- •2. Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
- •Рахмет ретінде астында тұрған ж
- •1. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың түсінігі, негізгі принциптері.
- •3. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қорғау және күзету.
- •4. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жекеленген түрлерінің түсінігі және еркшеліктері.
- •Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеудің ұғымы
- •Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру.
- •4.Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау
- •Халықаралық экологиялық құқықтың пәні
- •Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
- •Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көзі
- •Халықаралық экологиялық ұйымдар
4.Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау
Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың құндық көрінісі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде қажетті материалдарды жинау мен талдауды жүргізеді және келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді. Атмосфералық ауаны және су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс ластаудан, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелерге сәйкес тура немесе жанама әдістермен айқындалады.
Тура әдіс:
Залалды экономикалық бағалаудың тура әдісі неғұрлым тиімді инженерлік, ұйымдық-техникалық және технологиялық іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, жұтаңдаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тірі организмдерді сауықтыруға қажетті нақты шығындарды анықтаудан тұрады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары бірінші кезекте қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады. Қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі тиісті міндеттемелер қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаның нақты іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімі көрсетілген кепілдік хатында жазылады. Залалдың салдарларын жою жөніндегі шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады. Залалды тура әдіспен экономикалық бағалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретінде экологиялық аудиторлар, жобалау, инженерлік және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады. Тәуелсіз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөніндегі міндет қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаға жүктеледі.
Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі болып залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі залалды экономикалық бағалаудың тура әдісін қолдану мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға әсер ету түрлеріне қарай залалды әрбір ингредиент бойынша жиынтықтау жолымен айқындалады.
Дәріс-3. Жер қойнауын қорғау мен пайдаланудың экологиялық-құқықтық режимі.
1. Жер қойнауы - экологиялық-құқықтық қорғау мен жер қойнауын пайдаланудың нысаны ретінде.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығы.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру, келісім-шарт жасау, орындау және оның күшін жою.
4. Жер қойнауы және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану.
5. Жер қойнауын пайдаланудың экологиялық талаптары.
Жер қойнауы - экологиялық-құқықтық қорғау мен жер қойнауын
пайдаланудың нысаны ретінде.
Жер қойнауы жер сияқты құқықтық қорғаудың нысаны болып табылады. Жер қойнауы мен оны қорғаудың мән-маңызы пайдаланылатын қуаттың негізгі көзі ретінде қазба байлықты барлау мен өндіру қолға алғандықтан артып келеді.
Жер қойнауының молдығы Қазақстан Республикасы егемендігінң материалдық өзегін құрайды. Соңғы жылдары жүздеген миллиард тонна қатты, сұйық және өзге де минералдық шикізат көздері табылып, анықталды. Қара және түсті металлургия, көмір, мұнай, сондай-ақ табиғи газ өндірісінің мықты іргесі қаланды.
Жер қойнауына «техникалық экспансия» күшейген сайын адамның қызметі ондағы өз бетінше жүріп жатқан табиғи үрдістерді өзгертудің құралына айналды. Мұндай өзара ықпалдастыққа антропогендік әсер әзірге жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ. Әйтсе де, қазірдің өзінде мұндай әрекет жер қойнауында стихиялы апаттарды (бағытты сейсмика), апаттық емес үрдістердің дамуын ынталандырады. Бұлар өз кезегінде адамның өмір сүру ортасына едәуір ықпал етеді. Айталық, шағын көлемде, бірақ жиі-жиі кездесетін топырақ көшкіні секілді жойқын геологиялық процестер және тағы басқалар.
Жер қойнауы және осы саланың табиғи ресурстар туралы заңнаманың өзге буындарынан ажырату үшін «жер қойнауы» деген ұғымды құқықтық тұрғыдан айқындаудың мәні зор. Заңда көрсетілгендей, жер қойнауы топырақтың төменгі қабатында жатқан жер қыртысының бір бөлігі. Ал егер ол жоқ болса, жер бетінің астында және теңіз, өзен, көл, өзге де су қоймаларының түбінен тереңге бет алатын және жер қойнауын пайдалануға мүмкіндік беретін операцияларды жүргізуге қолжетімді аумақ. Бұл арада ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін ескеру ерекше мәнге ие.
Қазақстан Республикасыынң Конституциясына сәйкес, жер қойнауы мен ондағы пайдалы қазба байлық мемлекеттің меншігі болып табылады. Егер келісім-шартта басқаша қарастырылмаған болса, шикізат жер қойнауын пайдаланушыға меншік құқығы ретінде тиесілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына шаруашылықты жүргізу немесе жедел басқару құқығымен тиесілі.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамалардың міндеті - Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді реттеу және Қазақстан Республикасының жер қойнауын, табиғи ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану, жер қойнауын пайдаланушылардың мүдедесін қорғау, шаруашылықтың барлық формаларының тең дәрежеде дамуына қолайлы жағдай туғызу, жер қойнауын пайдалануға қатысты заңдылықтарды күшейту.
Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалануға қатысты қатынастарды заң тұрғысынан реттеу мынадай қағидаларға негізделеді:
1. Жер қойнауын тиімді, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.
2. Қоршаған ортаны және жер қойнауын пайдалануды қамтамасыз ету.
3. Республикалық және аймақтық мүдделердің сәйкестігін қамтамасыз ету.
4. Минералдық шикізат базасының ұдайы өнідірісні қамтамасыз ету.
5. Жер қойнауын пайдалануға қатысты операциялардың жариялылығын қамтамасыз ету.
6. Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуын қаматамсыз ету.
7. Жер қойнауын пайдалануға қатысты операцияларды жүргізуге инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызу
Жер қойнауын пайдалану құқығы
Жер қойнауын пайдалану мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі:
- жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу:
- барлау
- өндіріс
- біріктірілген барлау және өндіріс
- барлау немесе өндіріске қатысы жоқ жер асты нысандарын салу немесе пайдалану
Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша берілетін немесе берілмейтін, ақылы немесе ақысыз болуы мүмкін. Жер қойнауын тұрақты және ақысыз пайдалану құқығы бойынша жалпыға тән қазба байлықтарды өндіру іске асырылады. Олар жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншік құқығы немесе уақытша пайдалану қақысы бойынша тиесілі жер телімдерін де өз мұқтажы үшін игеріледі.
