- •Лекциялық тапсырма материалдары
- •Ақпараттық жүйенің классификациясы
- •Масштабы бойынша классификация
- •Жалғыз ақпараттық жүйе
- •Топтық ақпараттық жүйе
- •Бухгалтерлік есеп
- •Корпоративті ақпараттық жүйелер
- •Қолдану аймағы бойынша аж классификациялау
- •Ұйымдастыру әдісі бойынша аж классификациялау
- •Аж қолдану аймақтары және іске асыру мысалдары
- •Қаржылық ағындарды басқару
- •Қойманы, ассортиментті, сатып алуларды басқару
- •Өндірістік процессті басқару
- •Маркетингті басқару
- •Құжатайналым
- •Мекемені жылдам басқару
- •Фирма туралы ақпарат тарату
- •Жүйелік объектілерді сипаттау
- •Жүйелік объектілерді сипаттау процессінің механизмі
- •Жобаны басқару тураалы жалпы түсінік
- •Жоба түсінігі
- •Жобаны классификациялау
- •Аж өмірлік циклі.
- •Ақпараттық жүйенің өмір циклының каскадты моделі
- •Өмір циклының спиральді моделі
- •Итерациялар
- •Жүйені өңдеудің функционалды-бағытталған әдісі.
- •Каж жамуына әсер етуші факторлар
- •Мекемені басқару әдістемесін дамыту
- •Компьютерлік жүйенің жалпы мүмкіндіктерін және өнімділігін дамыту
- •Ақпараттық жүйе элементтерін техникалық және программалық жүргізу әдістерін дамыту
- •Корпоративті ақпараттық жүйенің негізгі құраушылары
- •Ақпараттық жүйе құраушыларының арасындағы қатынастар
Жүйелік объектілерді сипаттау
Күрделі ұйымдастырылған бүтін білімді сипаттау, оны тану, қасиеті, байланысы, қатынас, тәуелділіктер туралы ақпаратты тіркеуді ұсынады.
Жүйелік объектілерді сипаттау процессінің механизмі
Жүйені сипаттау жүйелік зерттеудің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл кезде жүйелік объектілер ретінде табиғатта, техникада, қоғамда және оның комплекстерінде өмір сүретін әртүрлі бүтін білімдер болуы мүмкін.
Жүйені сипаттау техникасы және технологиясы өте күрделі. Оның бар екендігін анықтайтын механизмнің әртүрлі әдісі бар. Сипатау тілін таңдау өте маңызды, осы белгімен ол: құрамдық және формальды болып бөлінеді. Жүйені формальді модельмен сипаттау кезінде, сипаттама сыртқы бақылау нәтижелерінен тыс, объектінің ішкі қасиеттері мен белгілері негізінде тұрғызылған, аксоматикалық дәлелдеулерден тұрады.
Формальды көзқараспен қарағанда жүйенің кішігірім көлемі сипатталуы мүмкін.
Жүйенің құрамдық сипаттамасы тікелей бақылау және эксперименттеу принциптерінің келісімінен туындайды.
Жүйе экстроспективті және интроспектив талдау негізінде сипатталады. Біріншісі – берілген жүйені сыртқы қоршаған ортамен зерттеуге, ал екіншісі – ішкі параметрлермен зерттеуге бағытталған.
Жалпы жағдайда жүйені сипаттау механизмі келесі этаптардан тұрады:
басқалардың ортасында объектіні ерекшелеу және оны жүйе ретінде ұсыну;
жүйенің классификациялық мінездемесі
жүйенің мақсатын, тапсырмасын және белгіленуін анықтау;
жүйенің басқа жүйемен байланысын орнату;
жүйені декомпозициялау (бөлшектеу), құрылымдық компоненттерді ерекшелеу;
жүйенің мінез-құлқын зерттеу;
жүйе жағдайын зерттеу және оның өзгерістерінің бағытталуы.
Жүйелік әдіс — бұл жүйе толығымен қарастырылған кезде зерттеу принципі. Оның тапсырмасы жүйеге кіретін жүйеастылардың тиімділігін жақсарту емес, жүйені толығымен ұтымды ету.
