Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Иммунология метадичка.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59 Кб
Скачать
☆

9. Антигендер түрлерi, сипаттамалары

 Антигендер- иммунды жауап тудыратын,яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы генетикалық бөгде зат болып табылатын жоғарғы молекулалық химиялық қосылыстар. Антигендердің 2 түрі бар  экзогендік және эндогендік. Экзогендік сыртқы ортадан түседі,Ал  Эндогендік антигендер әр түрлі себептерден туындаған өзіне қарсы иммунды жауапты қалыптастыратын өзіндік аутоантигендер. Аутоантигендер I-шілік және II–шілік болып бөлінді, I-шілік-Аутоантигендер-ол эмбриогенез кезінде иммундық жүйенің қалытасу үрдісінде және де ересек ағзада иммундық хабарлы жасушалармен жанаспаған гистогеметикалық тосқауылдың артында орналасқан ағзаның өзіндік қалыпты тіндерінің антигендері.II–шілік Патологиялық ағзада өзіндік жасушалар компоненттері мен тіндерінің әр түрлі зақымдаушы факторлар және жұқпалы агенттердің әсер ету нәтежесіде аутоантигендерге айналады.сонымен қатар В-лимфоциттерде антидене түзілуінің шақыруына байланысты 2-ге бөлінеді

Тимус- тәуелді антигендер-В-лимфоциттердің антидене түзілуіне міндетті түрде Т-лимфоциттер мен макрофактардың қатысуын қажет ететін антигендер.Тимус-тәуелсіз антигендерТ-лимфоциттер мен макрофактардың көмегінсіз В-лимфоциттерде өзіндігінен антиденелердің түзілуін шақыратын антигендер Антигендердің жіктелуі:

табиғи антигендер — белоктар, көмірсу, нуклеин қышқылы, бактериялар, эндо-және экзотоксиндер, тін, қан жасушалары антигендері.

жасанды антигендер — төменгі молекулалар қосындыларынан синтезделген.

гаптендер — жартылай антигендер, өз алдына иммундық қасиеті жоқ, бірақ үлкен молекулалы белоктармен қосылса антигендік қасиетке болады.химиялық құрамына қарай белокты, көмірсулы, полипептидтер, т.б. болып бөлінеді.

генетикалық жағдайына байланысты антигендер;

аутоантигендер,изоантигендер,аллоантигендер

10.Антигендердің анықтамасы мен олардың  химиялық  табиғаты. Антигендердің бөгделігі, антигендігі,иммуногендігі және ерекшелігі туралы түсінік

 Антигендер- иммунды жауап тудыратын,яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы генетикалық бөгде зат болып табылатын жоғарғы молекулалық химиялық қосылыстар. Антигендер қасиеттері

Иммуногендігі—антигеннің иммунды жауап шақыратын қабілеті, ол антигеннiң молекулалық салмағына байланысты. Молекула салмағы жоғары болса, иммуногендігі жоғары.Антигендігі-заттардың қандай бір иммундық серпіліс шақыру мүмкіншілігі:көп немесе аз мөлшерде антидене түзілуін күшті немесе әлсіз көлемдегі жасушалық иммундық серпілістер шақыратын заттар.Бөгделігі-ағзанің әр түріне немесе жеке индивидумдарға арналған антигеннiң өзгешелігін көрсететін генетикалық тағайындалған жеке қасиет

11. Антигенді детерминант (эпитоп) ж\е антигенді тасымалдаушы түсінігі. Антигендік ерекшелік түрлері- түрлік типты ерекшелілік,топтық,тіндік,сатылық,органойдты ж\е т.б.    

