Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sala_uyym_ekz_surak-1.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

23.Шоғырлау, қиыстыру, мамандану, кооперативтеу-өнеркәсіптік өндіріс ретінде.

Шоғырландыру- біртекті немесе технологиялық байланыстағы өнімді шығарудың тиімділігін арттыру мақсатында ірі кәсіпорындарда өндіріс пен жұмыс күшін шоғырландыру процесі.

Шоғырландыру:

1.Тік шоғырлану- бір кәсіпорында шикізат өндіруден өнімді өткізуге дейінгі өндірс сатылары кешенінің шоғырлануы.

2.Көлденең шоғырлану-өзара тех-қ байланыстағы өндірістерді білдіретін әр түрлі салалардың фирмалары мен кәсіпорынның бір басқару мен бақылауға шоғырлануы.

Кооперативтеу- бұл соңғы өнімін біріктіре отырып өндірген кәсіпорындардың өндірістік байланысын білдіреді.

Өндірістік кооперациялау бұл өнімдер мен басқа да бұйымдар, құралдар, бөлшектер, машиналар үшін агрегаттар мен бөлшектер , жеке дайындамаларды дайындаудағы тікелей кәсіпорындар мен салалардың мамандануынан шығады.

Кооперациялау процестері:

-белгілі өндірістің қажеттілігі үшін жұмыстардың орындалуы ж/е жинақталған жартылай фабрикаттардың жеткізілімін білдіреді;

-белгілі өнім түрін сатып алатын сатып алушылармен жабдықтаушылардың байланысы;

Кооперациялау:

-аймақтық қағидалары бойынша кооперациялау ішкіаудандық ж/е ауданаралық болып бөлінеді;

-Салалық қағидалары:

24.Технологиялық үдерісті ұйымдастырудың маңыздылығы.

Технологиялық үдерістерді автоматтандыру өндіріс мәдениетін арттыруға және адамның еңбегін жеңілдетуге, ауыр физикалық жұмысты автоматикаға жүктеуге мүмкіндік береді. Автоматтандырылған жүйелерді ендіру кезінде жұмыс функциясы машина жұмысын бақылайды. Автоматтандырудың есептерінің алдына қойған сәтті шешімі кәсіпорын жұмысын дамыту мен жақсартуда жаңа белестерге жол ашады.

25.Технологиялық үдерістің құрамы және түсінігі

Негізгі үрдістерге:

-еңбек затының нысаны;

-кесімі;

-ішкі құрылымы;

-сыртқы түрі ;

-оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер жатады.

Негізгі үрдістер жиынтығы негізгі өндірісті құрайды.

-Күрделі өндірісте негізгі үрдістер үш кезеңнен тұрады:

-дайындау кезеңінде дайындық жұмыстары жүргізіледі;

-өңдеу нәтижесінде оның өнімдері дайын бөліктерге айналады;

-жинақтау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындалған бөліктерден және сатып алынған дайын өнімдерден өнім құрастырылады.

Өнім жасаудың технолоигялық үрдісі бұдан басқа да өзінің құрамына табиғи үрдістерді қамтиды

.

Табиғи үрдістерге еңбек затына табиғаттың физикалық және химиялық әсерін тигізетін үрдістер жатады.

Бұл үрдістер жанды еңбектің және еңбек құралдарының қолдауынсыз өтеді, бірақ көп уақыт алады, сондықтан оларды жасанды үрдістермен ауыстырып отырады.

Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады.

Қызмет көрсету үрдістеріне:

-техникалық бақылау жұмыстары;

-Көлік;

-қойма операциялары;

-тағы басқалары кіреді.

Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларын екі категорияға бөлуге болады:

-жалпы, яғни оның нақты мазмұнына байланысты болмайды;

-арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.

Жалпы қағидаларға уақыт бойынша және кеңістікте кез келген өндірістік үрдісті ұйымдастыруға бағынышты болатын мынадай қағидаларды жатқызуға болады:

мамандану қағидасы, өндіріс үрдісінде жұмыс орындары және кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі мен оның шоғырлануын көрсетеді;

паралельдік қағидасы, кәсіпорынның белгілі бір өнімді дайындауға байланысты өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді;

пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек өнімділігімен сипатталады;

тура-дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі қысқа қозғалыс жолдарымен жүруін айтады;

үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді талап етеді;

ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға бағытталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]