- •І. Түркі тілдері грамматикасының зерттелуі
- •Түркі тілдері грамматикасының синхронды сипатта зерттелуі
- •Түркі тілі синтаксисінің зерттелуі, зерттеушілер мен олардың еңбектері
- •Түркі тілдеріне тән ортақ сипаттар
- •1.4 Сөйлем - тілдің коммуникативтік бірлігі
- •Іі. Түркі тілдеріндегі сөйлем синтаксисінің зерттелуі
- •2.1 Түркі тілдеріндегі жай сөйлем типтерінің зерттелуі
- •2.2 Хабарлы сөйлем
- •2.3 Сұраулы сөйлем
- •2.4 Бұйрықты сөйлем
- •2.5 Лепті сөйлем
- •2.6 Түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •2.7 Құрмалас сөйлемнің анықталуы
- •Құрмалас сөйлемнің жіктелуі
- •Салалас құрмалас сөйлемдер
- •Сабақтас құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің түркі тіл білімінде зерттелуі
- •Ііі практикалық сабақтар
- •Қоршауда
- •Мазмұны
Ііі практикалық сабақтар
№ 1 практикалық сабақ тақырыбы. Түркі тілдері грамматикасының синхронды сипатта зерттелуі
Сабақ жоспары:
Түркі тілдеріне қатысты ғылыми зерттеулер.
Түркі тілдері синтаксисінің зерттелуі, зерттеушілер мен олардың еңбектері.
Түркі тілдеріне тән ортақ сипаттар.
Сабақ мақсаты: түркі тілдерінің синхронды сипатта зерттелуі, зерттеуші ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлері туралы ғылыми ақпарат беру. Пікірлерді өзара сабақтастыруға машықтандыру.
Бақылау сұрақтары:
Түркі тілдерін синхронды сипатта зерттеуші ғалымдар?
Түрколог ғалымдар ұжымдасып дайындалған жинақтарды атаңыз?
Түркі изафетінің 3 типіне тоқталыңыз.
ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары жарияланған түркі тілдерінің грамматикалары?
Қазақ тілі синтаксисін зерттеушілер мен олардың еңбектері, негізгі тұжырымдары?
Глоссарий.
Грамматика – гректің grammatike, gramma – әріп, жазу деген сөзінен шыққан. – 1) тілдің құрылымы, яғни морфологиялық категориялар мен тұлғалар, синтаксистік категориялар мен құрылымдар, сөзжасам тәсілдерінің жүйесі. Грамматикаға тілдің дыбыстық және лексикалық құрылымынан басқа құрылымдар кіреді. Ондай құрылымдар грамматикалық категорияларда, грамматикалық бірліктерді және грамматикалық тұлғаларда өз көрінісін табады. 2) тіл құрылымын зерттейтін тіл білімінің саласы. 3) Грамматика термині жеке грамматикалық категориялардың қызметіне қатысты да қолданылады (мыс. Етістік грамматикасы т.с.с.)
Синхрония (гректің synchronous – бір мезгілде болатын) – 1) өзара байланыста және біріне-бірі ықпал ететін, бір мезетте болатын элементтер жүйесі ретінде қарастырылатын, белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы; «жалғыз ғана және шынайы нақтылық» болатын тіл фактілерінің жиынтығы (Ф. Де Соссюр); тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең. 2) белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Осыған байланысты «синхронды лингвистика» термині «статикалық» (өзгермейтін) терминіне пара-пар болады.
Жаттығулар
Н.З.Гаджиеваның түркі тілдерінің синтаксисіне тән сипаттамаларын қазақ, башқұрт, татар тілінде мысалдармен дәйектеңіз.
Мәтіндегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік, құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.
Блиц тест
1. «Түркі тілдерінде сөйлемдердің басты, негізгі типі бастауышты зат есімнен болған» пікірді айтқан ғалымды белгілеңіз.
а) Э.В.Севортян ә) Э.Р.Тенишев б) Н.З.Гаджиева
2. Түркі тілдерінде сұраулы сөйлем жасауда ен жиі қолданылатын көне шылауды белгілеңіз?
а) ‑ леу ә) ‑ ше б) ‑ғу
3. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын белгілеңіз. Аны көз көрет эле го?
а) гой шылауы арқылы ә) интонация арқылы б) – ше шылауы арқылы
4.Сұраулы сөйлемдер қай түркі тілінде жауап күтетін сұраулы сөйлемдер, жауап күтпейтін сұраулы сөйлемдер деп жіктеледі: а) қазақ тілінде ә) татар тілінде б) қарақалпақ тілінде
5.Боерык жөмлә, бойорок һөйләм деген терминдер қай түркі тілінің термині, қазақ тіліндегі қай терминге сай келеді? а) татар, башқұрт, болымды ә) татар, башқұрт, болымсыз б) татар, башқұрт, бұйрықты
№ 2 практикалық сабақ тақырыбы. Түркі тілдеріндегі жай сөйлем типтерінің зерттелуі.
Сабақ жоспары:
Синтаксистің зерттеу нысаны.
Түркі тілінің синтаксисі туралы зерттеулер.
Қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттелуі.
Түркі тілдерінде синтаксиске берілген анықтамалар.
Сабақ мақсаты: түркі тілдерінде жай сөйлем типтерінің зерттелуі туралы ғылыми мәліметті пысықтау.
Бақылау сұрақтары:
Түркі тілінің синтаксисін зерттеуші ғалымдарға тоқталыңыз?
Түркі тілінің синтаксисін зерттеуші ғалымдардың еңбектері туралы не білесіз?
Глоссарий.
Сөйлем – синтаксистің негізгі грамматикалық категорияларының бірі. Сөйлем мағына, қызмет, тұлға жағынан сөзге (және сөзтұлғаға) және сөз тіркесіне қарама-қарсы қойылады. Кең мағынасында кез келген сөйлеу (фраза) сөйлем болады.
Жаттығулар
Сөйлем туралы айтылған татар, башқұрт тағы да басқа түркі тілдеріндегі анықтамаларды кестеге түсіріңіз. Сөйлемге тән негізгі белгілер қалай сипатталған, салыстырыңыз.
Қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші ғалымдар мен олардың еңбектерінің хронологиялық кестесін құрыңыз.
Мәтіндегі сөйлемдерді сөз тіркестеріне талдаңыз.
БЕСІК
Көшпелі өмір кешкен қазақ халқының аса қастерлеп ұстаған мүлкі бесіктің қадір-қасиетін кім білмейді? Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл бұйымы емес пе?! Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Бұл қазақтың «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деген ұғымына толығымен сай келеді.
Ал бесіктің құрылымы балаға гигиеналық тәрбие беруге лайықталған, әрі алып жүруге жеңіл, ықшам және берік. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, көшіп-қонып жүргенде, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне де тиімді.
