- •Мазмұны
- •1 Бөлім Құрылыс мекемесінің (кәсіпорынның) құрылымы және өндірістік базасымен танысу.Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру.
- •1.2. Кәсіпорынның басқару құрылымымен және шаруашылық қызметімен танысу. Кәсіпорынның материалдық техникалық базасымен танысу.
- •1.3.Кәсіпорынның құрылыс нысандарымен танысу.
- •Көксу ауданы магистыралды каналдар қазіргі жағыдайы және жасалтын жұмыстар
- •2 Бөлім. Жұмыс орнында жұмысты жүргізудің технологиясын үйрену.
- •2.1 Тақ. Жер жұмыстары.
- •2.1.1 Тақ. Топырақты қолмен және жер қазу машиналарын қолданып өңдеу технологисын үйрену.
- •2.1.2.Жер жұмыстарын орындауға қолданылатын жабдықтар мен машиналар,олардың маркалары,техникалық параметрлері,өнімділігі. Қауіпсіздік техникасы.
- •Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік.
- •Бетон қоспасын дайындау және тасымалдау
- •Бетон қоспасын төсеу және тығыздау
- •Дайын темірбетон бұйымдарымен конструкцияларды қабылдау.
- •Қалып орнатуға қажет құрал, сайман жабдық және аспаптар
- •Арматура бұйымдарының түрлері.
- •Тасымалдау және құрастыру жұмыстары
- •Конструкцияларды көтеру, орнату, уақытша бекіту
- •Конструкциялардың ұштасу жігін, түйіспелерін жауып бекіту
- •Көп қабатты ірі панельді қаңқасыз және қаңқалы үйлерді құрастыру
- •2.5.4.Бетоншы, ағаш ұсташы, сымтемірші, құрастырушы, сылақшылардың жұмыс орнында жұмыс істеу.
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •1. Хамзин с. Қ. Үймәреттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық.Алматы,: «Білім», 1994;
- •2.Хамзин с. Қ. Жанаев а. Б. Құрылыс өндірісінің технологиясы. Курстық және дипломдық жобалау. Оқу құралы. Алматы, «Полиграфия», 1995
2.1.1 Тақ. Топырақты қолмен және жер қазу машиналарын қолданып өңдеу технологисын үйрену.
Жер қазу жұмыстары барлық ғимараттар, үймәреттерді салу құрылысында орындалады.
Жер жұмыстары көп еңбекті қажет еткендіктен мүмкіндігінше машиналар мен механизмдерді қолдану қажет.
Механизмдерді қолдануға мүмкіндік жоқ жерлерде ғана қолмен қазу жұмыстары жүргізіледі.
Жер қазу жұмыстарының түрлері: қазан шұңқырлар, катлаван, ұзын орларды қазу, аймақты және алаңды тік тегістеу, топырақты алдын ала қопсыту, су ағызу, су беру, сулардың деңгейін төмендету, жерді құрғату.
Жер жұмыстарының көлемі мен сипаттамалары. Салынып жатқан құрылыс нысанының жобасына сай және олардың ерекшеліктеріне қарай анықталады. Мысалы: жер асты коммуникацияларына: су құбырлар, газ жүретін құбырлар және т.б жұмыстарға арналғант ұзын орларды қазу.
Жер жұмыстарының түрлері.Жер құрылыс жұмыстары негізгі, қосалқы және дайындау жұмыстарынан тұрады.
Дайындау жұмыстары- ағаштарды кесу, ағаш дінгектерін қазып алу, тастардан тазарту, өсімдіктерді шабу, тұрған үйлерді бұзу, жерді құрғату, сумен қамтамасыз ету, суларды ағызу, жолдар салу, геодезиялық жұмыстар.
Қосалқы жұмыстар- уақытша қазан шұңқырлар мен катлавандарды орнату сулар деңгейін төмендету, топырақтарды жасанды түрде тығыздау.
Негізгі жұмыстар – алаңдарды жоспарлау, катлавандарды қазу, топырақты қопсыту , қайта тегістеу, катлавандардың түйін жоспарлау, тазалау, топырақтарды үюге тасмалдау.
Құрылыста топырақты бұрғылау мына жағдайларды қамтиды :
Жер қыртысының физикалық және механикалық қасиеттерін анықтау;
Жер қыртысын жарылыс, қопарыс жұмыстар арқылы өңделгенде.
Судың деңгейін түсіруге, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету.
Басқа әр түрлі арнайы жағдайларда.
Құрылыста кеңінен таралған әдістердің бірі механикалық бұрғылау.механикалық бұрғылаудың түрлері: айналмалы, соғу, созып айналдыру, дірілдету. Тиімділігі жыныстардың физикалық, механикалық қасиеттеріне байланысты анықталады. Мысалы : қаттылық, жарықшақтар, беріктік және т.б. бұрғылау процестері жыныстарды бұзу, жыныстарды сыртқа тасмалдау, қазылған шұңқырдың ішкі қабырғаларыныңқұламауын қамтамасыз етеді. Бұрғылау жұсымтарында өзі жүретін арнайы машиналар немесе экскаватордың, кранның, трактордың базасында орнатылған жабдықтар қолданылады.
