Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус для интерна каз (ИиР 3)2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Интерндерді дайындау тәртібі:

Интерннің теориялық дайындығы:

Аптасына 2 күн - семинар (дискуссиялар, милық шабуыл, кейс-стади, жұптасып жұмыс істеу, брейн-ринг, рольдық ойындар және т.б. ) – нақты әдістерді таңдау оқытушының қалауы бойынша оқушылардың когнитивтік қабілетіне байланысты. Семинар интерннің тақырып бойынша жасаған өзіндік жұмысы (мақалаларды қарастыру, хабарлама), тесттік тапсырмаларды орындау немесе ситуациялық есептерді шешу арқылы бағаланады. (чек-парағы).

Аптасына 2 күн - науқасты тақырыптық/клиникалық талдау (тақырыптық талдауда клиникалық жағдайға презентация дайындау немесе сырқатнаманы патологоанатомиялық конференцияда талдау жүргізу) - (чек-парағы)

Аптасына 1 рет –оқыту конференциясы (кафедра жоспары бойынша)

  1. 2 аптада 1 рет - медициналық құжаттарды жүргізудің сапалық бағасы (чек-парағы )

Айына 2 рет – стационардың қабылдау бөлімшесінде дәрігер көмекшісі ретінде кезекшілікке қалу және таңғы конференцияда баяндау (чек-парағы )

Оқытушының басқаруымен интерндердің тәжірибелік дағдылары:

Дәрігер-интерннің терапиялық бөлімшесіндегі жұмысы– курация, медициналық құжаттарды жүргізу, реанимация және қарқынды терапия, қабылдау бөлімшесінде, функциональды диагностика бөлімшесіндегі арнайы кабинеттерде жұмыс істеу

  • Профессор және доцент қатысуымен науқасты клиникалық талдауға, консилиумға қатысу;

  • Кафедра меңгерушісі, профессор немесе доцент қатысуымен науқастарды тексеруге дайындауға қатысу;

  • Оқытушының бақылауымен тәжірибелік дағдыларды жетілдіре білуі;

  • Ғылыми- тәжірибелік, паталогоанатомиялық конференцияларға қатысу;

  • Таңғы дәрігерлік конференцияға қатысу;

  • Дәрігерлік конференцияға тақырыптық баяндама дайындау;

  • Дәрігерге жүктелген санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу (модульде 1-2 сұхбаттасу, дәріс, ақпарат парағы, 1 санбюллетень)

  • Тәжірибелік машықтар орталығында дағдыларын ұштау

Іс-сапар тәжірибесі – 12 апта

4. Тақырыптық жоспар және тәжірибелік сабақтардың мазмұны «Кардиология. Ревматология*» модульі

№

Тақырып

Мазмұны

Оқыту әдісі

Сағат

1

2

3

4

5

1 Блок

Кардиология

1.

Артериальдық гипертензия.

Артериальдық гипертензияның емі. Егде және қарт жастағы науқстарды ЖҚЖ патологиясымен жүргізу ерекшеліктері.

Артериальдық гипертензия. АҚҚ қөтерілу механизмдері. АГ гемодинамикалық салдары. Жіктелуі. Жүрек-қан-тамырлық қауіптің стратификациясы.Нысана мүшелердің зақымдануы. Емдеу принциптері. Өмір сүруінің өзгеруі. Балаларда және жасөспірімдердегі АГ. АҚ өлшеу ережесі. Балалардағы және жасөспірімдердегі АГ жүргізу принциптері. Нысана ағзалардың зақымдалуы: жүрек, көру ағзасы, бүйрек, ОНЖ.Дифференциальды диагностика. Біріншілік және екіншілік ағарту. ЖБМҚЖ, миакард инфарты және т.б.әртүрлі асқынулары бар науқастардағы АГ ағымының ерекшеліктері. Қатерлі гипертензия синдромы.

Дәлелді медицина тұрғысынан заманауи емдеу бағыты. Медикаментозды моно-және комбинирленген терапия. Бета-адреноблокатормен, диуретикамен, кальции антагонистерімен, АПФ ингибиторымен, ангиотензин II рецепторының антоганистерімен, тікелей вазодилятаторымен, вазоактивті простагландиндермен және простациклин синтезенің стимуляторымен емдеу. Гипотензивті дәрілік заттарды заманауи қолдану тактикасы. Сол қарынша миокард гипертрофисына гиротензивті препараттардың әсері. Асқынған артериялық гипертензиясы бар жүкті әйелдердеге гипотензивті терапияның әсер ету ерекшелігі.

