Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 Лекции.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296 Кб
Скачать
☆

5 Тақырып. Сәбилік психикалық жас.

Нәресте жасының жалпы сипаттамасы. Жаңа туған кездегі дағдарыс нәрестеліктің тіршілік сипаты. Нәресте тілінің шығуы және оның сөз қоры. Пренаталдыдан постнаталды балалыққа өту. Шартсыз рефлексткердің негізі, рефлекс атавизмдер. «Жандану кешені ерте нәрестеліктің негізі жаңа құрылымы ретінде. Психикалық дамудағы депривация мәселесі.

Нәресте жасындағы сенсорлық үрдістердің дамуының негізгі заңдылықтары. Қарым – қатынас – нәресте жасының жетекші іс - әрекеті. Сөздің дамуына дайындық сатысы. Белсенді сөздің алғы шартының даму ерекшеліктері / уілдеу, былдырлау/. Алғашқы бірінші жылдың аяғындағы нәрестенің психологиялық ерекшеліктері. Бір жастағы дағдарыс ұғымы. Нәрестенің дамуы барысындағы дара айырмашылықты анықтайтын фактор.

Дүниеге келу бала организімі үшін үлкен өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадан, яғни ана құрсағынан ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын алуан түрлі тітіркендіргіштерге толы ауалы ортаға мүлдем жаңа жағдайға келеді. Яғни бұрынғы тірі жан дәрежесімен ақыл ойылы адам болып өсетін дүниеге келеді. Терінің қатты тітіркенуі мысалы: ине шаңшу дененің қорғаныш тартылысына, бетінің алдыңдағы бір нәрсенің қаралтуы қабағының тиюы, жарықты кенеттен кенетен көбейту көздің жұмылуына себепші болады. Бұл қорғаныш рефлексі деп атайды. Нәресте дүниеге келген алғашқы 3 күн ішінде жарық көзіне қарай басын бұрады. Бұл бағдарлау рефлексі деп атайды. Емізу, бетіне жақындату қарны ашып жатқан баланың іздену реакциясын тудырады.Бала тітіркендіргіш жақа басың бұрып ауызын ашады.Бұл бағдарлау тамақтану рефлексі деп атайды. Жаңа туған балада көптеген реакциялар пайда болады. Бірінші ему реациясы, бала ауызына салған нәрсені сора бастайды. Екінші жармасуреакциясы, алақаны бір нәрсеге тисе ұстап алады. Үшінші итету реакциясы, табанына жаннаса итереді. Жаңа туған нәрестеде әсердің көпшілігіне аяқтарымен қолдарың жөн-жозықсыз қимылдатып қоздырып жауап береді. Өмірінің алғашқы аптасында көру мен естуі жақсы жетіледі. Екі үш айға қарай бала үлкендерге көңіл аудара бастайды. Ересек адам балаға қарағанда, бала жимиып күледі. Бұны жадырау комплексі деп атайды.

Психологтардың пікірі бойынша бала алғашқы айларында өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші жан иесі деп бағалайды. Сондықтан жаңа туған баланың бөтен дүниемен кездескендегі сасқалақтап абыржуы дейді. Психолог Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр етіп жылауы оны ана организімінен бөлінген сәтте болатың қамыға жылауы дейді. Нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді үлкен адам болса организімнің қажетін қанағаттандырады, яғни шомылдырады, тамақтандырады. Үлкен адам баланы қолға алғанда нәресте мәз болып қуанады.Нәрестелік жас (0-1) үлкен адам баланың заттың дүниемен қарым- қатнасы жасауына көмектеседі. Қарым қатнас шеңберіңде сөздің алғы шарттары пайда болып яғни екі айлығында бала былдырап, уілдейді. Бір жасының аяғына қарай сөздерді түсіне бастайды.

Бір жас ішінде бала қимылдап қозғалысы дамыйды және психикалық процесстермен қасиеттерінің қалыптасуы көп болады. Бала мойының ұстаудыды, отыруды, еңбектеуді, тік тұруды бірнеше қадамжасауды үйренеді. 3-4 айлық кезінде жармасу қимылдары пайда болады. Бала өзінің қызықтырған жылтыраған затқа ұмтылады, қолын созады, ұстауға тырысады. Жармасу әрекетімен қатар затты сілкілеу, талқылдату, лақтыру, сияқты қарапайым қимылдарды дамыды. Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігі артады.Қоршаған ортаның өзгерісін бала қайталайды, Мысалы: қол шапалақтау, үлкен кісінің күлгенің қайталау. Нәрестелік шақтың соңына қарай бала үлкендердің іс - әрекетін қайталап еліктеушілік қасиетін көбейтеді. Әдие жасаған әрекеттерімен еліктеу бала ақылының күшті дамып келе жатқаның көрсетеді