Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус для интерна каз (ИиР 3)2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

9. Интерннің өзіндік жұмысы

Сабақ уақытындағы дәрігер –интерннің өзіндік жұмысы:

  • Функциональды диагностика бөлімшесіндегі арнайы кабинеттерде жұмыс істеу

  • Кафедра меңгерушісі, профессор немесе доцент қатысуымен науқастарды тексеруге дайындауға қатысу;

  • Дәрігерлік конференцияға тақырыптық баяндама дайындау;

  • Медициналық құжатарға кіріспе;

  • Дәрігерге жүктелген санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу

  • кафедраның ИҒҮ қатысу, ғылыми конференцияға қатысу

  • Терапевттердің ассоциациясына,ғылыми-практикалық конференцияға,симпозиумға және т.б. жұмыстарға қатысу

  • Тәжірибелік машықтар орталығында симуляциондық сценарийлер бойынша тәжірибелік машықтарын ұштау

Дәрігер интерннің сабақтан тыс өзіндік бағдарламалары:

  • Арнайы медициналық әдебиеттерді оқу

  • Интернет - яғни медициналық порталдарда жұмыс істеу

  • Медициналық статистика мен есеп беруді оқып үйрену

  • Персональды компьютермен жұмыс істеу дағдыларын үйрену

Дәрігер интерннің сабақтан тыс өзіндік жұмысы бағаланады:

1. «Аналитикалык матрица» - ны топтық түрде орындау – проект 1 семестр аралығында орындалады. Ол қорытынды аттестация алдында қорғалады.

2. Жеке тапсырма – әрбір блоктың кез келген тақырыбына әрбір интерн қалауы бойынша 1 медициналық симуляцияның сценарийі (есеп) құрастыру. ЭКГ циклында берілген тақырыптар бойынша ЭКГ суретін және оның сараптамасын беру.

3. Аймақтық тәжірибеде - бір санитарлық ағарту жұмысы .

4. Бір нозология бойынша медициналық көмек сапасының мақсаттық сараптамасы (МКСМС) – аймақтық тәжірибеде жасалынып, кафедрада іс сапардан келгеннен кейін қорғалады және бағаланады.

10. Ішкі аурулар бойынша интерндердің өзіндік жұмысының (иөж) календарлық-тақырыптық жоспары

ИӨЖ тақырыбы

Жүргізу түрі

Оқу сағатының көлемі

Топтық проект «Аналитикалық матрица»

Презентацияны дайындау және сараптау, «аналитикалық матрицаны» қорғау, матрица өнімін жасау

80

Бір нозология бойынша медициналық көмектің сапасының мақсатты сараптамасы**

Сырқатнаманың сараптамасы, сараптама бойынша есеп құрастыру, мәселенің шешім жолдарын беру

50

Санитарлық-ағарту жұмысы

Әңгімелесу, дәрістер, ақпараттық парақ, санбюллетень дайындау

50

Пульмонология

  1. Пневмониялар.Пневмониялардың асқынулары. Өкпенің іріңдік аурулары.

  2. ӨСОА.

  3. Өкпенің диссеменирленген аурулары (саркоидоз, фиброзды альвеолит, пневмокоиоздар, пневмомикоздар және басқалары).

  4. Тыныс жетіспеушілігі. Жедел және созылмалы өкпелік жүрек.

1. Сабаққа дайындық (арнайы әдебиеттерді оқу, электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішінде ғаламтор порталдарымен жұмыс жасау.

2. Блоктың кез келген бір тақырыбына интерннің қалауы бойынша симуляциялық есеп, диагностикалау немесе емдеу алгоритмін құрастыру.

50

Кардиология

  1. Артериальды гипертензия. Емі. Егде және қарт жастағы ЖҚЖ патологиясымен науқастарды жүргізу ерекшеліктері.

  2. Жедел коронарлық синдром. Миокард инфаркты. Миокард инфарктының асқынулары.

  3. Аритмиялар, клиникасы, емі.

  4. Миокардиттер. Кардиомиопатиялар. Инфекциялық эндокардит. Перикардиттер.

  5. Туа және жүре райда болған жүрек ақаулары.