Жер қойнауын пайдалануға қатысты өзге операциялар уақытша және ақылы негізде жүрігізіледі. Жер қойнауын пайдалун құқығының субъектілері ретінде қазақстандық және шетелдік жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бола алады.
Тұрақты жер қойнауып пайланушылар – жер қойнауын мерзімсіз пайдаланатындар. Уақытша жер қойнауын пайдаланушылар жер қйнауын пайдалану белгілі мерзіммен шектелгендер.
Жер қойнауын пайдалану мынадай жолдармен пайда болады:
- жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
- жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру;
- жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап (универсалдық) тәртібімен өтуі (правопреемство);
- жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге тапсыру – өзге жер қойнауын пайдаланушыға құқық беру;
- жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап (универсалдық) тәртібімен өтуі заңды тұлғаны қайта құрғанда мирасқордың жер қойнауын пайдалану бойынша құқығының пайда болуы (заңның 12 бабы).
Қазақстан республикасы үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы қаулысымен жер қойнауын пайдалану құқығын берудің ережелері бекітілген. Ол бойынша барлау, өндіріс, біріктірілген барлау және өндіріске қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы келісім-шарт жасау жолымен іске асырылады. Барлау, өндіріс, біріктірілген барлау және өндіріс бойынша операциялар келісім-шарты конкурс нәтижелері негізінде жасалады. Конкурс өткізілмей-ақ тікелей келіссөздер негізінде мынадай келісім-шарттар жасалады:
- барлауға қатысты келісім-шарт негізінде коммерциялық шикізат табылуына байланысты жер қойнауын игеруге айрықша құқығы бар тұлғаларға беріледі;
- барлау және өндіріске қатысы жоқ жер асты нысандарын салу және пайдалану жөініндегі операцияларды жүргізуге;
- ұлттық компаниямен бірге барлау және өндіріс операцияларын жүргізуге;
Барлау, өндіріс, біріктірілген барлау және өндіріс, сондай-ақ барлаужәне өндіріскеқатысы жоқ жер асты нысандарын салу және пайдану бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының иегері тиісті операцияларды геологиялық немесе тау-кен құжат бойынша тек белгіленген жер қойнауы аумағында жүргізуге тиісті.
Геологиялық құжат – бұл барлау, ьіріктірілген барлау және өндіріс келісім-шартының қосымшасы. Ол жер қойнауып пайданушы барлау жүргізуне қақылы аумақтың схемалық және мазмұндық сипаты айқындалған келісім-шарттың қосымшасы.
Тау-кен құжаты – бұл жер қойнауының графикалық және мазмұны сипатталған аумақ. Мұнда жер қойнауын пайдаланушы өндіріс, барлау және өндіріске қатысы жоқ жер асты нысандарын салу және пайдалану операцияларын жүргізе алады. Құжат, сондай-ақ, өндіріс, біріктірілген барлау мен өндіріс, барлау мен өндіріске қатысы жоқ салу және пайдалану, жалпыға белгілі қазба байлықтарды өндіруді көздейтін келісім-шарттың ажырамас бөлігі. Кейде сервитут рәсімделгенде дербес құжат дайындалады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру
Жер қойнауын пайдаланушының өзгеге жер қойнауын пайдалану құқығын ішінара немесе толық, ақылы немесе ақысыз, соның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна ретінде беру, жер қойнауын пайдаланушы банкротқа ұшыраған жағдайда конкурстық өндіріс бойынша сатылатын мүліктік кешен ретінде, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепілдік ретінде беру өкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Жер қйнауын пайдалану құқығын беруге қатысты барлық шығындарды тапсыру шартында басқаша көзделінбесе, жер қойнауын пайдаланушы көтереді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру, келісім-шарт жасау, орындау және оның күшін жою
Жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін өкілетті орган жер қойнауы телімдерінде барлау, өндіріс немесе біріктірілген барлау және өндіріс, сондай-ақ ұлттық компания үлестік шартпен қатысуы көзделген конкурс өткізеді.
Өтініш беруші конкурс белгілеген мерзімде жер қойнауын пайдалану құқығын барлау, өндіріс, біріктірілген барлау және өндіріс үшін конкурстық ұсыныс әзірлейді. Жер қойнаун пайдалану операцияларын жүргізу үшін келісім-шарттың мынадай түрлері қолданылады:
- өнімді бөлісу;
- концессиялар;
- мердігерлік және ақылы қызмет;
Контракт шарттары тараптардың өзара келісімі бойынша айқындалып, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес болуы тиіс.
Жұмыс бағдарламасы контарктінің міндетті қосышасы болып, жер қойнауын пайдалану және зерттеу жөніндегі өкілетті органмен келісілуі тиіс.
Барлау жөніндегі контракт 6 жылға жасалады. Өндіріс жөніндегі контракт 25 жылға дейін жасалса, қазба байлығы ерекше әрі мол кеніштер бойынша 45 жылға дейін түзіледі. Контракт өкілетті органда тіркелуі тиіс. Келісім басқа шарттар көзделінбесе, тіркелген уақыттан бастап күшіне енеді.
Келісімнің жасалуы жергілікті атқару органдары тарапынан жер телімінің дереу рәсімденуіне негзі бола алады, яғни жер қойнауын пайдаланушы өтініш берген күннне бастап 30 күн ішінде рәсімделуі тиі.
Келісім мынадай жағдайларда жарамсыз болып табылады:
- сол тұлғамен келісім жасауға шешім қабылдауға ықпал еткен жалған ақпаратты өкілетті органға бергені сот арқылы анықталғанда;
- конкурс өткізуге қатысқан жауапты тұлғалар арасында өзара ымырашылдық дерегі анықталғанда немесе жер қойнауын пайдалану құқығын жеңіп алған үміткергебасқалардың алдында заңсыз басмдық беогенде, шарттарды жеңілдеткенде, және бюджетке төленетін төлемдер көлемін азайтқанда;
- келісімнің жасалуына тікелей ықпал еткен шарттың күшін сот арқылы жойғанда.