Гипертонилық криздің жіктелуі. Гипертониялық кризді басатын препараттар. Науқастағы криздің даму ерекшелігіне байланысты препараттарды таңдап тағайындау. Артериялық қысымның төмендеу ережелері.Асқынудың алдын алу. Асқынған гипертониялық криз. Асқыну диагностикасы.Жедел бас-ми қан айналымының бұзылысы, мидың ісінуі, аорта аневризмасы, эклампсия, жедел бүйрек жетіспеушілігі.

Егде жастағы артериальды гипертензия. АҚ-ның нысаналық деңгейі. АГ мен қант диабеті, АГ мен цереброваскулярлы патология, АГ мен бронх демікпесі, АГ мен СЖЖ қосарланған кездегі аурудың ағым ерекшеліктері. Жүрек қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды кардиологиялық емес операцияларға дайындау ерекшеліктері.

Семинар**. Тақырыптық талдау

15

2.

ЖИА. Тұрақты күштемелі стенокардия. ЖИА емі.

ЖИА жіктелуі. Күштемелі стенокардияны функциональды класстарға бөлу критериилері.Дифференциальды диагностикасы.Вариантты стенокардия. Миокардтың ауру сезімсіз ишемиясы. Микротамырлы стенокардия (Х синдром). Жуйелі шектелген физикалық жүктемені, ауры сезімін басатын, тромболитикалық, антикогулянттық препараттарды, дезагреганттарды қолдану. Тромболитиктердің жіктелуі,оларды қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, асқынулар. Антикоагулянттардың әсер ету механизмі, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, лабораториялық бақылау түрлері, жанама әсерлері. Антиагреганттардың жіктелуі,оларды қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері. Заманауи инвазивті емдеу әдістері (баллонды ангиопластика, стенттеу, аортокоронарлы шунттау).

Тақырыптық талдау

5

3.

Жедел коронарлы синдром (ЖКС)

ЖКС анықтамасы, жіктелуі, патогенезі. Атеросклероздық табақшаның дестабилизациясы мен коронарлы артерияларда тромб дамуының механизмі. Салыстырмалы диагностикасы. Миокард зақымдануы кезінде биохимиялық маркерлердің маңызы: тропонин Т және I, миоглобин, креатинфосфокиназаның МВ-фракциясының ЖКС диагностикасындағы маңызы. Дәлелді медицина тұрғысынан заманауи емдеу бағыты. Дәрігерлік тактика, емі мен асқынулардың алдын алу. Ангинозды статус кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде және ауруханада көрсетілетін жедел көмек.

Тақырыптық талдау

Семинар**

10

4.

Миокард инфаркты.

Миокард инфарктының асқынулары.

Q тісшесімен миокард инфаркты. Клиникалық варианттары. Топикалық ЭКГ- диагностикасы. Заманауи биохимиялық диагностика. Q тісшесімен инфаркт кезіндегі эхокардиографияның ролі. Медикаментозды емі. Фибринолитикалық терапия жүргізудің заманауи әдістері.

Миокард инфарктының асқынулары. Жіктелуі. Диагностикалық критерийлері және ырғақ пен өткізгіштік бүзылысы, кардиогенді шок, өкпе ісінуі, тромбоэмболиялық асқынулар, перикардит, Дресслер синдромы, ерте инфаркттан кейінгі стенокардия, жүрек аневризмасы кезіндегі емдік тактика. Дәлелді медицина тұрғысынан заманауи емдеу бағыты. Кардиогенді шок, жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушіліктің (өкпе ісінуі) диагностикасы және көрсетілетін жедел көмек.

Тақырыптық талдау

Семинар

ҒТК

10

5.

Аритмия,

клиникасы

Ритм және өткізгіштігінің бұзылысының заманауи жіктелуі. Аритмияның электрофизиологиялық механизм. Қарыншалық, жүрекшелік тахикардия, атриовентикулярлы және қарынша ішілік блокаданың клинико-диагностикалық және дифференциальды-диагностикалық критерилері. Антиаритмиялық дәрілердің заманауи жіктемесі. Аритмияның медикаментозды емі. Дәлелді медицина тұрғысынан заманауи емдеу бағыты. Синкопальды жағдай, аритмия және ритмнің пароксизмальды бұзылысы кезіндегі жедел көмек. Электроимпульсті (ЭИТ) терапия жүргізуге көрсеткіш және қарсы көрсеткіштер. (ЭИТ). Электрлі кардиоверсия жүргізуге дайындық. Тахиаритмияның хирургиялық емі.

