- •Мазмұны
- •Қысқартулардың тізімі:
- •1.Хирургиялық құралдар жалпы құралдар және арнайы тағайындалған құралдар болып екіге бөлінеді
- •Тіндерді ажырататын құралдар
- •1.2 Тіндерді қысуға (ұстап алуға) арналған құралдар жиынтығы
- •Жараларды және табиғи тесіктерді кеңейтіп ашуға арналған құралдар
- •Тіндерді әртүрлі жарақаттардан қорғайтын құралдар
- •2.1 Негізгі құралдардың жиынтығы
- •9. Ине ұстағыштар
- •10. Әртүрлі инелер жиынтығы
- •1.5 Тіндерді байланыстыратын құралдар
- •2 Тарау. Хирургиялық құралдардың жиынтығы
- •2.2 Алғашқы хирургиялық өңдеуге (ахө) көрсеткіштер:
- •2.3 Лапаротомияға арналған құралдар жиынтығы
- •2.4 Аппендэктомия және жарық кесуге арналған құралдар жиынтығы
- •2.5 Лапороцентезге арналған құралдар жиынтығы (құрсақ қуысын тесуге арналған)
- •2.6 Холецистэктомияға арналған құралдар жиынтығы
- •2 .7 Асқазан резекциясына арналған құралдар жиынтығы
- •2.8 Кеуде қабырғасына және кеуде қуысының мүшелеріне жасалатын операцияға арналған құралдар жиынтығы
- •2.9 Бас қаңқасының трепанациясына арналған құралдар жиынтығы
- •2.10 Трахеостомияға арналған құралдар жиынтығы
- •2.11 Қаңқалық тартуға арналған құралдар жиынтығы
- •2.12 Аяқ қолды ампутациялау үшін қажетті аспаптар жиынтығы
- •- Өткізгіш ара Джигли, 3- Поленовтын қолмен ұстағышы, 4 – қан тоқтатушы жгут,
- •Көрсеткіштер:
- •2.13 Тігісті салу және тігісті алу үшін арналған құралдар жинағы:
- •3.0 Тарау.Эндобейнехирургияға арналған хирургиялық аспаптар жиынтығы
- •3.1 Оптикалық жүйе
- •3.2 Бейнекамера
- •27 Сурет. Бейнетроакар («Visport») және бір рет қолданатын лапароскоп
- •3.3 Жарық көзі
- •3.4 Инсуффлятор
- •3.5 Сору ирригация жүйесі
- •Электрохирургиялық аппарат
- •Бейнемонитор
- •Бейнемагнитофон
- •3.9 Құралдар
- •Бақылау сұрақтары
- •27.Төмендегі берілген құралдардың ішінен Вереш инесін көрсет
- •Жауаптар эталоны:
- •Қолданылған әдебиеттер
- •31.03.2010 Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
2.12 Аяқ қолды ампутациялау үшін қажетті аспаптар жиынтығы
22 - сурет
Аяқ- қолды ампутациялау үшін қажетті құралдар жинағы: 1-ретрактор,
- Өткізгіш ара Джигли, 3- Поленовтын қолмен ұстағышы, 4 – қан тоқтатушы жгут,
5 – ампутациялық пышақ жиынтықтары Аяқ – қолдың дистальді бөлігін алып тастау
Көрсеткіштер:
Аяқ – қолдың жарақаттары
Қатерлі ісіктер
Үсіну, күйіктену, облитерирлеуші эндоартерит әсерінен тіндердің некрозға ұшырауы
Ампутацияның мақсаты: науқасты зақымдалу ошағынан тараушы өміріне қауіпті интоксикациядан және инфекциядан құтқару, тұқылдың жұмысқа қабілеттілігін протездеу арқылы қалыптастыру.
