Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Иммунология метадичка.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59 Кб
Скачать
☆

4, Иммунды жүйенің құрылысы (мүшелік, жасушалық және молекулярлық деңгейлері). Қызмет етуінің негізгі қағидалары.

Иммунитет - организмнің жұқпалы агенттерді және антигендік қасиеті бар генетикалық бөгде заттарды қабылдамауы. Р.В.Петровтың айтуы бойынша , иммунитет- организмнің генетикалық бөгде белгілері бар тірі денелер мен заттардан өзін -өзі қорғау қабілеті. Бұл тұжырымның негізінде Бернеттің теориясы жатыр, ол бойынша «өзінікін» және  «басқаны» тану иммунитеттің орталық биологиялық механизмі болып табылады. Иммунитеттің негізгі қызметі – организмнің ішкі тұрақтылығын бақылау. Генетикалық табиғаты бөгде заттарды (бактериялар, вирустар, рак клеткалары т.б) тану, одан кейін оны ерекше тежеу, бейтараптандыру немесе жою. Генетикалық табиғаттың биологиялық дербестігін сақтауға организмнің иммундық жүйесі- лимфалық органдар және лимфалық клеткалар жиынтығы жауап береді (лат. «лимфа» — сөл, жануарлардың организмдегі қоректік заттарды бойға тарататын сұйық зат).

Иммундық жауап-иммунды реакциялар. Бөтен антигендердің әрекетіне қарсы пайда болады. Иммундық жүйе антигенмен қарым-қатынасқа түскенде әр-түрлі иммундық жауап бере алады: қанмен бірге айналатын ерекше антиденелердің пайда болуы, осы антигенмен өзгеше байланысқа түсетін Т-лимфоциттер санының көбеюі, ұзақ өмір сүретін Т және В лимфоциттердіц «иммундық есте сақталуының», иммундық төзімділіктің, аллергияның пайда болуы. Организм антигенмен алғаш және кейін кездесуіне сай біріншілік және екіншілік иммундық жауап береді. Біріншілік Иммундық жауап— антидене түзегін плазмалық торшалардың саны біршама бәсеңдеукөбеюуімен, иммуноглобулинжинақталуымен және олардың қанда пайда болуымен сипатталады. Антиген енгеннен кейін алғашында ИГМ антиденесі пайда болады, ал бірнеше күн өткен соц ИГМ-ның орнына ИГО антиденелері жинақтала бастайды. Екіншілік Иммундық жауап антигенмен екінші рет қайталап кездескенде пайда болады. Біріншілік жауапқа қарағанда жасырын мерзімі қысқа, көбею уақыты жедел және антиденелер титрі жоғары болады. Екіншілік жауап кезінде ИГМ мен ИГО антиденелері (ИГО басымырақ) пайда болады. Екіншілік иммундық жауап антигеннің бірінші енгенінен кейін және иммундық есте сақтау құралған соң көптеген айлардан немесе жылдардан кейін пайда болуы мүмкін. 

5, Иммуногенездің қазіргі заманғы кестесі. Иммунды жүйенің онтогенезі мен филогенезі. Т- және в-лимфоциттердің дифференциялануының негізгі кезеңдері.

. Иммун жүйесінің құрылысы. Иммун жүйесін зерттегенде мүшелік, клеткалық және молекулалық деңгейлер ажыратылады. Мүшелік деңгейге орталық және шеткі мүшелер жатады. Орталық мүшелерге сүйек кемігі мен тимус жатады. Сүйек кемігінде қан клеткаларының жалпы із ашары болып көп қабілетті бағана клеткалары түзіледі. Сүйек кемігінен Т-лимфоциттердің із ашарлары тимусқа миграцияланады. Онда олардың дифференцировкасы жалғасады. Ал В-лимфоциттердің дифференцировкасы сүйек кемігінде өтеді. Түзілген лимфоциттердің клондарының әрқайсысы бір ғана антигендік детерминанттарға арналған. Бұл процесс антигендердің қатысуынсыз өтеді. Сонымен, иммунитеттің орталық мүшелерінде антиген тәуелсіз дифференцировка нәтижесінде лимфоциттердің клондары түзіледі – жетілген иммунды емес лимфоциттер. Орталық мүшелерден жетілген иммунды емес лимфоциттер қан ағысымен шеткері мүшелерге барады. Шеткері мүшелерге көк бауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамшалар, бауырдың ерекше лимфоциттері, терінің лимфоидты жүйесі және басқа лимфоидты түзілістер жатады. Олардың тимус тәуелді (Т-лимфоциттер) және тимус тәуелсіз (В-лимфоциттер), аймақтарына сәйкес лимфоциттер келіп орналасады. Шеткері мүшелерде лимфоцит антигендермен кездесу нәтижесінде толық жетілген иммунды лимфоциттердің клондары түзіледі. Сондықтан, бұл процессті антиген тәуелді дифференцировка немесе иммуногенез деп атайды. Иммуногенездің басында перифериялық лимфоидты мүшелерде антиген тануға қабілеті бар лимфоциттер клондарының пролиферациясы қажетті болып табылады. Шеткері мүшелерде Т-, В-лимфоциттердің және антигентаныстырушы клеткалардың кооперациясы жүреді, нәтижесінде иммунды жауап пайда болады.  Иммун жүйесінің клеткалық деңгейіне клеткалар жатады: тегінде иммуноциттер (Т, В, НК), лимфоциттермен бірлесіп істейтін дендритті клеткалар, макрофагтар, эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер. Молекулалық деңгейге антиденелер, антигендер, лимфокиндер, МНС белоктары, лимфоциттердің беткей маркерлары, лимфоциттердің антиген танушы рецепторлары жатады. Иммун жүйесінің тағы да бүкіл организмнің және популяциялық деңгейлер ажыратылады. Бүкіл организмнің деңгейінде иммунды жүйе және эндокриндік жүйелердің қарым-қатынасы арқылы организмде біртұтас реттегіш жүйенің бар екендігі дәлелденеді. Иммунологияда жаға бағыт – нейроиммуноэндокринология пайда болады. Иммун жүйесінің популяциялық деңгейі. Әртүрлі аймақтарда өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар. Олар экологиялық және басқа әсермен байланысты.