Тиісті орган жер қойнауын пайдалнуға қатысиы операцияларды мына жағдайларда тоқтата алады:
- жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттарын бұзғанда;
- жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Респубикасы заңдарының талаптарын, әсіресе, елдегі жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындамаған жағдайда.
Жер қойнауы және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану.
Жер қойнауы және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану құқықтық, ұйымдастыру, технологиялық және өзге шараларды қамтиды. Олар:
- тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға;
- жер қойнауы ресурстарын тиімді әрі кешенді түрде пайдалануға;
- табиғи ландшафттарды сақтау және тозған жерді, басқа да геоморфологиялық құрылымдарды культивациядан өткізу;
- зілзала, топырақ көшкіні, су тасқыны, жердің ойылуын болдырмау мақсатында жер қойнауының жоғары қабатындағы энергетикалық ахуалдың ерекшелігін сақтау;
- су нысандарының табиғи қалпын сақтауды қамтамассыз ету.
Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысында, атап айтқанда болжау, жоспарлау және жобалауда экологиялық талаптардың орындалуына басымдық берілуі тиіс. Бұл талаптар қоршаған ортаны қорғау туралы заңмен көзделген.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізгенде қоршаған орта мен жер қойнауын қорғаудың мынадай талаптары бар:
- кеніштерді әзірлегенде арнайы әдістерді қолдану арқылы жердің үстіңгі қабатын қорғау;
- жердің техногендік шөлейттенуіне жол бермеу;
- тұщы су көздерінің ластануына жол бермеу;
- жер бетіндегі және жерасты суларының таусылуына және ластануына жол бермеу және т.б.
Жер қойнауын пайдалану талаптарын бұзып зиян келтіргендер нақты залалдың орнын толтыруы тиіс ( егер тойтарылмайтын күштің әсерінен болмаса).
Жер қойнауын пайдаланудың экологиялық талаптары.
Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің экологиялық негізі жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімдерге қатысты мемлекеттік
экологиялық және тазалық-індет бойынша оң сараптама, жобалық құжаттар және экологиялық рұқсат болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық, тазалық-індет сараптамаларды, жобаға дейінгіжәне жобалық құжаттарды беруге міндетті. Бұл құжаттар жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалап, «Қоршаған ортаны қорғау» деген тарауды қамтуы тиіс.
Жер қойнауын пайдаланудың мынадай жалпы экологиялық талаптары бар:
- жер қойнауын ҚР экологиялық заңдарына сәйкес пайдалану;
- кеніштерді әзірлегенде арнайы әдістерді қолдану арқылы жердің үстіңгі қабатын сақтау;
- жер қойнауын, кеніштерді пайдалануға қиындық туғызатын су басудан, өрт және өзге стихиялық факторлардан қорғау;
- қалдықтарды жинағанда және орналастырғанда экологиялық және тазалық-індет талаптарының орындалуы;
- бұрғылау қоспаларын тазалау және қайта пайдалану және т.б.
Жер қойнауын пайдалану операциялары шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түріне жатады. Оларға – аумағы 25 гектардан асатын және пайдалы қазба өндірілетін карьерлерді игеру; көлемі 25 гектардан асатын тау-кен аумағын игеру; коммерциялық мақсатта мұнай мен табиғи газ өндіру; мұнай, мұнай-химия және өнімдерін сақтау; қауіпті қалдықтарды жою, сақтау және т.б.
Жер қойнауын пайдалану операциялары мына талаптар орындалғанда жүргізіледі:
- скважина мен өзге қондырғылары технологиялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс;
- бұрғылау және өзге операцияларды дизель генератор қондырғысын пайдалану арқылы жүргізгенде ауаға тарайтын газды шығару экологиялық талаптарға сай болуы тиіс;
- ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда скважина орнатқанда тек қоймасыз технологияны пайдалану керек және т.б.
Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушыға мынадай әрекеттер жасауға тыйым салынады:
- құрылысқа деп бөлінген жерден тыс аумақта өсімдік және жер қыртысына зиян келтіруге;
- қалдықтарды су мен жер қойнауына жіберуге;
- жерді лас сумен суғаруға;
- ауыз су көзі бар жер қыртысына қоспалар мен материалдарды жіберуге және сол сияқты басқа да әрекеттерге.
Дәріс-4. Орманды қорғау және пайдаланудың экалогиялық-құқықтық режимі.
1.Орман қатынастарын реттейтін заңнамалардың принципетері.Орман қоршаған ортаның ажырамас бөлігі және адам өмірінің экалогиялық кешені ретінде ерекшеленеді.Орман әртүрлі сауықтыру қорғау және өндірістік-эксплуатациялық функцияларды атқарады:
а) жер атмосферасын оттегімен қаматасыз ете отырып,тірі организмдердің өмір сүруіне қажетті ауа бассейнін тазалайды;
б) өсімдіктер құстар жануарлар дүниесі мен адамдардың өсіп өнуіне қажетті микроклиматты қалыптастырады;
в) су қорғау функциясын атқарады;
г) халықты ағаш өнімдерімен қамтамасыз етіп,үлкен эканомикалық қызмет атқарады.
ҚР Орман заңдары ҚР Конституциясына негізделіп,2003 жыл 9-шілдеде қабылданған Орман Кодексінен және ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Орман кодексі орман қорын пайдалану,иелені,билік етуге байланысты қатынастарды реттейді,сонымен қатар, орман қорының экалогиялық және ресурстық дамуының,қорғалуының құқықтық негіздерін белгілейді.Орман қатынастарын реттеудің маңыздылығы орманның экалогиялық,әлеуметтік және эканомикалық маңыздылығында.
