Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. .т. саб. ж. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126 Кб
Скачать
☆

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Карточкалармен жұмыс:

1 топ.

Қазақстан жерінегі діни наным-сенімдердің белгілері.

Қазақ ұлтының қалыптасу үрдісі.

2 топ.

Қазақ халқының киімі ерекшелігі.

Моңғол шапқыншылығы тұсындағы Қазақстандағы этникалық жағдай.

  1. Тарихи диктант.

Оқушылар тест сұрақтарын құрастырып бір-біріне қояды.

V. Бағалау:

Әбішев С. - __________;

Жақұпов Ә. - __________;

Нұржанова А. - __________;

Смағұлова Г. - __________;

Сұлтанова М. - __________;

Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: қайталау.

Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пәні: Ортағасысырлық Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға қазақ халқының өзінің мемлекетінің ішіндегі болып өткен, жүргізілген реформаларға, сыртқы саяси қадамдарға сипаттама бере отыра, олардың Қазақ хандығының саясаты туралы білім қалыптастыру;

  • Оқушыларға Қазақ мемлекетінің саяси реформалары туралы айта келе олардың салыттыру, ақпаратты сараптау, саралау дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушыларға тақырыпты айта келе қазақ хандарының әрекетіне баға бере отыра, патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай билеуші бұйрығымен салына басталды ?

  2. Кесенненің құрылыс ерекшеліктері ?

  3. Кесененің орналасу аймағы ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақ хандығын құрушыларының дипломатиялық дағдылары.

  2. Қасым хан.

  3. Тәуекел ханның әрекеті.

III. Жаңа сабақ.

Жәнібек хан мен Керей ханның одақтық қатынас орнатқан тұңғыш мемлекеті Моғолстан болды. Бұл достық одақ 1468 ж. Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісі Әбілхайыр ханның Жетісуға, ойраттардың (қалмақтардың) Моғолстанға шабуыл жасауына байланысты құрылып, 16 ғасырдың 30 жылдарына дейін созылды. 1468 ж. Әбілхайыр хан өлген соң Шығыс Дешті Қыпшақты билеу үшін Өзбек ханның мұрагерлерімен күрескен қазақ хандары Шайбани әулетімен билікке таласып жүрген Жошы әулетінен шыққан Ахмет ханмен, Махмұт ханмен, Ибақ ханмен және т.б. одақтасты.Қазақ хандары сыртқы саясатта, ең алдымен, Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ежелгі экономикалық және саяси орталығы болған Сырдария бойындағы Сығанақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және басқа қалалардағы өз билігін нығайтуға күш салды. Ал олардың Дешті Қыпшақтағы негізгі бәсекелесі Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан да қазақ даласындағы халықтарды билеу және одан кейін Орта Азиядағы Темір әулетінің қол астындағы жерлерді жаулап алу үшін Оңтүстік Қазақстанның осы қалаларына арқа сүймек болды.Дешті Қыпшақтағы және Түркістан қалалары үшін ұзаққа созылған күрес 15 ғасырдың ақырында Сырдария бойындағы бірқатар қалалардың қазақ хандарының қол астына көшуімен және Шайбани әулетінің Орта Азияға ығысуымен аяқталды. Шайбани әулетімен уақытша бітім жасалды

Қазақ хандығы Қасым хан (1511-1532) тұсында күшейе түсті. Ол Жетісудағы өз иелігін едәуір ұлғайтты, Жетісудағы қазақ руларын қазақ хандығына қосып алды. Қасым хан Мәскеу мемлекетімен де дипломатиялық байланыс орнатты. 16 ғасырдың ақырында Ресеймен экономикалық және дипломатиялық байланысты нығайту қазақ хандықтарының бұл кездегі жағдайын бір шама жақсартудың маңызды факторы еді. Тәуекел хан 1583 ж. өзбектермен «анттасқан шартты» бұзып, Бұхараға қарсы Ресеймен саяси одақ құруға қадам жасады. Тәуекел хан Ресейдің қолдауымен Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзаққа созылған күресті сәтті аяқтады.

17 ғ-да Қазақ хандығына шығыс жақтан күшейген Жоңғар хандығының ықпалы күшейе түсті.