Бесіктің жабдықтары – түбек, шүмек, құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы. Түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқатылмау үшін, ал екіншісі оның күлге төгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін. Шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатылған.
Блиц тест
1. Башкорт тілінің жай сөйлем синтаксисін зерттеген ғалым?
а) Д.С.Тикеев ә) Ғ.Ғ.Сәйетбатталов б) В.Н.Хангелдин
2. «Жөмлә ‑телнең иң төп hәм иң эре синтаксистік берәмлеге» анықтамасын кім айтқан?
а) В.Н.Хангелдин ә) Ғ.Ғ.Сәйетбатталов б) Д.С.Тикеев
3. Синтаксистің негізгі бірлігі ...
а) сөйлем ә) интонация, дыбыстық құбылыстар б) дыбыстар тіркесі, ықпал
4. Бұйрықты сөйлемді белгілеңіз: а) Ханна кербүт ә) әйдә, башла б) Ким эйнгин манна ыытта
5. Қай түркі тілінде лепті сөйлемдер сұраулы-лепті, лепті-сұраулы деп бөлінеді: а) татар тілінде ә) қазақ тілінде б) башқұрт тілінде
№ 3 практикалық сабақ тақырыбы. Түркі тілдеріндегі жай сөйлем типтерінің зерттелуі
Сабақ жоспары:
Түркі тілдеріне қатысты зерттеулердегі жай сөйлем синтаксисінің мәселелері.
Түркі тілдері синтаксисінің ортақ және айырма белгілері.
Түркі тілдері синтаксисінде жай сөйлем типтерінің зерттелуі
Сабақ мақсаты: түркі тілдеріндегі синтаксистің зерттелуі туралы ғылыми мәліметтерін пысықтау.
Бақылау сұрақтары:
Сөйлемнің ең басты және негізгі қызметі қандай?
Өз зерттеулерінде сөйлемді екі аспектіде қарастырған ғалым кім? Ғалым пікірін баяндап беріңіз?
Синтаксистік бірлік, коммуникативтік бірлік дегеніміз не?
Сөздер тізбегі, сөз тобы туралы не айта аласыз?
Глоссарий.
Элементарлы сөйлемдерге жай сөйлемдер және бүтін сөйлемнің барлық жай сөйлем құрылысына сәйкес келетін кіші бөлшектері жатады, бірақ олардың баяндауыштық тұлғалары әр алуан болуы мүмкін. Элементарлы сөйлемге парадигма құрайтындар: жай сөйлемдер, салалас сөйлемдер (құрмалас бүтін сөйлемнің компоненті ретінде) және кіріккен сөйлемдерге (парентеза) негіз болатын жай сөйлемдер.
Сөз тіркесі – синтаксистік қарым‑қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысуы.
Жаттығулар
Түсірілген сөздерді анықтап, анықтаманы айтқан ғалымды табыңыз.
1 ... сөйлем ‑ өте күрделі, қарама‑қайшылықты, көп қырлы түсінік, негізгі ...... белгімен анықталады: ..............және ......................... мазмұнымен.
2. Сөйлемнің ең басты және негізгі қызметі – ............ , осы арқылы ол өзге синтаксистік құрылымдардан ерекшеленеді.
Басқаша айтқанда, сөйлем – мәндік және ................... жағынан тиянақталған ........................ синтаксистік біртұтастық.
Сөйлемге берілген анықтамаларды жазып, пікірлерді талдап көріңіз
В.Н.Хангилдин |
К.Н.Дмитриев |
Ғ.Ғ.Сәйетбатталов |
Д.С.Ти-кеев |
И.П.Рас-попов |
|
|
|
|
|
Мәтіннен жай сөз тіркестерін бір бағанға күрделі сөз тіркестерін бір бағанға теріп жазыңыз.
КИІЗ ҮЙ
Киіз үй – қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты.
Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70-тен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері, әлгіде айтқандай, үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріледі.Оларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Одан басқа киіз үйлердің алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа т.б. атаулары бар. Киіз үйлер өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты да үш түрге: 1) жаздыгүні тұруға арналған, 2) мереке-жиын кезінде қонақ күтіп алатын және 3) жорық кезінде тігілетін киіз үй болып бөлінеді. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, (арбаның үстіне тідгілетін үй), жарық үй деп атаған. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер салынатын болған. Бұлар, көбіне, қақыра немесе қалқа деп аталған да, жаугершілікте, майдан шебінде далада, жауын-шашыннан қорғану үшін тігілетін болған.
Жай сөз тіркестері |
Күрделі сөз тіркестері |
|
|
Блиц тест
1. Өз зерттеулерінде сөйлемді екі аспектіде қарастыру дұрыс болатынын атап көрсеткен ғалым:
а) Д. С. Тикеев ә) Н. К. Дмитриев б) И. П. Распопов
2. Тикеевтің сөйлемге берген анықтамасында «сөйлем жаны» деп нені атайды?
а) шартты түрде аяқталған ойды білдіреді; предикативтік пен баяндауыштық; модальділік. ә) құрылымдық-жүйелілік; интонация б) модальдылығы; интонация.
3. Ғ. Ғ. Сәйетбатталовтың көзқарасынша синтаксистің негізгі бірлігіне сөйлемнен басқа не енеді?
а) сөз ә) сөз тіркесі б) мәтін
4.Өзбек тілінде сенімсіздік, күдік мәнді білдіретін модаль сөзді белгілеңіз.
а) чамаси, балки, мумкин ә) әбден, лайық, шынында б) чининда, расимен, абзыли
5. Өзбек тілінде жазылған сұраулы сөйлемді белгілеңіз
а) Хатни қачон олдингиз? ә) Хатму кашанли алдингиз? б) Паракчани кашон албансиз?
№ 4 практикалық сабақ тақырыбы. Хабарлы сөйлем
Сабақ жоспары:
Түркі тілдеріндегі сөйлемге берілген анықтамалар.
Түрколог ғалымдардың сөйлемге қатысты негізгі тұжырымдары.
Хабарлы сөйлемге берілген анықтамалар
Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер
Қазақ тіл біліміндегі хабарлы сөйлемге қатысты пікірлер.
Сабақ мақсаты: Хабарлы сөйлем туралы анықтамаларды оқу, талдау, жаттығулар орындау арқылы меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер?
Хабарлы сөйлем татар тілінде қалай аталады?
Хабарлы сөйлем башқұрт тілінде қалай аталады?
Башқұрт тіл біліміндегі хабарлы сөйлемге қатысты пікірлер.
Татар тіл біліміндегі хабарлы сөйлемге қатысты пікірлер.
Глоссарий.
Түйдекті тіркес ‑ өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер.
