Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Жобалау.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
410 Кб
Скачать
☆

Корпоративті ақпараттық жүйелер

Корпоративті ақпараттық жүйелер жұмысшылар тобы үшін дамыған жүйе болып табылады, олар өте ірі компанияларға арналған, және олар территориялық үлестірілген түйіндерді немесе желілерді қолдай алады. Көпшілік жағдайда олар бірнеше деңгейден тұратын иерархиялық құрылымға ие. Мұндай жүйелер үшін арнайыландырылған серверлі клиент-сервер архитектурасы немесе көпдеңгейлі архитектура мінездес. Мүндай жүйелерді өңдеу кезінде деректер қорының сервері қолданылады. Бірақ ірі ақпараттық жүйелерде келесі серверлер өте үлкен қолданыс тапты: Oracle, DB2 және Qicrosoft SQL Server.

Топтық және корпоративті ақпараттық жүйелер үшін жүйенің жұмыс істеу сенімділігіне және ақпараттың сақталуына талаптар үлкейіп келеді. Бұл қасиеттер деректер қоры серверіндегі мәліметтердің, сілтемелердің және транзакциялардың бүтіндігін қамтамасыз етеді.

Қолдану аймағы бойынша аж классификациялау

Қолдану аймағы бойынша әдетте ақпараттық жүйелер төрт топқа бөлінеді: транзакцияны өңдеу жүйесі; шешім қабылдау жүйесі; ақпараттық-анықтамалық жүйе; офистік ақпаратық жүйе.

Транзакцияны өңдеу жүйесі, өз кезегінде деректерді өңдеу жылдамдығына байланысты пакеттік ақпараттық жүйе және жедел ақпараттық жүйе болып бөлінеді. Мекемелік басқарудағы ақпараттық жүйе транзакцияны жедел өңдеу режиміне ие – OLTP (OnLine Transaction Processing), яғни, пәндік аймақтың актуальды жағдайын кез-келген уақыт сәтінде бейнелей алады, ал пакеттік өңдеу барлық шектеулі бөліктерде орын алады. OLTP жүйесі үшін тапсырыс, төлем, сұраныс және т.б. секілді қарапайым транзакциялардың тұрақты (мүмкін, интенсивті) ағыны мінездес. Олар үшін маңызды талаптар келесі:

  • транзакцияны өңдеудің жоғары өнімділігі;

  • ДҚ телекоммуникация бойынша қашықтан қол жеткізу кезінде ақпаратты кепілдікпен жеткізу.

Шешім қабылдауды қолдау жүйесі – DSS (Decision Support Systeq) – уақыттық, географиялық және басқа да көрсеткіштер секілді әртүрлі кесінділерде, күрделі сұраныстар көмегімен мәліметтерге іріктеу және талдау жүргізетін ақпаратық жүйенің басқа типін ұсынады.

Ақпаратты-анықтамалық жүйенің жалпылама классы гипертексттік құжатқа және мультимедиаға негізделген. Мұндай ақпаратық жүйенің дамуы Интернет желісінде үлкен қолданысқа ие.

Офистік ақпараттық жүйе классы қағаз құжаттарды электронды түрге аударуға бағытталған, яғни, құжатайналымды іске асыруды және басқаруды автоматтандыру.

Ұйымдастыру әдісі бойынша аж классификациялау

Ұйымдастыру әдісі бойынша топтық және корпоративтік ақпараттық жүйе келесі класстарға бөлінеді: файл-сервер архитектурасы негізіндегі жүйелер; клиент-сервер архитектурасы негізіндегі жүйелер; көпдеңгейлі архитектура негізіндегі жүйелер; Интернет/интранет-технологиясы негізіндегі жүйелер.

Аж қолдану аймақтары және іске асыру мысалдары

Соңғы жылдары компьютер мекемені басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болды. Бірақ, басқарудың заманауи әдісі ақпараттық технологияға қаражат бөлуді ойластыруда.

Бухгалтерлік есеп

Бұл ақпаратық технологияны қолданудың классикалық аймағы және қазіргі таңда өте көп қолданылатын тапсырма. Мұндай жағдайды толық түсінуге болады. Біріншіден, есепшінің қателесуі өте көп шығынға әкелуі мүмкін, сондықтан бухгалтерияны автоматтандыру мүмкіндіктерін қолдану өте тиімді. Екіншіден, бухгалтерлік есеп тапсырмасы өте жеңіл дайындалады, сондықтан бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйесін өңдеу техникалық күрделі мәселені туғызбайды.