Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азастанны физикалы географиялы сипаттамасы 8-сынып.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58 Кб
Скачать
☆

Қазақстанның климаты

Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан. Қоңыржай климаттық белдеудің басқа климаттық белдеулерден айырмашылығы жылдың төрт мезгілі (жаз, көктем, күз, қыс) айқын байқалады. Қазақстанның климаты қоңыржай - шұғыл континентті, яғни жазы өте ыстық, қысы өте суық. Қазақстанның климатының континенттілігі жаз пен қыс айларының температураларының күрт ауытқуынан, ауаның құрғақтығынан, жауын-шашынның әркелкі түсуінен көрінеді.

Қазақстанның климаты қоңыржай шұғыл континентті.Қазақстанның климатын қалыптастырушы негізгі үш фактор бар, оларға жердің төсеніш беті, күн радиациясы, атмосферанң алмасуы жатады. Республика аумағына ауа массаларының үш түрі әсерін тигізеді, олар арктикалық, қоңыржай, тропиктік. Арктикалық ауа массалары - Солтүстік Мұзды мұхиттан, қоңыржай ауа массасы Атлант мұхитынан, тропиктік ауа массалары Орта Азиядан келеді.

Қазақстан климатына тек қана екі мұхиттың, Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитының әсері бар. Бұл мұхиттан келетін ауа массалары жолдарында тау болмағандықтан солтүстік оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай емін еркін өте алады. Қазақстанға Атлант мұхитынан келетін ауа массасы қоңыржай теңіздік деп аталады. Бұл ауа массасы еліміздің батыс бөлігіне біршама жауын шашын алып келеді. Бірақ жауын шашын мөлшері еліміздің ішкі аудандарына жетпейқалады, себебі бұл ауа Қазақстанға жеткенше ылғалынан айырылып, құрғап қалады.

Қазақстанға Орта Азия мен Ираннан келетін ауа массасы тропиктік деп аталады. Қазақстан аумағы жаз бойы тропиктік ауа массасының ықпалында болады. Арктикалық ауа массасы Қазақстанға Солтүстік Мұзды мұхиттан келеді. Ауа өте мөлдір құрғақ болады. Қазақстан қыс айларында арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Бұл ауа қыста солтүстіктен енген кезде Қазақстанда антициклондық ауа- райы орнайды. Антициклондық ауа райы орнаған кезде күн ашық, құрғақ, қыста қатты аяздар болады. Қазақстан жерінде соғатын желдерге Жоңғар қақпасы арқылы соғатын Ебі мен Сайқан желін, Жамбыл облысындағы Арыстанды қарабас желін т.б жатқызуға болады.

Ебі желі - Жоңғар Алатауының оңтүстік шығысында Қытай жеріндегі Ебінұр көлінде жоғары қысым орнағанда пайда болатын жел. Ебі желі оңтүстік шығыстан, яғни Ебінұр көлінен солтүстік батысқа қарай, яғни Алакөлге қарай соғады. Желдің жылдамдығы 60-80 м/с жетеді. Сайқан желі солтүстік- батыстан оңтүстік шығысқа, Орта Азияға қарай соғатын жел.Сайқан желі сәуір мен қырқүйек айларының аралығында қатты соғып, қалған айларда бәсеңдейді. Сайқан желі соққанда Алакөлдің деңгейі бір метрге көтеріледі. Балық аулауды қиындатып, мал шаруашылығын шығынға ұшыратады.

Сайқан желі солтүстік- батыстан оңтүстік шығысқа, Орта Азияға қарай соғатын жел. Сайқан желі сәуір мен қырқүйек айларының аралығында қатты соғып, қалған айларда бәсеңдейді. Сайқан желі соққанда Алакөлдің деңгейі бір метрге көтеріледі. Балық аулауды қиындатып, мал шаруашылығын шығынға ұшыратады. Қазақстанның жерінде жауын-шашын әркелкі түседі.Жауын шашын ең көп түсетін Батыс Алтайдағы Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысы, ондағы жылдық жауын-шашын мөлшері 1600 мм.

Қазақстандағы ең суық ай - қаңтар. Қазақстанның ең суық жері Атбасар өңірі, ол жерде бір жылдары -57°C температура тіркелген. Қазақстандағы ең жылы ай - шілде. Ең жоғарғы температура солтүстікте +41°C, оңтүстікте +47°C-тан аспайды. Өсіп-өну кезеңі дегеніміз өсімдіктің көктеп, гүлдеп, жеміс беруіне кететін уақыт.

Қазақстанның оңтүстігінде өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 180 күнді құрайды. Өсіп өну ұзақтығы дегеніміз өсімдіктің өсіп, гүлдеп, жеміс беруге кететін күндердің ұзақтығы. Оңтүстіктегі өсіп- өну кезеңінің ұзақтығы мақта, темекі, күріш, жүзім, қант қызылшасын өсіруге мүмкіндік береді. Республикамыздың солтүстігінде өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 130-135 күнге созылады. Мұнда агроклиматтық қорлар жаздық бидай, зығыр, көкөніс, бау бақша өсіруге мүмкіндік береді.