Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Saule_sdelannye_testy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
435 Кб
Скачать
☆

Асқазанның тесілген ойық-жарасы

1. Созылмалы гастродуоденальды жаралардың перфорациялануына себепшi болатын факторлардың ішінде маңызды болып табылады:

+A. Ойық жара ауруының өршуі

2. Перфоративті жаралардың ағымында уақытша жазылу кезеңі төмендегілермен негізделеді, қоспағанда:

+D. Фибринмен немесе шарбы майымен перфорациялық саңылаудың жабылуы

3. Тесiлген ойық жараның төменде берілген белгілер ішінен диагностика үшiн шешушi мәні бар:

+D. Пневмоперитонеум

4. Перфорацияланған ойық жаралардың диагнозын растау үшiн, зерттеудiң келесi әдiстерiн қолданады:

+B. Құрсақ қуысының ағзаларының шолу рентгенографиясы

5. Iштiң оң жақ төменгі бөлігіндегі ауырсыну сезімі, кейде құсу, оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну сезiм және бұлшық еттiң тырысуы, сирек дене қызуының қалыпты мөлшерінен 1 градусқа көтерілуі:

+B. Жіті аппендицитке

6. Жүрек және жауырын асты аймағына берілетін эпигастрий аймағында пайда болған қатты ауыру сезімі, ентiгу, кейде бiр рет құсу. Әлсiз және жиi пульс, аритмия, гипотония, жүрек шуылдарының әлсiреуi және кардиальды тұйықтық шекарасының кеңеюi, эпигастрий аймағында пальпациядағы ауырсыну сезімі, кейде бұлшық еттердiң ригидтілігі, перистальтика шуылдары қалыпты болу тән:

+E. Миокард инфарктiна

7. Кенеттен басталу, іштің жоғарғы бөлігіндегі қатты ауыру сезімі, оның іштің барлық бөліктеріне жайылуы, тақтай тәрізді құрсақ, бауыр тұйықтығының жоғалуы, жиi беткей тыныс; пульс жиiлiгі, артериальды қысым, температура бастапқыда қалыптыға жақын. Сiздiң диагнозыңыз?

+A. Тесілген ойық жараға

8. Жіті басталу, оң жақ бұғана үсті аймағына берілетін, үдемелі күшеетін оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезімі, оң жақ қабырға астындағы бұлшық еттiң ширығуы, жиi пульс, жоғары температура. Сiздiң диагнозыңыз?

+C. Жіті холециститке

9. Жіті басталу, арнайы локализациясыз абдоминалды қатты ауыру, жүрек айну, құсу, үрей сезімі, тері жабындысының бозаруы, брадикардия, іштің жұмсаруы, қалыпты температура, қан аралас үдкен дәрет, лейкоцитоз. Жалпы жағдайының ауырлығы мен аурудың жергiлiктi көріністері арасындағы айырмашылық туындаған. Сiздiң диагнозыңыз?

+D. Мезентерильды инфарктке

10. Тесiлген ойық жараны консервативті емдеу, Тейлордың әдiсi келесi жағдайларда iске асырылады, қоспағанда:

+D. Науқастың егде жасы

11. Тейлордың әдiсi бойынша тесiлген ойық жараны консервативті терапиясының элементтерi ішінен басты рольді ойнайды:

+D. Асқазан iшiндегiсін тұрақты аспирациялау

12. Тейлордың әдiсi бойынша тесілген ойық жараны консервативті емдеудiң қорытындылаушы кезеңінде қажеттi зерттеулер?

+A. Асқазаннан аспарациялайтын сұйықтықтың талдауы

13. Тесілген ойық жараға байланысты операцияға науқасты дайындауға жатпайды:

+D. Амин қышқылдарының ерiтiндiсi және май iркiлген эмульсиялары

14. Тесілген жара жағдайындағы хирургиялық тактиканы қандай факторлар анықтайды?

+A. Науқастың жас шамасы және күйi

+B. Жара анамнезінiң ұзақтығы

+C. Ойық дараның орналасуы

+D. Перфорация ұзақтығы

15. Тесілген жараны тігуге көрсеткіш болып табылады:

+А. Қысқаша жара анамнезі

+B. Қарттық жас шамасы

+C. Ілеспелі ауыр патология

16. Тесілген жараны тігудің артықшылықтары, атап айтқанда:

+A. Операция аз зақымды

+B. Кризистiк жағдайларға жарайды

+C. Эндоскопиялық техника көмегiмен орындалады

17. Асқазанның резекциясы төменде аталған қандай жағдайларда ұтымды шешiм болады?

+A. Асқазанда орналасқан ойық жаралардың перфорациясы

+B. Көптiк перфорациялар

+C. Қатерлi өсуге күмәндi ойық жаралардың перфорациясы

+D. Қан кетуi бар асқазан ойық жарасының перфорациясы

18. Перфорацияланған ойық жараға ваготомияны орындау мүмкiндiктеріне ықпал ететiн факторлардан маңызы жоқ:

+A. Аурудың ұзақтығы

19. Ваготомияға қосымша ретінде дренаждаушы операцияны таңдағанда көңіл бөлінеді:

+C. Жергiлiктi патоморфологиялық өзгерiстердiң сипаты

20. Науқас жабылған перфорация көрінісі айқын, ауру басталғаннан 5 сағаттан кейін ауруханаға жатқызылды. Бұл жағдайда көрсетiлген:

+A. Жедел операция

21. Ішектердiң операциядан кейiнгi жартылай салдануының емінде аталған шаралардың қайсысы рационалды емес болып табылады?

+C. Адреномиметиктердi тағайындау

+D. М-холиномиметиктер мен антихолинэстераза препараттарын тағайындау

22. Тiгiлген ойық жараның тігістерінің ажыратылуы анықталады:

+D. Гастродуоденографиямен

23. Тесілген жараға байланысты жасалған операциядан кейін болуы мүмкін асқынулары ішінен жиiлiгі бойынша бiрiншi орынға тиесілі:

+A. Өкпелік асқынулар

24. Операциядан кейiнгi өкпе асқынуларын алдын-алуда төменде аталған әдiстердің ішінен керексiз болып табылатыны?

+C. Дем шығаруда оң қысыммен өкпені жасанды желдету

25. Асқазанның перфорацияланған жарасын тіккеннен кейiн, операциядан кейiнгi кезең абсцесстің түзілуімен асқынуы мүмкін:

A. Диафрагма астын аймағында

B. Бауырасты аймағында

C. Iшек аралық

D. Дуглас кеңiстiгінде

+E. Барлық варианттар болуы мүмкiн

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]