- •2 Курстық жоба бойынша жалпы нұсқаулар
- •2.1 Курстық жобалау тапсырмасы
- •2.2 Курстық жобаның көлемі, құрамы және жасалуы
- •Мазмұны
- •Тапсырмалық мәлімет
- •3.4 Жану процесi
- •3 Бензин моторының жұмыс циклін есептеу
- •3.1 Жұмыстық заттың өлшемдерi
- •3.2 Толтыру процесi
- •3.3 Сығымдау процесi
- •3.5 Ұлғаю процесi
- •3.6 Циклдің индикаторлық көрсеткiштерi
- •3.7 Мотордың тиiмдiлiк көрсеткiштерi
- •4 Дизельдің жұмыс циклін есептеу
- •4.1 Жұмыстық заттың өлшемдерi
- •4.2 Толтыру процесi
- •4.3 Сығымдау процесi
- •4.4 Жану процесi
- •4.5 Ұлғаю процесi
- •4.6 Циклдің индикаторлық көрсеткiштерi
- •4.7 Мотордың тиiмдiлiк көрсеткiштерi
- •5 Мотордың жылу балансы
- •5.1 Жaлпы мәлімет
- •5.2 Жылу балансын есептеу
- •6 Индикаторлық диаграмманы құру
- •6.1 Жалпы мәлімет
- •6.2 Бензин моторы
- •6.3 Дизель
- •6.4 Индикаторлық диаграмманы құру әдістемесі
- •7 Мотордың сыртқы жылдамдық сипаттамасын құру және талдау
- •7.1 Жалпы мәлімет
- •7.2 Сыртқы жылдамдық сипаттаманы компьютерде есептеу тәртібі
- •7.3 Сыртқы жылдамдық сипатамасын талдау
- •8 Майлау жүйесін есептеу
- •8.1 Негізгі өлшемдер
- •8.2 Май суытқыш радиатор
- •9 Салқындату жүйесін есептеу
- •9.1 Салқындату жүйесінің негізгі өлшемдері
- •9.2 Сұйық салқындатқыш радиатор
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
6.2 Бензин моторы
Мұндай моторда сығымдау және ұлғаю политропасы цилиндрдің жұмыстық көлемі Vh = Vа – Vс шеңберінде бейнеленеді. Ең алдымен жұмыстық көлемнің Vh өзгеру ауқымында сығымдау дәрежесінің ағымдық мағыналарын εх белгілеу қажет. Бұл үшін ε – 1 ауқымын 7 – 8 аралыққа бөлу керек. Мысалы, тапсырма шартына сай ε = 10,4 тең болса, εх мағынасы 10,4 – 10 – 9,5 – 9 – 8 – 7 – 6 – 5 –3 – 1 болады. ЖМН тұсында нүктелер жиірек орналасқаны дұрыс.
Цилиндрдегі газ қысымы индикаторлық диаграмманың ординатасы, ал жұмыстық көлем Vh немесе піспек жүрісі S абсцисса болып табылады. Демек диаграмма тұрғызу үшін аталған координаттардың ағымдық мағынасын анықтау қажет.
Абсцисса өсінде цилиндрдің толық Vа көлеміне сай ОВ, жұмыс Vh көлеміне сай АВ, откамера Vс көлеміне сай ОА сызықтарын белгілейді. ОВ, АВ, ОА – тұрақты шамалар, ал Vh өзгеруін көрсететін координата ОХ – айнымалы (εх мағыналарына сәйкес) шама.
АВ ұзындығын белгілі бір масштабта піспек жүрісіне сәйкес анықтайды, мм
Әдетте масштаб коэффициентін μs = 1 мм/мм тең, яғни піспек жүрісінің 1 мм координатаның 1 мм тең деп алады. Егер S < 80 мм болса, диаграмманы ұлғайту мақсатында μs = 0,5 мм/мм масштабын қолдануға болады.
Откамера көлемін айқындайтын ОА ұзындығы, мм
Олай болса, цилиндрдің толық көлемі, мм
Ал өзгермелі көлем координатасы, мм
Аралық нүктелердегі газ қысымы (2 – координата)
– сығымдау политропасы үшін
– ұлғаю политропасы үшін
Мұндағы n1 мен n2 – сығымдау және ұлғаю политропаларының көрсеткіштері.
Ескертпе: 1) n1 және n2 шамасын сығымдау және ұлғаю процестерін есептеуден алу қажет (3-тарау);
2) рх шамасын есептеуді бір нүкте үшін ғана көрсету жеткілікті.
Есептеу нәтижелерін кестеге топтастырған ыңғайлы.
6-кесте – Бензин моторының индикаторлық диаграммасының аралық нүктелерін есептеу
Нүкте № |
|
OX, мм |
Сығымдау политропасы |
Ұлғаю политропасы |
||
|
|
|
, МПа |
|||
1 2 … … 10 |
ε … … … 1 |
|
|
|
|
|
6.3 Дизель
Дизельдің индикаторлық диаграммасында сығымдау политропасын салу бензин моторы үшін көрсетілген әдіспен жүргізіледі (6.2-тармақты мұқият қарап шығыңыз). Жұмыстық Vh көлемі εх арқылы 7 – 8 аралыққа бөлінеді. Мысалы, жылулық есептегі ε = 17 болса, εх мағынасы 17–16,5–16–15–13–11–8–4–1 болуы мүмкін. Әрі қарай сол әдіспен ОА, ОВ сызықтары белгіленіп, өзгермелі ОХ координаты және газ қысымы рх табылады.
Дизельде өтетін ұлғаю процесі 2 кезеңнен тұратындықтан ұлғаю политропасын салуда өзгешеліктер бар. Ең әуелі тұрақты қысым жағдайында өтетін көлем өзгеруі табылады
мұндағы ρ – бастапқы ұлғаю дәрежесі(5-кестені қараңыз).
Ескертпе: Z'Z сызығының ординатасы рz шамасына тең.
Ұлғаю политропасының қисық бөлігі жұмыстық көлемнің Vz – Vв аралығында салынады. Оған кейінгі ұлғаю дәрежесінің δ анықталған шамасынан 1 дейін азаюы сай келеді. Сондықтан δ – 1 ауқымын аралық нүктелерге еркін түрде болу қажет. Мысалы, δ = 12 болса, оның ағымдағы шамасы δх : 12 – 11,5 – 11 –10 – 9 – 8 – 6 – 4 – 1 болуы мүмкін.
Онан кейін өзгермелі көлем координаты табылады.
ОВ – цилиндрдің толық көлеміне сәйкес сызық.
Координаттық нүктелерге сәйкес газ қысымы.
Ескертпе: 1) n1 және n2 шамасын сығымдау және ұлғаю процестерін есептеуден алу қажет (3-тарау);
2) рх шамасын есептеуді бір нүкте үшін ғана көрсету жеткілікті;
Есептеу нәтижелерін кестеге топтастырған ыңғайлы.
7-кесте – Дизельдің индикаторлық диаграммасының аралық нүктелерін есептеу
Нүкте № |
Сығымдау политропасы |
Ұлғаю политропасы |
||||||
|
OX, мм |
|
px, МПа |
|
OX, мм |
|
, МПа |
|
1 |
ε |
|
|
|
δ |
|
|
|
2 ... ... ... 10 |
1 |
|
|
|
1 |
|
|
|

,
МПа