Жаттығулар
Үзінді қандай шығармадан алынғандығын анықтаңыз. Қазақ тіліне аударып көріңіз. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып алыңыз. Сөз тіркестерінің көне түркі тіліндегі және қазақ тіліндегі нұсқасын салыстырыңыз. Сөз тіркестерінің тіркесу жолы мен байланысуына талдау жасаңыз. Әйел бейнесін суреттеуге қатысты қолданылған тіркестерді атаңыз.
Ошбу йаруқнуң арасында бір қыз бар еді Йалғуз олтурур ерді. Йақшы көрүклуғ бір қыз ерді. Ануң баш(ы)нда йаруқлуғ бір меңі бар ерді. Алтун қазуқ дег ерді. Ошул қыз андағ көрүклүк ерді кім күлсе, көк теңрі күле турур: й(ы)ғласа көк теңрі й(ы)ғлайа турур. Оғуз қаған аны көрдүкте өзі қалмады, кетті, севді, алды, ануң бірле йатты, тілегүсін алды. Төл боғаз болды. Күнлерден соң, кечелерден соң йаруды, үч еркек оғулны тоғурды. Бірінчісіге Күн ат қойдылар, ікінчісіге Ай ат қойдылар. Кене бір күн Оғуз қаған авға кетті. Бір көл арас(ы)нда алындан бір (й)ығач көрді. Бу(й) ығачнуң қабуғында бір қыз бар ерді. Иақшы көрүклүг бір қыз ерді, аның сачы мүрен усуғы джег, ануң тіші үнжү дег ерді. Андағ көрүклүг ерді кім йернің ел күні аны көрсе ай, ай, ах, ах, өлебіз деб, сүттен қумуз бола турурлар. Оғуз қаған аны көрдүкте өзі кетті, йүрегіге аташ түшті, аны севді, алды, ануң бірге йатты, тілегүсүн алды. Төл боғаз болды, күнлерден соң, кечелерден соң йаруды, үч еркек оғулны тоғурды, біріншісіне Көк ат қойдылар, ікінчісіге Тағ ат қойды қойдылар, үчүнчүсүге Теңіз ат қойдылар. Андан соң Оғуз қаған бедүк топ берді, ел күнге жарлық жарлаб кеңештілер, келділер. Қырық шіре, қырық бендең чаптурды, түрлүг ашлар, түрлүг сүрмелер, чубуйанлар, қымызлар ашадылар, ічтілер. Тойдан соң Оғуз қаған беглерге, ел күнлерге жарлық берді, тақы деді кім мен сенлерге болдум қалқан, көк қурықан деб деді.
Мәтінде қандай оқиға баяндалған? Мәтінді қазақ тіліне аударып, синтаксистік талдау жасаңыз.
Ошбу Алтын қаған Оғуз қағанға с(о) йурқап берді, ағызыға бақынды. Йақшы бегү бірле достлуқ қылды, ануң бірле амырақ болды. Чоң жаңақыда Урум деген бір қаған бар ерді. Ошбу қағаннуң черегі көбі, балықлары көб, көб ерділер ерді. Ошул Урум қағаннуң жарлығын сақламас ерді, қатағлағу бармас ерді. Муны сөз сөзні тутмас мен турурман, деп жарлыққа бақмады. Оғуз қаған чамат атуб анға атланғу тіледі. Черік бірле атлаб туғларны тутуб кетті. Қырық күндүн соң Муз, Тағ деген тағнуң адағыға келді.
Блиц тест
1. Татар тілінде хабарлы сөйлем қалай аталады?
а) хикәя жөмлә ә) хәбар б) хабар жөмлә
2. Түркі тілдерінде жай сөйлем типтерін арнайы зерттеген ғалым?
а) А.Н.Нурмаханова ә) М.З.Зәкиев б) Ғ.Ғ.Сәйетбатталов
3. Компоненттер арасындағы тема‑ремалық қатынасты башқұрт тілінде хабарлы сөйлемнің маңызды ерекшелігі ретінде көрсеткен ғалым?
а) Ғ.Ғ.Сәйетбатталов ә) М.З.Зәкиев б) Д.С.Тикеев
4. Якут тіліндегі сұраулы сөйлемдерді зерттеген кім?
а) Ш.Жусакинова ә)И.Е.Алексеев б)Е.Есіркепов
5. «Аны көз көрет эле го» сұраулы сөйлем қай тілде айтылған?
а) Өзбек тілінде ә)Қырғыз тілінде б)Ұйғыр тілінде
№ 5 практикалық сабақ тақырыбы. Сұраулы сөйлем
Сабақ жоспары:
Сұраулы сөйлемнің анықталуы.
Сұраулы сөйлемнің түркі тіл білімінде зерттелуі мен ғалымдар пікірі.
Қазақ тіл біліміндегі сұраулы сөйлемге қатысты пікірлер.
Башқұрт, татар тіл біліміндегі сұраулы сөйлемге қатысты пікірлер.
Сабақ мақсаты: сұраулы сөйлем дәріс сабағынан алған ғылыми ақпараттарын тапсырмалар арқылы бекіту
Бақылау сұрақтары:
Қазақ тіл білімінде сұраулы сөйлемді зерттеген ғалымдар мен олардың еңбектері?
Сұраулы сөйлемнің жасалуы?
Түркі тілдерінде сұраулы сөйлемдердің мағынасына қарай жіктелуі туралы ғалымдар пікірі?
Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер?
Альтернативті сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер?
Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер?
Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер?
Қарсы сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер?
Күмәнды сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер?
Глоссарий
Сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін тұрлаулы мүшелер дейміз.
Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін әрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше ‑ толықтауыш. Ол қимыл процесінің обьктісі болады.
Жаттығулар
Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолын түсіндіріңіз.
Қап! Тоқтай тұр, бәлем!
Ой! Сен мұнда неғып жүрсің?
Ойбай‑ай, Сен мұнда неғып жүрсің?
Ойбай‑ай, мына жаманды қарай гөр!
Жіігіт боп қалдым деп ұяламысың? Мә саған жігіт болған, мә саған... (Ғ.Мүсірепов).
Блиц тест
1. Жауап күту мақсатымен айтылмай, хабар беру мақсатымен айтылатын сұраулы сөйлемдер?
а) риторикалық ә) түрткі сұрақты білдіретін б) ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер
2. Қазақ тілінде сұраулы сөйлемнің лексика‑грамматикалық жасалу тәсілдерін М.Балақаев нешеге бөледі?
а) алтыға ә) беске б) төртке
3 . Сұраулы сөйлемнің куәландарушы сұрақ, анықтаушы сұрақ, болжау сұрақ, растаушы сұрақ деген мағыналық түрлері түркі тілдерінің қайсысында кездеседі?
