- •Лекциялық тапсырма материалдары
- •Ақпараттық жүйенің классификациясы
- •Масштабы бойынша классификация
- •Жалғыз ақпараттық жүйе
- •Топтық ақпараттық жүйе
- •Бухгалтерлік есеп
- •Корпоративті ақпараттық жүйелер
- •Қолдану аймағы бойынша аж классификациялау
- •Ұйымдастыру әдісі бойынша аж классификациялау
- •Аж қолдану аймақтары және іске асыру мысалдары
- •Қаржылық ағындарды басқару
- •Қойманы, ассортиментті, сатып алуларды басқару
- •Өндірістік процессті басқару
- •Маркетингті басқару
- •Құжатайналым
- •Мекемені жылдам басқару
- •Фирма туралы ақпарат тарату
- •Жүйелік объектілерді сипаттау
- •Жүйелік объектілерді сипаттау процессінің механизмі
- •Жобаны басқару тураалы жалпы түсінік
- •Жоба түсінігі
- •Жобаны классификациялау
- •Аж өмірлік циклі.
- •Ақпараттық жүйенің өмір циклының каскадты моделі
- •Өмір циклының спиральді моделі
- •Итерациялар
- •Жүйені өңдеудің функционалды-бағытталған әдісі.
- •Каж жамуына әсер етуші факторлар
- •Мекемені басқару әдістемесін дамыту
- •Компьютерлік жүйенің жалпы мүмкіндіктерін және өнімділігін дамыту
- •Ақпараттық жүйе элементтерін техникалық және программалық жүргізу әдістерін дамыту
- •Корпоративті ақпараттық жүйенің негізгі құраушылары
- •Ақпараттық жүйе құраушыларының арасындағы қатынастар
Жүйені өңдеудің функционалды-бағытталған әдісі.
Жүйені өңдеудің 2 негізгі әдісі бар, олардың арасындағы принциптік айырма жүйені декомпозициялаудың әртүрлі әдісіне шартталған. Бірінші әдіс функционалды модульдік немесе құрылымдық деп аталады. Ол, жүйе құрылымы оның функциясының иерархиясымен сипатталатын және ақпаратты жеке функционалды элементтер арқылы беретін, функционалды декемпозициялауға негізделген. Екінші әдіс, объектке-бағытталған әдіс объектілік декомпозицияны орындайды.
Жүйені өңдеудегі құрылымдық әдістің маңызы автоматтандырылған функцияларға декомпозициялау (бөлу) болып табылады: жүйе функционалды ішкі жүйеге бөлінеді, ол өз кезегінде тағы ішкі жүйелерге бөлінеді, яғни, тапсырмаларға және одан әрі нақты процедураларға дейін бөлінеді. Бұл кезде автоматтандырылатын жүйенің өзара байланысқан барлық компоненттер құрамы бүтіндік бейнесін толық сақтайды.
Құрылымдық әдісте негізінен құралдың екі тобы орындалады, олар жүйенің функционалды құрылымын және мәліметтер арасындағы қатынасты сипаттайды. Құралдың әрбір тобына модельдердің (диаграмманың) нақты бір түрі сәйкес келеді, олардың ішінде ең көп тарағаны:
DFD (Data Flow Diagrams) – берілгендер ағыны диаграммасы;
SADT (Stastured Analysis and Desingn Technigue) – (құрылымдық талдау және жобалау әдісі) – модельдер және сәйкес функционалды диаграммалар;
ERD – “маңыз-байланыс” диаграммасы.
Лекция №11. CASE –технологиясы туралы негізгі ұғым және оның классификациясы. BPwin CASE –құралы. в BPWin-де функционалды моделдеу (IDEF0).
Лекция №12. BPwin CASE –құралы. BPWin-дегі деректер ағынының диаграммасы (DFD). BPWin-де бизнес-процесстерді (IDEF3) сипаттау.