Жүйенің негізгі теориясының мақсаты, өлі табиғатпен байланыстыларға қарағанда, жүйенің үлкенірек классын зерттеуге қажетті әдістерді дамыту үшін, концептуалды және диалектикалық негіздерді тұрғызу.
Лекция №3. АЖ функционалдық ішкі жүйелері. Функционалдық ішкі жүйелерді құру принциптері. Функционалдық ішкі жүйе мәселелері.
АЖ негізгі қасиеттерінің бірі, оның ішкіжүйеге бөлінуі болып табылады. АЖ өңдеу және эксплуатациялау жетістіктеріне жататындар:
жобалаушылар тобын ішкіжүйелері бойынша мамандандыру нәтижесінде АЖ өңдеу мен модернизациялауды қысқарту;
дайын ішкіжүйені жұмыстың орындалу ретіне сәйкес енгізуді және орнатуды қысқарту;
пәндік аймақ жұмысшыларын мамандандыру нәтижесінде АЖ эксплуатациялауды қысқарту.
Әдетте ішкіжүйе функционалды және қамтамасыз етуші болып бөлінеді. АЖ-ң функционалды ішкіжүйесі, жүйе әрекетінің (мекеменеің) нақты бір түріне қызмет көрсетеді Функционалды ішкіжүйе бірыңғай жүйеге енгізу, ақпараттық, программалық, математикалық, техникалық, технологиялық және құқықтық ішкіжүйелері секілді қамтамасыз етуші ішкіжүйелердің жұмыс істеуімен орындалады.
АЖ функционалды ішкіжүйесі
АЖ-ң функционалды ішкіжүйесі – тапсырмалар арасында жоғары деңгейлі ақпарат алмасуы бар экономикалық тапсырмалар комплексі.
Тапсырма дегеніміз нақты анықталған кіріс және шығыс ақпараты жиыны бар кейбір ақпаратты өңдеу процессін айтамыз. Мысалы, төлемақыны есептеу, сатып алуға тапсырыс дайындау.
Функционалды ішкіжүйенің құрамы ЭЖ ерекшеліктерімен, оның аймақтық тәуелділігімен, жекелік формасымен, көлемімен және мекеме әрекетінің сипаттамасымен анықталады.
АЖ-ң функционалды ішкіжүйесі әртүрлі принцип бойынша тұрғызылуы мүмкін: пәндік; функционалдық; мәселелік; аралас (пәнді-функционалды).
Өндірістік мекеменің шаруашылық үрдісінде ресурсты басқарудың келесі ішкіжүйелерге бөлінеді: дайын өнімді сатуды басқару; өнідісті басқару; материалды-техникалық қойманы басқару; қаржыны басқару; қызметкерлерді басқару.
Басқару функцияларын жүргізу үшін келесі ішкіжүйелерге бөлінеді: жобалау; түзету (жедел басқару); есепке алу; талдау.
Тәжірибеде аралас пәндік-функционалдық әдіс жиі қолданылады. АЖ функционалды құрылымын тұрғызу – бұл объект құрылымына және басқару жүйесіне сәйкес келетін, сондай-ақ орындалушы басқару функциясына сәйкес келетіндей етіп оны әрекеттің шаруашылық мінездемесіне байланысты ішкіжүйеге бөлу.
Мекеменің жалпы құрылымының функционалды ішкіжүйесінің үлгілік жиыны келесі:
Функционалды принцип:
перспективті даму (ПД)
технико экономикалық жобалау (ТЭЖ)
бухгалтерлік есеп және АХД
Пәндік принцип (ресурстарды басқарудың ішкіжүйесі):
өндірісті техникалық дайындау (ӨТД)
негізгі өндірісті басқару (НӨБ)
қосымша өндірісті басқару (ҚӨБ)
өнім сапасын басқару (ӨСБ)
материалды-техническалық қорды басқару (МТҚБ)
дайын өнімді жүргізу мен сатуды басқару (СБ)
кадрларды басқару (КБ)
Функционалды белгіге байланысты тұрғызылған ішкіжүйелер, мекеменің шаруашылық әрекетінің (өндіріс, қойма, сату, персонал, қаржы) барлық түрін қамтиды.