ҚР Орман заңнамасы келесідей принциптерге негізделеді:
-климат реттеушілік,су қорғаушылық және санитрлық гигеналық функцияларына орай орманның жалпымемлекеттік маңыздылығын мойындау;
- орман қорын тұрақты дамыту;
-орманның биоәртүрлілігін сақтау;
-орман қорын әртүрлі мақсатта пайдалану;
-орман қорын ұтымды және үздіксіз пайдалану;
-орман қорын қорғау және пайдалану аясындағы мемлекеттік реттеумен бақылау;
-ҚР Орман заңнамасын бұзудан келген залалдарды өтеу мүмкінділігі;
-орман ресурстарын пайдаланудың ақылылығы;
-орман қорының жай-күйі туралы ақпараттарға қол жетімділік;
-орман қорын қорғауға тұрғын халықтың және қоғамдық бірлестіктердің қатысуы.
2.Орман құқықтық қатынастарының обьектісі және субьектісі. Орман қорындағы жерлер орман ресурстары және орманның өзіне тән пайдалы қасиеттері ҚР орман қоры ретінде орман құқықтық қатынасының обьектісі болып табылады.ҚР территориясындағы барлық ормандар сонымен қатар,орман қорының жерлері ҚР орман қорын құрайды.Орман түсінігі орман өсімдіктері,жер,жәндіктер,құстар,жануарлыр және өзге де қоршаған орта компаненнттерінің ажырамас бөлігі ретінде түсіндіріледі.ҚР Жер кодексіне сәйкес жер учаскелері орман өсіру мақстаныда жеке меншікке берілуі мүмкін.Осыған орай жеке меншік.Мемлекеттік орман қорына мыналар жатады:
-ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы жасанды және табиғи өскен ормандар;
-мемлкеттік орман қорының жеріндегі жасанды және табиғи түрде өскен ормандар,сонымен қатар,орман шаруашылық қажеттілігіне арналған орман өсімдіктері өспеген жер учасклері;
-жалпы пайдаланыстағы халықаралық және республикасылық маңызы бар теміржол және автакөлік жолдар,каналдар,магистарльді құбырлар жанындағы 0,05 га-дан асатын қуіпсіздік үшін өсірілген ағаштар.
Жеке меншіктегі орман қорының қатарына жасады өсірілген ормандар, он метр немесе оданда астам ұзындықтағы плантациялық егістіктер жеке және мемлекеттік емесе заңды тұлғалардың қаражатымен өсірілген ауданы 0,05 га-дан асатын орман егістіктері,ҚР Жер кодексіне сәйкес жеке меншікке және ұзақ мерзімге орман өсіру үшін пайдалануға берілген жерлер жатады.
Орман қорына:
-мемлекеік орман қоры жерінен тыс орналасқан ауданы 0,05 га-дан аз жекелеген ағаштар немесе ағаштар тобы;
-орман саябақтары мен қала ормандарынан басқа елді мекен шекарасынан тыс жеріндегі орман егістіктері.
-бақ және саяжай учаскелеріндегі ағаштар.
ҚР Мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншікке жатады.Жеке меншіктегі орман қоры учасклеріне иелену,пайдалун,билік етуді Орман кодексіне және ҚР өзге де нармативтік құқықтық актісіне сәйкес тиісті орман иелері жүзге асырады.Мемлекеттік орман қоры жерінің қатарына мемлекеттік бюджет есебіне табиғи және жасанды түрде өсірілген орман жерлері,орман шаруашылығымен айналысатын мемлекеттік органдарға тұрақты падалануға берілген жерлер жатады.Мемлекетік орман қорындағы жерді сатып алу сату,кепілге салу және өзге де мәмілелер арқылы иеліктен шағаруға жол берілмейді.Орман қорының жерлерін пайдалану,беру алып қою тәртібі Орман кодексімен,ҚР жер және азаматтық заңнамаларымен айқындалады.(ҚР ОК 7,8 бб)
Орман ресурстарының қатарына орман қорында орналасқан немесе өмір сүретін жануарлар мен өсімдіктердің өнімдері жатады (оның ішінде жаңғақ,саңырауқұлақ,жемістер,емдік қасиеті бар өсімдіктер,ағаш шырындары).Орман құқықтық қатынастарының субьектілеріне жек және заңды тұлғалар сонымен қатар,орман өсіру және орманды пайдалану,қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жатады.
3.Орман обьектілерін иелену және пайдалану құқығы. Мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орманды иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жер қоры учаскелері меншікке:
- мемлекеттік орман қорын кешенді пайдаланатын ұйымдарға, мемлекеттік орман қорын қорғауға уәкілетті мемлекеттік ұйымдар мен мекемелеріне;
-мемелекеттік табиғи қорықтарға,мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға,мемлекеттік ботаникалық бақтарға,мемлекеттік дендрологиялық саябақтарға беріледі.
Мемлекеттік орман иелерінің құқықтары:
-ҚР заңнамасында көрзделген тәртіпте мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға;
-Орман кодексіне сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды айдалануды жүзеге асыруға;
-тиісті аумақтық органдардың келісімімен техникалық және жобалау құжаттамасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыруға және орман шауашылығын жүргізуге қажетті құрылыстарды жүргізуге;
- орманды пайдалану өнімінен түскен кірістерді басқаруға;
-мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат құжатын беруге.
