Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ1 Почти.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
317 Кб
Скачать
☆

16. Тікелей шығындар

Тікелей– өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы – автосервис бөлім­шесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қол­данылатын бояудың құны – тікелей бояу цехының шығындары).

17. Жанама шығындар

Жанама – өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар – субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады. Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбекақысы – кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін. Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада – барлық шығындар тікелей байланысты).

Жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құнына әртүрлі әдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффициенттер) жанама жолмен қосылады;

18. Кірістік шығындар

Кірістік шығындар — қолда бар және сатып алынған ресурстар, келешекте табыс әкелуі ықтимал;

19. Өткен шығындар. Өтіп кеткен (истекшие) шығындар - осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі. Жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады. Мысалы, алып-сату үшін тауар өндірісіне жұмсалған шығындар, егер бұл тауарлар өткізілмесе және коймаларда сақталса, баланста кіретін (входящий) шығындар болып тіркеледі. Егер бұл тауарлар сатылса, онда бұл кіретін шығындар өткен шығындарға жатқызылуы тиіс, ол тауарларды өткізу нәтижесінде болған шығындар сметасында көрсетіледі. Өтіп кеткен және кіретін шығындар арасындағы айырма 6-суретте көрсетілген.

20. Инкременттік шығындар мен табыстар. Инкременттік шығындар мен табыстар - өнімнің партиясын қосымша дайындауда пай¬да болатын қосымша шығындар мен табыстар. Олар өнімнің қосымша партиясын жасаған жағдайда пайда болады. Егер шешім қабылдау нәтижесінде тұрақты шығындар өзгерсе, онда олардың ұлғаюын өсетін, басқаша айтсақ, инкре­ментті шығындар деп қарастырады. Егер өнімнің қосымша пар­тиясын шығару туралы шешім қабылау тұрақты шығындарды ұлғайтуға әкеліп соқтырса, инкременттік шығындар нөлге тең болады.

21. Маржиналдық шығындар мен кірістер. Маржиналдық табыс әдісі - өнімдерді өткізуден түскен түсім мен өзгермелі шығын ша¬масы арасындағы айырмашылыққа негізделген теңестіру әдісінің әр түрлілігі. "Директ-костинг" жүйесінде анықталады. Маржиналдық шығын мен табыс - өнім бірлігінің есебіндегі қосымша шығын мен табыс. Маржиналдық шығындар – өнімнің барлық шығарылуына емес, бірлігіне шаққандағы қосымша шығындар. Өндірістің маржиналдық шығындары – өнімнің тағы бір бірлігі жасалғанда шығатын қосымша шығындар. Бірлікке шаққандағы орташа шығындар – шыққан бірлік санына бөлінген өнімнің кез келген санын өндіру бойынша жалпы шығындар.

22.Есепке алынатын шығындар мен кірістер. Пайданы бағалағанда немесе өзіндік құнды қалыптастырғанда есепке алынатын және алынбайтын шығындарды ажыратады. Шаруашылық кызметі процесінде әрбір кәсіпорын кіріс түрінде түсетін қолма-қол ақша өсімін алу үшін өткізу көлемін ұлғайтуға тырысады. Болашақта ақшалай колда бар түсімнің ең көп шамасын қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпорынның басқару құрамы кірістер мен шығыстардың белгілі бір тәртібін қолдануы тиіс. Қысқа мерзімді шешімдер үшін шамасы қабылданатын шешімге байланысты шығыстар мен кірістер туралы мәліметтер маңызды болады, сондықтан олар шамасы қаралатын, баламаға (альтернативаға) байланысты, колма-қол ақшаның өсу болашағы туралы анық-түсінік береді. Қолма-қол ақшаның өсу қозғалысын айқындайтын шығыстармен кірістер орынды (релевантты) (есепке алынатын) деп аталады. Бір баламаны екіншісінен айыратын шығындар көбіне басқару есебінде орынды (релевантты) деп аталады. Шамасы қабылданатын шешімдерден байланысты емес шығындар иррелевантты (орынсыз).

23. Өндіріс шығындары. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары. Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.

