Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораторны_ работы по ээо каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Электр қозғалтқыштарды анормалды тәртіппен универсал ішіне салынған қорғау құрылғыларын (увтз) зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Электр құрылғыларындағы анормалды жұмыс тәртібімен танысу, электр қозғалтқыштарды анормалды тәртіппен қорғау тәсілдерін оқып білу, ішне салынған температуралық қорғау құрылғыларын оқып білу және зерттеу.

Жұмыс бағдарламасы

  • «Жалпы мәліметтер» бөлімін оқып білу, арнаулы әдебиеттерде берілген материалдармен танысу

  • УВТЗ-IМ жұмыс жасау принципі мен схемасын оқып білу және УВТЗ-IM ішне салынған температуралық коргау қондырғының әдісін меңгеру.

Жалпы теориялық мәліметтер

Үш фазалы асинхронды электр қозғалтқыштар электр жетектерінде қолданылатын қозғалтқыштардың кеңінен тараған түрі болып табылады.

Қолданылатын электр қозғалтқыштардың саны үнемі артып отырып жағыдайда, олардың пайдалану сенімділігінің төмендегі байқалады: жыл сайын олардың істен шығуы 20-25%- ке жетеді.

Электр қозғалтқыштардың сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың қуатын, жұмыс тәртібін, дұрыс пайданылуының және қоршаған сыртқы ортаның әсерлерінен қорғау дәрежесін дұрыс таңдап алу кажет.

Сонымен қатар, электр жетектерін құрастырушылардың басқару және қорғау схемаларын дайындаудағы, іске қосу реттеуші мен қорғау аппаратын және өткізгіштер мен кабель өнімдерін таңдаудағы техникалық білімдерінің жоғары болуы өте маңызды.

Электр қозғалтқыштарды пайдалануда және монтаждауда кажетті ережелер мен нормалардың дүрыс орындалуы да маңызды болып саналады.

Бірак дұрыс жобаланған электр жетегін жоғары деңгейде пайдаланған кезде де, анормальдық және апаттык тәртіптің пайда болуы мүмкін.

Бірак дұрыс жобаланған электр жетекті кажетті деңгейде пайдалану кезінде анормал және апатты жағдайдың пайда болуы ыктимал.

Мүндай тәртіптерге:

  • сыртқы күш тізбегі мен шығару қорабында және электр қозғалтқыштың орамдарында пайда болатын көп фазалы және бір фазалы қысқаша тұйықталулар;

  • басқару тізбегіндегі қысқаша тұйықталу;

  • электр қозғалтқыштың орамдарындағы орамаралық тұйықталу;

  • технологиялық қондырғының жұмыс тәртібінің бұзылуына байланысты қозғалтқыштың жылулық асыра жүктелуі;

  • қозғалтқышты ауыр жағдайда іске қосқанда, оның жылулық асыра жүктелуі;

  • статордың орамында немесе сыртқы күштік тізбекте фазаның үзілуінің әсерінен қозғалтқыштың жылулық асыра жүктелуі;

  • суыту ержелері бұзылғанда қозғалтқыштың жылулық асыра жүктелуі жатады.

Өнер кәсіпке қарағанда ауыл шаруашылығында электр қозғалтқыштардың жұмыс істеу жағдайлары күрделі.

Қозғалтқыштыштар көп жағдайда дұрыс жүктелмейді, олардың басым көпшілігі қоршаған ортаның ауыр жағдайларында жұмыс істейді (шаңдау, ылгалдык, температураның күрт өзгеруі), көректену тізбегіне берілетін кернеуі бір қалыпты емес.

Сонымен қатар электр жабдықтарына қызмет көрсету де төменгі деңгейде.

Зерттеулер нәтижелеріне қарағанда ауыл шаруашылығында көптеген электр қозғалтқыштар қуат қоры бойынша (30...50%) іріктеліп алынған, қысқа мерзімді тәртіпте және төмен температура кезінде жұмыс істейді.

