Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сюжетті-рөльдік ойындар 2010 .doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
345 Кб
Скачать
☆

«Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы

Мақсаты: Балаларда ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына дейін рөлге сәйкес әрекет ету біліктерін қалыптастыру. Балалардың позитивті және топта игілік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Жағдаят

Атрибуттар

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Кеме, теңіз астындағы қайықтың құрылысы.

Жүзуге дайындық, маршрутты таңдау, жүзу, рөлдік әрекеттерді орындау, кемені жөндеу, сүңгіуірлердің жұмысы. Байрақты көтеру. Портқа қайту. Майшабақ табу, аулау, керме ау бұзылды, балық кетіп бара жатыр, кеме тесілді. Жаңа зәкір түсіп, суға батады, теңіздегі өрт, көмек келе жатыр.

Торды жасау үшін құрылыс және құнсыз материал, штурвал, матростардың бескозыркалары, жалаулары бар кеменің мачталар, бинокльдер, боцман үшін рупор мен ысқырық, шлюпкалар, құлаққаптар, рация, сүңгуірлердің шлемдері, от сөндіру машиналар, шлангтер, от сөндірушілердің каскалары, дәрігерлердің құралдары, касса, билеттер, ақша, ыдыс, аспаз үшін қалпақ, халат, саяхатқа баратын қаланың суреті бейнеленген ашық хаттар.

Капитан рөлінде кемені жүргізеді, команда мүшелеріне нұсқау береді, маршрут парағын береді, басқа кемелермен, диспетчерлық қызметпен байланысқа шығады. Бинокльдан балық топтарын табады, зәкір тастайды, балықшыларға команда береді.

Кеме жасаушылар кеме құрады, матростар мачтаның үстінде, қараңғыға үңіліп қарайды, алдыға қарайтын матрос көпірдің үстінде тұр, руль басқаратын адам сейнерді жүргізеді, қайықшы керме ауды дұрыс лақтырғандығын қадағалайды. Боцман матростарға команда береді, олардың жұмыс атқарғанын қадағалайды. Сүңгуірлер теңіз түбін қарайды, зәкірді іздейді, краншылар кемеге жүк тиеді. Механик көмірдің өртенгенін хабарлайды. Дәрігер жүзу кезінде ауырып қалған жолаушыларды емдейді.

Балықшылар: торды айналдырады, теңізге тастайды, балық ұстайды, түрі мен сорты бойынша жәшіктерге салады.

Механик машиналардың жұмысын тексереді, Жолаушылар билеттерді сатып алып, кемеге отырады, қоғамдық көліктегі жүріс-тұрыстың ережелерін сақтайды;

Аспазшы жолаушыларға ас дайындайды.

«Ұшқыштар» сюжетті-рөлдік ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығарма оқу

- И. Винокуров «Аэродромда», «Ұшақты кім жүргізеді», «Биік ұшып, тереңді көреді», «Далада ұшақ қалай жұмыс», «Боран арасында».

Өнімді іс-әрекет түрлері

- ұшқыштар еңбегі туралы альбом әзірлеу;

- ұшқыштар ойынын ойнау үшін ұсақ-түйек атрибуттар әзірлеу;

- аэродром макетін ағаштан, ермексаздан, қағаздан және картоннан әзірлеу.

Балалармен әңгімелесу

- ұшқыштардың еңбегі туралы иллюстрациялар мен фотосуреттерді қарау;

- ұшқыштардың еңбегі туралы үйде естіген әңгімелер туралы шағын топтардағы балалармен әңгімелесу;

- «Ұшқыш болып қалай ойнауға болады»;

- «Ойын үшін өздері не әзірлеп шығаруға болады».

Дидактикалық ойындар

- «Аэродром» пазлдары.

Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті

- «Қайратты мамандықтар» қоршаған әлеммен таныстыру;

- «Ұшқыштар» тақырыбына сурет салу;

- «Аэродромда» мүсіндеу.

Ата-аналармен жұмыс

- аэродромға бару;

- ұшқыштар туралы иллюстрациялар, кітаптар, аудиожазбалар жинау;

- ұшқыштардың еңбегі туралы танымды телехабарлар қарау.