а) якут тілінде ә) башқұрт тілінде б) татар тілінде
4. Түрткі сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
а) Үй құрғыр азынап кетті ғой, тағы бірдеңе жағасың ба? ә) Сен қашан келдің? б) Осы да жөн бе?
5. Анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемді белгілеңіз?
а) Чуолаан тугу биллиэххин бабарабыный? ә) Демек у‑шу кейин басталғаны ма? б) Демак, чулаган сенлармисин?
№ 6 практикалық сабақ тақырыбы. Бұйрықты сөйлем
Сабақ жоспары:
Қазақ тіл білімінде бұйрықты сөйлемнің анықталуы
Татар тіл білімінде бұйрықты сөйлемнің анықталуы
Башқұрт тіл білімінде бұйрықты сөйлемнің анықталуы
Бұйрықты сөйлемнің түркі тіл біліміндегі жасалу жолдары
Сабақ мақсаты: бұйрықты сөйлем туралы ғалымдардың анықтамаларымен танысу, талдау, жаттығу жұмыстарымен пысықтау
Бақылау сұрақтары:
Түркі тілдерінде бұйрықты сөйлемге берілген анықтамалар.
Түркі тілдерінде бұйрықты сөйлемнің зерттелуі.
Қазақ тіл біліміндегі бұйрықты сөйлемге қатысты пікірлер.
Башқұрт, татар тіл біліміндегі бұйрықты сөйлемге қатысты пікірлер.
Глоссарий
Сөйлемдегі сөздердің қалыпты орнын ауыстырып айтуды инверсия дейміз.
Жаттығулар
Бұйрықты сөйлемдерге мысал келтіріңіз. Бұйрықты сөйлемдердің жасалуына тоқталыңыз.
Башқұрт тілінде |
Татар тілінде |
Өзбек тілінде |
Қазақ тілінде |
|
|
|
|
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
Көгерсін қалқам, көсегең! Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған (М.Ә.). Айтқаныма көнсеңші!
Блиц тест
1. Бұйрықты сөйлем татар тілінде қалай аталады?
а) боерык жөмлә ә) бойұрық жөмле б) бұйырұқ сөйлемше
2. Бұйрықты сөйлем башқұрт тілінде қалай аталады?
а) бойорок hөйләм ә) бойорок жөмлә б) бұйырұқ сөйлемше
3. Қазақ тілінде бұйрықты сөйлем баяндауышының жасалу жолының 12 түрін атап көрсеткен ғалым
а) Р.Әмір ә) М.Балақаев б) Т.Сайрамбаев
4.Қай түркі тілінде лепті сөйлемдер сұраулы-лепті, лепті-сұраулы деп бөлінеді: а) татар тілінде ә) қазақ тілінде б) башқұрт тілінде
5.Башқұрт тілі синтаксисін зерттеген ғалымды белгілеңіз: а) Ғ.Ғ.Сәйәтбатталов ә) М.Н.Хусейнзаде б) М.Мирзаев
№ 7 практикалық сабақ тақырыбы. Лепті сөйлем
Сабақ жоспары:
Қазақ тіл біліміндегі лепті сөйлемге қатысты пікірлер.
Лепті сөйлем анықтамасы.
Лепті сөйлем туралы қайшы пікірлер.
Башқұрт, татар тіл біліміндегі лепті сөйлемге қатысты пікірлер.
Сабақ мақсаты: лепті сөйлем туралы ғылыми ақпарат беру, лепті сөйлем туралы ғалымдар пікірінде қарама‑қайшылықтарды талдау
Бақылау сұрақтары:
Лепті сөйлемнің анықтамасы?
Лепті сөйлемнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Лепті сөйлем туралы ғалымдар арасында қайшы пікір қандай?
Өзбек тілі грамматикасында лепті сөйлемнің жасалуы туралы қандай пікір айтылады?
Лепті сөйлем туралы М.З.Закиевтің көзқарасын талдаңыз?
Ғ.Ғ.Сәйетбатталов лепті сөйлемнің жасалу жолын қалай топтастырған?
Глоссарий.
Лепті сөйлем – адамның көңіл күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін жұмсалатын сөйлемдер. Лепті сөйлемнің мағынасы жай хабар болуымен қатар, кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, ызасы, аянышы, жалынышы, күмәні, жиреніші сияқты ішкі сезімдерді білдіреді. Лепті сөйлемдер мұндай мағынада айтылу үшін олардың құрамында көбінесе одағайлар болады. Кейде одағайлардың өзі лепті болады. Лепті сөйлемнің эмоциялық мағыналары олардың құрамындағы одағай, модаль сөздер мен сөйлемдердің лептілік әуенімен байланысты: 1) қорқу, сескену, аяну, өкіну, таңырқау сияқты көңіл күйді білдіру үшін қолданылатын баяндауыштар құрамында –ау, -ай демеуліктер айтылады. Мысалы: Құлайды-ау! 2) Баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік-баяндауышты сөйлем кейде тілек мағынасында айтылады: Жасаған-ау, бала бере көр – деді. 3) Баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені көксеу, арман ету мағынасында лепті сөйлем жасалады. 4) Өткенде істелуге тиіс, бірақ істелмеген, болмаған іске өкіну ретінде айтылатын да лепті сөйлем болады. 5) Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау мағынасында лепті сөйлем жасалады.
Жаттығу. Бұқаралық ақпарат құралдары материалдарынан (қазақ, башқұрт, татар тілдеріндегі) 5 лепті сөйлем теріп, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
Блиц тест
1. Татар тілінің зерттеушісі В.Н.Хангилдинше, татар тіліндегі лепті сөйлемдердің жіктелуі: а) хабарлы‑лепті сөйлем, сұраулы‑лепті сөйлем, бұйрықты‑лепті сөйлем ә) баяндау‑лепті, сұраулы‑лепті сөйлем, бұйрықты‑лепті сөйлем б) айтылым‑лепті, сұраулы‑лепті сөйлем, бұйрықты‑лепті сөйлем
2. ............. «лепті сөйлем – түрлі эмоцияны білдіретін сөйлем»
а) А.Н.Кононов ә) А.Ибрагимов б) А.Ибрагимов
3. Интонациямен жасалған лепті сөйлемді көрсетіңіз
а) Алгарақ! Алгарақ! Тизрәк! ә) Балалар, ни булса да, агаш башыннан төшәсе булгамыз! б) Мин дә көч, ярдем бирермин, әйдә, иптәш кузгалайық, Шул агачны бергә‑бергә ушбу арбага салыйк!
4.Татар тілі синтаксисін зерттеген ғалымды белгілеңіз: а) В.Н.Хангилдин ә) С.Усманов б) И.Расулев
5.«Болымсыз шартты райлы етістік – ба/бе» моделімен құрылған лепті сөйлемді белгілеңіз: а) Аңқау басым әлгі машинасының артына міне қоярмын ба! ә) Сені бүгін жеткізіп тастамасам ба! б) Ел-жұртымызға қолымыздан келген пайдамызды тигізсек!