Антигендік детерминанттың ұазіргі кездегі атауы – эпитоптар. Эпитоп- иммундық жауап кезінде түзілетін антиденелер мен эффекторлы Т- лимфоциттердің арнайылығын қамтамасыз ететін химиялық ж\е құрылымдық сипаты бар антиген молекуласының бір бөлігі.Антиген молекуласының негізгі бөлігін тасымалдаушы д.а.ол антиген молекуласының97%(гаптен емес) құрайды.Антиген тасымалдаушысының құрамында өзінің антиген детерминанттары болады.олар тасымалдаушы детерминанттар д.а.Бұл детерминанттар Т- лимфоциттерін танып,оларға қарсы жашушалық иммунитет серпілістері бағытталады,сондықтан оларды тағы Т- жасушалық эпитоп д.те а. Тасымалдаушы детерминанттары гаптеннің құрамына ж\е өлшеміне қарағанда үлкен.Кез келген антигенді молекуласының бетінде орналасқан екі функционалдық бірлікті: тасымалдаушы ж\е гаптен ретінде қарауға болады. Түр аралық жануарлардың қай түрге жататындығына,олардың генетикалық конституциясына байланысты,яғни әр түрге жататын ағзалардың бір бірінен айырмашылығын көрсетеды.Типтік түр аралық секілді ұғым,бірақ микроб түрлеріне қатысты қолданылады(серологиялық варианттары сероварлар,бір түрдің ішіндегі антигеноварлар анықталады).Топтық даралардың бір түрінің ішінде әр түрлі топтардың ерекшелігі.М. адам эритроциттерінің изоантигендік жүйесі жатады.Тіндік бір ағзаның әр түрлі тіндеріндегі антигендік айрмашылық(миокард,өкпе,бауыр ж\е т.б.антигендері).Сатылық әр даму сатысыеда тұрған жасушалардағы антигендік айрмашылығы.М.эмбрион антигендерін алуға болады.Органоидтық әртүрлі жасушалар органоидттарының антигендік айрмашылығы(ядро,митохондрия ж\е т.б)

12.Гуморалды иммунитет жүйесінің құрылымы мен қызметтері.В-лимфоциттердің дифференциялануы,В- лимфоциттердің рецепторлары мен маркерлері,тимус тәуелді ж\е тимус тәуелсіз антигендерге гуморалды иммунды жауап.

Гуморалды иммунитет жүйесі антигендерге қарсы антидене синтездеу қызметін атқаратын арнайы жүйесі б.т.Оның функционалдық белсенділігі иммунитеттің Т- жүйесі ж/е мононуклеарлы фагоциттер жүйесімен тығыз қарым - қатынасына байланысты болады.Гуморалды имунитет жүйесінің негізі жасушалары антидене синтезіне жауапты В лимфоциттер болып табылады.Антидененің гуморалды иммундық жауапта қатысуы еритын ж/е корпускуларлы антигендермен иммундық коплексі түзілуіне байланысты.Антидене гуморалды иммунитет жүйесінің негізі эффекторлы бөлігі болып табылады .антидененің негізгі қызметі антигенді арнайы байланыстыру.Антидене гумморалды иммунитет жүйесінің негізгі эффекторлы бөлігі б.т.Антидененің негізгі қызметі антигенді арнайы байланыстыру. В- жүйенің шеткері мүшелеріне көкбаурдың, лимфа түйіндердің ж\е басқа(бадамша бездер,аденоидтар,ішкетің пейер табақшалары, аппендикс) лимфоидтық түзілімдерінің тимус тәуелсіз аймақтары жатады. Гуморалды иммунитет жүйесі жасушадан тыс бактерия мен вирустарға қарсы белсенді болады, сондықтан оның негізгі қызметі инфекцияға қарсы иммунитет құруы б.т. Дифференциялануы

1.Сүйек кемігінің көп қабілетті бағаналы жасушалары.2. ЛБК лимфоциттердің бастаушы жасушалары (жалпы лимфопоэз бастаушысы).3. Бастаушы В- лимфоциттер.4. В0 -лимфоциттер. 5.В1- лимфоциттер.6. В2- лимфоциттер.   В0- лимфоциттердің-бұл иммунологиялық жетілмеген лимфоциттер популияциясы. В1-лимфоциттер-бұл шеткеры В лимфоциттердің жартылай жетілген дифференциялану кезеңі. В2-лимфоциттер-бұл популияция жағынан көп,иммунды хабарлы жетілген жасушалардан тұратын популияциясы.

