- •2. Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
- •Рахмет ретінде астында тұрған ж
- •1. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың түсінігі, негізгі принциптері.
- •3. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қорғау және күзету.
- •4. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жекеленген түрлерінің түсінігі және еркшеліктері.
- •Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеудің ұғымы
- •Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру.
- •4.Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау
- •Халықаралық экологиялық құқықтың пәні
- •Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
- •Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көзі
- •Халықаралық экологиялық ұйымдар
Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көзі
Халықаралық экологиялық құқықта қайнар көзді екі мағынада түсінуге болады:
Материалдық мағынада;
Формальдық мағынада;
Бірінші жағдайға тоқталсақ халықаралық экологиялық құқықтық қатынастың материалдық мағынадағы қайнар көзі дегеніміз – қоршаған табиғи ортаны пайдалануға және ұтымды қолдануға байланысты дүниежүзілік қоғамдастық мүшелерінің еркін айтамыз.
Ал формалдық мағынада халықаралық экологиялық құқықтық қатынастың қайнар көзі дегеніміз – негізгі басшылыққа алынатын құқықтық нормаларды айтамыз. Олар шарттар, келсімдер, конвенция, резалюция және тағы басқалар. Кейбір жағдайда сонымен қатар белгілі бір мемлекеттің ұлттық заңдарыда қайнар көз қатарына жатады.
Қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғау аясындағы орталық қайнар көз ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының резалюциялары орын алады:
«Табиғатты қорғау және экономикалық даму» 1962 жыл 18-желтоқсан;
«Жердің табиғатын сақтауға байланысты мемлекеттің бүгінгі және болашақ ұрпақ алдында тарихи жауапкершілігі» 1980 жыл.
Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың қайнар көзі ретінде шарттардың орны ерекше. Қазақстан Республикасының 30.05.2005 жылы қабылданған «халықаралық шарттар туралы» заңында халықаралық шарттарды жасасудың, қолданудың өзгертудің және тоқтатудың тәртібі баяндалған. Халықаралық шарттар екіге бөлінеді:
Екі жақты;
Көп жақты;
Шарттарды реттеу пәніне байланысты үшке бөлуге болады:
Қоршаған ортаны қорғауға жанама қатысы бар шарттар;
Қоршаған ортаны қорғаудан басқа бірақ, кейбір табиғи обьектілер мен ресурстарға қатысы бар шарттар;
Тұтастай қоршаған ортаны қорғауға байланысты шарттар;
Келесі қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауының көлемді қайнар көзі болып конвенциялар табылады. Конвенцияға қосылу біраз шығын шығартады, мысалы мүшелікке өтуге байланысты, бірақ оның пайдасы өте көп. Себебі көптеген конвенцияларға қосылу арқылы әртүрлі мемлекеттерден қолдау көрсетіліп, көмектер беріледі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы көптеген конвенцияға қосылып оларды ратификациялаған.
Тағыда бір жеке топ ол қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғауға байланысты келсімдер табылады. Кесімдер түрлері: екі жақты, көп жақты, мемлекет аралық, аралас (халықаралық ұйымдардың қатысуымен), үкіметаралық, ведомства аралық, глобалді, регионалді, субрегионалді, табиғи ортаның барлық элементтерін қамтитын немесе жекелей элементтерін қамтитын болып бөлінеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Ресей, АҚШ, Канада, Англия, Турция, Япония, Қытай және тағы басқа мемлекеттермен қоршаған табиғи ортаны қорғауғам байланысты түрлі келісімдерге отырған.
Қайнар көз ретінде әдет-ғұрыптар мен хаттмалар да табылады. Мысалы «Мұнаймен қоршаған ортаны былғағаны үшін азаматтық жауапкершілік туралы» халықаралық конвенцияның хаттмасы 1969 жыл Лондон. Халықаралық шарттар болмаан жағдайда мемлекеттер арасында дау әдет-ғұрып арқылы шешуге болады. Мысалы әдет-ғұрып қағидасы ретінде көрші мемлекеттің табиғатына зиян келтірмеуді жатқызуға болады.