Сондықтан оларды ұзак асыра жүктелуі апатка соқтырмайды. Ауыл шаруашылық электр қондырғыларыда кең тараған апатты тәртіптердің бірі фазаның үзілуі, ол барлық апаттарда (40-50%) электр қозғалтқыштардың істен шығуына әкеліп соқтырады.

Электр жетектерінің апаттарының 20-25% жұмыстық машинаның сыналасуын туғызады (сораптардың, тасымалдағыштардың қатып қалуы, ұсатқыштың бітеліп қалуы және т.б).

Электр қозғалтқыштардың істен шығуы ұзак асыра жүктелу жағдайында 10-15%, ал қысқаша тұйықталу (оқшаулардың дымқылдануы және суытудың бұзылуы нәтижеде оның ойылып қалу салдарынан) - 15-20%. Сонымен қатар қозғалтқыштар апаттары қоршаған ортаның әсерінен және механикалық сыну әсерінен жиі пайда болады.

Демек, электр қозғалтқыштардың пайдалану сенімділігін едәуір жоғарылату үшін - бейнормалды және апатты тәртіптерден тиімді қорғау құрылғыларын еңдіру қажет.

Бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылық электр қондырғылардағы қорғау аппараттарының номенклатурасына қысқа тұйықталудан қорғайтын сақтандырғыштар және асыра жүктелуден, фазаның үзілунен қорғайтын жылу релесі кіретін.

Сақтандырғыштармен қорғау қарапайым және сенімді болғанымен, іріктелген балқығыш өндірмелермен жеткілікті қамтамасыз етілмегендіктен өз тиімділігін жоғалтады. Әдетте балқығыш ендірмелердің жанып кетуі кезінде толық фазалық емес тәртіптің пайда болуынан, сақтандырғыштардың өздері апатқа себепкер болады.

Сақтандырғыштарды электрмагнитті тіркеу ағытқыштары бар автоматты ауыстрып қосқышпен алмастырса, қысқаша түйықталу кезінде толық фазалы емес тәртіпті болдырмайды, бірақ қозғалтқыштарды сымның үзілуінен болатын фазаның жоғалуы кезіндегі асыра жүктелуден қорғау қажет.

Бұл мәселені ТРН сериялы релелері біршамаға шешеді, ал фазаның үзілуінен пайда болған асыра жүктелу кезінде іске қосылуды үдету механизмі бар РТЛ, РТТ сериялы үш полюсты релелер одан да тиімді шешеді. Қозғалтқышты сенімді қорғау үшін жылу релесі дұрыс бапталған болуы керек.

Егер қозғалтқыштар күрт өзгеретін жүктемемен, жұмыс өндіруде сағатына айырып - қосу саны едәуір болса және іске қосу уақыты ұзақ болса, реле көмегімен тиімді қорғау әрқашан орындала бермейді. Сонымен қатар жылу релесі қозғалтқышты желдеткіштің сынуынан, станинаның бітеліп қалуынаң пайда болатын қызып кету кезінде корғамайды.

Қарастырылған қорғау құрылғыларының кемшіліктері бейнормалды тәртіптерден қорғауларды ендіру және жетілдіруді қажет етеді. Оларды үш топқа бөлуге болады:

- фазаның үзілуінен қорғайтын құрылғылар;

- ендірмелі температуралық қорғау құрылғылары;

- кеңейтілген функционалды мүмкіндіктері бар аралас

қорғау құрылғылары.

Мұндай құрылғылардың көптеген әр түрлі схемалық шешімдері белгілі және олар үнемі жетілдіртуде.

Қозғалтқыштың статор оралымының температурасын бақылау ендірмелі температуралық қорғау әрекетіне негізделген 6.1 кестеде кейбір ендірмелі температуралық қорғау құрылғыларың салыстырмалы сипаттамасы келтірілген.

Бұндай құрылғылар статор оралымына орнатылатын көрсеткіш (терморезистор, позистор), көмегімен статор оралымның температурасын бақылап, электр қозғалтқышты барлық негізгі апатты тәртіптерден қорғайды.

