- •Өзін-өзі тану пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •1 Деңгей күрделі
- •1.Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары.
- •4.«Тарихи жады» ұғымының мәні.
- •1.Заманауи әлемдегі қиянат жасамаудың себептер
- •6. «Отбасы» ұғымы туралы түсінік
- •9. Білім алу – адамның өзін-өзі тануына жол
- •12. Махаббат – көпжақты сезім ретінде
- •13. Өзіне қатысты қиянат жасамау
- •14. Шындықтың мәні туралы
- •15. Тұлға құндылықтарының иерархиясы
- •16.Білім беру үрдісінің дұрыс әрекетке үйренудегі мақсаттары
- •18. «Махаббат» ұғымын қалай түсінесіз
- •20.Өзіне қатысты қиянат жасамау.
12. Махаббат – көпжақты сезім ретінде
Махаббат – ұлы сезім. Махаббаттың құдіреттілігі сонша, ол бүкіл әлемді өзіне бағындыратын ұлы күш. Адамның бүкіл санасын жаулап алатын, оны ақылға сиғысыз іс-әрекеттерге итермелейтін құдірет иесі. Махаббат адамды толықтай өзгертеді, оны барлығына да үйретеді. Жақсылыққа да, жамандыққада. Махаббаттың бал дәмін татып көрудің өзі бір бақыт."Әлемді құтқаратын махаббат!" -деген сөздер бекер айтылмаған болуы керек. Ал қазір сол махаббаттың құдіреттілігі, оның киелілігі жоғалып бара жатқан сияқты. Кейбір опасыз жастардың қолында ол қарапайым ойыншыққа айналып бара жатқан секілді. Интернеттегі махаббат –махаббаттың ең жағымсыз жағы. Интернет арқылы адамды іштей ұнату болуы мүмкін , бірақ ғашық болу мүмкін емес.
"Махаббат – мәңгі ертегі" оны айтып тауысу мүмкін емес. Махаббат – ол екі адамның бірін-бірі қас-қабағынан-ақ айтқызбай түсіну, әрдайым сүйгеніңді көргің келіп тұру, оның жанында өзіңді бақытты сезіну, қамқорлық жасау. Адалдық пен пен сенімділік және түсіністік қол ұстасқан екі жастың бір-біріне деген ішкі нәзік сезімін көрсетеді. Армандары бір, ойлары ортақ, мақсаттары айқын жандар өзара бірігуге ұмтылады.
Интернет, адамдарды жақындатпайды. Ол жалғыздықтың жиналуы.
Махаббатсыз өмір бос... Рас, өміріңде біреуге ғашық болмасаң өмірдің мәні жоқ секілді. Барлықтарыңызға адал махаббаттарыңызды сүрінбей табуға тілектеспін.
13. Өзіне қатысты қиянат жасамау
Қиянат жасамау қағидаттары
Өзіңе қатысты қиянат жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат.
Жаман сөз есту – құлаққа қиянат.
Жамандық көру – көзге қиянат.
Жаман иіс – мұрынға қиянат.
Жаман әрекет – тәнге қиянат.
Қиянат жасаудың себептері
Сүйіспеншіліктің жетіспеуі.
Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі.
Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат.
Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу.
Қиянат жасамаудың міндеттері
· Әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,
Жан-жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік.
· Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық, ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау.
· Дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу. Әлеуметтік, әділеттілік, жақсы азамат болу.
Жүрек жарасы – жамандықтан
Баяғыда бір үйде жалғыз ерке бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына 37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы шарбаққа бір шегеден қағып отыр», дейді. Бала жамандық істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады. 33 шеге қаққасын, 4 шегені әкеп әкесіне береді де, былай дейді: «Әке, мен енді ешкімге жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ».
Сонда әкесі былай дейді: «Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,-дейді. Біраз уақыт өткен соң әкесі мен баласы шарбаққа қараса, ол тесік-тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: «Балам, адамдардың жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай тесіктер қалады,», дейді.
Қорытынды бөлім
Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
"Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
Абай
Жасамайық қиянат
Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана, гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін естен шығармайық, білейік.
Қиянат жасамайық адамзатқа,
Қиянат жасамайық табиғатқа.
Қиянат жасамайық ата-анаға,
Қиянат жасамайық туған Отанға.