№ 8 практикалық сабақ тақырыбы. Түркі тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің зерттелуі
Сабақ жоспары:
Құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері.
Құрмалас сөйлемнің анықталуы.
Түркі тіл білімінде құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуші ғалымдар.
Құрмалас сөйлемді зерттеу кезеңдері.
Сабақ мақсаты: түркі тіл біліміндегі құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі туралы ғылыми танымын кеңейту, тапсырмалар арқылы бекіту, пысықтау
Бақылау сұрақтары:
Түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлем теориясын қалыптастырған ғалымдар?
Қазақ тілінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерінің зерттелуі неше кезеңге бөлінеді?
Башқұрт тілінде құрмалас сөйлем қалай аталады?
Татар тілінде құрмалас сөйлем қалай аталады?
Құрмалас сөйлем неше предикативтік компоненттен тұрады?
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмасына тоқталыңыз?
Өзбек тілінде құрмалас сөйлемді зерттеген кім?
Глоссарий.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін, интонациялық жағынан бір бүтін болып тұратын сөйлемдер құрмалас сөйлемге жатады (Т.Қордабаев.24-б). 2. Құрамындағы екі не одан да көп сөйлемдердің предикаттық қатынастың негізінде тұлғалық, мағыналық және интонациялық жағынан өзара тығыз байланыста жұмсалып, күрделі бір ойды білдіре айтылуын құрмалас сөйлем дейміз (Қ.Есенов. 5-б.). 3. Құрмалас сөйлем деп екі не одан да көп предикативтік компоненттердің өзара лексика-семантикалық, грамматикалық тәсілдердің көмегімен мағыналық, құрылымдық, интонациялық біртұтастық жасап бірігуі арқылы күрделі ойды білдіруге қызмет ететін коммуникативтік бірлік түрін айтамыз (Қазақ грамматикасы. 690-б.).
Жаттығулар
Ғылыми анықтамаларға сүйене отырып төменде берілген кестені толтырыңыз.
Құрмалас сөйлем |
Жай сөйлем |
|
Айырмашылығы |
Ұқсастығы |
Айырмашылығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Анықтаманың авторын тауып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
........................ : « .... сложное предложение является своеобразной единицей человеческого общения и речи, оно выражает комплекс мыслей, его компоненты передаются в форме односоставных и двухсоставных предложений; сложное целое состоит из двух или нескольких предложений, компоненты соединяются между собой или интонацией, или падежными аффиксами, или послелогами, или союзами, занимают определенное, постоянное место»
Блиц тест
1. Өзбек тілінде құрмалас сөйлемді зерттеген ғалым? а) Г.А.Абдурахманов ә) М.С.Маханбетов б) Ғ.Ғ.Сәйетбатталов
2. Құрмалас сөйлемді белгілеңіз а) Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды. ә) Енді әзілдеспейтін болды. б) Оспан, қарағым, енді әзілдеспеген дұрыс болар.
3. Құрмалас сөйлемдер башқұрт тілінде қалай аталады? а) кушма һөйләм ә) кушма жөмлә б) қуш сөйлем
4. Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің актуалды мүшеленуі қай ғалымның зерттеуінде қарастырылған? а) Т. Н. Ермекова ә) И. Х. Ахматова б) С. Аташев
5. Э. Р. Тенишев салалас құрмалас сөйлемнің неше типін көрсетеді? а) 2 ә) 3 б) 4
№ 9 практикалық сабақ тақырыбы. Құрмалас сөйлемнің анықталуы.
Сабақ жоспары:
Түрколог ғалымдар зерттеулеріндегі құрмалас сөйлемнің анықталуы
Құрмалас сөйлемге берілген анықтамалардың айырмасы
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем проблемасын зерттеушілер
Сабақ мақсаты: түркі тіл білімінде құрмалас сөйлемге берілген анықтамаларды салыстыру, талдау.
Бақылау сұрақтары:
Түркі тіл білімінде құрмалас сөйлемді зерттеген ғалымдар?
Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы жазылған ғылыми еңбектер?
Компоненттердің жалғаулық арқылы байланысуы туралы Т.Қордабаев пікірі?
ҚС мен жай сөйлемнің ерекшеліктері неде?
ҚС мен жай сөйлемнің ортақтығы неде?
Башқұрт, татар тіл білімінде құрмалас сөйлем проблемасын зерттеушілер және олардың еңбектері?
ҚС интонациясының қызметі қандай?
Глоссарий
Синтаксистік компоненттер – құрмалас құрамындағы жекелеген жай сөйлемдер, предикативтік бірліктер.
ҚС коммуникативтік қызметі – күрделі ойды білдіретін синтаксистік-коммуникативтік тұлға болуы.
ҚС грамматикалық формасы – құрмалас сөйлемнің барлық модальдік – шақтық жүйесін қамтитын формалар жүйесі.
Жаттығу
1. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді бөліп көшіріңіз де, екеуіне де сипаттама беріңіз. Предикаттық қатынасының көрінуі мен байланысу амалдарына тоқталыңыз, синтаксистік талдау жасаңыз.
І. Жүргіншілер ойға, жазаң жерге келіп түскенде, бағанадан бұларға көрініп, өздеріне қарай асығып, тырағайлап шауып келе жатқан аттылардың алдыңғы екеу-үшеуі үйме-жүйме қатар жетті. Омырауларын тер басқан, демігіп танауратқан сәйгүліктерді зорға тоқтатқан ауыл кісілері күймеге соқтыға жаздап, дабырлап сәлем берісті. Қуаныштың айғай-шуын, шат күлкісін Әбіштің алдынан ала шықты.
ІІ. Жігіттер бүлкектеген жүріспен шоғыры мол, шұбар топ болып, батысқа қарай тартып барады. Долгов пен Әбіш, Абайдан естулері бойынша, «Қоңыр әулиеге» баратын жол ұзақ болар деп еді. Арада екі сағаттай уақыт өтті. Кейде желе жортып, кейде жазаң жерлерде бір-екі рет жарысып алысты. Бір шақта жүргіншілер аршалы тастақ белге шыққанда, ұзын өлке бойында қалың шалғынды кең қонысқа созыла қонып отырған ауылды көрді. Көп кермелерде бестен-оннан тізілген ерттеулі аттар тұр (М.Әуезов).
2.2. Көп нүктенің орнына өздеріңіз жай сөйлем ойлап жазып, құрмалас сөйлем құрастырыңыздар. Оларға синтаксистік талдау жасаңыздар.