Бірақ ендірмелі қондырмалы температуралық қорғаудың бір қатар кемшіліктері бар. Оған апатты тәртіптің себебі емес, салдары әсер етеді, сондықтан қозғалтқыш, әсіресе температура көрсеткішінің жылу инерциясы жоғары болған жағдайда, апатты тәртіпке ұзақ уакыт қалып қояды.

6.1 кесте - Өндірістік құрылғылар ішіндегі температуралық қорғауды теңестіру сипаттамасы

Параметр аттары

Құрылғының түрі

УВТЗ-1

УВТЗ-4А

УВТЗ-4Б

АЗП

ФУЗ-У

УВТЗ-1M

1. Құат көзі кернеуі, В

220+10%

-30%

220+10%

-30%

36,110,127,

220,380

380

220+10%

2. Орнату кедергісі, Ом

(-40°С + 40°С)

2200±200

1500-4000

1000-2200

2100

3. Қолданатын позистрлер түрі оқшалауы қызуға шыдамды класс-ты электр қоз-ғалтқыштар ұшін

Е ( =120°С)

В ( =130°С)

Г ( =155°С)

СТ14-11

СТ14-1А

СТБ-1

СТ14-1Б

СТ14-1А

СТ14-2-145

СТ14-1А

4. Аспап салмағы, кг

0,7

0,45

2,3

Бұл оқшаулаудың лезде тозуына және кейбір кезде қозғалтқыштын істен шығуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, температура көрсеткіш статор орамына тек жасаушы зауытта немесе жөндеу мекемелерінде ғана орнатуға болады.

Ендірмелі температуралык қорғау электр қозғалтқыштың екі фазада жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылық электр қондырғыларында малдардың және қызмет етушілердің электр қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.

УВТЗ-1М қондырмалы температуралық қорғау құрылғысы қоректену түйннен, түрлендіргіштен және шығу элементінен тұрады. Құрылғының принципиалды схемасы 6.1 суретте келтіртген.

Рисунок 6.1 - Температуралық қорғаушы орнатылған УВТЗ-1М қондырғысының принципиальды электрлік схемасы

Көректену түйі VI диодты көпір, стабилитрон тізбегіндегі токты шектеуге және кернеу құрылғының 1 және 4 клеммаларына берілетін қоректену желіснен құрылғы ажыратылған кезде конденсаторды разрядтауға арналған R1, R2, R4 резисторлар түрінде жасалған. Түрлендіргіш ТV1 ... ТV4 транзистордан құралған, 5 және 6 клемалары арқылы қосылған датчиктерінің белгі беруін күшейтеді және оны электр қозғалтқыштың коректену тізбегін айырып қосатын магнитті жүргізгіш катушкасына әсер ететш К1 (аралык реле) шығу элементін басқарура арналған сигналды түрлендіреді. Құрылғы бұлайша жұмыс істейді. Электр қозғалтқыштың оралымының температурасы шектелген мәннен төмен болғанда датчиктердін кедергісі аз және ТV4 транзисторына берілетін кернеу R6, R7 және R8 кернеу бөлгіштері анықтайтын ТVЗ, ТV4 күшейткіштің іске қосылу табалдырығының мәнінен көп болады. Бұндай жардайда ТV4 транзисторы ашық ТV1 транзисторы және V3 тиристор жабық К1 реле токсыз болады.

Электр қозғалтқыш оралымының температурасы шекті мәнінен жоғары болған жағдайда датчиктердің кедергісі күрт артады, олардан келетін белгі азаяды, ТV 4 транзистор жабылып, ТV1 транзистор ашылады.

Құрылғының схемасы өзін өзі бақылауды іске асырады, яғни датчиктер тізбегінде ақаулар (істен шығу, құрылғымен байланыс тізбегі үзілгенде) пайда болғанда, электр қозғалтқышты айырып отырады.

Датчиктің құрылғымен қосылу тізбегінде қысқаша тұйықталу пайда болған кезде ТV1 транзисторы ашылады, VЗ тиристор және К1 релесі косылады, реле түйіспелері магнитті қосқыш катушкасының қөректену тізбегін айырып электр қозғалтқышты желіден ажыратады.