Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Вопросы_ВОП_Детские болезни каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Балалардағы анемиялық синдром

$$$061

Темір тапшылықты анемия кезіндегі ЕҢ информативті қан көрсеткіші:

А) Сарысулық темір деңгейі

В) Гемоглобин деңгейі

С) Эритроциттер саны

D) Ретикулоциттер саны

Е) Ферритин деңгейі

$$$062

6 айлық қыз бала. 5-ші жүктіліктен, 4-ші босанудан. Туғаннан анасының сүті болмағандықтан сиыр сүтін береді. шағымдары: тершеңдік, қозғыштық. Жиі суық тиіп ауырады. Қарап-тексергенде: тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Пульсі 135 рет минутына. Жалпы қан анализінде: : эритроцитытер3,0х 1012/л, гемоглобин 95 г/л, ретикулоциттер 15 %, лейкоциттер 10х109/л, нейтрофилдер 30,5%, эозинофилыдер3%, базофилдер 0,5%, лимфоциттер 58,5%, моноцититтер10,5%, ЭТЖ 10 мм/сағ.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы:

А) Талассемия

В) Витамин В-12 жетіспеушілікті анемия

С) Фолий жетіспеушілікті анемия

D) Минковский-Шоффар анемиясы

Е) Теміртапшылықты анемия

$$$063

10 жастағы қыз бала. Мұрыннан қан кетуге, терідегі бөртпелерге шағымданады. Екі апта бұрын жедел респираторлық инфекциямен ауырған. қарап-тексергенде: балтыр, сан,жамбас терісінде симметриялы емес, полиморфты, полихромды, петехиальды-дақты бөртпелер анықталады. Іші жұмсақ, көкбауры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы.

Төменде келтірілген қандай себептер ЕҢ тән?

А) VIII фактордың жетіспеушілігі

B) Жүйелі васкулит

C) Плазмалық фактордың жетіспеушіліг

D) Тромбоциттердің жетілмегендігі

E) Тромбоцитарлы звеноның жетіспеушілігі

$$$064

3 айлық қыз балада тері және шырышты қабаттраның үдемелі бозаруы байқалады, емуі нашарлаған. Туылған кездегі дене салмағы 2300 грамм. Қарап-тексергенде: алақанның үлкен саусақтары үш фалангалы,переносица кең, шаштары екі түсті, пакляға ұқсайды. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012/л гемоглобин 80 г/л, лейкоциттер 8х109/л, ретикулоциттер 12%, нейтрофилдер 29%, лимфоциттер 58,5%, моноциттер 7,5%, эозинофилдер 5%, базофилдер 0,5%, ЭТЖ 10 мм/сағ. Эхокардиографияда: қарыншааралық перде дефектісі.

Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

А) Талассемия

B) Фанкони анемиясы

C) Минковский-Шоффар анемиясы

D) Блекфен-Даймонд анемиясы

E) Аутоиммунды гемолитикалық анемия

$$$065

9 жастағы қыз бала. Әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, тершеңдікке шағымданады. Жиі тұмауратып ауырады. Қарап-тексергенде: тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Пульсі 95 рет минутына. Жүрек тондары анық, жүрек ұшында систоликалық шу. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,6х1012/л, гемоглобин 95 г/л, лейкоциттер 6,6х109/л, ретикулоциттер 15%, ЭТЖ 15 мм/сағ.

Төменде келтірілген қандай ем ЕҢ бірінші кезекте жүргізіледі?

А) Темір препараттары

В) Пиридоксин препараттары

С) Цианокобаламин препараттары

D) Фолий қышқылы пепараттары

С) Глюкокортикостероидты препараттар

$$$066

2 айлық қыз бала. Туған кездегі салмағы 2300 грамм. Қаррап-тексергенде: тері және шырышты қабаттары айқын бозарған. Нашар емеді. Алақанныі үлкен саусақтары үш фалангалы, пененосицасы кең, шашы пакля тәрізді. жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,1х1012/л гемоглобин 83 г/л, лейкоциттер 7,6х109/л, нейтрофилдер 28%, лимфоцитытер59%, моноциттер 8%, эозинофилдер 4,5%, базофилдер 0,5%, ретикулоциттер 12%, ЭТЖ 10 мм/сағ Эхокардиографияда: қарыншааралық перде дефектісі.

Төменде келтірілген препараттар ЕҢ тиімді?