Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өзін-өзі тану шпор (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81 Кб
Скачать
☆

18. «Махаббат» ұғымын қалай түсінесіз

19Ақылдың табиғаты. Ақыл (араб.: عقل‎ ақл) — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат. Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.Философияның тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс философы Кант зор үлес қосты. Ол ойлау жүйесінің үш қасиетін бөліп атайды:

жалпыны тану қабілеті (тіршілік ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы) — пайымдылығы;

ерекшені жалпымен байланыстыруы (яғни жеке жағдайларды жалпының ерекшелігіне ендіруі) — тұжырымдау қабілеті;

ерекшені жалпы арқылы анықтау қабілеті (яғни принциптерді шығару қабілеті) — парасаттылығы.

Интеллектуалдық таным қабілеті әр адамда әртүрлі, тіпті бір адамның өзінің түрлі өмір кезеңдерінде ол бірдей болмайды. Ойлау қабілетін дамыту, тәрбиелеу керек. Адам танымының табиғи прогресі туралы айта келіп Кант алдымен ақыл дамитынын: тәжірибенің негізінде ой айқын тұжырымдарға, сонан соң тұжырымдар көмегімен ұғымдарға жететінін, содан кейін бұл ұғымдардың негіздері және себеп-салдарлары ақылмен танылып, ең соңында ғылыми жүйеге келтірілетінін дәлелдейді. Сондықтан ақыл беру де (жас жеткіншектерге) дәл сол жолмен жүруге тиіс. Оқытушы да өз тыңдаушысынан алдымен пайымдай алуды, сонан соң ақылдылықты, ең ақырында ғалымдық қасиеттерді күтуі керек.Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі — даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін “жасанды интеллектіге” беру — компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді.

20.Өзіне қатысты қиянат жасамау.

Қиянат жасамау қағидаттары.Өзіңе қатысты қиянат жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат.

— Жаман сөз есту – құлаққа қиянат.

— Жамандық көру – көзге қиянат.

— Жаман иіс – мұрынға қиянат.

— Жаман әрекет – тәнге қиянат.

Қиянат жасаудың себептері

Сүйіспеншіліктің жетіспеуі.

Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі.

Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат.

Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу.

Қиянат жасамаудың міндеттері

· Әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,

Жан-жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік.

· Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық, ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау.

· Дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу. Әлеуметтік, әділеттілік, жақсы азамат болу.

21.Әлемге қатынас арқылы өзін-өзі тану. Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің

біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге

тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға,

өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған.Соңғы онжылдықта оқытушылар, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзітану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін, байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін көздейді.«Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталуын, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

22.Адам өмірінде тілдесудің маңызы.Тілдесу – сөйлесу әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесу арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.Тілдесу (общение) – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат (информация) негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы өзінен-өзі белгіл. Тілдесу – адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы. Мұнда пікір алмасу ауызша (айтылым) түрде де, жазбаша (жазылым) түрде де іске асып, белгілі бір ақпарат адамдар арасындағы қарым-қатынасқа мүмкіндік туғызады.Тілдесу арқылы адамдар білетін ақпарат-деректермен алмасады, олар тілді меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар өмірлік тәжірибелерді, дағдыларды, жақсы іс-әрекеттерді де бір-бірінен үйренеді.Тілдесу тіл үйренушілерді рухани қарым-қатынасқа жетелейді, тілдесу арқылы олар бір-бірімен ой бөліседі, пікірлеседі, түсініседі. Тілдесу процесі оқушының жеке басына тән сенімділіктің пайда болып, оның қоғамдағы орны мен санасының қалыптасуына, басқалардан ерекшеленген, өзіндік жеке қасиеттердің жетілуіне әсер етеді. Өйткені әрбір адамда басқа адамдармен араласуға деген табиғи қажеттілік болады. Олар тілдесу арқылы өзінің бойында жиналған білімді, тәжірибені екінші біреуге жеткізеді; мінезін, қабілетін, өз ойын аңғартады.Тілдесудің нәтижесінде адамдар көңіл-күйлерін бөліседі, бірінің жан дүниесінен екіншісі хабардар болады, біріне-бірі қол ұшын береді. Ол да өмірдегі ең маңызды факторлардың бірі.Тілдесу – адамдардың бір-бірімен түсінісуі ғана емес, сонымен қатар бір-біріне ойы, көзқарасы, пікірі т.б. жағынан ықпал етуі. Бұл – қоғамда қызмет етіп, өмір сүруші адамдардың тіл арқылы барлық жағдайға байланысты өзара әсері.

23.Ішкі тыныштыққа жету жолдары. Ішкі тыныштыққа жетудің тәсілдері:Адам- ақиқатты түсіне алғанда ғана, жақсыға ұмтылғанда ғана, дұрыс әрекет жасағанда ғана, жүрегін сүйіспеншілікке толтырғанда ғана ішкі тыныштыққа жетеді.