Скважиналар, шұңқырлар қажеттілігіне қарай 5 м дейін және одандр терең бұрғыланады. Жарылыс жұмыстары тау жұмыстарын майдалауға, топырақты бір орыннан екінші орынға ауыстыруға, жерді қопсытуға, керек емес құрылысты бұзуға, үлкен тастарды жинауға, мұздарды жаруға қолданылады.
Жарылыс пен жер қыртысын өңдеу экономикалық тұрғыдан тиімді болып келеді( жанаржағармай үнемділігі, жұмысшылар мен машиналардың азаюы).
Жер жұмыстары кешенді процесс болып саналады. Оның құрамына әдетте топырақты уйіндіге төгіп немесе көлік кұралдарына артып өңдеу, оны ауыстыру, табанды тазалау, топырақты тегістеу және тығыздау жатады.
Осы жұмыстардың барлық түрі олардың көлемдеріне байланысты негізгі және қосымшаға бөлінеді. Және де негізгі жүмыстар көлемі, еңбек сыйымдылығы және құны бойынша үлкен үлес салмағымен сипатталады.
Негізгі және косымша жұмыстар біржолата көлемін есептеп және жұмыс тәсілін тандаған соң анықталады. Осыдан кейін орындалатын жұмыстардың көлеміне сәйкес жұмыс өндірісінін әдісін тандау, машина және механизмдер, қосалқы құралдарды тандау және есептеу жасалады, жер жұмыстарының ұйымдастыруы және кезектігі, олардын күні және ұзақтылығы анықталады.
Қазаншұңқырлар жасағанда келесі жұмыс процестері орындалады: жиекке төгу немесе көлік құралына артып топырақты өңдеу; топырақты ауыстыру немесе тасымалдау; түбін тегістеу; топырақты тегістеп және тығыздап қайта көму.
Қазаншүңкыр өңдеуі топырақты көлік құралына артып тік күрекпен жабдықталған экскаваторлармен жүргізіледі. Экскаватор шөмішінің сыйымдылығы топырақтың сипаттамасына, жұмыс көлеміне және қазаншұңқыр тереңдігіне байланысты таңдап алынады.
I—III топтағы топырақтарда жұмыс көлемдері 10 мың м3 дейін және IV топтағы 5 мың м3 дейін пайдалануға шөміш сыйымдылығы 0,5—0,65 м3 экскаватор, I—III топтағы топырактарда жұмыс көлемі 10—25 мың м3 дейін, IV топтағы топырақтарда жұмыс көлемі 5-тен 15 мың м3 дейін — шөміш сыйымдылығы 0,8—10 мың м3, үлкен көлемді жұмыстарда — 1,25 мың м3 экскаватор ұсынылады.
Қазаншұңқырлар маңдайша (бойлай) және кабырғалы (көлденеңінен) өтістермен өңделеді. Өтістер саны және олардың параметрлері экскаватордың жұмыс цикілін ең аз уакытта қамтамасыз етумен аныкталады. Жер жұмыстары технологиялық параметрлері бойынша өзара үйлестірілген машиналар жинағымен орындалады. Олар бір тасқынмен немесе бірнеше машиналар жинақтарымен орындалады және қатар немесе жүйелі істей алады. Әр жинақтардың жетекші машина ретінде экскаватор, скрепер, бульдозерлер қолданылады.
Жинақ құрамына экскаватормен бірге көлік кұралдары, ка-занщұңқырдың түбін тазалау және үйіндідегі топырақты тегістеу үшін бульдозерлер, үйіндідегі топырақты таптау үшін тығыздағыш машиналар кіреді.
Скрепер жинағы топырақты өңдеу, ауыстыру және тегістеу үшін бір немесе бірнеше скреперлерден, қопсытқыштардан, скрепер толтыруын тездету үшін итергіш тракторлардан және топырақты кабаттап таптау үшін тығыздағыш машиналардан құралады.
Бульдозер жинағы топырақты өңдеу, ауыстыру және тегістеу үшін бір немесе бірнеше бульдозерден және топырақты кабаттап таптататын тығыздағыш машиналардан кұралады.
Жұмыс тәсілін және машиналардың үйлесімді жинақтарын таңдау топырақ түріне, үйінді мен ойманың шамасы мен көлеміне, топырақ тасымалдау қашықтығына, кұрылыс мерзіміне байланысты және біржолата жұмыс өндірісінің әртүрлі варианттарының техника-экономикалық салыстыру нәтижесінде аныкталады.
Әр вариантқа жетекші машинаның типтік өлшемі таңдалады. Сонымен негізгі процесті үздіксіз орындау максатын қамтамасыз ету үшін қосалқы машиналардың жалпы сменалық пайдалану өнімділігі жетекші машинаның өнімділігіне тең немесе көбірек болу керек. Мысалы, экскаваторлармен кешенді механикаландырып өзі түсіргіш автомобильге артып ойманы өндегенде, үйіндідегі топырақты бульдозермен тегістегенде және тығыздағыш таптағанда осы талап келесі шарттарды орындауға тиіс:
Жетекші және іріктелінетін машиналарды талдау алдыңғы технологияға сүйене отырып және машина сипаттамаларын толық пайдалану және оларды орынды жүктеу арқылы аныкталуы керек.