1. Бас инженер енді ғана қара көк шұғаны жайып жіберді, ... 2. Альбомдағы іс үлгілерін қарап өткенде, ... 3. Сауаты шамалы болғанмен, көпті көрген кісі бізден дүниеде болып жатқан жаңалықтар жайында хабарлар сұраумен тынған жоқ, сонымен қатар ... 4. Көк сұр қыран көзден таса болғанша, Әлтай ... 5. Мен жаралы болып кеткен кекілікті олайда-былай іздестіре бастадым, бірақ ....
Блиц тест
1. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемге тән ортақ белгі ‑ .......................... а) екеуі де сөйленіс бірлігіне жатады ә) бір предикативтік орталыққа ие б) компоненттері – сөз тұлғалары мен сөз тіркестері
2. Құрмалас сөйлемнің компоненттері ‑ ..................... а) предикативтік бірліктер ә) сөз тіркестері б) үйірлі мүшелер
3. Жай сөйлем ............... пердикативтік орталыққа ие а) бір ә) екі немесе одан көп б) екі
4. Өзбек тілінде құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеген ғалым? а) Г.А.Абдурахманов ә ) А.Н.Нұрмағанбет б) Р.Әмір
5. Құрмалас сөйлемдерді функционалдық ұстаным негізінде қалай топтастырған? а) теңдік қатынастағы құрмаластар, айқындауыштық қатынастағы құрмаластар, адвербиалдық қатынастағы құрмаластар ә) теңдік қатынастағы құрмаластар, анықтауыштық құрмаластар, адвербиалды құрмаластар б) теңдік қатынастағы құрмаластар, адвербиалдық қатынастағы құрмаластар
№ 10 практикалық сабақ тақырыбы. Құрмалас сөйлемнің жіктелуі.
Сабақ жоспары:
Түркі тіл біліміндегі құрмалас сөйлемді жіктеу ұстанымдары.
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемнің жіктелуі.
Башқұрт тіл білімінде құрмалас сөйлемнің жіктелуі.
Түркі тіл біліміндегі құрмалас сөйлем түрлері.
Сабақ мақсаты: түркі тіл біліміндегі құрмалас сөйлемнің жіктелуі туралы ғылыми зерттеулермен таныстыру, зерттеуші ғалымдардың пікірін талдау.
Бақылау сұрақтары:
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемнің жіктелуіне тоқталыңыз, зерттеуші ғалымдар мен олардың еңбектері туралы баяндаңыз?
Башқұрт тіл білімінде құрмалас сөйлемнің жіктелуі?
Түркі тіл білімінде құрмалас сөйлемнің жіктелу мәселесі туралы пікір айтқан ғалымдар?
Түркі тіл біліміндегі құрмалас сөйлем түрлері?
Татар тіл білімінде құрмалас сөйлемнің жіктелуі?
Т.Н.Ермекованың құрмаластарды функционалдық ұстаным негізінде бөліп қарастырған жіктелімін талдап беріңіз?
Глоссарий.
Полипредикативті – поли грекше роІуs – көп дегенді білдіреді, ал предикативті – баяндауыштық ұғымын беретін, предикат, предикация терминдеріне қатысты сөз. Сонда полипредикативті көп баяндауыштық бірлік дегенді білдіреді.
Қыстырынды құрылымдар – негізгі сөйлемдегі айтылған ойды немесе сөйлемнің белгілі бір мүшесін толықтырып, нақтылап, әр түрлі қосымша хабарлар беріп тұратын күрделенген жай сөйлем түрі.
Қыстырма сөйлемдер – бір қалыпқа түскен фразеологиялық сипаты, шектеулі мағынасы бар, жеке қолданылмайтын құрылымдар.
Көсемше оралым – айтылатын ойды бейнелі түрде кеңейтіп, дәл беру үшін, қосалқы әрекеттерден негізгі процесті бөліп, айқындай түсу үшін қолданылатын құрылым. Көсемше оралым – бір субъектіге тән негізгі және көмекші әрекеттерді бір сөйлем бойында беруде қолданылатын құрылым. Көмекші әрекетті білдіретін көсемшелер әр түрлі мәндегі сөздерді өзіне бағындыра отырып, сөйлем ішіндегі бір синтагмаға ие болатын оралымды қалыптастырады. Оралым құрамындағы көсемшелер екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, есімді, етістікті сөздерді өзіне бағындырып, ұйымдастырушы тірек сөз қызметін атқарады. Екіншіден, тиянақсыз формасы арқылы оралымды негізгі бөлімге бағындырып, байланыстырушы болып табылады. Сөйлемде оралым құрамындағы сөздер көсемше – ұйытқы сөздің семантикасы басым көрінетін лексика-грамматикалық тұтастық сияқты қызмет атқарып, негізгі бөліммен пысықтауыштық қатынаста тұрады. Оралымның әр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалуы көсемше формасында берілген етістік семантикасымен байланысты. Ертеңгі күні он шақты кісі жолдас ертіп, Абай Қарамолаға аттанбақ (Әуезов). Баласының қолынан етікті жұлып алып, есікке қарай лақтырып жіберді (Нұрпейісов). Бақтығұлдың бірнеше күн аш екенін еске алып, май тыққан көк бауырды, тағы бір-екі кесек майлы етті де шоқтың арасына жаттап жіберді (Әуезов).
Есімше оралым – күрделенген сөйлемнің тәуелді бөлшегі. Сөйлемдегі негізгі ой бір бас мүшенің (бастауыштың) төңірегіне жинақталса, есімше сөздері оралымды құрылымдарды ұйымдастыруда орталық байланыстырушы дәнекер болады. Есімше оралым негізгі сөйлеммен байланысу тәсіліне қарай, негізінен алғанда, екі түрлі амалмен жасалады: септік жалғаулары және көмекші (шылау) сөздерімен тіркесе жұмсалуы арқылы. 1. Септік жалғаулы есімше оралымдар: Жиылысты басқарушыларға үлестіргенде, біреуін Раушанға да берді (Майлин). Соғыс майданында кездескенде, одан қатаң адамды көрмейсің (Сонда). 2. Көмекші сөзді есімше оралымдар –ған соң, -ғаннан кейін, -ғаннан бері тұлғасында келіп, негізгі сөйлеммен синтаксистік қарым-қатынаста жұмсалуына орай, әр түрлі мағынада қолданылады. Шұжықтан көбірек жеген соң, Байсейіт азырақ көңілденіп алды (Сейфуллин). Оны оқу мен пәтерге орналастырып болғаннан кейін, Михайлов Абайға тағы бір пікір айтты (Әуезов). Әйгерім Мақұлбайдың өлгенін естігеннен бері, үнсіз жылауда еді (Әуезов). Аталған құрылымдармен келген сөйлем күрделенген жай сөйлем ретінде қаралады. (Қазақ грамматикасы. 680-687-бб.)