Сезімің сергек болсын, айнала қоршаған ортаға немқұрайды қарама!

Басыңа қиыншылық түссе, рухыңды түсірме. Асығыс әрекетке көшпе, алдымен жақсылап ойланып ал.

Қиыншылықтардан адами қасиетке лайықты шығудың жолын жайдары, жан тыныштығында отырып ойластыр.

Ішкі тыныштықты жоғалту-адам үшін ең үлкен азап. Ешқандай сыртқы күштер адам тыныштығын бұза алмайды.

Ішкі тыныштықтан айрылу-тек оның өзінің мазасыз ойлары мен іс-әрекетінің ғана нәтижесі.

24.Барлық болмыстың бастапқы болмысы туралы білім. Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және саналуан құндылықтар — бәрі ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болу деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Ал қазіргі айтпағымыз — болмыстың жалпы мазмұны. Болудың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу. Құндылыққа, мәнділікке ұмтылу — соларды болдыру, іске асыру. Яғни олардың бәрінің мұраты -барлық, іске асқандық, өмірдің белгілі бір формасына айналу. Алғашқы бастамадан біз басқа нақты, жеке айқындықтар-ды, белгілерді күте алмаймыз. Жалпы өмірде бар екендігінен әрі қарай нақты сипаттамаларға ауыса бастасақ, біз оның өзге нақты формаларына және соны айқындайтын ойлауға өткен болар едік. Болмыстың формаларын ойлаудың формаларынан бөлек қарамаған Ф.Гегель (себебі, ол үшін болмыс абсолюттік рухтың іске асқан формалары) ең бастама форма барынша аб-страктылы болу керек деген. Яғни қандай да болмасын нақты айқындықтардан мақрұм. Гегель диалектик болғандықтан, барлығын даму жолының тұрғысынан қарайды. Оның ойынша ең бастама форма өмірде болсын, ойлауда болсын ең қарапайым нәрсе. Ол өзін күрделі, әртүрлі нақты белгілері мен айқындықтарын әлі тудырмаған, ішкі айырмашылықтарға жіктеле қоймаған нәрсе. Болмыс туралы ең жалпы ұғым да осындай жалаң. Осы ұғымның шеңберінде болмыстың тек бар екендігінен басқа ешнәрсе айта алмаймыз. Ол әлі мазмұнсыз форма.

25.Адамның сана-сезімінің қалыптасуы қалай жүзеге асады.. Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сездің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап керсеткен болатын. Сірә, адамның еқ бергідегі ата-бабалары психофизикалық жағынан өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгінсе керек. Адам мен питекантроп, неандертальдық және кроманьондық миларының гипстен жасалған үлгілерін салыстырғанда, сейлеу және іс-әрекетпен байланысты, маңдайдың төменгі бороздасының алдыңғы тармағы қазіргі адамдарда бұрынғы тектестерінікінен әлдеқайда артық жетілгендігі анықталған. Олай болуы түсінікті де: қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер ендігі жерде еңбекке бастап қана қоймай, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол белгі беру құралынан біртіндеп еңбекті ұйымдастыру құралына айналды. Дыбыс комплекстері ендігі жерде заттарды, әрекеттерді және еңбектің тұтас ситуацияларын белгілей бастайды. Сейлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы революция болды.

26.Патриотизм және қазақстандық патриотизм туралы түсінік. Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.Патриоттық тәрбие – маңызды мемлекеттік міндет. Ол үшін жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиеттерін және азаматтық саналылығын қалыптастыра отырып, өз Отанын сүюге, өз қоғамына, мемлекетіне қызмет ете алатындай етіп тәрбиелеу керек.Патриоттық тәрбиеде тұлға үшін барынша жақын әрі мейлінше маңызды қоршаған әлем ретіндегі Отанның, Атамекеннің, мемлекеттіліктің мәнділігі көрінетін түрлі нысандар, қатынастар, символдар мен нормалар шоғырланады.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – азаматтық-патриоттық тәрбие болып табылады.Тәрбие тұжырымдамасында «Гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс» - деп, нақты мазмұны айқындалған . «Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауырбасушылықты білдіреді .«Қазақстан ұлттық энциклопедиясында»: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі» – деп анықталған.

Педагогикалық сөздікте «…патриотизм өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік …пролетарлық интернационализммен берік байланысқан» – деп көрсетілген.

