Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өндірістік технологиялық практика211.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1.3.Кәсіпорынның құрылыс нысандарымен танысу.

Алматы облысында су каналдарын қалпына келтіру жұмыстарына  ерекше назар аударылып отыр. Биыл  бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 3 млрд.теңгеден астам қаржы бөлініп,бірнеше су жүйесі күрделі жөндеуден өтпек. Бүгінде  жобалық – сметалық құжаттары дайын, көктем шыға жөндеу жұмыстары  басталады.

Көксу аудандағы негізгі каналдар мен су көздері бірнеше жылдың ішінде толық жөндеуден өткізіліп автоматтандырылмақ. Бұл туралы «Талдықорғансушар» РМК-ның жоспары бойынша мұндай жұмыстар екі жылда қарқынды түрде жүргізілу тиіс. Аудандағы ең негізгі сол жағалаулы магистралды канал 15 жылға жуық уақыт бойы жөндеу жұмыстарын көрмеген. Осыны ескерген мемлекет қазынадан жеткілікті түрде қаражат бөліп, тек қана жөндеу жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, аталмыш су көздерін толықтай автоматтандыру жұмыстарын да қолға алмақ. Көксу өзенен су алу арқылы ауылшаруашылығына үздіксіз жеткізу, су жеткізу және қосымша тармақ каналында жаңғырту жұмыстарының алғашқы сатыда аяқтау тапсырмасыда қойылып отыр. Енді Су ресурстары комитеті белгілеген жоспарға сәйкес биылғы жылдан қалдырмай каналды автоматтандыру ісі аяқталмақ. «Канал арқылы шаруа қожалықтарына берілетін суды реттеуші тығындардың 37-сі автоматтандырылады. Бұл жұмыстар Көксу өзеннен қанша көлемде су келетінін анықтап отыруға және тиісінше мониторинг жүргізуге септігін тигізеді. Бұл өте үлкен жоба болып отыр. Жылдың соңына дейін бұл жұмыстарды толық аяқтау. Сол кезде кеткен су шығыны мен қажетті су мөлшерін толық анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, сол жағалау каналының жағалауы цементпен қапталмақ. Мемлекеттік бюджеттен аталмыш жұмыстарды жүргізу мақсатына 350 млн. теңге қаражат қаралған. Осылайша су шаруашылығының басшылары өңірдегі Еңбекші, Жарлыөзек секілді елді мекендерді су тасқыны қаупінен арылтуға болады деп отыр. Бетон жамылғы сонымен қатар, судың тасымал барысындағы азайып кетуінен де қорғайды.

Ең ауқымды негізгі жұмыстар негізгі канал болып табылатын сол жағалау каналында жасалмақ. Үстегі жылы көктем шығар алдында өңірде ірі су тасқыны орын алған . Сол судың көп бөлігін елді мекендерді су шайып кетпесі үшін облыстық әкімдік пен Төтенше жағдайлар Комитетіндегілер келісімді түрде амалсыздан елді мекеннен тыс егіншілік мақсатта жерлерге және өң тармақ каналына ағызып, ондағы бөгеттер бұзылып кеткен болатын. Осының салдарынан арнайы мемлекеттік комиссия 322 млн. теңге зиян келгенін есептеп шығарған. Қазіргі таңда бұзылған жерлер ақырындап түзетілуде.

Ауданыда ең үлкен канал сол жағалаулы магистралды канал болып табылады 60км ден астам су өткізу қабылеті 10 м3/с сұраныс бойынша қазыры канал сапасына байланысты 5 м3/с беріліп, барлық елді мекендерді сумен қамтамасыз етіп отыр. Ол көксу су бөгетінен басталып жол бойы қосымша тармақ каналдарға су беріп ауылшаруашылғын сумен қамтамасыз етіп жаздық егістік алаптарына су толықтай жеткізіліп келеді каналдар жүйесін алатын болсақ баріде толықтай ескірген .

Осы мақсатта ауданымызда каналдар жүйесін қайтадан құру және жөндеу жұмыстары 2017 жылға дейін аяқтау тапсырмасы беріліп отыр, кеңес үкіметі тұсында Қөксу ауданда 30000гектар ауыл шаруашылығы максатында сурамалы жер болған, каналдармен науалардың ескіру тазалау жұмыстары жүргізілмегендіктен қазіргі таңда 23327 гектар жер пайдаланып отыр,және бұл жерлерге су жетізу толықтай қамтамасыз етіліп отырған жоқ, Мұсабек , Жарлыөзек және жеңіс, бжы ауылдық окруктері соя мен қызылша суару мерзімінде су тапшылық жағдайы орын алып келеді . Бұрын Мұсабек ауылына канал арқылы баратын су мөлшері 4 м3/с болған қазіргі уақытта 3,5 м3/с су беріліп отыр және басқа ауылдарда тура осындай жағдай, каналдар апаттық жағдайда көп жылдар тазалау жұмыстары жүргізілмеген жолайы су шығындар көп .

Осы каналдар қайта құру және толықтай жөндеу жұмыстары жасалса бос қалған жерлер қайта ауыл шаруашылығына пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі құрылыс жұмыстарына жобалар дайындалып толықтай жаңартуды күтіуде.