректерді б.з.б V ғ грек ғалымы Геродоттың «Тарих» атты еңбегінен кездестіреміз.Ол өз еңбектерінде Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, Каспий теңізінің шығысында жазық дала жатқанын, Жайық өзенінен әрі қарай таулы жерлер Орал тауы мен Жалпы сырт қыраты жатқанын жазған.
Біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырда Қытай саяхатшылары Чжан Цянь мен Сюань Цзан келеді. Олар өз жазбаларында Жетісу бойын мекендеген Үйсін тайпаларының табиғаты мен тұрмысын, Ақсу, Шу, Талас өзендері туралы мәліметтер келтірген.Осы деректерді жинастырып, қытайлар сол кезінде Орталық және Орта Азияның картасын жасаған. Ол картаға Жетісу, Сырдария, Талас алқаптары кірген.
XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында Ресей патшасы Борис Годуновтың өтініші бойынша Қадырғали Қосынұлы Жалаири қазақ халқы және оның жері туралы «Жылнамалар жинағы» атты кітап жазды. Онда қазақ хандығының құрылуы, Қазақстан қалалары, өзендері мен таулары , шекаралары туралы мәліметтер берілген.
П.П.Семенов еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шань тауын зерттеген алғашқылардың бірі. 1856-1857жылдары Орталық және Солтүстік Тянь -Шаньға бірнеше саяхат жасап, Хан-Тәңірі шыңының бөктеріне жеткен. Тянь -Шань тауындағы биіктік белдеулілікті, мұздықтарды анықтаған.
Ш.Уәлиханов- қазақтан шыққан тұңғыш географ ғалым.Шоқан өзінің бірінші саяхаты кезеңінде Жетісу Алатауы мен Іле өлкесі арқылы Ыстықкөлге барған. Осы саяхаты барысында «Жоңғар очерктері», «Таудағы қырғыздар» атты еңбектерін жазған.
Қ. Сәтбаев 1926-1929 жылдары кеңес геологтары болашағы жоқ деп есептеген Жезқазған мыс кен орнын ірі мысты ауданға жатқызды. Сонымен қатар Қарсақпай, Жезді кен орындарын зерттеді.
Конспект сұрақтар
Қазақ жері туралы алғашқы деректерді ......еңбектерінен кездестіреміз.
Б.з.б V ғ Жайық, Жем, Сырдария өзендері туралы мәлімет қалдырған:
«Шығыстың Аристотелі» атанған ғалымды табыңыз.
М. Қашғаридың «Диуани- лұғат- ат-түрк» атты еңбегінде ......түсініктер берілген:
ХІІІ ғ. Алакөл, Балқаш туралы мәліметтер келтірген еуропалық саяхатшыларды көрсетіңіз.
XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында қазақ халқы мен қазақ жері туралы «Жылнамалар жинағы» атты еңбекті жазған:
XVII ғ. қазақ жерін тұңғыш рет Ресейдің «Сібірдің сызба кітабы» атты атласқа енгізген:
«Қырғыз-Қазақ немесе Қырғыз-Қайсақ ордалары мен далалары» атты еңбекті жазған.
1856-1857 жылдары еуропалық ғалымдардың ішінде тұңғыш рет Тянь-Шань тауын зерттеп, Хан Тәңірі массивіне жеткен саяхатшыны белгілеңіз.
Тянь Шань тауының жанартаулық әрекеттен пайда болған деген пікірді теріске шығарған ғалым:
Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған еңбегін жазған:
«Түркістан» еңбегінің авторы:
Географиядағы экологиялық бағыттың дамуына жол ашқан саяхатшыны табыңыз.
Қазақ жерін зерттеген орыс ғалымдары:
Тянь-Шань таулы аудандарындағы және Балқаш көлінің шөлді аймақтарының өсімдік жамылғысын зерттеп, салыстырмалы сипаттама берген:
Арал теңізін алғаш толық зерттеген, «Арал теңізі» атты еңбекті жазған орыс саяхатшысы.
Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауын зерттеген ғалымды табыңыз.
«Жоңғар очерктері», «Таудағы қырғыздар», «Алтыншар туралы» ғылыми еңбектердің авторы:
22 жасында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып қабылданған ғалым.
Тұңғыш геолог ғалым:
Қ. Сәтбаевтың зерттеген аумақтарын табыңыз.
Қ. Сәтбаев ашқан мыс кен орындары:
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері, академик-ғалым:
Орталық және Орта Азия картасын жасаған:
Ұлы Жібек жолы кезінде Батыс пен Шығысты жалғастырған өзенді анықтаңыз.