24. Реттелетін шығындар. Жауапкершілік орталықтары бойыншатіркелетін шығындар мен табыс жауапкершілік орталығының менеджерімен реттелетін және ретгелмейтіндер болып жіктеледі. Реттелетіндер - сомасы менеджер тарапынан болатын ықпалға байланысты, жауапкершілік орталықтарында тіркелген шығындар. Жалпы кәсіпорын бойынша барлык шығындар реттеледі, бірақ нақтылы атқарушы барлык шығындарға арер ете алмайды. Егер атқарушы шығын деңгейін реттей немесе елеулі әсер ете алса, онда бұл шығындар осы орындаушы реттей алатын болып белгіленеді. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігі өндірістік қорлар алуды реттеуге, адамдарды жұмысқа жалдауға және т.б. құқығы бар, өндірістік бөлім басшысы мұндай шығындарға ықпал етпейді. Деңгейіне қызметкер елеулі ықпап ете алмайтын шығындар осы қызметкер реттейтіндер болып белгіленеді. Көптеген шығындар толықтай жеке атқарушының қарауында болмайды. Мәселе шығындарды кім бақылайтындығында емес, кім шығын деңгейіне әсер ете алатын жағдайда екендігінде. Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех тексерушісі реттейді).

25. ТИІМДИ ШЫГЫНДАР Тиімділер - бұлар өнім өндіруге бағытталған шығындар, өткізу нәтижесінде табыс алынады. Тиімді шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады, басқаша айтқанда шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табыстылыққа қол жеткізілсе, ондай шығындар тиімді де шығындар қатарына жатады.

26. ТИІМСИЗ ШЫГЫНДАР Тиімсіздер - өнім өндірілмейтін болғандықтан, нәтижесінде табыс алынбайтын щығындар. Бұлар - негізінде ақаудан, ірілістерден, материалдарды бүлдіруден және т.б. болған шығындар. Тиімсіз шығындар өнімсіз шығындар сипатына ие болады, оларды жұмсау нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан өнім өндірілмейді. Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі жоғатулар жатады. Оларға өндірістегі ақаулардан, тоқтаулар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен бұзылуынан болған жоғалтуларды жатқызуға болады. Тиімсіз шығындарды бөліп көрсету жоспарлау мен мөлшерлеуде жоғалтуларды болдырмау үшін қажет болады.

27. БАСҚАРУДЫН ИШКИ ЖУЙЕСИНИН НЕГИЗГИ КЫЗМЕТТЕРИ Басқару есебі қаржылық есепті кеңейтеді және ең алдымен кәсіпорынның ішкі операцияларында қолданылады. Оның мақсаты - басқару аппаратын, менеджерлерді, нақтылы шаруашылық мақсатына жетуге жауаптыларды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басшылық пайдалануы үшін дайындалатын бухгалтерлік ақпаратқа тікелей кәсіпорында жұмыс істемейтін сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратқа қарағанда, басқадай талаптар қойылады. Басқару есебінің мәліметтері кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылады. 28. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда, кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды. Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады: * қамтамасыз ету - дайындау; * өндірістік; * қаржылық-өткізушілік; * ұйымдастырушылық. 29. Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі: * шығын орталығы; * кіріс орталығы; * пайда орталығы; * инвестиция орталығы. Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі. Кіріс орталығы - жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларынын іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті - жауапкершілік орталығының қызмет корытындылары шығаруда нәтижелерді кесімді белгілеу. Пайда орталығы - бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудың белгісі - алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің корытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті. Инвестиция орталықтары – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкілеттіктері бар инвестиция орталығының басшылары қабылданатын шешімдер үшін кәсіпорын әкімшілігі жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатты бөлу ең жоғары жауапкершілік көтереді. 30. Өндірістік ресурстар кәсіпорыннын шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді: * негізгі құралдар - еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар және т.б.), олардың жағдайы яғни пайдалану; * материалдық емес ресурстар - мерзімнен бұрын қаржы бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патент материалдық ресурстар - еңбек құралдарының көмегімен өндіріс процесінде өндеуге арналған еңбек керек жарақтары; * еңбек ресурстары – кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек ресурстарын пайдалану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]