Пәндік принцип бойынша тұрғызылған ішкіжүйелер, ресурсты басқарудың жедел деңгейіне жатады.
Функционалды-пәндік принцип бойынша тұрғызылған ішкіжүйелер
Перспективті даму (ПД)
Өндірісті техникалық дайындау (ӨТД)
Технико-экономикалық жобалау (ТЭЖ)
Дайын өнімді жүргізуді және сатуды басқару
Негізгі өндірісті басқару
Материалды-техникалық қорды басқару
Өнім сапасын басқару
Қосымша өндірісті басқару
Кадрларды басқару
БЕ және шаруашылық әрекетті талдау
Перспективті даму ішкіжүйесін құрудың мақсаты, мекеменің қаржылық-шаруашылық әрекетінің ертеңін және болашағын стратегиялық жобалау болып табылады. Ішкіжүйеде келесі зерттеулер жүргізіледі:
өнімді сату рыногы
өндірістің және шикізат рыногының технологиясын дамыту
мекеменің бағыты, реконструкциясы және модернизациясы
территориялық үлестірілуі
Перспективті даму тапсырмаларын шешу нәтижесі көпшілік жағдайда технико-экономикалық жобалау және өндірісті техникалық дайындау тапсырмаларын шешу кезінде қолданылады.
Өндірісті техникалық дайындау ішкіжүйесінде жобалау үрдісін басқару функциясы автоматандырылады, жаңа конструкциялар, өнімдер жасалады және енгізіледі, өндіріс модернизацияланады, ҒЗЖ орындалады. Ішкіжүйенің негізгі мақсаты: жаңа өнімді дайындау және шығару уақытын қысқарту; оны шығаруға кететін еңбектік, материалдық және қаржылық шығындарды минималдау. Ішкіжүйе шешімдерінің нәтижесі ТЭЖ, ресурсты басқару, БЕ және АХД ішкіжүйелерінде қолданылады.
ТЭЖ ішкіжүйелері тапсырмасы ЭЕМ қолдану негізінде жылдық өнім бағдарламасын дайындау және жылдық өнім бағдарламасын жобаланған мерзімдер бойынша үлестіру. Нәтижесінде сауданың, өндірістің негізгі және қосымшаның, материалды-техникалық қордың, сапаны басқарудың және т.б. жобалар комплексі алынады.
Дайын өнімді жүргізуді және сатуды басқару ішкіжүйелері ТЭЖ-ға сәйкес өнімді сатуды жедел басқаруға арналған. Ішкіжүйелерді құрудың мақсаты дайын өнімді жүргізуді жедел жобалау, есепке алу, бақылау, талдау және реттеу үрдісі тапсырмаларын комплексті автоматтандыру. Ішкіжүйенің тапсырма нәтижелері БЕ және АХД ішкіжүйесімен, ресурстарды басқару ішкіжүйесінде қолданылады.
Негізгі өндірісті басқару ішкіжүйелері өндірістік тапсырмаларды жедел жобалау, есепке алу және реттеу тапсырмаларын орындауға арналған. Ішкіжүйенің мақсаты: құрылғыны, материалды еңбек және қаржылық ресурстарды толық және тиімді пайдалана отырып, шығарылушы дайын өнімді тапсырыспен қамтамасыз ету. Нәтижесінде күнтізбелік-жобалық нормативтер өңделеді, басқарудың барлық деңгейіне жоабалық тапсырмалар құрылады, жедел есепке алу мен талдаулар жүргізіледі. Ішкіжүйе тапсырмаларының шешімдері БЕ және АХД ішкіжүйелерінде , Материалды-техникалық қорды басқару ішкіжүйелерінде қолданылады.
Материалды-техникалық қорды басқару ішкіжүйелері өндірістің материалға талабын минималды шығын негізінде жедел қамтамасыз ету. Ішкіжүйенің мақсаты: материалдық ресурстарды жедел жобалау мен есепке алу тапсырмасын (шикізат талабын есептеу, тапсырыстар мен келісімдер жасау, қор графигін дайындау және т.б.) автоматтандыру. Ішкіжүйе тапсырмаларының шешімдері БЕ және АХД ішкіжүйелерінде және ресурстарды басқарудың басқа да ішкіжүйелерінде де қолданылады.