Жаттығулар
«Салыстырмалы салалас сөйлем» , «шартты салалас сөйлем» тақырыбындағы ақпаратты Т.Қордабаевтың көрсетілген еңбегінен (74-76-бб) және Қ.Есенов еңбегінен (36-41-бб) салыстыра отырып, түсініп конспектілеңіз, мазмұндауға дайындалыңыз.
Блиц тест
1. Т.Н.Ермекова құрмаластарды функционалдық ұстаным негізінде нешеге бөліп қарастырған? а) үш ә ) төрт б) екі
2. Башқұрт тілінде Ғ.Ғ.Сәйетбатталовша құрмалас сөйлем түрлері а) паратаксис – салалас, гипотаксис – сабақтас ә) парасинтез – салалас, гипосинтез – сабақтас б) паратаксема – салалас, гипотаксема – сабақтас
3. Құрмалас сөйлемді ажыратыңыз а) Биз келдик, сиз кетдигиз ә) Биз кеттик б) Орманбет, біз кеттік, қарағым!
4. А.Н. Нұрмаханова лепті сөйлемдерді мағынасына қарай неше топқа бөліп қарастырады. а) үш ә ) төрт б) екі
5. Түркі тілдерінде одағайлардың өте ұқсас болатынын айтқан ғалым? а) Ш.Ш.Сарыбаев ә ) А.Н.Нұрмағанбет б) Р.Әмір
№ 11 практикалық сабақ тақырыбы. Салалас құрмалас сөйлемдер
Сабақ жоспары:
Түркі тіл білімінде салалас құрмалас сөйлемнің анықталуы.
Түркі тіл біліміндегі салалас сөйлемді жіктеу ұстанымдары.
Қазақ тіл білімінде салалас құрмалас сөйлемнің жіктелуі.
Башқұрт және татар тілі синтаксисінде салалас құрмалас сөйлемнің анықталуы.
Сабақ мақсаты: түркі тіл біліміндегі салалас құрмалас сөйлемнің анықталуы туралы ғылыми ақпарат беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
Бақылау сұрақтары:
Түркі тіл білімінде салалас құрмаластың анықталуы қандай зерттеушілердің атымен байланысты?
Салалас құрмаласқа тән белгілер?
Қазақ тіл білімінде салалас құрмалас сөйлемді зерттеуші ғалымдар?
Салалас құрмалас сөйлемді топтастыру принциптері?
Қарсылас салалас сөйлем А.Байтұрсынұлы еңбегінде қалай аталады?
Т.Қордабаев қарсылас сөйлемге қандай анықтама берген, оның Қ.Есенов еңбегінде берілген анықтамадан өзгешелігі неде?
Сондықтан, сол себепті жалғаулықтарының қалыптасуы мен құрмалас компоненттерін байланыстыруға қатысы туралы Қ.Есенов еңбегінде Н.Т.Сауранбаевтың қандай көзқарасы берілген?
А. Байтұрсынұлының «айырыңқы салалас» деп, ал Қ.Жұбановтың «талғама салалас» деп атаған сөйлемі қазіргі қай салаласқа сәйкес келеді?
Талғаулы салаластың өзіндік ерекшелігі неде?
Глоссарий.
Салалас құрмалас сөйлем - предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, белгілі бір лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық-құрылымдық және интонациялық тұтастық құрайтын сөйлем түрі.
Жаттығулар
1.Төменде айтылған ғылыми пікірлердің авторын анықтап, талдаңыз.
Профессор ... бұл мәндес сөйлемдерді екі жақты (мағынасы жағынан салалас, тұлғасы жағынан сабақтас құрмалас) қарастыра тұрса да, түптеп келгенде оларды іргелес салаласқа жатқызған.
Профессор ... : «Сабақтасты салаластан ажыратудағы негізгі критерий (өлшеу, шек) – егер бағыныңқының баяндауышы сөйлемді аяқтай алатындай тиянақты болса, онда құрмаласқан жай сөйлемдер салалас тобына жатады да, керісінше баяндауышы тиянақсыз болса, сабақтас тобына жатқызылады».
Профессор ... мәндес сөйлемдерді сабақтас құрмалас ретінде танып, оларды үлестес деп атаған.
2. Төменде берілген сөйлемдерден салалас сөйлемдерді көшіріп жазыңыз, жалғаулықтарының мәндік ерекшелігіне сәйкес салаластың түрін, жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу амал-тәсілдерін анықтаңыз, синтаксистік талдау жасаңыз.
Сен сал, мен сал деп тұратын не бар. Серке көкпар басталды да кетті. Қошқар баққанның қиқуы құлақты кесіп барады, аты да сауырынан төңкерілген жуан жылқының тегінен екен, дода біткенді дәкедей ыдыратсын, тұяғымен кесек атып зырлатсын. Ақсүмбе көкпарды екінші айналымда қуып жетті. Қызынып алған Қошқар баққан мұны қонақ қой деп, ұят қой деп көкпарын беретін емес, құлақ жара қиқулап тартысқа шақырып барады. Сауыр сипасып, қолдау қағып келіп көкпардың бір борбайын ұстағаны сол еді: Ақсүмбе жалт бұрылды да, ат үстінен сыпырылып түсіп қалды. Шаң сейілгенде барып селтиіп орнынан тұрған. Тартыстан ойқастап шыға келген Ақсүмбені көріп, жүрегі ұша тобалап, нағашы жеткен. Жусан арасынан шаң-шаң боп түрегелген Үпілмәліктің о жер, бұ жерін ұстап көріп аман-сауына көз жеткізді. Көкпаршылар да үрпиісіп осылай ойысқан (Д.Досжан).
2.1. Мына жалғаулықтарды келтіріп салалас сөйлем құрыңыз, бұлардың қайсысы қайталанып қолданыла береді.Тыныс белгілерін қойып, түсіндіріңіз.
Алайда, өйткені, әрі, кейде, не.
Блиц тест
1. Салалас құрмалас сөйлемге тән белгіні анықтаңыз?
а) предикатив сыңарларының баяндауыштары әрдайым өз бастауышымен жақ жағынан қиыса байланысады ә) предикатив сыңарларының баяндауыштары әрдайым өз бастауышымен жақ жағынан қиыса байланыспайды б) предикатив сыңарларының мағыналық дербестігі басым, олар өзара теңдес дәрежеде және сыңарларының мағыналары өзара тұтастай қарым‑қатысты болмайды
2. Салалас құрмаласты көрсетіңіз
а) Келші, қалқам, менің қасыма отыршы! ә) Қане, жігіттер, аттарыңды қамдаңдар! б) Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес.
3. Қарсылықты салаласты анықтаңыз.
