Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KTE_1178_kursty_1179_zhoba.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.5 Ұлғаю процесi

Ұлғаю политропасының көрсеткiшiн n2=1,23 – 1,30 аралығында қабылдаймыз.

Ұлғаю соңындағы газ қысымы, МПа

Ұлғаю соңындағы температура, К

Мұнан әрі бұрын қабылданған қалдық газ температурасының Tr дұрыстығын тексеру қажет, %

Ескертпе: Егер Δ шамасы 10 % асып кетсе, Tr шамасын жаңадан қабылдап, есепті қайта жасау керек.

3.6 Циклдің индикаторлық көрсеткiштерi

Индикаторлық орташа қысым, МПа

Индикаторлық диаграмманы жұмырлау коэффициентi jи = 0,95 – 0,98 деп есептеп, нақты индикаторлық орташа қысымды анықтаймыз, МПа

Индикаторлық үлестiк отын шығыны, г/кВт сағ

Циклдің индикаторлық ПӘК

шамасын МДж өлшемімен есептейді.

3.7 Мотордың тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Лайықталған (nном) режимдегі пiспектiң орташа жылдамдығы, м/с

Бұл жерде S – піспек жүрісі, м.

Механикалық шығынның орташа қысымы, МПа

Циклдің тиiмдi орташа қысымы, МПа

Мотордың механикалық ПӘК

Тиiмдi үлестiк отын шығыны, г/(кВт·сағ)

Мотордың тиiмдi ПӘK

Жұмыстық көлемі белгілі мотордың тиімді қуаты, кВт

мұнда τ – ырғақтылық коэффициенті, τ = 4.

Сағаттық отын шығыны, кг/сағ

Мотордың тиімді айналдырғыш моменті, Нм

4 Дизельдің жұмыс циклін есептеу

4.1 Жұмыстық заттың өлшемдерi

Дизельдiк отынның орташа элементтiк құрамы:

- көмiртегi C = 0,870;

- сутегi Н = 0,126;

- ерiген оттегi Ое = 0,004.

-төменгі қызу Hu = 42500 кДж/кг

1 кг отынның толық жануы үшiн қажет теориялық ауа мөлшері (массалық l0, кг, және көлемдік L0, кмоль)

Цилиндрге түсетiн ауа мөлшерi, кмоль

α – жанғыш қосындының құрамдық коэффициенті. Үрмелеу қысымы жоғары дизель үшін α = 1,8 – 2,0 аралығында қабылдауға болады.

Қоламта газдың жалпы мөлшерi, кмоль

Қоламта газ компоненттерiнiң мөлшерi, кмоль

Mолекулалық өзгерудiң теориялық коэффициентi

4.2 Толтыру процесi

Есептеуге қажет кейбір өлшемдерді – атмосфералық ауа қысымы ро = 0,1 МПа, температурасы То = 288 К, таза түсiмнiң жылыну дәрежесi ΔТ = 0 – 10 К деп aлдын-ала тұспалдаймыз.

Газ турбиналық үрмелі дизель үшін қалдық газ қысымын рr = (0,90 – 0,98)·рk, МПа, аралығында (баяу жүрісті мотор үшін рr төмендеу!), температурасын Тr = 700 – 900 К аралығында қабылдайды.

Үрмелі моторда цилиндрге түсетін ауа компрессордан өткенде қызады. Сондықтан оның температурасын анықтау қажет, К

мұндағы рк – үрмелеу қысымы (тапсырмаға сәйкес).

Таза түсiм нығыздығы, кг/м3

– ауаның үлестік газ тұрақтысы, кДж/(кмоль·град).

Толтыру соңындағы газ қысымы, МПа

b2+x – енгiзу жүйесiнің қарсылық коэффициенті, b2+x = 2,5–3,5;

ωен – енгiзу жүйесiндегі газдың орташа ағыны, ωен=50 – 130 м/с.

Ескертпе: ωен шамасы мотордың айналым жиілігіне байланысты: егер nном жоғары болса, ωен мөлшерін ұлғайтып алу қажет!

Қалдық газ коэффициентi

Толтыру соңындағы температура, К

Толымдылық коэффициентi

4.3 Сығымдау процесi

Сығымдаудың политроптық көрсеткiшiн = 1,34 – 1,38 аралығында қабылдаймыз.

Ескертпе: Осы арада және бұдан әрі белгілі бір аралықта өзгеретін шаманың орташа мөлшерін қабылдайды!

Сығымдау соңындағы қысым, МПа

Сығымдау соңындағы температура, К

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]