- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
III. Жаңа сабақ.
ХIХ–ХХ ғасырлардың бас кезiнде Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы қарқын алды. Қазақстанды зерттеумен алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкiлдерi, саяси жер аударылып келгендер, сондай-ақ қазақ қоғамының өзiнен шыққан бiлiмдi ғалымдар айналысты. Бұл салада шетелдiктер – ағылшындар мен немiстер, француздар да елеулi iз қалдырды.
Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетiн зерттеуде Ресей ғалымдарының сiңiрген еңбегi зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкiлдерi көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды.
Г.Н. Потанин (1835–1920) қазақтың тiлiн, тұрмыс-тiршiлiгiн, Қазақстанның тарихы мен географиясын өте жақсы бiлдi. ХIХ ғасырдың 60–90-жылдары Қазақстан, Орталық Азия, Монғолия, Урянхай өлкесi, Қытай және Тибет жерлерiне бiрнеше iрi саяхат жасады. Сол сапарлары кезiнде қазақ фольклоры үлгiлерiн жинап, зерттедi. Г.Н. Потанин қазақ халқының Ә. Бөкейханов, М. Шорманов, Қ. Өскенбаев, И. Сәтбаев, сондай-ақ Шыңғыс Уәлиханов сияқты көрнектi өкiлдерiмен достық қарым-қатынаста болды. қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеушi ғалымдардың бiрi Әбубәкiр Диваев (1856–1932) болды. Ә. Диваев орыс ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000-ға жуық мақал-мәтелiн жинады. Қазақстан орыстың атақты ақыны Александр Сергеевич Пушкинге ерекше әсер еттi.
ХIХ ғасырдың орта кезiне қарай Қазақстан саяси жер аударылғандар тұратын орынға айнала бастады. Орыс ақыны А.Н. Плещеев «Қазақтарға қызыға қараудан көз тоймайды. Жарқын жүздi, жомарт жүректi жандар. Оларды сыйламау мүмкiн емес...» Ол бүкiл өмiр бойы қазақ халқына деген шын- пейiлдi ыстық махаббаты мен құрметiн атап айтумен өттi. Қазақстанға жер аударылып келген Польшаның революционер-демократы Адольф Янушкевич те ХIХ ғасырдың 40-жылдарында Орталық Қазақстанға жасалған ғылыми экспедицияға белсене қатысты.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Кесте толтыру.
зерттеуші
Зерттеу саласы
Еңбектері. Жүргізілген жұмысы.
Қазақ ғалымдарынан Қазақстанды зертеуге үлес қосқан ғалымдарын атандар.
Шоқан Уәлихановтың рөлін көрсетіндер ?
Қазақстанға шетел ғалымдарының келу мақсатын анықтандар ?
V. Бағалау:
1) Аңдасова Қ. - ________;
2) Рамазанов А. - ________.
VI. Үйге тапсырма: параграф 44, оқу, мазмұндау, қосымша ақпарат қарастыру.
Сынып: 8 «а». Сабақ №: 55 Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: 1860-1870 жылдарындағы оқу-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезіңдегі Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы және негізгі бағыттарымен таныстыру, патша әкімшілігінің қазақ халқын ағарту саласына қандай мақсат көздегенін, өлкедегі оқу-білім ісінің маңызын ашып көрсету;
Дамытушылық: Оқушыларды ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғаларға шығармашылық тұрғыда талдау жасай білу әдісіне үйрету және білімнің маңызы жайлы логикалық-танымдық ойлау жүйесінің дамып, тақырыпты терең меңгеруге деген қызығушылықтың арта түсуіне ықпал ету;
Тәрбиелік: Алға қойған мақсатқа жетуде оқушының оқушыны табандлық таныту, қажырлылық көрсету және шыдамды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсеңділік арттыру.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақстанды орыс ғалымдарынан кім зерттеді ?
Қазақстанды зерттеуде Г. Н. Потаниннің рөлі қандай ?
Орыс ақындары мен жазушылардың Қазақстан тарихында қалдырған іздері қандай ?
Қазақстаннан шыққан тұңғыш дәрігерлер кімдер ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Қазақтардың дәстүрлі оқу-ағарту ісі. Жаңа үлгідегі мектептер.
Зайырлы мектептердің ашылуы.
ХІХ-ХХ ғ.ғ. оқу ісіндегі жаңалықтар.
Ресей империясындағы жоғары оқу орынарында оқыған қазақ жастары.