Қосымша өнімді басқару ішкіжүйелері құрал-саймандық өндірісті, жөндеу және транспорттық шаруашылықты, мекемені энергетикалық қамтамасыз етуді жедел басқаруды автоматтандыруға арналған. Ішкіжүйені өңдеудің мақсаты: жедел жобалау бойынша күрделі есептеулерді автоматтандыру болып табылады. Ішкіжүйе тапсырмаларының шешімдері БЕ және АХД ішкіжүйелерінде және Өнім сапасын басқару ішкіжүйелерінде қолданылады.
Кадрларды басқару ішкіжүйесі жеке құрамды жедел жобалау және есепке алу функцияларын жүргізу үшін және кадрлар қозғалысын есепке алу және функционалды талдауға арналған. Ішкіжүйе ресурстарды жедел басқару ішкіжүйелерімен екі жақты байланысқа ие. Ішкіжүйе тапсырмаларының шешімдері еңбекті және еңбекақыны есептеуде БЕ және АХД ішкіжүйелерінде қолданылады.
БЕ және АХД ішкіжүйелері есептік ақпараттардың жеделдігі мен дәлдігін жоғарылату үшін қолданылады. Ішкіжүйеде негізгі құралдарды, еңбекті есепке алу және еңбек ақыны есептеу, негізгі өнімді есептеу, өндіріс материалдарын, шығындарын есептеу, жылдық өнімді есепке алу және есеп берулер дайындау, қаржылық есептеулер автоматтандырылады. Ішкіжүйе тапсырмаларының шешімдері Перспективті даму, Өндірісті техникалық дайынындау, Технико-экономикалық көрсеткіштер ішкіжүйелерінде қолданылады.
Лекция №4. АЖ-ң қамтамасыз етуші ішкі жүйелері. Ұйымдастырушылық қамтама, Құқықтық қамтама, Техникалық қамтама, Математикалық қамтама, Программалық қамтама. Ішкі жүйелерінң құрамы және мазмұны.
Қамтаманың әр түрі қолданылатын нақты функционалды ішкіжүйеге тәуелсіз, АЖ қамтамасыз етуші ішкіжүйесі барлық АЖ үшін жалпы болып табылады.
АЖ қамтамасыз етуші ішкіжүйесіне жататындар:
Ұйымдастырушылық қамтама
Құқықтық қамтама
Техникалық қамтама
Математикалық қамтама
Программалық қамтама
Ақпараттық қамтама
Лингвистикалық қамтама
Технологиялық қамтама
Эргономикалық қамтама
Ұйымдастырушылық қамтама (ҰҚ) ішкіжүйелері жүйенің мақсаты мен функциясын сәтті жүргізуге арналған. Оның құрамынан компоненттің 4 тобын ерекшелеуге болады.
1 топ – Әдістер – жүйе жұмысын және құрылу үрдісін қадағалаушы, маңызды материалдық әдістемелерге ие (АЖ құру бойынша жалпыаймақтық материалдар, типтік жобалық шешімдер, жобаалдылық зерттеу жүргізуді ұйымдастыру бойынша материалдар, жобалық құжаттарды құру және енгізу сұрақтары бойынша материалдар)
2 топ – Құралдар – АЖ тиімді жобалауға және жүргізуге арналған құралдар жиынтығы (қолданбалы программалардың үлгілік пакеті, мекемені басқарудың үлгілік құрылымы, жалпыжүйелік және аймақтық классификаторлар және т.б.).
3 топ – Техникалық құжаттама, жүйені зертеу, жобалау және енгізу кезінде алыңған құжат (ТЭЖ, техникалық тапсырма, техникалық және жұмыс жобалары және құжаттары)
4 топ – Персонал – жобаның штатты-ұйымдастырылған құрылымына құжаттау.
