Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус для интерна каз (ИиР 3)2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

7. Аймақтық тәжірибеде талқыланатын тақырыпттар:

№

Темы

Содержание

1

Тамақтану сұрақтары

Ас қорыту жүйесінің мүшелерінің ауруларын медикаментозды емес емнің негізгі принциптері. Рациональді тамақтанудың негізі. Тамақтанудың сипатын бағалау. Емдәмдік үстелдер. Жасанды және парентеральді тағамтанудың қоспалары (препараттары), оған көрсеткіштер. Гипо және гипервитаминоз, микроэлементоздың диагностикасы.

2

Анемиялар. ТТА, В-12-тапшылықты анемия. Созылмалы ауруларда анемиялық синдром

Анемиялардың этиология және патогенезі. Анемияның маңызды патогенетикалық вариантын анықтау, нақты науқастағы анемияның негізінде жататын аурудың диагностикалық ізденісі.

Теміртапшылықты анемия. Темірдің тәуіліктік қажеттілігі. Темірдің сіңуі. Сидеропениялық және анемиялық синдромының клиника-лабораторлы диагностикасы. Жас өспірімдерде, жүкті әйелдерде және егде адамдардағы ТТА ерекшеліктері. Емі. Темір препараттардың сипаттамасы. Темір препараттарының пероральді және парентеральді қолданылудың көрсеткіштері. Гемотрансфузияларға көрсеткіш. Емдеудің бақылауы.

Қан түзудегі В- 12 витаминнің ролі. Патогенезінде аутоиммунды механизмнің маңыздылығы. Негізгі клиникалық синдромдар. Лабораторлы - аспаптық диагностикасы. Мегалобластты анемиялардың диагностикасында миелограмманың маңызы. Фолий – тапшылықты , гипопластикалық анемиялармен , жедел лейкозбен салыстырмалы диагностикасы. Емі (оксикобаламин, цианокобаламин).

Онкологиялық науқастардағы қан жүйесінің функционалды жағдайының ерекшеліктері. Бауыр патологиясында, алкоголизм, бүйрек патологиясында, созылмалы қабынуларда (ревматикалық ауруларда), жұқпалы ауруларда, АИВ кезіндегі қан жүйесінің функционалды жағдайының ерекшеліктері. СБЖ-гі анемия және оның емі.

3

Кардиологиядағы зерттеу әдістері

Кардиологиядағы заманауи аспаптық зерттеу әдістері: электрокардиография; тәуліктік мониторлы ЭКГ жүргізу және тәуліктік АҚ мониторлауды жүргізу мақсаты мен принциптері (СМАД). Өңеш арқылы жүрекке электрлік стимуляция жүргізуге көрсеткіштер мен принциптері. (ЧПЭС). Тредмил-тест және велоэргометрияны қолдануға көрсеткіштер мен критерийлерін бағалау.

4

ЖИА. Тұрақты күштемелі стенокардия. ЖИА емі.

ЖИА жіктелуі. Күштемелі стенокардияны функциональды класстарға бөлу критериилері.дифференциальды диагностикасы.Вариантты стенокардия. Миокардтың ауру сезімсіз ишемиясы.. Микротамырлы стенокардия (Х синдром). Жуйелі шектелген физикалық жүктемені, ауры сезімін басатын, тромболитикалық, антикогулянттық препараттарды, дезагреганттарды қолдану. Тромболитиктердің жіктелуі,оларды қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, асқынулар. Антикоагулянттардың әсер ету механизмі, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, лабораториялық бақылау түрлері, жанама әсерлері. Антиагреганттардың жіктелуі,оларды қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері. Заманауи инвазивті емдеу әдістері (баллонды ангиопластика, стенттеу, аортокоронарлы шунттау).

5

Остеоартроз. Остеопороз

Біріншілік және екіншілік остеоартроз, клиникалық және рентгенологиялық жіктелуі. Жіктелулік және диагностикалық критерилері. Емі: медикаментозды емес (уйрету, режим, физикалық активтілік) және медикаментозды (тез және баяу әсер ететін симптоматикалық дәрілік заттар). Остеоартрит салдарына баға беру. Хирургиялық емге көрсеткіштер.