Еліміздің егемендігінен кейін «Ұлттық патриотизм», «жалпыұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдары қолданысқа енді.Патриотизм, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм проблемалары мен патриоттық тәрбие мәселелерін бірқатар ғалымдар (А.Айталы, М.Қозыбаев, Ә.Нысанбаев, А.Қалмырзаев, К.Меңлібаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин және т.б.) жан-жақты талдап, зерттеп, зерделеген.Ұлттық патриотизм елін қорғауға даярлығы, туған жеріне, өз ұлтына, тіліне, табиғатына, салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне құрмет пен сүйіспеншілік ұғымымен байланысты болса, жалпыұлттық патриотизм түрлі ұлт өкілдерінің тұрғылықты жерін, елін мақтан тұтуы, Отанына сүйіспеншілікпен қызмет етуін білдіреді.Бүгінгі күні ғылыми еңбектерде “қазақстандық патриотизм” ұғымы кеңінен қолданыс тауып келеді. Бұл көп ұлтты еліміздің жалпы халықтарына арналған деп айтуға болады. Қазіргі қоғамның патриоттық санасы үш түсінікті құрайды: бірінші- ұлттық-этностық, екінші- жалпыадамзаттық және үшінші- әлеуметтік. Ұлттық- этностық - ұлттық намыс сезімі, Отанға деген, ұлт мәдениетіне, тіліне т.б. деген сүйіспеншілік. Патриоттық сана дегеніміз – Отанға деген ізгілікті қарым-қатынаспен байланысты идеялар мен көзқарастардың, Отанды қорғау мен дамытуға бағытталған адамдардың, әлеуметтік немесе ұлттық топтардың сезімдері мен көңіл-күйлерінің басқарылатын күрделі жүйесі. Сонымен, “Патриотизм - адамның өз туған жеріне, еліне, тіліне, тарихына сүйіспеншілік танытып, мақтаныш етуі және құрметтеуі, елдің тұғырын биіктетуге адал қызмет етуі, Отанының құдіретін, өзінің онымен рухани байланысын, елін қорғауға даярлығын танытатын қасиеті“.

27.Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы.Егер педагог өзінің жалпы педагогикалық біліміндегі,өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұста-рын байқамаса, өз педагогикалық құра-лының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсіби өзін–өзі жетілдіруі мен өзін–өзі тәрбиелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін–өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–әрекетін жақ-сартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін–өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп–салдарларын те-рең талдаудан бастау қажет екендігіне көзі-міз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәти-желерін талдай отырып, оқытушы рефлек-сия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену) – тол-ғану, өз–өзін байқау, өзін–өзі тану. Кәсіби сана–сезім өзін–өзі тану негізінде қалып-тасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, пе-дагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.

Ғалым Е.Н. Волкова педагог субъек-тілігінің құрылымының негізгі компонент-терін атап көрсетеді. Олар:

1) Белсенділік;

2) Рефлексияға кабілеттілік;

3) Таңдау еркінділігінің болуы және оған жауапкершілік;

4) Субъектінің бірегейлігі (уникаль-ность);

5) Басқаны түсініп қабылдау;

6) Өздік даму.

Осы аталған компоненттерінің барлығы да педагогтың өзін–өзі білімдендіру үрдісінде ерекше орынға ие.Өзін–өзі білімдендіру кәсіби өзін–өзі жетілдіру мен өзін–өзі тәрбиелеудің жетек-ші компоненті болып табылады. Өзін–өзі білімдендіру дегеніміз педагогтың педаго-гикалық үрдісті жетілдіру үшін қажетті жалпыадамзаттық тәжірибені, әдістемелік және арнайы білімді, кәсіби біліктілік пен дағдыны меңгеруге байланысты мақсатты жүзеге асырылатын танымдық әрекеті. Өзін–өзі білімдендіру – оқытушының маман ретінде өсуінің негізі.

28.Еркіндік ұғымын мәні. Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады. Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен мүмкіндікке, субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеум.-саяси құрылымына да тәуелді. Міне, сондықтан еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді.