Жеке орман обьектісін иеленушінің құқықтарына:
-ҚР заңдарында көзделген тәртіппен өздерінің меншік немесе ұзақ мерзімдегі пайдалану құқығындағы орман қорының учаскелерін иелену,билік ету, пайдалануға;
-тиісті аумақтық органдардың келісімімен техникалық және жобалау құжаттамасына сәйкес жеке орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыруға және орман шауашылығын жүргізуге қажетті құрылыстарды жүргізуге;
-орман қорын пайдаланудан түске өнімдермен кірістерді иеленуге;
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығы тендер нәтижесі туралы хаттамаға сәйкес жасалатын шарт негізінде беріледі.Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайалану құқығы орман билеті негізінде пайда болады.Егер орман пайдаланушы қайтыс болса онда оның орман пайдалану құқығы ҚР Азаматтық кодексіне сай мұрагерлік жолмен басқа тұлғаға өтеді.Заңды тұлға қайта құрылған жағдайда оған тиесілі орман пайдалану құқығы оның құқық мирасқорына өтеді.Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына немесе орман билетіне өзгерістер енгізу арқылы рәсімделеді.Жеке орман қорының учаскелерінде орман қорын пайдалану құқығын тиісті орман иесі анықтайды.(ҚР ОК 29,30 бб) Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға 10-49 жылға тиісті пайдалану құқығын алу үшін үміткер жеке немесе заңды тұлғаның орман пайдалнуды жүзеге асыруға қажетті техналогиялар мен қаражаты және тиісті квалияфикацияға сай келетін мамандар болуы тиіс.Мемлекетті орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін берілген орман ресурстарын пайдаланбау тиісті мерзім өткеннен кейін орман пайдадаланушының жеке
Мемлекеттік орман қоры уаскелерін қысқа мерзімді орман пайдаланудың мына түрлеріне берілуі мүмкін:
-мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми зерттеу мақсатында пайдалануға;
-мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру рекреациялық,туристік және спорттық мақсаттарға пайдалануға.Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру үшін тендер жүргізу тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді.
4.Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдалану құқығын тоқтататұру,шектеу және тоқтату негіздері.
Мемлекеттік орман учаскелеріндегі орман пайдалану құқығы мына жағдайдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін:
-орман пайдаланушы ҚР жануарлар дүниесімен ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қорғау туралы заңнамаларды және ҚР Орман кодексінің талаптарын бұзған жағдайда;
-орман пайдаланушының орман билетінде немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шартында көзделеген талаптарды орындамаса;
Мемлекеттік орман учаскелеріндегі орман қорын пайдалану құқығын шектеу негіздері:
-техникалық және табиғи мазмұндағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде орман пайдалану құқығы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік орман қоры учаскесіндегі орман ресурс қорының азаюы ;
-орманға авиахимиялық және авиябиологиялық тазартулар жүргізу үшін сонымен қатар,орманға жоғарғы өрт қаупі төнуі;
Егер де орманды пайдалану құқығын тоқтататұру немесе шектеуге негіз болған кедергілер жойылса орман пайдалану құқығы толық көлемде қалпына келтіріледі.Орман пайдалану құқығын шектеу немесе тоқтататұру тиісті орман пайдаланушыны ҚР Орман заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік немесе өзге де жауапкершіліктен босатпайды.
Мемлекеттік жер қоры учаскесіндегі орман пайдалану құқығы келесі жағдайларда тоқтатылады:
-орман пайдаланушының орман пайдалану құқығынан ерікті бас тарту;
-орман пайдалану мерзімінің өтуі;
- орман пайдаланушы заңды тұланың таратылуы;
-орман пайдаланушының орман билетінде немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шартта көзделген талаптармен ережелерді екі немесе оданда көп рет бұзуы;
-орман пайдалану төлемдерін төлеу мерзімін екі немес одан көп рет бұзуы немесе тиісті мерзім белгіленген кейін үш ай мерзім ішінде орман пайдалану төлемін төлемесе;
-мемлекеттік орман қорындағы жер учаскесін мемлекет мұқтаждықтары үшін алып қою.
Мемлекеттік жер қоры учаскесіндегі орман пайдалану құқығы тоқтату негіздері:
-ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шарттың бұзылуы;
-орман пайдаланушының жазбаша арызы;
-уәкілетті органмен белгіленген тіртіпте орман билетінің күші жойылуы;
-лицензияны қайтып алу (лицензияланатын орман пайдалану құқықтары үшін ҚР ОК 39-41 бб ).
Дәріс-5. Суды қорғау және пайдаланудың экалогиялық құқықтық режимі.
1.Қазақстан Республикасының су заңнамасының принциптері,міндеті мен мақсаты.ҚР Су заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді және 2003жылы 9 шілдеде қабылданған ҚР Су Кодесінен және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.Су Кодексінде көзделген нормалардан өзге ережелер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарда көзделсе,халықаралық шарт ережелері қолданылады.Суды пайдалану және қорғау жөніндегі экалогиялық талаптарға байланысты қатынастар ҚР Экалогиялық кодексімен реттеледі.ҚР Су Кодексінің 1-бабына сәйкес барлық су обьектілерінде орналасқан су ресурстары сулар болып табылады.Қоршаған ортаны және халықтың тұрмыс тіршілігін жақсарту үшін су қорын қорғау және суды эканомикалық ұтымды пайдалану,сонымен қатар экалогиялық қауіпсіздікке қол жеткізу ҚР Су заңнамасының негізгі мақсаттары болып табылады.
ҚР Су заңнамасының міндеттері:
су қорын қорғау және пайдалану аясында мемлекттік саясатты жүргізу;
су қатынастарын реттеу;
су қорын қорғау және пайдаланудың тұрақтылығын дамыту мен қолдаудың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету;
су қорын пайдаланудың және қорғаудың негізгі принциптері мен бағыттарын айқындау;
ҚР Су заңнамасы келесідей принциптерге негізделеді:
халықтың қызметімен өмірінің негізі ретінде судың маңызын мемлекеттің мойындауы;
тұрғын халықты ауыз сумен тиісті дәрежеде және жоғары сапада қамтамасыз ету;
суға халытың әділ және тең қолжетімділігі;
су обьетілерін оны қорғау нормаларына сәйкес пайдалану;
арнайы су пайдаланудың ақылылығы;
ҚР Су заңнамасын бұзудан келген залалды өтеу міндеттілігі ;
ҚР Су заңнамасын бұзғаны ұшін жауапкершіліктен құтылмаушылық;
ҚР Су қорының жағдайы жөніндегі ақпараттарға қолжетімділік;
Тансшекаралық суларды ҚР ратификацияланған халықаралық шарттар мен халықаралық нормаларға сәйкес пайдалану.
