Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азастанны физикалы географиялы сипаттамасы 8-сынып.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58 Кб
Скачать
☆

Конспект сұрақтар

  1. Қазақстан орналасқан климаттық белдеуді табыңыз. 

  2. Қазақстан жері қоңыржай климаттық белдеуінің ... орналасқан.

  3. Қазақстанның климатының типін анықтаңыз.

  4. Қазақстанның климатын құрушы факторларды көрсетіңіз.

  5. Жер бетіне тура келетін сәулелі энергия:

  6. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысынан ..........құралады.

  7. Топырақ, су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынған радиация:

  8. Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массаларының түрлерін табыңыз.

  9. Қазақстанның климатына әсер ететін мұхиттар қатарын көрсетіңіз.

  10. Еліміздегі көктемгі және күзгі үсіктердің болуын тудыратын ауа массасы.

  11. Қазақстанға Атлант мұхитынан келетін ауа.

  12. Елімізге Орта Азия мен Ираннан келетін ауа массасы.

  13. Қазақстанға біршама жауын-шашын алып келетін ауа массасы.

  14. Қазақстанға тропиктік ауа массасы келетін мезгіл:

  15. Қазақстанға антициклондық ауа райын әкелетін ауа массасы:

  16. Жылдамдығы 60-80 м/с жететін Жоңғар Алатауының оңтүстік-шығысынан солтүстік-батысқа қарай соғатын жел:

  17. Ебі желін алғаш сипаттап жазған ғалым.

  18. Ебі желіне кері бағытта соғатын желді белгілеңіз. 

  19. Сайқан желі ... айлар аралығында соғады.

  20. Қыста Қазақстан жерінде сібір антициклоны орнаған кезде асудан соғатын жел:

  21. Қазақстандағы ең суық ай:

  22. Еліміздің солтүстігіндегі қаңтар айының орташа температурасы.

  23. Еліміздің жауын-шашын ең көп түсетін жерін көрсетіңіз.

  24. Еліміздегі жауын-шашын мөлшерінің көрсеткіші солтүстіктен оңтүстікке қарай...

  25. Қазақстанның солтүстігінде қар жамылғысының орташа қалыңдығын табыңыз. 

Қазақстанның ішкі сулары

Қазақстанда өзендер әркелкі таралған.Жазықтықтарда өзендердің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Қазақстанның жауын-шашын көп түсетін ормады дала мен дала зоналары және таулы аймақтары өзендерге бай болып келеді. Қазақстанда төрт мыңнан аса су қоймалар бар, олардың ең ірілері Бұқтырма мен Қапшағай су қоймалары. Су қоймалары(бөгендер) энергетикалық, транспорттық, спорттық, балық аулау үшін пайдаланылады.

Қазақстанның ең мол сулы өзені - Ертіс өзені.Ертіс өзенінің орташа су шығыны секундына 880текше метр.Жылдық ағыны 28 млрд текше метрді құрайды. Ертіс өзені - Монғол Алтайынан басталып, Қазақстанға Қара Ертіс деген атпен кіреді. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700 шақырымды құрайды. Ертіс өзенінің бойында Семей, Павлодар қалалары орналасқан. Ертіс өзені сонымен қатар Обь өзенінің ірі сол жақ саласы болып табылады.

Ертіс өзенінің барлық бөлігі кеме жүзуге қолайлы. Ертіс өзені арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдайтын кемелер Қытай шекарасына дейін барады. Ертіс өзенінің су халық шаруашылығы үшін жеткілікті пайдаланылмай жатыр.Ертістің суының көп бөлігі Ресейдегі Обь өзеніне текке ағып кетеді. Сондықтан Ертіс суын халық игілігіне жарату мақсатымен Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс Қарағанды каналы салынды.

Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Солтүстік Қазақстанда шоғырланған.Солтүстіктегі орманда дала және дала зоналарында 25287 көл бар. Қазақстандағы жалғыз ағынды көлге Жайсан көлі жатады.Жайсан көлі еліміздің шығысындағы қазаншұңқырда орналасқан, көлден Ертіс өзені ағып шығады. Каспий теңізі - жер шарындағы ең тұйық көл. Үлкендігіне байланысты оны теңіз деп атайды. Каспий теңізі неоген дәуірінде Қара теңізден бөлінген. Ауданы - 376 мың шаршы шақырым. Каспий теңізінің ең терең жері - 1025 м.

Каспий теңізі бес мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Каспий теңізі жағалау сызығының Қазақстанға 29%-ы (2340 км) 16%-ы Ресейге, 20%-ы Әзірбайжанға 21% -ы, 14%-ы Иранға тиесілі. Балқаш көлі -Қазақстандағы ауданы жөнінен үшінші көл.Көлдің аудан құбылмалы,еліміздің оңтүстік- шығысында орналасқан. Көлдің ұзындығы 614 шақырым, ауданы 17-22 мың шаршы шақырым аралығында.

Арал теңізі- Тұран тақтасының үстінде орналасқан. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогенде суға толған. Арал теңізі Каспий теңізіне қарағанда жас. Арал теңізінің жасы 8- 10 мың жыл шамасында. Балқаш- Алакөл алабының ірі өзендеріне Іле, Қаратал, Лепсі т.б өзендер жатады.Бұл алаптың ірі өзені -Іле өзені. Іле өзені Тянь-Шань тауларынан басталады. Қазақстанда шипалық қасиеті бар минералды көздер көптеп кездеседі.Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі туралы мәлімет XIV ғасырдан бері белгілі. Алмаарасан туралы мәлімет Ақсақ Темір жазбаларынан кездеседі.

Мойынқұмда - 300-500 м тереңдікте елу мың шаршы шақырымды алып жатқан жер асты теңізі табылған. Оның суы ішуге, егін суаруға жарамды.

Республикамыздың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы 2033,3шаршы шақырым. Мұздықтар - тұщы су қоймасы болып саналады. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтардың таралған аудандары шығыс пен оңтүстік шығыстағы таулы аудандар (Алтай,Сауыр, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы). Қазақстандағы ең ірі мұздық - Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы, мұздықтың ұзындығы 14.4 шақырым, ауданы 36.8 шаршы шақырым, қалыңдығы 300 м.