Құқықтық қамтама ішкіжүйесі АЖ құру және эксплуатациялау үрдісін қорғауға арналған (аралық және қорытынды ақпараттық жүйені дайындауға, өңдеуге, сақтауға қатысты құқықтық құжаттар жиыны).
Құқықтық құжаттарға жататындар: тапсырыс беруші мен өңдеуші арасындағы келісім шарт, құрылушы жүйенің мінездемесі, АЖ бөлімшелерінің құқықтық міндеттері, ақпаратты өңдеу үрдісінің жеке түрлерінің құқықтық міндеттері, қолданушылардың техникалық құралдарды қолдануы кезіндегі құқықтық міндеті.
Құқықтық қамтаманың мақсаты: АЖ өңдеу үрдісін және олардың өзара ара қатынасын құқықтық реттеудің тиімді жүйесін құру.
Техникалық қамтама (ТО) ішкіжүйесі АЖ-де мәліметтерді өңдеуге арналған техникалық құралдар жиынын ұсынады.
Жиын құрамына ЭЕМ, машиналық қондырғыларда ақпарат дайындау құралы,ақпаратты жинау және тіркеу құралы, байланыс каналы бойынша ақпарат беру құралы, ақпаратты жинау және сақтау құралы, нәтижелік ақпарат беру құралы, қосымша қондырғылар және ақпаратты ұзақ сақтап басқа техникалық құралдармен ақпарат алмасатын ұйымдастырушылық техника.
Математикалық қамтама (МҚ) – ақпаратты өңдеу тапсырмасын ЕТ пайдалана отырып шешуге арналған, математикалық модельдер мен алгоритмдер жиыны,басқару тапсырмасының экономико-математикалық модельін тұрғызуға мүмкіндік беретін құралдар мен әдістер жиыны.
МҚ құрамына кіретіндер:
МҚ құралдары (басқарудың үлгілік тапсырмасын модельдеу құралы, көпкритериялы тиімділік әдістері, мат. Статистикалар, көпшілікке қызмет көрсету теориясы)
Техникалық құжаттау (тапсырманы сипаттау, тапсырманы шешу алгоритмі)
МҚ таңдау әдістері (тапсырмалар үлгісін анықтау әдісі, алгоритмдердің есептелу күрделілігін бағалау әдісі, нәтижелердің дұрыстығын бағалау әдістері)
Программалық қамтама (ПҚ) ішкіжүйесі есептеу техникасын қолдану негізінде жүенің барлық программалар жиынын жүргізетін, программалар мен программалар жиыны.
ПҚ екі топқа бөлінеді: жалпы және арнайы. Жалпы ПҚ – ОЖ, операциялық қабықша, компиляторлар, интерпретаторлар, желілік программалар және т.б. Арнайы ПҚ – функционалды ішкіжүйе жиегінде нақты бір тапсырма үшін өңделген, қолданбалы программалар жиыны және бақылау мысалдары.
Лекция №5. АЖ-ң қамтамасыз етуші ішкі жүйелері. Ақпараттық қамтама, Лингвистикалық қамтама, Технологиялық қамтама, Эргономикалық қамтама. Функционалды ішкіжүйелердің арақатынасы. Ішкі жүйелерінң құрамы және мазмұны.
Ақпараттық қамтама (АҚ) ішкіжүйесі – классфикациялаудың бірыңғай жүйесі және технико-экономикалық ақпаратты, құжаттаудың бірыңғай жүйесін және ақпараттық базаны кодтаудың бірыңғай жүйесі.
АЖ ақпараттық қамтамасы – құжаттардың, графтардың, қатарлардың, көрсеткіштердің ақпараттық құрылымы қолданушыға үйреншікті ұйымдастырылу тиіс және әртүрлі құрылымдармен жылдам және ыңғайлы түзетуге, басқаруға ыңғайлы болуы тиіс.
Жүйенің барлық ақпаратын өңдеуіне қатысты: кіріс, аралық және шығыс деп бөлуге болады.
Кіріс ақпараты АЖ тапсырмаларын шешуге арналған бастапқы берілгендер жиынын ұсынады. Бастапқы берілгендерге барлық алғашқы мәліметтер, нормативті-анықтамалық ақпарат, және де тапсырманы шешу нәтижесінде алынған, түрленген ақпараттар жатады.
