- •Мазмұны
- •1 Бөлім Құрылыс мекемесінің (кәсіпорынның) құрылымы және өндірістік базасымен танысу.Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру.
- •1.2. Кәсіпорынның басқару құрылымымен және шаруашылық қызметімен танысу. Кәсіпорынның материалдық техникалық базасымен танысу.
- •1.3.Кәсіпорынның құрылыс нысандарымен танысу.
- •Көксу ауданы магистыралды каналдар қазіргі жағыдайы және жасалтын жұмыстар
- •2 Бөлім. Жұмыс орнында жұмысты жүргізудің технологиясын үйрену.
- •2.1 Тақ. Жер жұмыстары.
- •2.1.1 Тақ. Топырақты қолмен және жер қазу машиналарын қолданып өңдеу технологисын үйрену.
- •2.1.2.Жер жұмыстарын орындауға қолданылатын жабдықтар мен машиналар,олардың маркалары,техникалық параметрлері,өнімділігі. Қауіпсіздік техникасы.
- •Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік.
- •Бетон қоспасын дайындау және тасымалдау
- •Бетон қоспасын төсеу және тығыздау
- •Дайын темірбетон бұйымдарымен конструкцияларды қабылдау.
- •Қалып орнатуға қажет құрал, сайман жабдық және аспаптар
- •Арматура бұйымдарының түрлері.
- •Тасымалдау және құрастыру жұмыстары
- •Конструкцияларды көтеру, орнату, уақытша бекіту
- •Конструкциялардың ұштасу жігін, түйіспелерін жауып бекіту
- •Көп қабатты ірі панельді қаңқасыз және қаңқалы үйлерді құрастыру
- •2.5.4.Бетоншы, ағаш ұсташы, сымтемірші, құрастырушы, сылақшылардың жұмыс орнында жұмыс істеу.
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •1. Хамзин с. Қ. Үймәреттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық.Алматы,: «Білім», 1994;
- •2.Хамзин с. Қ. Жанаев а. Б. Құрылыс өндірісінің технологиясы. Курстық және дипломдық жобалау. Оқу құралы. Алматы, «Полиграфия», 1995
Көксу ауданы магистыралды каналдар қазіргі жағыдайы және жасалтын жұмыстар
2014 жылғы суландыру жүйесін дайындау жұмыстарын анықтап, бүгінгі таңда 6 СПКВ және 1196 шаруа қожалықтары мен барлығы 12801 га жерге 81,88 млн.м3 су жеткізіп беру қызметін көрсетуге келісім шартқа отырды.
Көктем айларында «Көксу» бас тоғанына және шаруашылық аралық тоғандарға ағымды жөндеу және 16км механикалық тазалау жұмыстарын жүргіздік. Бүгінгі күні механикалық тазалау жұмыстары оң тармақта жалғасын табуда, ішкі шаруашылық аралық тоғандарда ағымды жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмегендіктен, тоғаннның ПӘК( пайдалы әсер коэффициентті) төмендеуде. Қазіргі уақытта, барлық ішкі тоғандар ауданның ауыл шаруашылық бөліміне беріліп қазіргі уақытта құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылы көктемгі ағымды жөндеу жұмыстары кезінде біз өз теңгеріміздегі ұзындығы 82км құрайтын тоғандарымызға келесі жөндеу жұмыстарын атқардық,атап айтқанда:
Механикалық тазалау жұмыстары – 1200м3;
Су реттегіш ғимараттарды жөндеу жұмыстары - 70 дана;
Су өлшеу бекетін жөндеу – 44 дана;
Темір – бетон науаны жөндеу – 80м.
РМК «ҚазСуШар» мамандарымен бірлесіп
Солжағалау магистралды тоғанының бүгінгі күнге 16км аралығына механикалық тазалау жұмыстарын аяқтап, «Оң жақ тармақ» магистралды тоғанында жалғасын табуда.
Бұдан басқа 9 – дюкер , 3 – тезағар, 2 – акведук гидротехникалық құрылымдарына жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар биылғы жылы облыстық бюджеттен бөлінген
137 млн.теңгеге «Көк-мойын» тоғанының 1762метр аралығындағы Г-15 темір – бетон блоктарымен қапталған аралығына күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі сол аралықтың 585 метрі аяқталды, және:
Д-1 - 1763м,13179м3
Көк – Мойын -3(Жартоған) - 3013м,5573м3
Көк – Мойын-4(Тайсойған) - 2546м,6851м3
Көк – Мойын-5(Төте- тоған) - 2555м,11500м3
Көк – Мойын-6(Беларық) - 5072м,12400м3
Көк – Мойын-7(Р-1) - 540м,1679м3
Көк – Мойын-8(Р-2) -492м,1626м3
Барлығы 25005м, 85808м3 дренаждық суланыру тоғандарына механикалық тазалау жұмыстары атқарылады.
Жоғарыда аталған тоғандардың қызметі біріншіден жер астындағы суды тарту болса, осы тоғандар арқылы шаруа қожалықтарына суды жеткізу қызметін атқарады.
Биылғы жылдың күздік ағымды жөндеу жұмыстарына Көксуирригация су шаруашылық коммуналдық кәсіпорнының және ҚазСуШар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары бірлесе отырып « сол жақ тармақ » магистралды тоғанында орналасқан 3 субөлгіш гидротехникалық құрылымдарының алдына тоспа-тіреу (подпорно-перегаражиающее) құрылымдарын салуды, ПК-132 орналасқан су торабын күрделі жөндеуден өткізуді, сол жағалау магистралды тоғанының ПК-281-79 орналасқан тезағарға күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуді жоспарланды, қазіргі уақытта аталған жұмыстарға жобалық сызбалар мен ақаулық актілер жасалды .