Суға меншік құқығы мен пайдалану құқығының мазмұнын ашпас бұрын «су қоры» мен «су обьектісі» түсініктерін анықтаған жөн.ҚР Су кодексінің 4-бабына сәйкес ҚР территориясы шегіндегі мемлекеттік су кадастырына алынған немесе алынуы тиіс барлық су обьектілері ҚР су қорын құрайды.Су обьектілерінің қатарына шекарасы көлемі және су режимі бар ҚР-ғы барлық жер үсті және жер асты сулары жатады.(ҚР Су Кодексінің 5-бабы) ҚР су қоры мемлекеттік меншік болып табылады және су қорын иелену пайдалану билік ету су ресурсының түсінігі берілген.ҚР Су кодексінің 6-бына сәйкес су ресурсы- бұл пайдаланылатын немесе пайдаланылуы тиіс су обьектілерінде орналасқан жер үсті және жер асты сулары.
2.Су заңнамасы пәнінің түсінігі және су қатынастары обьектілері.Су кодексінің ең басты мақсаттарының бірі,суды неғұрлым тиімді пайдалану және оның ластанудан қорғауды қамтамасыз ету.Бұл міндетін су қатынастарын реттеумен жүзеге асырады.ҚР Су заңнамасы су қорын пайдалану және қорғау,су қорын басқару және су шаруашылық құрылыстары мен өзге де су қатынастарын реттейді.Су обьектілерінің экалогиялық,санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қорғау және су жүйесіне кері әсерін тигізетін шаруашылық және өзге де қызметтерден туындайтын қатынастар ҚР қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңнамаларымен және ҚР Су кодексімен реттеледі.Су қатынастары обьектілерінің қатарына су обьектілері,су шаруашылық құрылыстары және су қорындағы жерлер жатады.
Су заңнамасының пәні туралы анықтама ғалымдар арасында көптеген даулы пікірлер туғызды.Г.А.Аксененоктың пікірінше бұл орайда екі түрлі қатынас бар: су ресурстарын пайдалануға байланысты қатынастар және су құрылыстарын пайдалануға байланысты қатынастар. «Егер де біз су ресурстары мен су құрылыстарының жүйесін пайдалану туралы айтатын болсақ бұл қатынастардың шеңберіне барлық меншікке байланысты қатынастардың кешені кіреді және бұл қатынастар су шаруашылығының түсінігін береді»-деп тұжырымдайды.Қорыта айтқанда,суды пайдалану,суды қорғау және су ресурстарын пайдалануға байланысты барлық қатынастар су заңнамасының пәні болып табылады.
3.Су обьектілерінің түрлері мен оларды пайдалану құқығы. Су обьектілері мына түрлерге бөлінеді: жер үсті су обьектілері; жер асты су обьектілері; ҚР теңіз сулары; трансшекаралық сулар;
Су обьектілері пайдалану түрлеріне байланысты: жалпы пайданылатын су обьектілері: ортақ пайдаланылатын су обьектілері; арнайы пайдалынылатын су обьектілері: ерекше қорғалатын табиғи аймақтағы су обьектілері; мемлекеттік маңызы бар су обьектілері;
Жерүсті су обьектілері мына түрлерге бөлінеді: өзен және оған теңестірілген каналдар,көл,су қоймасы,аймақтық сулар,балшықты су.
Жерүсті су обьектілері жер үсті суынан,қайраң және жағалаудан тұрады.
Жерасты су обьектілері қатарына жерасты су бассейндері,жерасты су уаскелері,жерасты суларының құрлық бетіне немесе су түбіндегі құрлық бетіне шыққан жері.
ҚР теңіз суларының қатарына ҚР ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе ҚР мемлекеттік шекара шеңберінде Арал және Каспий теңізінің сулары жатады.Трансшекаралық сулардың қатарына ҚР мемлекетік шекарасымен қиылысқан барлық жерүсті және жерасты сулары жатады.Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау ҚР Су кодексімен ҚР мемлекеттік шекара туралы заңнамамен және ҚР ратификацияланған халықаралық шарттарымен белгіленеді.ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе барлық су обьектілері жалпы пайдаланудағы обьектілердің қатарына жатады.Жалпы пайдалану режимінен арнайы пайдалану режиміне ауыстыру ҚР заңнамасында көзделген негіздер бойынша жол беріледі.Мемлекеттік ерекше маңызы бар су обьектілерінің қатарын және олармен шаруашылық жүргізудің арықша құқықтық режимін ҚР Үкіметі белгілейді.(ҚР Су кодексінің 11-21бб)
Су обьектілерін пайдалану құқығын жеке және заңды тұлғаларға су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның келісімімен жергілікті атқарушы органдар береді.
Жек және заңды тұлғалара су обьетілері пайдалану құқығы қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге берілуі мүмкін.Қысқа мезімді су ресурстарын пайдалану құқығы 5 жылға дейінгі мерзімге,ал ұзақ мерзімді пайдалану құқығы 5 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге беріледі.Су обьектілеріне жеке және жария сервитуттар жариялануы мүмкін. Су обьектілеріне жария сервитут ҚР заңдарына сай жергілікті атқарушы органның актісіне не су объектісін өз пайдалануына алған жеке және заңды тұлғаларды жариялау арқылы ортақ пайдаланудағы емес су объектілеріне жариялануы мүмкін. Жеке су сервитуты жария су сервитуты сияқты, сонымен қатар сот шешімі негізінде тағайындалуы мүмкін.
Жеке және жария жер сервитуты мынадай мақсаттарда тағайындалуы мүмкін:
суат және малдарды суару үшін;
су обьектілерінің су жолдары ретінде пайдалану үшін (қайықпен жүзіп өту);
Су сервитутын жүзеге асыру үшін арнайы су пайдалану үшін берілетін рұқсат немесе лицензия қажет емес (ҚР СК 22,23 бб)
Суды қорғау және пайдаланудың құқықтық режим су пайдалану түріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін: жалпы,арнайы,бірлескен,алғашқы және кейінгі пайдалану,тұрақты және уақытша пайдалану.