  6. Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі.

1. Сабаққа дайындық (арнайы әдебиеттерді оқу, электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішінде ғаламтор порталдарымен жұмыс жасау.

2. Блоктың кез келген бір тақырыбына интерннің қалауы бойынша симуляциялық есеп, диагностикалау немесе емдеу алгоритмін құрастыру.

50

Гастроэнтерология

  1. Өңештің аурулары. АІЖ ауруларының негізгі синдромдары.

  2. Созылмалы гастриттер, дуодениттер. Жаралы емес асқазан диспепсиялары. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы.

  3. Өт қабының дискинезиясы, созылмалы холецистит, өт тас ауруы. Созылмалы панкреатит.

  4. Арнайы емес жаралы колит. Крон ауруы. Жаралы емес ішек диспепсиялары.

  5. Вирустық гепатиттер және бауырдың вирустық емес аурулары. Диагностикасы және клиникалық көріністері, емі.

  6. Бауыр циррозы. Бауыр циррозының асқынулары.

1. Сабаққа дайындық (арнайы әдебиеттерді оқу, электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішінде ғаламтор порталдарымен жұмыс жасау.

2. Блоктың кез келген бір тақырыбына интерннің қалауы бойынша симуляциялық есеп, диагностикалау немесе емдеу алгоритмін құрастыру.

40

Гематология

  1. Анемиялар. ТТА, В-12 – тапшылықты анемия. Созылмалы аурулар кезіндегі анемиялық синдром. Апластикалық анемиялар. Цитопениялар. Гемолитикалық анемиялар.

  2. Геморрагиялық синдром. Коагулограмма. Тромбоцитопатиялар және тромбоцитопениялар. ТІШҚҰ-синдромы. Трансфузиологияның негізгі синдромдары.

  3. Гемобластоздар .Жедел лейкоздар.Созылмалы лейкоздар. Парапротеинемиялық гемобластоздар. Лимфоидтық неоплазиялар.

Сабаққа дайындық (арнайы әдебиеттерді оқу, электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішінде ғаламтор порталдарымен жұмыс жасау.

2. Блоктың кез келген бір тақырыбына интерннің қалауы бойынша симуляциялық есеп, диагностикалау немесе емдеу алгоритмін құрастыру

40

Эндокринология

  1. Қант диабеті. Этиопатогенезі және клиникасы. Емі.

Қант диабетіндегі шұғыл жағдайлар.

  1. Қалқанша және қалқанша маңы безінің аурулары.

  2. Семіздік және метаболикалық синдром. Ішкі аурулар клиникасындағы патологиялық климакс.

  3. Гипоталамо-гипофизарлық жүйе және бүйрек үсті безінің аурулары.

1. Сабаққа дайындық (арнайы әдебиеттерді оқу, электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішінде ғаламтор порталдарымен жұмыс жасау.

2. Блоктың кез келген бір тақырыбына интерннің қалауы бойынша симуляциялық есеп, диагностикалау немесе емдеу алгоритмін құрастыру

40

Клиникалық ЭКГ

  1. Қалыпты ЭКГ талдау. ЭКГ элементерін сараптау. Позициялық өзгерістер.

  2. Жүрекшелер мен қарыншалардың гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ.

  3. Синус түйінінің автоматизмінің бұзылысына байланысты аритмиялардың ЭКГ диагностикасы. Белсенді эктопиялық комплекстер мен ырғақтар кезіндегі ЭКГ диагностикасы.

  4. Пассивті эктопиялық комплекстер мен ырғақтар кезіндегі ЭКГ диагностикасы. Жыпылықтау мен діріл.

  5. Бөгемелердің ЭКГ диагностикасы.

  6. Миокард инфарктының ЭКГ диагностикасы.

Әрбір тақырып бойынша ЭКГ таспасын талдау және жазбаша қорытынды беру.

50

ПӘН БОЙЫНША БАРЛЫҚ ИӨЖ САҒАТЫ:

450

Ескерту:

* «Ревматология», «Нефрология», «Аллергология» блоктары сәйкесінше модульдерде оқытылады;

** региондағы іс-сапарда жүргізіледі.