Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП 1-2015 Садирова К..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
772 Кб
Скачать
☆

2.6 Түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемнің зерттелуі

Түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлем теориясын қалыптастырған түркологтар қатарында Н.К.Дмитриев, А.К.Боровков, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова, Н.А.Баскаков, Н.Т.Сауранбаев, К.К.Сартбаев, П.Азимов, М.А.Ширалиев, М.М.Гаджиев және т.б. аталып жүр.

Жалпы қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерінің зерттелуін Қ.Есенов үш кезеңге бөліп қарайды:

  1. алғашқы кезеңге 1920-1940 жылдар аралығында жазылған А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Х.Басымов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаевтардың еңбектері жатқызылса,

  2. екінші кезеңге 1940-1950 жылдары шыққан С.Аманжолов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Бегалиев еңбектерін,

  3. үшінші кезеңге 1950 жылдан кейінгі Т.Қордабаев, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Қ.Есенов, Х.Арғыновтың зерттеулерін жатқызады.

Құрмалас сөйлемдердің зерттелуінің осы кезеңіне Т.Ермекова Р.Әмірдің, Т.Қордабаевтың, М.Серғалиевтің, Т.Сайрамбаевтың, Б.Шалабайдың, Қ.Мамытбековтің, Ұ.Салиевалардың зерттеулерін атау керектігіне мән бере отырып, 4-кезеңді бөліп көрсетеді.

4) 1990 жылдардың аяғы мен бүгінге дейінгі кезеңге М.Базарбаева, Б.Шалабай, Ж.Жақыпов, З.Ерназарова, Б.Сағындықұлы, К.Садирова, Б.Қапалбеков, С.Қазыбаев, С.Айтжанова, А.Фазылжанова, Б.Елікбаев, Ә.Елшібаева және т.б. зерттеушілердің еңбектерін жатқызады.

Түркі тілдерінде құрмалас сөйлемдер түрліше атауға ие. Қазақ тілінде құрмалас сөйлемдер деп аталса, башқұрт тілінде кушма һөйләм, татар тілінде кушма жөмлә деп аталады.

Өзбек тіліндегі құрмалас сөйлемдерді зерттеген Г.А.Абдурахманов құрмалас сөйлем компоненттерінің өзара мағыналық байланысы екі түрлі жүзеге асатынын атаған: бірінші жағдайда құрмалас сөйлем бөліктері өзара мағыналық тығыз байланыста болады, бір компонент екінші компоненті болған кезде ғана түсінікті болады. Бұл кезде олардың арасындағы мағыналық байланыс мыналардан көрінеді: 1) құрмалас сөйлем бөліктері арасынан; 2) құрмалас сөйлем бөліктерінің жекелеген мүшелері арасынан; 3) бір бөліктегі мүшелердің байланысы мен құрмалас сөйлемнің басқа бөліктері арасынан; 4) құрмалас сөйлемнің бір бөлігі мен оның басқа бірнеше бөліктерінің байланысынан; 5) бір бөлік мүшелері арасындағы байланыс пен құрмалас сөйлемнің өзге бөліктерінің байланысынан; 6) құрмалас сөйлемнің күрделенген бөліктері арасындағы байланысынан.

Ал екінші жағдайда құрмалас сөйлем компоненттері семантикалық жағынан бір-біріне тәуелді болмайды, бірақ бір жалпы ортақ ойды білдіреді, біртұтастықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Түркі тілдерінде құрмалас сөйлемді зерттеушілер кімдер?

  2. Құрмалас сөйлемді зерттеушілер көзқарастарында қандай мәселеге қатысты пікір қайшылықтары бар?

  3. Қ.Есенов қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді зерттеу кезеңдерін неше топқа бөледі?

  4. Өзбек тіліндегі құрмалас сөйлемдерді кім зерттеген, оның қандай пікірін келтіре аласыз?

  5. Түркі тілдерінде құрмалас сөйлемдер қандай атауларға ие?