Лекция №13. BPWin CASE –құралы. Модель ағашы. Контекстік диаграммалар құру. Декомпозиция. Модельдерді безендіру. Бағыттамалардың айырлануы және бірігуі. IDEF0 диаграммасының басқа түрлері. Ағашүлгісіндегі диаграммалар құру (Node Tree Diagrams).
AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) - Бизнес-процесстерді функционалды модельдеу құралы.
Computer Associates компаниясының Bpwin құралы – бизнес-процесстерді визуалды модельдеудің ең күшті құралы. Ол кез-келген әрекет пен құрылымды түсінікті түрде көруге мүмкіндік береді, бұл, мекеме жұмысын тиімді етуге, оның ISO9000 стандартына сәйкестігін тексеруге, ұйымдық құрылымын жобалауға, шығындарды төмендетуге, қажет емес операцияларды алып тастауға, жобаның икемділігі мен тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. BPwin модельдеудің үш нотациясын қолдайды: IDEF0, IDEF3 және DFD. BPwin-нің толық атауы: AllFusion Process Modeler
BPwin кімге керек: жоба жетекшісіне, бизнес- аналитикке, жүйелік аналитикке, жетекшіге, маркетологқа, кеңесшіге, сапа және т.б. менеджеріне.
AllFusion Process Modeler 7 (бұрын BPwin) – бизнес-процесстерді модельдеу, талдау, құжаттау және тиімді ету құралы. AllFusion Process Modeler 7 бизнес-процессті графикалық үлгіде ұсыну үшін қолданылады. Жұмыстың орындалуын, ақпараттың алмасуын, құжатайналымды графикалық схемада ұсыну бизнес-процесстің модельін визуалдайды. Бұл ақпараттарды графикалық ұсыну, мекемені басқару тапсырмасын орындаудың күрделі аймағынан инженерлі технология аймағына көшуге мүмкіндік береді.
AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) кез-келген бизнес-процесстің маңызды аспектілерін нақты құжаттауға көмек береді: қолданылуы тиіс әрекеттер, оны жүргізу және бақылау әдістері, оған қажетті ресурстар, және сондай-ақ осы әрекеттерден алынған әрекеттерді визуалдау. AllFusion Process Modeler 7 модель аналитиктері мен жобалаушыларына корпоративті инициативаларды, ақпараттық архитектураның бизнес-талаптары мен үрдістері және қосымшаны жобалау тапсырмаларын сәйкестендіруге мүмкіндік бере отырып, АТ-шешімдерінің бизнес-тиімділігін жоғарылатады. Осындай әдіспен, мекеме әрекетінің бүтін бейнесі дайындалады:кішігірім бөлімшелердегі жұмыс ағынынан бастап, күрделі ұйымдық функцияға дейін.
AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) әрекет етуші мекеме қорын сипаттаумен, бизнес-процессті қайта ұйымдастырумен, корпоративті ақпараттық жүйені енгізумен байланысты жобаларда тиімді. Өнім мекеме әрекетін тиімді етуге және оны ISO 9000 стандартына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді, яғни, ұйымдық құрылымын жобалауға, шығындарды төмендетуге, керек емес операцияларды алып тастауға және тиімділікті жоғарылатуға мүмкіндік береді. Өнімнің негіздемесінде жалпылық мойындалған модельдеу әдістемесі бекітілген, мысалы, IDEF0 әдістемесі РФ Госстандартымен қолануға ұсынылған және АҚШ-тың тұрақты стандарты болып табылады. Process Modeler модельінің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, жобаға қатысушылар арасындағы түсінікті жеңілдетеді. AllFusion Process Modeler 7 кең таралуы әріптестермен электронды түрде функционалды модельдердің келісімін жүргізуге мүмкіндік береді. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) өнімі Computer Associates компаниясымен дайындалған. AllFusion Process Modeler 7 келесі ERwin Data Modeler (бұрын: ERwin), Data Model Validator (бұрын: ERwin Examiner), Model Manager (бұрын: ModelMart) қатарында AllFusion Modeling Suite программалық пакеттер құралы құрамына кіреді, оны комплекстік қолдану ақпараттық жүйені модельдеудің барлық аспектілерін қамтамасыз етеді.