Шығыс ақпаратқа жататындар, АЖ тапсырмасын шешу нәтижесінде алынған және тікелей басқаруда қолдануға арналған ақпараттар.
Кіріс және шығыс ақпараттары АЖ ақпараттық базасын құрады.
АҚ құрамына 2 комплекс кіреді:
Машинадан тыс ақпараттық қамтама (бұл ақпараттың құжаттың, ақпараттық жүйенің құжатайналымы көрсеткіштер жүйесін, классификациялау әдісін және элементтерін кодтауды қоса алғанда, пәндік аймақтың барлық ақпараттар жиыны).
Жалпымемлекеттік классификаторлар да бар – ол объектті барлық жерде бірдей белгілеу үшін қолданылады. Олар СНГ мемлекеттері территориясында қолданылатын, классификациялау мен кодтаудың бірыңғай жүйесі (ККБЖ) жиегінде өңделеді. Аймақтық классификаторлар аймақ жиегінде құрылып, аймақ жиегінде қолданылады. Локальді классификаторлар – жеке объект жиегінде қолданылатын, жеке кодқа ие. Мысалы, банк есептерінің, тіркеу номерлерінің классификаторлары және т.б.
Берілгендер элементінің және оның әртүрлі жиындарының нақты сипаттамасы (реквизиттер, көрсеткіштер, жазбалар, файлдар) идентификаторлар болып табылады. Кодтарды және идентификаторларды қолдану ақпаратты іздеу, сақтау, беру, өңдеу қиындықтарын айтарлықтай жеңілдетеді және автоматтандыру тиімділігін жоғарылатады, жад ресурстарын және техникалық құралдарын экономдайды, ақпарат қауіпсіздігі мен оны қорғау деңгейін жоғарылатады.
Машинаішілік ақпараттық қамтама бұл машина жетегіне ақпаратты құрамы бойынша, белгіленуі бойынша және арнайы түрде ұйымдастырылған массивтерді (файлдарды), деректер қорын және олардың ақпараттық байланыстарын әртүрлі үлгіде бейнелеу.
Машинаішілік ақпараттық қамтама жүйені қолданушылардың әртүрлі маманданған талаптарын қанағаттандыру үшін ақпараттық ортаны дайындайды. Оның құрамында ақпаратты техникалық құралмен өңдеуге және беруге арналған, машина жетегінде арнайы ұйымдастырылған ақпараттың барлық түрі бар. Сондықтан ақпарат файлдар (массив), деректер қоры және деректер банбі түрінде ұсынылады.
Лингвистикалық қамтама ішкіжүйесі (ЛҚ) – АЖ өңдеу тиімділігін жақсарту мақсатында және қолданушы мен ЭЕМ арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында, сондай-ақ табиғи тілді дайындау ережесін жақсарту мақсатында қолданылатын ғылыми-техникалық терминдер мен басқа тіл құралдарының жиыны.
Тіл құралдары 2 топқа бөлінеді:
Әдеттегі (традиционные) тіл (математикалық, логикалық, алгоритмдік және т.б.)
ЭЕМ мен диалог тілі (ақпараттық-іздеу, МҚБЖ тілі, операциялық орта тілі және т.б.)
Технологиялық қамтама (ТҚ) ішкіжүйесі – ақпараттың әр-түрін өңдеудің технологиялық қадамы бойынша АЖ ішкі жүйелерге бөлуге сәйкес келеді:
Бастапқы және нәтижелік ақпарат (бастапқы ақпаратты жинаудың, өңдеудің, берудің және сақтаудың технологиялық үрдісі қадамдары және нәтижелік ақпарат алу және беру)
Ұйымдастырылып-үлестірілетін құжат (кіріс құжаттарын қабылдау , орындауға беру, істі өңдеу және сақтау, ішкі құжаттар мен есеп берулерді дайындау және құрастыру қадамдары)
Технологиялық құжаттар және сызбалар (бастапқы берілгендерді енгізу және өнімнің жаңа түрі үшін жобалық құжат дайындау қадамы, техникалық құжат дайындау және беру)
Деректер және білім қоры (білім және ДҚ дайындау қадамдары, шешімді іздеу үшін сүраныстар дайындау және енгізу, шешім қабылдау нұсқаларын және оған түсініктеме беру)
Ғылыми-техникалық ақпарат, ГОСТ-тар және техникалық шарттар, құқықтық құжаттар және істер.