29.Ішкі тыныштық – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі.Адамның өзiне-өзi өмiр бойы қоятын және оған әрдайым жауап iздейтiн санаулы сұрақтары болады екен.Мен үшiн сондай сұрақтың бiрi де бiрегейi – iшкi әлем дегенiмiз не? Алдымен осы сұрақтың жауабын айқындап көрейiн. Менiңше iшкi әлем дегенiмiз – iшкi құндылықтар, табандылығымыз, күш-қайратымыз, армандарымыз бен мақсатымыз, бiздiң сезiмдерiмiз бен сенiмiмiз, ұстанымдарымыз, мiнез-құлқымыз. Александр Эверетт: «Өзiңiзге өзiңiз жүгiнiңiз, өзiңiздi өзiңiз таныңыз, өйткенi кемеңгерлiк өз iшiмiзде жатыр дер едiм. Өзiңнен артылып, тағы да өзге боламын деудiң қажетi жоқ», – дептi. Мұндайда қазақ халқы «Өз қанатың болмаса, өзгенiң қанатымен ұша алмайсың» демейтiн бе едi? Кемеңгерлiктi iздесең өзiңе жүгiн. Даналықты да өзiңнен iзде. Iшкi дүниеңдi ақтар. Мықты болсаң жан сарайыңның жақұттарын, маржандарын көрсет. Сонда ғана өзiңдi табасың, өзiндiк үнiңдi естiрте аласың. Сырттай қарасаң, адамдардың бәрi бiрдей ұқсас, бiркелкi сияқты. Араласа келе адамдар бiр-бiрiнен соншалықты алыс, тiптi кереғар, әркелкi екенiн сезе түсемiз. Ал мен қандаймын? Мен қандай мiнез-құлық иесi болғым келедi? Адамдардың есiнде қандай iспен, қандай жетiстiктерiммен қалғым келедi? «Негiзгi мақсатты көз алдыңа елестет» деген сөздер не мағына бередi? Осы сұрақтарға жауап iздегенде, iшкi дүниемдегi құндылықтарға бiршама жақындағандай боламын. Iшкi әлемiмiзде негiзгi мақсатты елестете отырып, неге талпынатынымызды түсiнемiз. Бұл дәл қазiр қай жерде тұрғанымызды, дұрыс бағытқа қадам басуымызды жақсы елестету үшiн керек. Кез келген адам өмiрде қисынсыз жағдайларға тап болады. Бақытымызға орай кез келген жағдайдан шығатын жол бар. Егер бiз өзiмiзге құндылықтарымызды анық елестете алып, бұл қиындықтар негiзiнде өз әрекеттерiмiздi белсендi түрде ұйымдастыра алсақ, онда өзiндiк сананы және тәуелсiз жiгердi жетiлдiре аламыз.

30.Жаһандану кезінде ұлттық ерекшеліктерді сақтап қалудың жолдары.Жаһандану бұған дейін ешқашан адамзат тарихында осыншалық ерекше маңызға ие болып көрмеп еді. Сонымен қатар жер шарының барлық елдері мен әлем халықтарын кеңінен қамтымап еді. Ұлттық құндылықтар дағдарысының кең көлем алғаны соншалық, біздердің көпшілігіміз үшін ол ұлттың аман қалу мәселесі ретінде ұғылады. Бұл туралы Э.Эриксон: XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы әлемдік қарқынды өзгерістер ұлттық құндылықтар мәселесін мәселесін өршіте түсті деп көрсетті .Сондықтан да жаһанданудың бірқатар үдерістері ұлттық құндылықтар дағдарысына тікелей әсер етеді.

Бұл үдерістер – демократияландыру, экономикаландыру, ақпараттандыру, мәдени стандарттау құндылықтарды әмбебаптандыру– сөзсіз ретте сан мыңдаған жылдардан бері сақталып келе жатқан, атадан балаға мұраға қалдырылған, былайша айтқанда, бабалар аманаты болып қалыптасқан ұлттық құндылықтардың табиғи дамуына тұсау болады. Мұнда алуан түрлі қақтығыстар орын алады, оның нәтижесі ұлттық құндылықтардың беріктігі немесе әлсіздігіне, жаңаны қабылдай алуы немесе оған тосқауыл болуына, ұлттық ерекшелік қасиеттерін өз бойында сақтай отырып, жаңасына бейімделуіне байланысты болады.Сонымен, қазіргі әлемді демократияландыру социумның негізгі элементттерін иерархиялық тұрғыдан ауыстыра отырып, ішкі және сыртқы саясатта негізгі ережелерге бағынуды талап етеді. Осы иерархияда алғашқы орынға адам тұлғасы, екінші орынға – қоғам көтеріледі, үшінші орынды мемлекет иемденіп, жеке адам мен қоғамның мүдделерін қорғайтын қалқанға айналады. Әлемдік істерде елеулі орынға ие болғысы келетін кез келген ел бүгінгі күнде осы иерархияны қатаң сақтауға мәжбүр. Сыртқы ортаны демократияландыру ешкімге де адам құқықтарын аяқасты етуге, оның нормаларын бұрмалауға мүмкіндік бермейді. Әлемнің ешбір мемлекеті өз ішінде бір саясатты қолданып, оның аумағынан тыс жерде келесі саясатты қолдана алмайды. Мәселені келесі жағынан алғанда, егер сыртқы жағдай ескерілмейтін болса, ұлттық даму стратегиясын қалыптастыру мен дамыту бойынша қандай шаралар қолданылмасын, бәрібір олар бүкіләлемдік жаһандық үдерістер легіне және қаржы, өндірістік, әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. салалардағы үдерістер әсеріне ұшырайды. Жаһандану, сонымен, ішкі және сыртқы саяси шекаралар пердесін сыпырып алып тастайды.