Жүйенің негізгі мүмкіндіктері:
Модельдеудің әртүрлі технологияларын қолдау
Шығын және өнімділік көрсеткіштерін талдау
Үрдістерді/берілгендерді интеграциялау
Стандартты нотацияларды қолдау
Объектілер мен қасиеттерді басқа модельге экспорттау
Модельдің барлық шегінде ақпаратты құжаттандыру
Есепберулерді графиктер сапасын жоғалтпай отырып үлкейту
AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) функционалды мүмкіндіктері
Бірнеше нотацияларды қолдау. Моделдеу технологиясының көптеген саны және әртүрлі нотацияларды қолдау күрделі операциялық ортада жанжақты талдаумен және жобалаумен қамтамасыз етеді. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) автоматты келісіммен бизнес-процесстерді модельдеудің ең танымал нотацияларын IDEF0 (РФ Госстандартының ұсынысы, АҚШ-тьң федералды стандарты), жұмыс ағындары IDEF3 (АҚШ-тың федералды стандарты) және берілгендер ағыны (DFD) комплексті қолдануды қамтамасыз етеді.
Интуитивті-түсінікті графикалық интерфейс, инструменталды құралды оқып үйренуге көңіл бөлмей-ақ, жылдам және жеңіл меңгерілетін, пәндік аймақты талдауда жылдам ой түйіндеуге мүмкіндік беретін интерфейс. Интерактивті көмек беру өнімді меңгеру үрдісін жылдамдатады. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) модель объектілерінің сілтеме бүтіндігін, қате байланыстарды жібермей және модельдеу кезіндегі объектілер арасындағы қатынастың бір-біріне қарам-қайшы келмейтіндігіне кепілдік бере отырып, автоматты түрде қолдайды.
Шығын және өнімділік көрсеткіштерін талдау. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) шаруашылық әрекеті (функционалды-құндық талдау АВС) көлемі бойынша өзіндік құнды есептеу әдісін толық қолдайды. Функционально-стоимостной анализ, реализованный в AllFusion Process Modeler 7- де орындалған функционалды-құндық талдау, бизнес-процесстің құндық және уақытша сипаттамасын бағалауға мүмкіндік береді. Әдетте ABC-талдау шығыс шығындарды және/неме бизнес-процессті қайтақұру (тиімді ету) кезінде қажет модельді таңдауды жеңілдету үшін қолданылады. Құндық талдау нәтижелері AllFusion Process Modeler 7-нің арнайы есепберулерінде анық түрде бейнеленуі мүмкін.
Қолданушымен анықталатын қасиет (UDP). AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) UDP – қасиетінің көмегімен сіздің бизнесіңіз үшін қолданушы анықтаған қосымша ақпараттар жиынын баптауға мүмкіндік береді. Енгізілген ақпарат есеп берулер генераторымен генерацияланған есептерде бейнеленуі мүмкін. AllFusion Process Modeler 7 басқа да программаларға экспорттала алады, мысалы, Microsoft Word, Microsoft Excel.
Ұйымдық графиктер. Ұйымдық құрылым, бизнес-процесстің қалай сипатталатындығына және орындалатындығына әсерін тигізеді. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) тапсырма категориясы бойынша рольдерді анықтайтын және үлестіретін немесе бизнес-процесс ішіндегі жұмыс рольдерінің нақты сипаттамасын қолдайды. AllFusion Process Modeler 7 ұйымдық диаграммалары бизнес-процесс қатысушылары арасындағы рольдерді, құрамды және қатынасты анықтау үшін қолданылады.
a) Swim Lane диаграммасы. Swim Lane диаграммасы бір диаграммада рольді және роль міндеттерін қарастыруға мүмкіндік бере отырып, қызметтік міндеттерді визуалдауға мүмкіндік береді.
b) ағаш бұтасы диаграммасы. Node Tree диаграммасы модельдегі функция иерархиясын көрсетеді және барлық модельді толық көруге мүмкіндік береді.
c) FEO диаграммасы. «Тек экспозиция үшін» (FEO) диаграммасын альтернативті көзқарастарды бейнелеу үшін қолдануға болады, және де синтаксистік ережелерді бұзатын детальдарды бейнелеу үшін де қолдануға болады.