Тақырыптық талдау

Семинар**

10

6.

Миокардиттер

Кардиомиопатия-лар

Миокардиттер. Жіктелуі (этиологиялық, патогенетикалық). Клинико-диагностикалық және дифференциалды-диагностикалық критерийлері. Асқынулары. Емі. Болжамы.

Кардиомиопатия. Кардиомиопатия түрлерінің дамуына заманауи көзқарас. Заманауи жіктелуі. Дилатационды кардиомиопатия. Гипертрофиялық кардиомиопатия. Рестриктивті кардиомиопатия. Кардиомиопатияның әр түрлі варианттарына дифференциалды эхокардиографиялық диагностика жүргізу. Асқынуы. Заманауи емдеу тактикасы.

Семинар

5

7.

Инфекциялық эндокардит.

Перикардиттер.

Инфекциялық эндокардит. Диагностикалық критерийлері және емдеу тактикасы. Жеделдеу септикалық эндокардиттің клиникалық көріністері. Жедел бактериялы инфекциялық эндокардиті. Протезделген клапанның эндокардиті. Лабораториялық зерттеу. Емі. Антибактериалды терапияның негізгі принциптері. Қоздырғышы белгісіз аурулурды емдеу терапиясы. Этиологиясына байланысты антибактериалды терапия. Емделгендер критерийлері. Рецидивтерді емдеу.

Перикардиттер. Диагностикалық критерийлері. Жіктелуі. Жедел перикардит. Перикардтағы сұйықтық. Жүрек тампонадасы. Инфарктан кейінгі зақымдану синдромы. Перикардтағы созылмалы сұйықтық. Перикард кистасы. Дифференцияцияланған емдеу (этиологиялық факторлардың әрсер етуіне; СЕҚҚ қарсы және глюкокортикоидты препараттарымен емдеу; перикардиалды қуыстың пункциясы).

Тақырыптық талдау

ҒТК

5

8.

Туа пайда болған жүрек ақаулары

Жүре пайда болған жүрек ақаулары.

Туа пайда болған жүрек ақаулары. Патологиялық тұқым қуалаушылық және анасының инфекциялық аурулармен ауырғандығының патогенезіндегі маңыздылығы.

Классификация: ақау ерте цианозбен – «көк ақаулар», кеш цианозбен, цанозсыз. Қанның солдан оңға айдалуының ақауы (ашық артериалды өзек, жүрекшелік және қарынша аралық қалқаның жетіспеушілігі). Симптоматология, ауырлық ағымы, дифференциалды диагностика, хирургиялық емге көрсеткіштері. Аорта коарктациясы . Симптоматология, ағымы. Дифференциалды диагностика. Хирургиялық емге көрсеткіштері.

Жүре пайда болған жүрек ақаулары. Жіктелуі. Жүрек ақауларының ревматикалық және ревматикалық емес түрлерінің клинико-диагностикалық және дифференциалды-диагностикалық критерилері. Жүрек қақапақшаларының әртүрлі ақауларының эхокардиографиялық критерийлері. Асқынулары. Емі. Жүрек ақаулары бар жүкті әйелдерді жүргізу тактикасы. Науқастарды жүрек қақапақшаларының протезге дейінгі және кейінгі уақыттарда жүргізу тактикасы.

Тақырыптық талдау

Семинар**

ҒТК

15

9.

Жедел жүрек жетіспеушілігі

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ)

Жедел жүрек жетіспеушілігі. Жіктелуі. Жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілік: себебі, диагностикалық критерийлері, салыстырмалы диагностикасы, жедел көмек. Жедел оң жақ қарыншалық жетіспеушілік: себебі, диагностикалық критерийлері, салыстырмалы диагностикасы, жедел көмек.

Жіктелуі. Сол жақ қарыншалық және оң жақ қарыншалық жетіспеушіліктің көріністері. Зерттеудің аспаптық әдістері. Клинико-диагностикалық және салыстырмалы диагностикалық критериилері. Медикаментозды емес (өмір салтын ауыстыру, жектелген физикалық жүктеме, емдәм) және медикаментозды (ААФ ингибиторлары, зәр айдағыштар, жүрек гликозидтері, бета-блокаторлар).

Тақырыптық талдау

Семинар

ҒТК

15

10.

Медициналық құжаттарды рәсімдеу және жүргізу сапасының сараптамасы

МҚЖСБ

15

21 күн

105