Суды жалпы пайдалану құқығы адамның табиғи құқығы болып табылады және одан ажыратуға тыйым салынады.Арнай су пайдалану құқығы ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген рұқсат немесе лицензия негізінде пайда болады.Жалпы су пайдалануға арнайы рұқсат қажет етілмейді.Жалпы су пайдалану құқығына халықтың экалогиялық техникалық санитарлық-эпидемеологиялық қауіпсіздігін қаматасыз ету мақсатында ғана тыйым салынуы мүмкін.Жалпы жер пайдаланудың шарттары мен ережелері жергілікті өкілді органмен бекітіледі.
Бірлескен су пайдалану құқығы су обьектілерін екі несе одан да көп жеке және заңды тұлғалардың пайдалуануы нәтижесінде туындайды.
Алғашқы су обьектілерін пайдалану дегеніміз-жек және заңды тұлғалардың өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су обектілерін пайдалануы немесе киінгі су пайдланушыларға беруі.
Кейінгі су пайдалану дегеніміз-алғашқы су пайдаланушылармен шарт негізінде су обьектілерін пайдалануға алатын жеке және заңды тұлғалардың суды пайдалануы. ҚР Су кодексінің 64-70 баптарына сәйкес жалпы су пайдалану тұрақты болып табылады.
Су пайдаланушылардың құқықтары:
ҚР Су заңнамасында көзделген талаптармен шарттарды сақтай отырып су обьектілерін пайдалануға;
өздеріне берілген пайдалану құқығы негізінде су обьектілерін өз қалауынша алайда өзге тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерін бұзуға,су обьектілеріне және қоршаған ортаға зиян келтірмей пайдалануға құқылы;
ҚР заңнамаларымен белгіленген тәртіппен су қоры жерілерін пайдалануға;
бірлестіктер,ассосациялар және өзге де су пайдаланушылардың коммерциялық емес ұйымдарын құруға;
су шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін ҚР заңнамасында көзделген тіәтіппен су обьектілерінің жай-күйі туралы ақпарат алуға;
өзінің су пайдалану құқығын қорғауға;
ҚР заңнамаларында көзделген су қорын қорғау және пайдалану аясындағы өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Су пайдаланушылардың міндеттері:
суды үнемдеу шараларын сақтауға;
су обьектілеріне және су шаруашылық құрылыстарына күтіммен қарауға және оларға келуі мүмкін зардаптың алдын алуға;
су пайдалану режимімен лимитін сақтауға;
өзге табиғат пайдаланушылармен су ресурстарын пайдаланушылардың құқықтарымен заңды мүдделерін бұзбауға;
суды қорғау іс шараларын жүргізуге;
арнайы су пайдалану рұқсатында немесе лицензиясында айқындалған талаптарға сай тиісті мерзімде толық көлемде пайдалануға;
белгіленген нормалардан көп қауіпті қалдықтарды шығармауға;
мемелекеттік органдарға дұрыс әрі толық су пайдалану жағадйы туралы ақпарат беріп тұруға;
су обьектілерімен су шаруашылық құрылыстарында өндірістік қауіпсіздікті сақатауға;
су обьектілерімен су шаруашылық құрылыстарында жеке және заңды тұлғалардың қауіпсізідігін қамтамасыз етуге;
су пайдалану төлемдерін уақытылы төлеуге. (ҚР ЖК 71,72 баптары)
4. Суды қорғау және пайдаланудың экалогиялық талаптары.ҚР жаңа экалогиялық заңнама су обьектілерін және су құрылыстарын әсер ететін кәсіпорындармен басқа құрылыстарды салу реканстукциялау,пайдалану,жою қоршаған ортаны қорғау су қорын пайдалану және қорғау өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекетік органдардың оң қортындылары болған кезде жүзеге асады.Су обьектілерінің жай-күйіне кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды орналастыру қоршаған ортны қорғаудың,санитарлық эпидемиологиялық,өнеркәсіптік қауіпсіздікті,су ресурстарын молайту және ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерін сақтай отырып,сондай-ақ аталған обьектілер қызметінің экалогиялық саладары ескеріле отырып жүргізіледі.Осыған орай су обьектілеріне және су құрылыстарына әсер ететін кәсіпорындармен басқа құрылыстарды салу процедурасы белгіленген.Тиісті кәсіпорындар мен құрылыстарды салу тиісті жобалау құжатын тапсырғаннан кейін бір айдың ішінде мемлекеттік уәкілеттік органның рұқсатымен жүзеге асырылады.Мемлекеттік органдардың рұқсатын алғаннан кейін аталған жобалау құжаты мемлекеттік жобалау экспиртизасы мен мемлекеттік экалогиялық экспиртизадан өтеді.
Су обьектілеріндегі жұмыстар қоршаған ортамен халықтың денсаулығына кері әсерін тигізбейтін техналогиялар арқылы жүзеге асырылуы тиіс.Сарқынды суды жинақтаушысы бар табиғат пайдаланушылар оның қоршаған ортаға әсерін болғызбайтын қажетті шаралар қабылдауға,сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғанна кейін осы жинақтаушылар орналасқан жердің қайта өңделуін жүзеге асыруға міндетті.Табиғат пайдаланушы ластанушы заттардың сарқынды суда белгіленген шоғырлану нормативтерін асыра немесе сарқынды судың құрамына экалогиялық рұқсатта көзделмеген жаңа заттарды қоса алмайды.Аталған талаптар бұзылған кезде сарқынды суларды ағызып жіберу тоқтатылуға тиіс және ағызылған суда бетон және металды бүлдіріп бұзатын заттар болмауы керек.Ағызылған судың температурасы отыз градустан аспауы тиіс.Сарқынды суды олардың тазалану деңгейіне қарамастан орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздеріндегі курорттардағы,суға түсуге арналған жерлердегі су айдындарына ағызып жіберуге жол берілмейді.
5.Су обьектілерін қорғау және олардың ластануының алдын алу шаралары.Су обьектілерінің сапасын төмендететін және оларды пайдалануын шектейтін зиянды заттардың су обьектілеріне түсуі судың ластану болып табылады.
