Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗАСТАНДАЫ ЕРЕКШЕ ОРАЛАТЫН ТАБИИ ТЕРРИТОРИЯЛАРДЫ ЙЫМДАСТЫРУ МСЕЛЕСІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆
  1. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеудің ұғымы

Сонымен экономикалық тетік ұғымына келетін болсақ ол – табиғат қорғаудың экономикалық тетігі дегеннен қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың заңда көзделген экономикалық шараларды қамтамасыз етудің жиынтығы ұғынылады.

Қазақстан Республика Президентінің 2003 жылғы 3-желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасына сәйкес табиғат пайдаланудың жаңа экономикалық тетіктері баға белгілеудің жүйесіне экологиялық сараптамаларды, табиғат пайдалануға ақы төлеу жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздейді. Осы тұжырымдамаға сәйкес 2007 жылы 9-қаңтарды қабылданған Экология кодексінің 95-бабында қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктері көрсетілген:

Мыналар:

1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;

2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;

3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;

4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;

5) нарықтық тетіктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін квоталарды сату;

6) экологиялық сақтандыру;

7) қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлері болып табылады.

Экономикалық тетіктің рөлі ең алдымен мынамен анықталады: ол табиғатты және қоршаған ортаны ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл міндет осы тетікке жататын барлық экономикалық шараларды дәйекті түрде жүзеге асыру арқылы іске асырылады.

  1. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру.

Республика әлеуметтік және экономикалық процесстердің дамуы мен күшеюі жүріп жатқан қазіргі кезеңде қоршаған ортаға антропогендік ықпалдың келеңсіз зардаптарын мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін табиғат ресурстарын пайдалануда салақтыққа жол бермейтін жоспарлау, сондай-ақ қатынастардың қарастырылып отырған саласында құқықтық талаптардың негізгі кепілдіктерінің бірі болып табылатын қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігіне қол жететін болады.

Экологиялық кодекстің 96-бабының 1-тармағында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың түсінігі берілген - Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешені қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар болып табылады.

Осы баптың 2-тармағында Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар көрсетілген.

Олар :

1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған;

2)  қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйін жақсартатын;

3) экологиялық жүйелердің жай-күйін тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлілікті сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететін;

4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтірудің алдын алатын және оларды болғызбайтын;

5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған әдістер мен технологияларды жетілдіретін;

6) өндірістік экологиялық бақылауды дамытатын;

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелерді қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететін;

8) экологиялық білімді насихаттауға, тұрақты даму үшін экологиялық білім мен ағарту ісіне ықпал ететін іс-шаралар жатқызылады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға сонымен қатар инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкін. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Енді экологиялық кодексте көрсетілген қоршаған ортаны жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру мәселесіне тоқталсақ, ол былай көрсетілген:

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады

Әрқайсысына жеке-жеке тоқталып мазмұнын ашып көрсетсек бірінші бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру - әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларда белгіленетін бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкіметінің және жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне сәйкес айқындалады. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын экологиялық бағдарламаларды, жоспарларды әзірлеу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленеді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгілі бір аумақтың экологиялық бағдарламаларына, жоспарларына енгізіледі. Өңірлік экологиялық бағдарламалар, жоспарлар және тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, жоспарлары олар бекітілгенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге жатады. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды (бағдарламаларды) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді. Экологиялық бағдарламаларды әзірлеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстары жүргізілуі мүмкін, оларды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Екінші табиғат пайдаланушының өз қаражатынан қаржыландыру - табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшін әзірлейтін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізіледі.

Үшіншісі - өзге де көздер есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады, яғни ол қаржыландыру ұлттық заңнамаға қайшы келетін көздерден алыбауы керек.

Экология кодексінде көрініс тапқан экномикалық реттеу тетіктерінің жекелеген түрлеріне тоқталсақ: қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерді атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтірген залалды өтеуден босатпайды. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.

Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгілеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелер саудасының тәртібін бекіту жолымен нарықтық тетіктер енгізілуі мүмкін. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссиялардың жылдық квоталары белгіленген жағдайда осындай квотаға құқық алады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстанның қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту жөніндегі квоталар саудасына қатысу мүмкіндігі көзделген жағдайда, табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жеке және заңды тұлғалармен тиісті шарттық қатынастарға түсе алады. Қазақстан Республикасы резидентінің шетелдік жеке және заңды тұлғалармен жасасқан квоталар саудасы туралы шарты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органда тіркелуге тиіс.

Міндетті экологиялық сақтандыру - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басталуы кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады. Міндетті экологиялық сақтандыру Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Ерікті экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерінің еркін білдіруіне қарай жүзеге асырады. Ерікті экологиялық сақтандырудың түрлері, талаптары және тәртібі сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.