- •Өзін-өзі тану пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •1 Деңгей күрделі
- •1.Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары.
- •4.«Тарихи жады» ұғымының мәні.
- •1.Заманауи әлемдегі қиянат жасамаудың себептер
- •6. «Отбасы» ұғымы туралы түсінік
- •9. Білім алу – адамның өзін-өзі тануына жол
- •12. Махаббат – көпжақты сезім ретінде
- •13. Өзіне қатысты қиянат жасамау
- •14. Шындықтың мәні туралы
- •15. Тұлға құндылықтарының иерархиясы
- •16.Білім беру үрдісінің дұрыс әрекетке үйренудегі мақсаттары
- •18. «Махаббат» ұғымын қалай түсінесіз
- •20.Өзіне қатысты қиянат жасамау.
16.Білім беру үрдісінің дұрыс әрекетке үйренудегі мақсаттары
Адам баласы өзінің таза жүрегінде, бұзылмаған ар-ожданына бір сәт назар аударса, оның бастауы тәрбиеге деген бейімділік екенін ұғады. Бала көзін ашқаннан бері жан-жағындағы барлық жаратылыстың адамға қызмет етіп тұрғанын және айналасындағы әр түрлі ғажайып істердің атқарылып жатқанын таза жүрекпен, кірленбеген ар-ожданмен сезінуі тәрбие бастауының дұрыстығынан. Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру. Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді. Осындай білім беру адамның жетілуін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан, данышпан Абайдың нақыл сөздерін естен шығармау керек, ол өз заманында былай жазған еді: «Адамның мінезі – ақыл мен білімді сақтайтын ыдыс. Білімдер сақтайтын ыдыс мықты болмаса, оқудан пайда болмайды».Күнделікті өмірде мәңгі жалпы-адамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, рухани тұрғыдан кемелдену қажет. Руханилық – бұл үлкен адамгершіліктік! Руханилық – бұл адамдардың шынайы және достық өзара қатынастарында көрінетін шыншылдық, данышпандық, риясыз махаббат. Заманауи қоғам жүрегі ашық, қоғамға қызмет ететін білімді адамдарды қажет етеді.Ойды өзгерту. Білімді жетілдіру, өмір сүруді жеңілдету және барлық істерді сәтті тыңдыру үшін тек қана адамның өз ойларын дұрыс басқару қабілетінен басқа ештеңе қолайлы жағдай туғызбайды. Ақыл- парасаты меңгеру ісінде осы ойларды билеу мен бағындырудан асқан қиын нәрсе жоқ та шығар. Адамның ақылы әрқашан еркін және өзіне кездесетін алуан түрлі нысандармен байланысқа түсуге дайын болып, оған сол сәтінде қажетті саналатын мөлшерде ғана зейінін бөлуге тиіс.Әлемде кеңінен тараған келеңсіз жағдайды ескере отырып, қазіргі таңда қоғамға жетіспейтін риясыз махаббатты ояту керек. Біз қазір жеке эгоистік қызығушылық қасиеттер үстемдік ететін ғасырда өмір сүреміз.Өзімшілдік – адамның қасиеті, риясыздық – рухани – міне осы ақиқат адамның рухани байлығы мен тектілігін көрсетеді. Ол адамзаттың бүкіл жақсылығының қайнар көзі.Адамдағы жоғарғы рухани Менін және ішкі адамгершілік борышын ұғыну мүмкіндігі оның сана- сезімін тар эгоистік шеңберден Ғаламдық деңгейге дейін, жоғары сана дәрежесіне дейін кеңейтеді. Осындайда, ол өзіне мынадай сұрақтарды қояды: Мен кіммін? Менің өмірімнің мәні неде?
Адамның санасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым риясыздық дәрежесі жоғары болады.
17.Л.Н. Толстойдың «Қиянат» жасамау туралы көрсеткен жолдары.Жалпы адамзаттық құндылық дегеніміз- белгілі адам үшін емес, бүкіл адамзат қауымы үшін маңызды құндылықтар. Олар адамға тумысынан берілген сый. Адамға мынау жарық дүниені ашқан сәттен бастап берілетін құндылықтарымыз мыналар: 1.Ақиқат. 2.Дұрыс әрекет. 3.Сүйіспеншілік. 4.Тыныштық. 5.Қиянат жасамау. Ақиқат-құндылықтың түп тамыры. Үнемі түп-тамырды сүйіспеншілікпен суарып отыру керек. Ақиқатпен өмір сүріп айналамыздағыларға сүйіспеншілікпен қарайтын болсақ, дұрыс әрекет болады. Ал дұрыс әрекет бар жерде ішкі жан дүниесмізде тыныштық орнайды. Жанымыз тыныштықта болса біз әркез бақытты боламыз. Бақыт құшағында өмір сүргеннен кейін ешкім бізге қиянат жасамайды, біз де ешбір пендеге қиянат жасай алмаймыз.
Қиянат жасамау-асыл құндылықтарымыздың ішіндегі бесінші құндылық. Алланың өзі адамды тура жолмен жүру үшін осы бес құндылықпен жаратты. Демек барлығымызда да бұл құндылықтар бар. Біз олардың не екенін, не үшін айтылғанын білеміз. Бірақ жүрегіміздің түбінде тұншықтырамыз. Мен үшін қиянат жасамау теңдесі жоқ құндылық. Оның егізі-адалдық дер едім. Бала кезімде әжем айтатын «ешқашанда аманатқа қиянат жасамаңдар» деп. Мен болсам «әже қиянат деген не» деппін. Әжем шіркін қанша сұрақты толассыз қойсам да шыдамдылықпен жауап беретін. Сонда ол кісі «қиянат-бақытқа жеткізетін жол емес, біреудің адал ақысын жемеңдер, арамдық ойламаңдар, өзгелерді сүріндіріп өздерің озуды армандамаңдар, бәрібір жетістікке олай жете алмайсың, шырағым» дейтін. Сол әжетайымның айтқан ақылы әлі күнге жүрегімнің қақ төрінде. Кішкентайымнан ұяң қыз едім, біреуді жылату, біреудің бір нәрсесін тартып алу, жалған сөйлеп жалтару деген қолымнан келмейтін. Ойлап қарасам өміріме азық болатын, өзгелерден мені озық қылатын-осы менің адамдық қасиетім екен.Қиянат жасау-Алланың аулақ бол деген деген істерінің бірі. Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешқашанда жалған болмас. Бәріміздің де сенеріміз сол болған соң оның әр сөзіне сенуіміз керек және оны орындауға тиістіміз.
