Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сюжетті-рөльдік ойындар 2010 .doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
345 Кб
Скачать
☆

«Жылжымайтын мүлік агенттігі» сюжетті-рөлдік ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығармалар оқу

- А. Л. Барто «Созылмалы Зина»;

- Б. Житков «Менің көргенім», «Біз «Мәскеу қонақ үйіне келдік» , «Мейрамхананың қай нөмірі»;

- С. Маршак «Балалар театрында».

Өнімді іс-әрекет түрлері

- коллаж жасау (түрлі үйлердің суреттерін журналдардын қиып алу).

Балалармен әңгімелесу

- «Жылжымайтын мүлік деген не? Ол не үшін қажет?»

- «Жылжымайтын мүлікте кім басшы? Не сатып алады? Не сатады?».

Дидактикалық ойындар

- «Қал-жағдайың қалай?»;

- «Атық затты алып таста»;

- «Бірлесіп әңгіме құрайық. Поштада»;

- «Үй саламыз».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- қоршаған ортамен таныстыру «Үйлер қандай болады»;

- тіл дамыту бойынша тапсырма «Сурет бойынша әңгіме құру»;

- қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру «Геометриялық пішіндермен таныстыру»;

- қол еңбегі «Мата түрлерімен танысу».

Ата-аналармен жұмыс

- отбасы қалай пәтерге ие болғаныдығы туралы балаларға айтып беру.

«Жылжымайтын мүлік агенттігі» сюжеті-рөлдік ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Ойын барысында бірнеше әрекетті логикалық бірізділік бойынша байланыстыру білігін қалыптастыруды жалғастыру, рөлдерді өз беттерімен бөлуге және сол бойынша әрекет етуге үйрету. Балалардың әлеуметтік белсенділік саласын және қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, жылжымайтын мүлікті сату бойынша агенттіктердің жұмысы туралы білімдерін бекіту, балаға ересектердің түрлі позицияда тұру мүмкіндігін беру.

Жағдаят

Атрибут

тар

Тәрбиешінің

әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Жарнама басылымымен таныстыру;

Жылжымайтын мүлікті таңдау;

Жылжы

майтын мүліктің орналасқан жерін талқылау;

Жоспарлау мен ресімдеудің ерекшеліктерімен таныстыру;

Келісімді ресімдеу;

Құжаттарды ресімдеу.

Жарнама журнал

дары; Пәтерлер

дің жоспарлары;

Үйлердің фотосурет

тері.

Сатып алушының рөлінде менеджермен әңгімелесу нұсқасын береді:пәтерде қанша бөлме болуы керек;

нешінші қабатта, қай ауданда, оны қаланың картасында көрсетуді ұсынады.

Агенттіктің менеджері келушілерді жарнама басылымымен таныстырады, не сатып алуға болатындығын айтып береді.

Сатып алушылар үйлер мен өңірлердің фотосуреттерін, пәтерлердің жоспарларын қарайды, пәтерде қандай бөлмелер бар екендігіне,

автобус аялдамасының, дүкендердің, мектептің, балабақшаның қай жерде орналасқандығына

қызығушылық танытады. Агенттер жылжымайтын мүлікті (үй, саяжай, көлік) тіркейді Салық иснпекторы жылжымайтын мүлікке салынатын салықты анықтайды

Нотариус сауда-саттық келісімін растайды.

«Ғарыш» сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығармалар оқу

- К. Булычёв «Үшінші ғаламшардың сыры»;

- В. Кащенко «Шоқжұлдызды тап»;

- В. Бороздин «Ғарыштағы ең алғашқы»;

- П. Клушанцев «Телескоп не туралы айтты»;

Өнімді іс-әрекет түрлері

- «Ғарыш кеңістігі» панносын безендіру;

- папье-машеден планеталардың макетін жасау.

Балалармен әңгімелесу

- «Жұлдыздар, олар қандай?»;

- «Күн жүйесі дегеніміз не?».

Дидактикалық ойындар

- «Артық затты тап»;

- «Барлаушылар».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- ознакомление с окружающим миром «Жер — біздің әлемдегі үйіміз»;

- «Зымыран жұлдыздарға ұшады» тіл дамыту;

- «Біздің ғарыш кемесі» құрастыру;

- «Жұлдыздарға салынған жол» сурет салу.

Ата-анларамен жұмыс

- «Ғарышты бағындыру» атты тақырыпта өткен сабақ туралы ата-аналарға арнлаған ақпарат парағы.