Су обьектілерін қорғау :
-экалогиялық жүйенің тұрақтылығын бұзудың;
-тұрғын халықтың өмірімен денсаулығына зиян келтірудің;
-балықтармен өзге де су жануарларының азаюының;
-сумен қамтамасыз ету талаптарының бұзылуының
-су обьектілерін пайдалану және тазарту мүмкіндіктерінің төмендеуінің;
-су обьектілерінің гидрологиялық және гидрогеологиялық режимін бұзудың;
-су обьектілерінің физикалық,химиялық және биологиялық құрамын бұзудың алдын алу арқылы жүзеге асырылады.
Су обьектілерін қорғау тәсілдері:
-барлық су пайдаланушыларға ортақ су обьектілерін қорғау талаптарын белгілеу;
-шаруашылық қызметтің ерекше түрлеріне арнайы талаптар белгілеу;
-техникалық,экалогиялық, эпидемиологиялық қауіпсіз техналогияларын қолдану іс шараларын қабылдау;
-су обьектілерін пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу;
-су обьектілерін қорғау жөніндегі талаптарды бұзушылық үшін жаупкершілік белгілеу.
Су обьектілерін ластанудан қорғау мақстанда:
-су обьектілерінде улы химиялық тыңайтқыштарды қолдануға;
-су обьектілерінде радиактивті қалдықтарды тастауға немесе сақтауға;
-тиісті тазалау нормативтеріне сәйкес келмейтін немесе тазартылмаған өндірістік тұтыну қалдықтарын су обьектілеріне тастауға;
-су обьектілерінде ядролық және өзгеде жарылыс құралдарымен жұмыс жүргізуге;
-қоршаған ортамен халықтың денсаулығына қауіп төндіретін техналогияларды қолдануға тыйым салынады.(ҚР СК 113-бап)
Дәріс-6. Халықаралық экологиялық құқық
Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі
Халықаралық экологиялық құқықтың пәні
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көзі
Халықаралық экологиялық ұйымдар
1. Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі
Адамдардың табиғаттқа барған сайын тигізер әсері соншалық, қоршаған ортаны қорғау мәселесі адмадардың өмірін де сақтаумен байланысты болып отыр. Осыған байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық және құқықтық тәсілдерді пайдалана отырып экологиялық мәселені шешу басты сауал болып отыр.
Экологиялық мәселелерді шешу тек бір ғана мемлекеттің немесе елдің қарастыруымен шектелмейді, олар бүкіл әлемдік сипатқа ие. Әлемдік экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі халықаралық ұйымдарға бірігу, халықаралық қарым-қатынсты дамытумен тығыз байланысты.
Қоршаған ортаны қоғауға байланысты әлемдік тұрғыдан табиғатты қорғау барынша көп мемлекеттердің өзара тығыз қатынас орнатпайынша мүмкін емес. Табиғат баршаға ортақ, оның заңы жалпыға тән. Ол мемлекеттік немесе әкімшілік территориялық шектеуді білмейді. Ұлттық тұрғыдан табиғатты қорғауға байланысты іс әректтер жасау сонымен қатар басқа да ұлттар мен халықтардың іс-әрекеттерімен үндес болуы керек.
Әлемдік қоғамдастық табиғатты қорғауға байланысты үлкен үлес қосады, өз үлесін сонымен бірге Қазақстан Республикасы да қосуда. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай делінген: жалпыға тән халықаралық нормалар мен қағидалардың, халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады делінген.
Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болып табылады. Қазақстан қоршаған ортаны қорғау аясында табиғатты қорғау мәселелері бойынша басқа мемлекеттермен белсенді өзара әрекеттер жасауда. Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесі ретінде Қазақстан табиғатты қорғауға байланысты басқа да мемлекеттермен бірігіп нәтижелі әрекеттер жасауда. Қазақстан 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының “Дүниежүзілік конференцияларды тұрақты дамыту” жөніндегі Рио-де – Жанейро декларациясына қол қойды. Ол декларацияда қоршаған ортаны қорғау және дамыту мәселесі, оның ішінде табиғаты тез бұзылуға тән мемлекеттер қарастырылған. Бұл мемлекеттер әлемдік тұрғыдан экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі қорғауды қажет етеді.
2004-2015 экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында белгіленгендей, Қазақстанның табиғаты шөлді, шөлейтті болып келеді. Қалыптасқан жағдай бойынша экономикаға көңіл бөлу бір жағынан табиғатқа өзінің жағымсыз әсерін тигізетіні сөзсіз.Тұжырымдамада ұлттық және локальдік проблемалардан басқа да глобальді мәселелер қарастырылған. Міне осы мәселелерді шешу үшін халықаралық қатнасты дамыту қажеттігі өз-өзінен түсінікті.
1992 жылы бекітілген Рио-де – Жанейро декларациясында тұрақты дамудың принциптерінің негізгі бағыттары ретінде:
Халықаралық келсімдердің прақтикалық тұрғыда жүзеге асуы;
Қоршаған табиғи ортаны бағалаудың сапасы мен бақылаудың жалпыға ортақ әдісін, критерин және процедурасын шығару;
Экологиялық зерттеуді барынша жетілдіру;
Экологиялық мәселелерді шешу кезінде халықаралық тәжірбиелерді қолдану;
Экологиялық бағадарламалар мен тұжырымдамаларды қаржыландырудың халықаралық ұйымдардан қаржы тарту болып табылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатнастарды барынша дамыту үшін қабылданатын барлық бағдарламалар мен түжырымдарда халықаралық қарым-қатынас мәселелерін алдыға қойған жөн. Осы айтылғандардардың барлығы тағыда халықаралық тұрғыда қоршаған табиғи ортаны қарғау қажеттігін көрсетеді. Халықаралық әріптестіктің қалыптасып серпінді дамыған бағыты болып – қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғау болып табылады.
Сонымен халықаралық экологиялық құқық дегеніміз – субъектілердің қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалану және оны қорғауға байланысты қоғамдық қатнастарды реттейтін халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