Модель дұрыстығын бақылау әдісі. Контексті-тәуелді саймандар панелінің болуы,модельде қате байланыстарды құрудың мүмкін еместігі, шектік стрелкалардың автоматты миграциясы, негізгі және тәуелді диаграммаларда (туннельдерде) шектік стрелка дисбалансын автоматты түрде бақылау мүмкіндігі, стрелкалар мен функционалды блоктар атының бар екендігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігі, шығыстар мен басқарулардың болуы; сондай-ақ модель құрамы бойынша қосымша диаграммалар мен барлық мүмкін есепберулер – бұның бәрі бизнес-процесстің дұрыс моделін тұрғызуды үрдісін автоматтандыруға көмегін тигізеді.
a) функцияларды декомпозициялау сценарилері және варианттары. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) бір функцияның IDEF3-те декомпозициялаудың бірнеше вариантын беретін, сценарилер механизмін қолдайды.
b) дәстүрлі емес синтаксисті қолдану мүмкіндігі. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) – IDEF0, IDEF3, DFD бизнес-процесстер моделі диаграммасында дәстүрлі емес синтаксистер үшін мүмкіндіктерді баптай алады.
c) модельді бөлу/үйлестіру(слияния) мүмкіндіктері. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) үрдістің күрделі модельін неғұрлым қарапайым және басқарушы ішкімодельдерге бөлуге мүмкіндік береді, соңынан осы модельдерді қайтадан жалпы модельге үйлестіреді. Бұл команда мүшелеріне модельдеу қадамын және бизнес-процесстерді талдауды қысқарта отырып, параллель жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
d) моделбдерді талдау. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) бизнес-процесстің құрылған модельіне талдау жүргізу үшін келесі механизмдерді құрайды: Функционалды-құндық талдау (ABC), қолданушылармен анықталған (UDP) қасиеттер негізінде талдау, жұмыс ағындары модельін Arena имитациялық модельдеу ортасына оның динамикасын талдау үшін экспорттау.
Имитациялық модельдеу құралының интерфейсі. Имитациялық моделдеу өзгеру нәтижелерін динамикада зерттеуге мүмкіндік береді. Әртүрлі сценарилер бизнес-тапсырманың тиімді шешімін табуға көмектесе отырып, орындалмастан бұрын сынақтан өтуі мүмкін. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) жұмыстар ағыны модельін Arena сенімді имитациялық модельдеу ортасына оны нақты уақыт режимінде талдау үшін экспорттай алады.
а) Қолданушымен бапталатын интерфейс. Орын ауыстыра алатын құрал-саймандар панельі, әртүрлі бейнелену және детальдану режиміндегі Model Explorer модельі объектілері бойынша навигатор,модельдер диаграммасының бапталушы бейнесі - өнімдік жұмыс аймағын баптауға мүмкіндік береді. Имитациялық модельдеу туралы тереңірек - С.Маклакова статьясында.
в) диаграмманың бапталушы бейнесі. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) диаграмманың сыртқы түрін баптауға, бейнеленуші ақпараттың детализациялану деңгейін таңдауға мүмкіндік береді.
