- •3 Тақырып. Психология және адам дамуының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
- •4 Тақырып. Психология және адам дамуының қазіргі мәселелері.
- •5 Тақырып. Сәбилік психикалық жас.
- •6 Тақырып. Ерте психикалық жас.
- •7 Тақырып. Мектепке дейінгі психикалық жас.
- •2.Оқушылардың психологиялық дамуының сипаттамасы .
- •3. Бастауыш сынып оқушысының ерікті әрекетер сипатының бірі - зейінділікке дамыту жолдары.
- •4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін
- •4.Қабылдау саласындагы айырмашылықтар және бала бойында дамыту жолдары.
- •5. Бастауыш сынып оқушысының күрделі психикалық ерекшелігі – ес процесі.
- •6.Ойлауды тәрбиелеу - бала психикасын жан жақты дамытудың алғы шарты .
- •8. Қиял – баланың барлық танымдық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс.
- •9 Тақырып. Жас өспірімдік психикалық жас.
- •10 Тақырып Жеткіншектік психикалық жас
- •4. Есею және үлкендердің ісіне талаптану.
- •5. Жеткіншектің құрбыларымен қарым – қатнасы.
- •6. Жеткіншектің оқуы және таным процесінің дамуы.
- •12 Тақырып.Қартаю мен кәрілік кезеңі.
4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін
дамыту және мұғалімнің ролі.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңарту, шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етеді. Қазіргі уақытта барлық салада даму үздіксіз болуы қажет.
Педагогикалық әрекеттегі шығармашылықтың тірегі, мұғалімнің білімділігі. Тек өз пәні ғана емес - жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерген, терең де тиянақты білім иесі ғана оны мақсат керлікпен іске асыра алады, әрине бұл жерде қалыптан тыс ойлай алу қабілетінің рөлі жоғары.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қызметінде қазақ тілі сабағындағы шығармашылық тапсырмаларды алатын орны ерекше. Олардың мақсаты - оқушылардың тақырыпты меңгеріп, қабылдауын қалыптастыру. Шығармашылық тапсырмаларды барлығы бір мақсатта жүзеге асырылады: ол оқушылардың шығармашылық жұмысы негізінде қоршаған дүниедегі құбылыстарды қабылдау дағдысын қалыптастыруға көмектесу болып табылады.
Мектепте әрбір сабақ өзіндік ерекшеліктерімен өлшенеді. Оқушыларға әрбір сабақты сапалы әрі саналы меңгерту үшін оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізудің мәні зор. Материалды толық меңгертіп, пәрменді тәрбие беру мұғалімнің ынта-ықыласына тіпті қабілетіне байланысты. Қазіргі кезде сабақты оқушыларға тек оқулық көлемінде ғана білім беріп, бірізділікпен оқытылып келе жатқаны бәрімізге аян. Осыдан келіп, оқушылардың пәнге деген ықыласы қызығушылығы төменгі дәрежесін көрсетеді. Оқушының белсенділігіне көңіл бөлінбейгіндігін, педагогикалық ситуациялар туғызылмайтындығын; негізгі құрал - оқулық болып, оқушылардың өз еркімен білімді меңгеруге кедергі келтірген осындай мәселелерден оқушылардың көпшілігі көп қиыншылықтарды басынан өткеруде.
Мектептегі басты тұлға - мұғалім. Мүғалімдер жұмысының қажырлы еңбегіне, шығармашылық белсенділігіне мектеп реформасы игі әсерін тигізеді. Өз кәсіби сүйетін, шәкірттерін жақсы көретін - абыройы үшін күресу білетін әрбір ұстазды құрметтеген, ұлағатты ойдың, өнегелі істің, бағытты тұрмыстың ұйтқысы деп сыйлаған, үлкен де, кіші де құрметті. Мұғалімнің білімі өз ісіне сүйіспеншілігі, шығармашылық ізденімпаздығы көрінетін кәзеңі — сабақ үрдісі. Сабақ оқу-тәрбие үрдісінің ең басты, маңызды мәселе. Сабақтың тиімділігін арттыруда маңызды факторлары-теориялық материалды терең түсіндіре білу, оны практикалық - іс жүзінде іске асыру. Әр оқушымен жеке жұмыс оқушылардың өз бетінше ізденуі арқылы жүзеге асады. «Білім - негізі-сабақта демекші, әрбір сабақ үлкен дайындықпен ,жан жақты жұмыс түрлерімен ұштасып жатады. Әсіресе, әр сыныптағы тақырыптардың мазмұнына қарай, жас ерекшеліктеріне байланысты дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу оқушылардың белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттырады. Көбіне, мұғалімдер әрбір тапсырманы оқушыларға дайын күйінде беруге тырысады да, тапсырманың мазмұнын оқушылардың ойлауына, оны өздігінен талдап түсінуіне аз көңіл бөледі. Оқушылар өздігінен көп жұмыс жүргізулер керек. Шығармашылықпен жұмыс істеудің, маңызы, мәні өте зор. Пайдаланатын тапсырмалар әртүрлі болады. Олар:
1. мұғалімнің өзі дайындағаны.
2. оқушылардың өздігінен, ата-аналармен бірігіп жасайтын шығармашылық қабілетіне дамытатын тапсырмалар болуы мүмкін. Оқыту -терең шығармашылық еңбек. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі мүмкіндігі мен күшін айқындап, жүзеге асыру- негізінен, мұғалімнің ар-ожданымен өлшенеді. Жас ұрпақтың зердесіне мектепте алатын білім негіздері әр мұғалімнің теориялық және әдістемелік шеберлігіне байланысты қалыптасады. Сабақ өмірмен тығыз байланыстырыла, ұштастырыла өткізілсе, ол нәтижелі болмақ.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру өте күрделі процесс. Ол біріншіден, мұғалімнің іс-тәжірибесі, шеберлігі мен біліміне қатысты болады.
Шебер мұғалім өз ісінің маманы деген сөз, сондықтан еңбектері жақсы нәтижеге жету үшін әр бір мұғалім білімін шыңдап шеберлікке жетуі тиіс.