Құралдар жиынтығы:
Жалпы хирургиялық құралдар
Қан тоқтатушы жгут
Ампутациялық пышақтар жиынтығы
Сүйекқабығын сыдыруға арналған распатор
Доға тәрізді немесе жапырақ тәрізді, Джигли өткізгіш арасы
Листон немесе Люэр сүйек тістегіштері
Сүйектің бетін тегістеу үшін рашпиль
Нерв бағаналарын кесу үшін Кохер қысқышына бекітілген лезвие
Фарабьев немесе Олье сүйек ұстағыштары
Сүйекті кесер алдында жұмсақ тіндерді жылжыту үшін және жұмсақ тіндерді қорғау үшін ретрактор
Фолькман қасықшасы
2.13 Тігісті салу және тігісті алу үшін арналған құралдар жинағы:
Тігісті салуға үшін :
хирургиялық пинцет
ине ұстағыш
инелер жинағы
қайшылар
Тігісті шешу үшін:
анатомиялық пинцет
үшкір басты қайшы
3.0 Тарау.Эндобейнехирургияға арналған хирургиялық аспаптар жиынтығы
Эндоскопия–оптикалық құрылғылармен адамның табиғи тесіктер арқылы және жасанды тесік жасау арқылы жүргізілетін диагностикалық және емдеу әдісі.
Емдік және диагностикалық эндоскопияны ажыратады.
Біріншісі емдеу мақсатында, ал екіншісі диагностикалық әдіс ретінде қолданылады.
Эндоскопиялық хирургия операция жасау кезінде құралдар мен құрылғыларға өте жоғары талаптар қояды. Бұл–функциональдылық, сенімділік, қазіргі заманға сай дизайн, және ыңғайлылық. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты–эндохирургияда қолданылатын құрылғылар мен құралдармен таныстырып, олардың негізгі қызметтерін түсіндіру. Көптеген оперциялар кезінде қолданылатын аппараттармен аспаптардың толық жинағы «эндохирургиялық комплекс» деген атауға ие болды. Бұл комплекстің негізгі түйіні экран мониторына бейнелерді эндобейнежүйесі арқылы көрсету болып табылады.Ол лапароскоптан, кішкене ғана бейнекамерасы бар оптикалық жүйеден,жарық түсіруші жгуттан, бейнетаспалық монитордан тұрады. Бейнекамера арқылы мониторға берілетін белгілерді бейнетаспа арқылы бейнемагнитафонға жазып алып, кейін қарастырып, анализ жасауға болады.
23-сурет Эндобейнехирургияға арналған хирургиялық аспаптар жиынтығы
3.1 Оптикалық жүйе
Эндоскопиялық оптикалық жүйе (лапаро – немесе торакоскоп )бейнені таратудың бірінші буыны. Бұл аспаптын негізгі элементі - кішкене ғана линзалар жүйесінен тұратын оптикалық түтік. Лапароскоп адам денесіндегі қуыстардан бейнені бейнекамераға береді. Лапароскопиялық оптикалық жүйе келесі техникалық өлшемдерден тұрады:
Аспаптың диаметрі 10,5мм немесе одан кіші болуы мүмкін. 10- милиметрлік оптика оперативті эндохирургияда кеңінен таралған. 5 миллиметрлік лапароскопты балалар хирургиясында, диагностикалық іс шаралар үшін қолданады.Соңғы жылдары 1,9-милиметрлік лапароскоп құрастырылып шығарылды.
Көрудің кіреберіс бұрышы–осы бұрыш арқылы лапароскоп бейнекамераға бейнені жібереді. Орта шамамен бұл өлшем 800 аралығында болады.
Көру осінің бағыты–0,30,45,750. Егер көру осі 00 тең болса, лапароскопты торцтық немесе тік деп атайды,қалған жағдайларда лапароскопты қиғаш деп атайды. Кіру нүктесіне қарамай ол объектіні кез келген жағынан қарауға мүмкіндік жасайды. Хирургтің қолында қиғаш және тік оптикада болу керек.
24 - сурет Эндохирургиялық комплекс
Соңғы жылдары бейнетроакар мен бір рет пайдалану үшін қолданылатын лапароскоп ойлап табылды.