Рецепторлары ж\е маркерлері

Антигентанушы иммуноглобулиндік рецепторлар; тышқан эритроциттеріне сай рецепторлар; C3b-рецепторлар(комплемент жүйесініңC3b-фрагментіне); Fc рецепторлар (иммуноглобулиндердің Fc фрагментіне); Ia- рецепторлар (HLA комплекісінің DR-нәруызына); B-митогендерге сай рецепторлар (декстран сульфаты,полисахаридтер,бактериалды липополисахаридтері т.б.) Эпштейн-Барр вирусына арналған рецептор(жұқпалы мононуклеоз қоздырғышы).

Тимус тәуелсіз антигендер Т лимфоциттердің ж\е макрофактардың көмегінсіз В лимфоциттерде өздігінен антиденелердің түзілуін шаұыратын антигендер.

Т тәуелді антигендер В лимфоциттердің антидене түзілісіне міндетті түрде Т лимфоциттермен макрофактардың қатысуын қажет ететін антигендер.Бұл антигенге қарсы серпіліс генетикалық негізгі гистосәйкестік кешенімен қадағаланады.

13.В лимфоциттердің антигентәуелсіз ж\е антигентәуелді дифференциялануы, дифференциялану үрдісі кезінде иммунды жауапқа қабілеті,В лимфоциттердің рецепторлары. - лимфоциттердің екі маңызды функциясы бар:

1) плазмалық жасушаларға бөлініп; антиденелер өндіреді;

2) антиген ұсынатын жасушаның рөлін атқарады. Жетілуі екі фазадан тұрады.

Бірінші фазасы – антиген тәуелсіз фазасы сүйек миында дамып, жетілгенде, үстінде антиген танитын рецепторы болады. Рецептор – мономерлік IgM. Қан айналымындағы IgM – пентомер. В – лимфоциттің антигенді танытып, байланыстыратын рецепторы жеңіл және ауыр фрагменттерді (Fab) құрайды. В – лимфоциттердің 30 пайызы ғана қанайналымында жүреді, олардың өмірі бірнеше күнге немесе аптаға созылады. Сондықтан күн сайын  жаңа В – лимфоциттер лимфа түйіндеріндегі, көк бауырдағы, ішектің пейір табақшаларындағы шеткі қанға келіп орналасады. Антигеннің бір бөлігі В – лимфоцитінің мембранасында антиген танитын рецептормен байланысады.

В – лимфоциттері антигенмен байланысқаннан кейін белсеніп, бөлініп, арнайы плазмалық жасушалардың клонын құрайды. Плазмалық жасушалар арнайы антиденелерді шығарады, шеткі қанда осы антиденелер жиналып көбейеді. Осы мезгілден бастап, В – лимфоциттердің антиген тәуелді даму кезеңі басталады. Иммуноглобулиндердің өнімі иммуноглобулиндердің бір класынан екінші класына көшеді. Мысалы, IgM өнімінен кейін IgG, одан кейін IgА және IgЕ өнімі жүреді. Антигендік арнайылығы өзгермейді.

             Антигентанушы иммуноглобулиндік рецепторлар; тышқан эритроциттеріне сай рецепторлар; C3b-рецепторлар(комплемент жүйесініңC3b-фрагментіне); Fc рецепторлар (иммуноглобулиндердің Fc фрагментіне); Ia- рецепторлар (HLA комплекісінің DR-нәруызына); B-митогендерге сай рецепторлар (декстран сульфаты,полисахаридтер,бактериалды липополисахаридтері т.б.) Эпштейн-Барр вирусына арналған рецептор(жұқпалы мононуклеоз қоздырғышы).

14.Иммуноглобулиндердің құрылысы мен қызметтері,олардың иммунологиялық реакциялардағы маңызы. Біріншілікті ж\е екіншілікті иммунды жауап . Иммунологиялық есте сақтау.   Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқа бөлінеді:

а) изотипті 

б) аллотипті

в) идиотипті

Изотиптілігі — ауыр тізбегі құрылысына байланысты қалыпты жағдайда бір түрдегі жануарларда, адамдарда бірдей. Ал олардың айырмашылығы       4-тізбегіндегі аминоқышқылдармен сипатталады. Сөйтіп иммуноглобулин , ал иммуноглобулин А1, А2 болып бөлінеді.

Аллотиптілігі — әрбір жеке адамның иммуноглобулин айырмашылығын көрсетеді, ол генетикалық маркерлерге байланысты.