Яғни, технологиялық қамтама ішкіжүйесі, әрекеттің сәйкес аймағында технологиялық өңдеулерді анықтайтын, әрекетті автоматты түрде жүргізу үшін технологиялық шарттар құратын, сондай-ақ осы әрекеттерді нығыздайтын технологиялық нұсқаулар мен инструкциялар жиынынан тұратын жобалық шешімдер жиынын ұсынады.
Эргономикалық қамтама ішкіжүйесі технологиялық операциялардың орындалуын жылдам меңгерудің, еңбек өнімділігн арттыра отырып, аса көп қиындықсыз сапалы, қатесіз жұмысқа қол жеткізудің, маман үшін тиімді шарттарын жасаудың әдістері мен құралдарын дайындауды қарастырады.
Эргономикалық қамтама – жүйені өңдеу мен жүргізудің әртүрлі қадамында қолданылатын әдістер мен құралдар жиыны.
АЖ эргономикалық қамтамасыз ету құрамына әдістер, әдістемелер, қалыпты-анықтамалық құжаттар және дайындықтың техникалық құалдары жиыны кіреді. Олар келесі жағдайды қамтамасыз етеді:
Жұмыс орнына, ақпараттық модельге, және жүйедегі персонал әрекетінің шартына эргономикалық талаптар қою мүмкіндігі
АЖ персоналын дайындау деңгейіне, іріктеу жүйесін дайындауға және жүйеде персоналды дайындауға талаптар қоюға мүмкіндігі
АЖ-нің функционалды ішкіжүйелерінің арақатынасы
Қамтамасыз етуші барлық ішкіжүйелер функционалды ішкіжүйелердің көмегімен байланысқан. Ұйымдастырылған қамтама ішкіжүйесі АЖ өңделуі мен енгізілуін, АЖ ұйымдық құрылымын, жұмысшылар құрамын және Құқықтық қамтама ішкіжүйесі құрамындағы құқықтық нұсқауларды анықтайды.
Математикалық қамтама ішкіжүйесінде шешілетін тапсырмалар құрамы, Программалық қамтама ішкіжүйесі құрамына кіретін қолданбалы программаларды өңдеу үшін негіз болып табылады.
Ақпараттық қамтама ішкіжүйесінде ақпараттық қор құрамын және құрылымын өңдеу, ұйымдық және құқұқтық қамтама құжаттамасы бойынша өңделген принциппен жұмыс істейтін бірыңғай АЖ-ге функционалды ішкіжүйенің барлық тапсырмасын біріктіруге мүмкіндік береді.
Ақпарат ағынының үлкен көлемі есептік ақпаратпен бірге Техникалық қамтама компонентін таңдауға және есептеуге мүмкіндік береді, ал өңделген программалық, ақпараттық қамтама ақпаратты өңдеу технологиясын Технологиялық қамтама ішкіжүйесінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Лекция №6. Жоба туралы ұғым. Жобаны басқару. Жобалардың классификациясы. АЖ жобалау технологиясы. АЖ жобалау стадиялары. АЖ өмірлік циклы.
АЖ өңдеу (КАЖ-ні де), ереже бойынша нақты мекеме үшін де орындалады. Мекеменің пәндік аймағы әрекетінің ерекшеліктері, ақпараттық жүйе құрылымына тікелей әсерін тигізеді. Бірақ, әртүрлі мекеменің құрылымы жалпы алғанда ұқсас болып келеді. Әрбір мекеме, өзінің әрекеті үлгісінен тәуелсіз, компанияның осы немесе басқа түріне тікелей қатысты бөлімшелер қатарынан тұрады. Бұл жағдай қандай әрекетпен айналысатын мекеме болмасын дұрыс жағдай болып табылады.
