Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ1 Почти.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
317 Кб
Скачать
☆

14. Негізгі шығындар

Негізгі шығын - технологиялык процеспен тікелей байланыс­ты шығын.

Тек негізгі шығындар мен айнымалы шығындар ғана запастармен шығарылған өнім бағасына енгізілуі керек.

Негізгі шығын нормасы - ұзақуақты бойы өзгеріссіз қалатын тұрақты шығын.

15. Үстеме шығындар

Үстеме шығындар - өндірісті басқарумен және қалпында ұстаумен байланысты шығындар.

Үстеме шығындарға: машиналар мен механизмдерді пайдалану шығындары, негізгі құралдарды жөндеу шығындары, жылу, энергия, жарық, аренда, қызмет көрсетуші персонадардың еңбек ақылары және т.б шығындар жатады.

Үстеме шығындардың құрамына мыналар енеді:

- өндірістегі инженерлік-техникалық қызметкерлердің еңбекақылары және одан аударымдар, негізгі өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақылары және одан аударымдар;

- негізгі өндіріс құралдары мен уақытша құрылыс нысандарының ағымдағы және күрделі жөндеу шығындары;

- өндіріс жұмысшыларын санитарлық - тұрмыстық қамсыздандыру шығындары;

- еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздендіру шығындары;

- өндіріс орындарындағы жұмысты ұйымдастыруға байланысты шығындар;

- үстеме шығындар нормасында есепке алынбаған, бірақ үстеме шығындарға жататын шығыстар.

Жанама шығындар нақты объектісі белгісіз болған жағдайда үстеме шығындарына жатқызылады.

Үстеме шығындар екі топқа бөлінеді: жалпы өндірістік және жалпы шаруашылықтық.

Өндірістік үстеме шығындар – бұл өндірісті ұйымдастыруға, қызмет көрсетуге және басқаруға байланысты шығындар. Олар өндірістік бөлімшелерде – учаскелерде, цехтарда, өндірістере, қайта бөлісуде пайда болады. Осы шығындардың мақсаты, сипаты мен атқарымдық ролі тікелей өндіріспен байланысты. Өндірістік үстеме шығындар құрамына енетіні-жабдықтарды күтіп ұстау, пайдалану шығындары, өндірістік мақсаттағы құрылысты, ғимараттарды басқару және күтіп ұстаудың цехтық шығындары т.б.

Өндірістік емес үстеме шығындар басқару функциясынан туындайды, оның өзі сипаты, қолданылуы және рөлі бойынша өндірістік функция мен өндірісті ұймдастыру функциясынан өзгешеленеді.

Кәсіпорынның басқа барлық шығындары секілді, үстеме шығындар басқару мақсатына байланысты басқару есебінде қарастырылады. Материалдық-өндірістік қорларды бағалау үшін ең алдымен өндірістік үстеме шығындарды бөлу тәртібі маңызды, яғни дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс арасын және өнім түрлерін бөлу.

Халықаралық басқару есебін ұйымдастыру тәжірибесінде өндірістік үстеме шығындарды бөлу бірнеше кезңде өтеді.

Бірінші – негізгі өндірістік және қызмет көрсететін бөлімшелер арасында үстеме шығындарды бөлу. Оның негізгі мақсаты - өзінік құнды қалыптастырудың себеп-салдарына тікелей байланысты әдісті таңдау.

Екінші кезеңде – қызмет үлесіне сәйкес өндірістегі қызмет көрсететін бөлімшелерге үстеме шығындарды қайта бөлеі, оларды жеткізуші бөлімшелерге қызмет көрсететін тұтынушы бөлімшелер алады.

Үшінші кезеңге бөлімше үшін әдісті таңдау әртібі және үстеме шығындарды бөлу ставкасын есептеу енгізіледі. Негізгі мақсаты-әртүрлі бөлімшелер өндіретін өнім тапсырыстары мен түрлері шығындарын бөлу.

Төртінші қорытынды кезеңде үстеме шығындарды тапсырысбойынша бөлу болып саналады. Әрбір тапсырыс, өнім түрлері бойынша, тапсырыс жөнінде жұмысты орындауға жұмсалатын әрбір бөлімшенің жұмыс уақыты анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]