Идиотиптілігі — бұл антигендердің спецификалық қасиетіне байланысты, тек бір иммуноглобуллинге арналған. Қанша арнаулы иммуноглобулин болса, сонша антиген варианттары болады.

Идиотип – антиденелердің өзгермелі бөлігіндегі аминоқышқылдардың орналасуының немесе Т-жасушалық антиген танитын рецепторының ерекшелігі Иммуноглобулин М - барлық иммуноглобулиндердің 5-10%-ы. Эволюциялық дамуда ең көне иммуноглобулин.Иммуноглобулин G - класы қан сарысуында барлық иммуноглобулиндердің , молекулалық салмағы 150 мың Дальтон, ол плацентаға кіре алады. Иммуноглобулин G 23 тәулік бойы, ұзақ өмір сүреді.  Иммуноглобулин А–ның сарысулық және секреторлық түрлері бар. Сарысудағы деңгейі 0,8-3,7 г/л. Қан айналымындағы микробтарды және токсиндерді бейтараптайды. Сарысу IgA – комплементті альтернативтік жолмен белсендіре алады. Кейбір микробтар өндіретін протеаза ферменті IgA-нын белсенділігін жояды (мыс. гонококктер). Иммуноглобулин Е–нің молекуласы 200 000 Дальтон, тінде, шырышты қабықтарда, теріде жиналады да, мес, базофил, эозинофилдер жасушаларымен бірігіп аллергиялық қабыну береді. Осы жасушаларда дегрануляция жүрiп, антигендердi денеден шығарып жібереді. Иммуноглобулин Е-нің деңгейі қан сарысуында 0,25 мг/л, ал атопиялық ауруларда 10-100 есе көбейеді. Жартылай ыдырауы 2-3 күн.

Иммуноглобулин Д молекуласы 180000 Дальтон, жартылай ыдырауы    3 тәулік,  жақсы тексерілмеген, тек қана В жасушалардың антиген танитын рецепторы ретінде жүруі белгілі

 Біріншілік иммунды жауап 4-7күндері дамиды.Біріншілік гуморалды иммунды жауаптың негізі В лимфоциттердің белсендірілуі ж\е олардың антидене түзетін плазмоциттерге айналуы б.т.Антиденелердің басым көпшілігі IgM құрайды; жасушалық иммундық жауап пісіп жетілген эффекторлы Т лимфоциттердің п.б мен белгіленеді. Антигенмен бірнеше рет жанасқаннан кейін зерде Т ж\е В жасушалары түзіледі.Екіншілік иммундық жауап бұл кезде жасырын кезең өте қысқа,жылдам дамиды ж\е антиген аз мөлшерде болуын талап етеді,айқындалған пісіп жетілу белгілері бар,гуморалдық ж\е жасушалық факторлар арнайылығы антигенге қатысты жоғары болады,біріншілік иммундық жауапқа қарағанда ағзаның тимді қорғанысын қамтамасыз етеді, ағзада зерде жасушаларының болуына б\ты екіншілік иммундық жауап жоғары деңгейде болады.

15.Клиникада иммунитеттің В жүйесін зерттеудің негізгі әдістері. Розеткатүзу әдісі арқылы  В лимфоциттердің санын анықтау үшін қолданылады.Бұл кезде антиденелермен жүктелген эритроцитпен В лимфоциттердің Fc рецептормен байланысын қолданады  (ЕА розеткасы; эритроциттер,антидене) сонымен қатар ЕАС розеткатүзуші әдісін қолданады( эритроциттер антидене ж\е комплемент) Бұл жағдайда антидене ж\е комплементпен қосылған сиыр эритроциттері В лимфоциттіңFc ж\еC3 рецепторларымен байланысып розетка түзеді. Жетіспеушілігі; әртүрлі нәтиженің берілуі олар қойылатын серпілістердің шартына реагенттердің сапалығына тек маркерлік молекулалардың жағдайларын анықтаумен ғана емес сонымен қатар цитоскелет ж\е т.б. жағдайларын анықтаумен б\ты бұл қиыншылықтар олардың стандартизациясы ж\е автоматизациясымен б\ты.