с) модель объектілерінің қасиеті редакторы. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) бизнес-процесс модельі объектілерінің қасиетінің ыңғайлы редакторына ие.
d) электронды кестенің және экспорт/импорт словарьі мастерінің бапталушы интерфейсі. Қажет болған жағдайда модель объектілерінің қасиетін модельдер словарьінде тікелей қарастыруға, құруға, түзетуге болады. Барлық словарьлар Барлық словарьлар бапталған интерфейсі бар, электронды кесте құрылымына ұқсас бірыңғай құрылымдық жүйеге ие. Бұл словарьдан ақпаратты тікелей көруде, енгізуде және түзетуде ыңғайлылықпен қамтамасыз етеді, және де словарьларды экспорттау-импорттау мастерінің көмегімен словарьға ақпаратты басқа қорлардан қарапайым экпорттауға/импорттауға (мысалы, Excel) мүмкіндік береді.
Жобаның құжаттамалық орталғы. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) жобамен байланысты барлық құжаттар, нұсқаулар, программалық қосымшалар модель ортасынан тікелей ашық болған кезде, бизнес-процесстер модельі жобаның құжаттамадық орталығы түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай мүмкіндік қолданушымен анықталған UDP – қасиетінің көмегімен орындалады.
Жеке программалық қосымшасының көмегіме бизнес-процесс модельдерімен жұмыс. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) сіздің жеке программалық қосымаңыздың AllFusion Process Modeler 7 көмегімен құрылған бизнес-процесспен жұмысын ұйымдастыру мүмкіндіктерін демонстрациялаушы, жақсы құжаттандырылған API-ге ие.
Үрдістерді/берілгендерді интеграциялау. AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) с AllFusion Model Manager интеграциясы бизнес-процесс модельімен бірнеше өңдеушілер коллективі жұмысы үшін көпқолданушылық ортаны ұйымдастыруға, аутентификацияны және қол жеткізулерді бақылай отырып, модельді бірыңғай жүйеде сақтауға, бірнеше өңдеушілердің бір модельмен жұмысы кезінде туындаған келіспеушіліктерді шешуге, сондай-ақ модель версиясын басқаруға мүмкіндік береді. Модельдеу – бөл көбіне командалық жұмыс. Кез-келген модельдеу командасының табысқа жетуінің кілттік факторы, модельдеу объектін бір уақытта бірігіп қолдану мүмкіндігі және модельдеу процессін тиімді басқару болып табылады. AllFusion Process Modeler 7 и AllFusion ERwin Data Modeler интеграциясы мекеме архитектурасын талдау мәселелерін шешеді. AllFusion Process Modeler 7 қолдау, тұрақты берілгендер мен метаданныйларды қолдану функциялары, таңдалған объекттің модельдің қай жерінде қолданылатындығы туралы ақпаратты бөлшектеп бейнелеуді қамтамасыз етеді - "where used" есебі.
Есеп берулер шаблондарының жеке генераторы. Report Template Builder - AllFusion Process Modeler 7 (BPwin) және AllFusion ERwin Data Modeler үшін де есеп берулердің жалпы генераторы. Report Template Builder есеп берулер шаблонын бір рет дайындауға мүмкіндік береді, оны кейін кез-келген форматта: HTML, RTF, TXT, PDF кез-келген модельдің есеп берулерін генерациялау үшін қолдануға болады. Шаблондарды дайындаудың мұндай әдісі «define once, reuse-everywhere» («бірде анықтаңыз және қайда болса да қайтара қолданыңыз») есеп берулерді құру стандартын қолдауға мүмкіндік береді. Генерацияланған есеп берулер ақпаратқа қол жеткізу деңгейіне сәйкес, барлық қызығушы тұлғалар үшін қажетті құжаттамаларды ұсына отырып, компанияның ішкі сайттарында жариялануы мүмкін.
№14 Лекция. Клиент-серверлік корпоративті АЖ жобалау. КАЖ жобалау. Транзакцияны жедел өңдеу жүйесін жобалау. Мәліметті жедел өңдеу жүйесін жобалау.
Корпоративті ақпараттық жүйе (КАЖ) деп біз программалық қамтама орнатылған және бапталған арнайыландырылған программалық қамтамалар және есептеу аппараттық платформалары жиынын атаймыз.