а) Ол басында қатты қарсылық білдірген еді, дегенмен көптеп‑көмектеп көндірдік. ә) Қоңырау соғылды, сабақ басталды. б) Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін‑кейпі де өзгерген.
4.Тілек, мақсатты, ниетті білдіретін хабарлы сөйлем баяндауышының жасалу жолын анықтаңыз: а) –ғы, -ги, -қы, -ки жұрнақтары мен кел көмекші етістігінің тіркесуі арқылы ә) –мақ, -мек, -бы, -би жұрнақтары арқылы б) үстеулер арқылы
5.Сұраулы сөйлем жасауға ең көп қатысатын ежелгі шылау: а) –му ә) –бы б) –чи
№ 12 практикалық сабақ тақырыбы. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері.
Сабақ жоспары:
Салалас құрмалас сөйлемді топтастыру принциптері.
Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері.
Башқұрт, татар, өзбек тіліндегі салалас құрмаластың мағыналық түрлері.
Сабақ мақсаты: салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін ажыратуға машықтандыру
Бақылау сұрақтары:
Башқұрт тіліндегі салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері, жасалу жолдары?
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары?
Өзбек тіліндегі салалас сөйлемнің жасалу жолдары?
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары?
Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары?
Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары?
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары?
Глоссарий.
Кезектес салалас сөйлем – синтаксистік компоненттерінде баяндалатын іс-әрекеттің бірінен соң бірі кезектесіп іске асатындығын білдіретін ҚС, оның ерекшелігі тек жалғаулықтар арқылы құрмаласатыны. Жалғаулықтары: біресе, бірде, кейде.
Құрмалас сөйлемдердің сыйысуы – құрамындағы жай сөйлемдердің бір сөзден болатын баяндауыштары не бастауыштары қайталап келген жағдайда құрмалас сөйлемдердің өзара ықшамдалып (сыйысып) жай сөйлемге айналуы. Құрмалас сөйлемдердің сыйысуы шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластар мен бір жақты, бір шақты бірыңғай баяндауышты салалас құрмаластарда көрінеді. Маған доктор көмек етпесе, өлетін едім // Доктордың көмегінсіз өлетін едім.
Жаттығулар
Берілген сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түріне ажыратып, синтаксистік талдау жасаңыз.
Елге мойынымды созам – көрінбейді. Абайдың қиналғанын Ділда сезді, бірақ түк өкінген жоқ. Осы ең ақырғы сөзі тәрізді еді, бірақ айтары әлі таусылмаған екен.
Төменде берілген сөйлемдерден жалғаулықты салаласты бір бағанға, жалғаулықсыз салаласты бір бағанға көшіріп жазыңыз, жалғаулықтарының мәндік ерекшелігіне сәйкес салаластың түрін, жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу амал-тәсілдерін анықтаңыз, синтаксистік талдау жасаңыз.
Тиын-тебен қымбат емес, адамның ары қымбат. Ұлы табалдырықтан аттау үшін адамға дәт керек, үлкен әрі таза рух керек. Орнынан тұрғысы жоқ, шам да жақпады. Ізбайшаға Ескендірді көтеріп отыру жарасар–ақ еді, бірақ тағдыр жазбады.Оңтүстіктен, ыстық жақтан келгені бірден байқалады, жүзін күн қақтап тотығып кеткен. Мұрны да қоңқайып, жоталанып кеткендей екен, өйткені көзілдірік бұрынғыдай нық тұрмай, қолқылдап қалыпты (Ш.Мұртазаев).
Мына жалғаулықтарды келтіріп салалас сөйлем құрыңыз, бұлардың қайсысы қайталанып қолданыла береді. Тыныс белгілерін қойып, түсіндіріңіз.
Бірақ, сондықтан, да, бірде, немесе.
Блиц тест
1. Салалас құрмалас сөйлемдердің орнына «қиысулы құрмалас» терминін қолданған ғалым?
а) Н.Т.Сауранбаев; ә) А.Байтұрсынов; б) С.Жиенбаев; в) А.Ысқақов; г) Р.Әміров.
2. Салалас құрмалас сөйлемнің жеке жай сөйлемдерін синтаксистік компоненттер деп атаған ғалымды көрсетіңіз.
а) Н.Т.Сауранбаев; ә) А.Байтұрсынов; б) С.Жиенбаев; в) А.Ысқақов; г) Р.Әміров.
3.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз: а) Көзімді ашып алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып тұр екен. ә) Еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер. б) Мәжит кішкене сәби өзіме үйрене берсін деп, бала қызығатын әдемі нәрселерді сатып алып беретін. в) Сырттан келгендер көрсін деп, қыстағы ойынды сонда апармақ болды. г) Күні бойы қараса да, таба алмады.
4. Бағыныңқы компоненті басыңқыдағы хабарланған белгілі бір ойдың қай мезгілде орындалғаны немесе орындалатыны жайындағы уақыт мөлшерін білдіретін сабақтас түрі – а) мезгіл бағыныңқылы сабақтас ә) мақсат бағыныңқылы б) амал бағыныңқылы сабақтас в) үлестес сабақтас г) шартты сабақтас құрмалас сөйлем.
5. Н. З. Гаджиеваның еңбегі? а) «Әлем тілдері: Түркі тілдері» ә) «Актуальное членение предложение» б) «Хәзерге татар әдеби теле»
№ 13 практикалық сабақ тақырыбы. Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақ жоспары:
Татар тіліндегі сабақтастас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері.
Башқұрт тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері.
Қазақ тіл білімінде сабақтас құрмалас сөйлемнің жіктелуі
Татар тіл білімінде сабақтас құрмалас сөйлемнің жіктелуі
Сабақ мақсаты: сабақтас құрмалас сөйлемнің түркі тіл білімінде танылуы, зерттеушілер туралы ғылыми ақпарат беру, талдау.
Бақылау сұрақтары:
Сабақтас құрмалас сөйлемнің татар тілінде зерттелуі?
Сабақтас құрмалас сөйлем туралы татар тілінде жазылған оқулықтар?
Башқұрт тілінде жазылған монографиялар мен оқу құралдары, зерттеуші ғалымдарды атаңыз?
Глоссарий.
Сабақтас сөйлем – құрамындағы сыңарлардың бір-біріне бағына немесе бірін-бірі бағындыра, сабақтаса байланысқан құрмаластың бір түрі. Сабақтас сөйлемнің бағыныңқы және басыңқы сыңарларының қатынасынан туатын мазмұн-мағына негізгі шарты болып табылады. Бағыныңқы сыңарларының баяндауыш орнындағы сөздің тұлғалық ерекшеліктері мен мағыналық қатысына сәйкес мынадай түрлері айқындалған: шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, салыстырмалы бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы.
Жаттығулар
Әңгімедегі салалас құрмаластың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
