Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сюжетті-рөльдік ойындар 2010 .doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
345 Кб
Скачать
☆

«Отбасы. Қарлығаштың туылған күні» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы

Мақсаты: Ойында әлеуметтік ортадағы шынайы оқиғаларды көрсете білуді, отбасы - бірге тұратын адамдар туралы ұғымды қалыптастыру, жақын адамдарына қамқорлық көрсету талабын дамыту, өзінің отбасын мақтаныш тұту сезімін дамыту, өзінің отбасы туралы білімін тереңдету негізінде балалардың сөздік қорын белсендіру. Сөйлеу қабілеті арқылы ойын барысында бірлесуге, өтініш білдіруге, сұрақ қоюға, өз әрекеттерін түсіндіруге үйрету.

Жағдаят

Атрибуттар

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қазақ отбасына үлкендер мен балалар қонаққа келеді. Үй иелері қазақтың салт-дәстүрі бойынша қонақтарды күтіп алады.

Қазақстан туралы альбомдарды қарайды, домбыра әуенін тыңдайды.

Қонақтарға сыйлық.

Қазақтың ұлттық аспаптарындаойнау. «Қамажай» биі.

Қуыршаққа қонаққа барамыз.

Көрпе, дастархан, сандык, ыдыс, торсык, тұлпар, бауырсақта, қазан, тарақтар, қамшы, қазақтың ұлттық аспаптары (домбыра, қобыз, сырнай), қазақтың ұлттық костюмдері мен орамалдары.

Қуыршақтар – Карлығаш, Катя, Дима.

Ыдыс-кесе, шәйнек. Қант, кәмпиттер.

Жиһаз – дастархан.

Сыйлық – бауырсақтар

Әже рөлінде киіз үйді тұрғызуға көмектеседі, қонақ күту ережесімен таныстырып қазақтың салт-дәстүрі бойынша қонақ күтуді қонақжайлылықты үйретеді.

Карлыгаш киіз үйдің ішін реттеп, көрпе төсеп, дастархан жасап, кеселерді қояды. Хабаршы қонақтарды шақыру үшін тұлпарға мініп басқа ауылға бет алады. Апам қазанда етті бұқтырып, бауырсақ пісіріп, көже дайындап торсыққа құйяды.

Қонақ дәмнен татып, қонақжайлылықтарына алғысын білдіріп, туылған күн иесіне сыйлық береді. Балалар музыкалық аспаптарда ойнап, ал қыздар қазақтың ұлттық киімінде «Қамажай» биін билейді, үлкендер оларға сыйлықтар тартады. Балаларға– қамшы, қыз балаларға –айна және тарақ.

Қонақтар ас-шайына алғыс білдіріп, үйлеріне қайтады. Үй иелері қонақтарды шығарып салып, бөлмелерін жинап реттейді.

«Супермаркет. Жайлаудағы дүкен» сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастырылған жұмыс:

Көркем шығармалар оқу

- С. Мауленов «Бәрі жұмыста»;

- М. Әлимбаев «Жұмыстың жаманы жоқ»;

- К. Ыдырысов «Жайлауда»;

- А. Оразакын «Жайлауда».

Ұйымдастырылған өқу іс-әрекеті

- балалармен бірге ермексаздан, табиғи материалдардан (кондитерлік өнімдерді, көкөністерді, жемістерді, нан мен тоқаштарды, қағаздан әмияндарды) дайындау.

- сауда қызметкерлері жөнінде иллюстрациялы альбомдарды безендіру.

Балалармен әңгімелесу

- «Супермаркет деген не?». Балалар «Дүкендер» туралы тақырыпта не біледі және оны топта қалай ойнайды, ол үшін не қажет, балалар ата-аналар, педагогтармен бірге не істей алады.

  • «Жайлау дегеніміз не?», Малшы, көкөнісші, егінші»; немен айналысады.

  • Ойлануға жағдай туғызу. «Тасымалды дүкен несімен ыңғайлы?».

Дидактикалық ойындар

- «Сөз айт»;

- «Бір сөзбен ата».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- дүкенге саяхат;

- мүсіндеу «жемістер, көкөністер, кәмпиттер»;

- сурет «Жайлауда», «Киіз үй».

Ата-аналармен жұмыс

- қажетті атрибуттарды жинауға көмектесу;

- ойынға қатысып көру, бақылау.