Остеопороз – эпидемиологиясы, диагностикасы, біріншілік және екіншілік алдын алуы, емі, ем нәтижесіне баға беру, остеопороз еміне және алдын алуына арналған препараттар.

Науқастарды реабилитациялау әдістері мен құралдары. Буындарды эндопротездеу және басқа да ем түрлері. Ортопедиялық көмек және реабилитация

6

Бронхиттер. ЖРВИ

ЖРВИ және ЖРА: риниттер,фарингиттер, ларингиттер, трахеит және бронхит.Созылмалы бронхиттер. Этиопатогенез,бронхиалды аппаратың морфологиялық өзгерісі. Терапия қағидаттары, диагностикасы. Антибиотиктер тағайындауға көрсеткіштер. Трахеобронхиалды дискинезиямен бронхтардың туберкулезімен, бронхтардың ісігімен, бронхоэктатикалық аурумен бронхиалды ұстамамен салыстырмалы диагностика. Біріншілік және екіншілік алдын алу қағидаттары.

7

Біріншілік және екіншілік иммунодефицитті жағдайлар

Біріншілік иммунодефициттер: Брутон ауруы (Х-тізбектелген агаммаглобулинемия), Жалпы вариабельді иммунодефицит, IgA, IgG субкластарының селективті дефициті, SYK дефициті, иммуноглобулиннің ауыр m-тізбектің дефектісі, ауыр комбинирленген иммунодефицит, DiGeorge синдромы, ADA және PNP дефициті, тайыз (лысых) лимфоциттердің синдромы, Вискотт-Олдрич синдромы, гипер-IgM-синдромы, созылмалы тері-кілегейлі кандидоз, созылмалы гранулематозды ауру, лейкоциттердің адгезияларының дефектісі, Chediak Higashi, Gricelli синдромы, Иова синдромы, циклді нейтропения), комплемент жүйесінің дефициті. Екіншілік иммунодефицитті жағдайлар: физиологиялық, ситуациялық-негізделген, сәулелі терапиядан және химитерапиядан кейін. Иммунореабилитация қағидаттары. Иммуномодуляциялық дәрілердің класстары

8

Қант даибеті. Этиопатогенез және клиника.

Этиология, патогенез, классификация (БҰО, 1999 ж.) және қант диабетінің 1 және 2 түрінің дифференциально-диагностикалық критерийлері. Таралуы. Қант диабеті кезіндегі метоболикалық бұзылыстары. Қант дибетінің асқынулары. Диабетикалық нейропатия, ретинопатия, нефропатия. Диагностика. Қант диабетінің екіншілік формалары. (Эндокринопатияда, дәрі-дәрмектік және т.б.)

9

Ішкі ағзалар аурулары кезіндегі бүйректің екіншілік зақымданулары

Нефротикалық синдром. Амилоидоз

Вторичные поражения почек при заболеваниях внутеренних органов: гипертоническая нефропатия и Ішкі ағзалар аурулары кезіндегі бүйректің екіншілік зақымданулары: гипертониялық нефропатия және нефроангиосклероз, диабетикалық, подагралық, паранеопластикалық нефропатия. Кәрілік кездегі бүйрек (инвалютивті өзгеріс), бүйректің қан тамырлық зақымданулары, бүйрек аурулары ағымының ерекшеліктері, емдеу принциптері.

Нефротикалық синдром. Классификация. Екіншілік амилоидоз кезіндегі ерекшеліктер, парапротеинемиялық және қатерлі ісіктер, инфекционды эндокардит кезіндегі ерекшеліктер. Диагностика. Ағымының варианттары. Нефротикалық синдромның асқынулары. Болжамы. Емдеу тактикасы: тәртібі, этиологиялық емдеу, диета, патогенетикалық емдеу, диуретикалық терапия, нефротикалық криздің емі. Нефропротективті терапия.

Жедел және созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит: дәрілік, инфекциялық, идопатиялық, ісіктер кезінде, ауыр металдар интоксикациясы.

АЙМАҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕ БАРЛЫҚ САҒАТ САНЫ – 225 САҒАТ*

*№ 8 29.08.13 ж. ректордың бұйрығына сәйкес ИОБӨЖ сағат көлемінің 50% региондағы іс-сапарға және 50% кафедраға бөлінген.