Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сын. .т. саб. ж. 4 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

III. Жаңа сабақ.

1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түстi. Бұл оқу орны Сiбiрдегi жоғары бiлiктi мұғаiмдер жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бiрi болатын.

Тамаша бiлiм алып шыққан жас ғалым түрлi ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Ш. Уќлиханов 1856 жылы аса крнектi ѕалым, белгiлi географ П.П. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабiлетiне шын ниетiмен сүйсiне қайран қалды. 1857 жылы П.П. Семенов-Тян-Шанскийдiң ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелiгiне қабылданды.

1858–1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейiн ол өлкеде бiрде-бiр зерттеушiнiң болып қайтуының сәтi түспеген едi. 1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстiк Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады.

Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетiн зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнектi қазақ ғалымы те ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра Қалдыр- ды. Оның «Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнделiктерi», «Үлкен орда Қырғыз-қайсақтары туралы» т.б. еңбектерiөте құнды саналады. Шоқанның қазақтардың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмiрiнен салған 150-ден астам суреттерi сақталған. Ол қазақтардың алғашқы кәсiби суретшiлерiнiң бiрi.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Жылдармен жұмыс.

1835 жылы –

1847 жылы –

1853 жылы –

1858-1859 жылдары –

1860 жылы –

1859-1861 жылы –

1864 жылы –

1865 жылы –

  1. Шоқанның туып-өскен жері туралы баяндама.

  2. Шоқанның өзіндік қандай қасиеттер оған омбыда оқыған кезде жақсы көмектесті ?

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 45, оқу, сызбаны толтыру:

Өмір сүрген жылдары –

Мінез-құлық ерекшеліктері –

Ғылымға бейімділігі –

Қайда оқыды –

Кімдермен достасты –

Ғылыми зерттеулері мен олардың маңызы –

Ғылыми мұрасы –

Сынып: 8 «а». Сабақ №: 57 Күні:______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ әдебиеті пәнінен алған білімдерін негіз ретінде ала отыра, оқушылардың Ы. Алтынсариннің өмір жолымен, қызметімен таныстыру, оны педагог, жазушы, қоғам қайраткері, ғылым-этнограф ретінде шығармасын жан-жақты зерделеу;

Дамытушылық: Оқушылардың әдеби шығармаларымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, автордың айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынаға үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсеңділік арттыру.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Оқушылардың сызбаны толтырғанын тексеру.

  2. Ш. Уәлихановтың еңбектерін атап көрсетуге.

  3. Ш. Уәлихановты сипаттау.

  4. Оның дүниеге келуін, қай жерде өскенінді сипаттау.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Педагогикалық қызметі, ағартушылық көзқарасы.

  2. Ғылыми және әдеби көзқарасы.

  3. Қоғамдық-саяси қызметі.

III. Жаңа сабақ.

Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебiнiң қалыптасуында терең iз қалдырды. Ы. Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасының қалыптасуына орыс педагогы К. Ушинскийдiң және чех ойшылы Я. Коменскийдiң еңбектерiмен таныс болуы игiлiктi әсерiн тигiздi. Ы. Алтынсарин орыстың көрнектi демократтары Н.Г. Чернышевскийдiң, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнiң және басқалардың шығармаларымен де таныс болды.

Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерiнiң оқушыларына арнап екi оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тiлiн үйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты.

Ол өз замандастары арасында ғалым-этнограф, көсемсөзшi әрi ақын ретiнде де кеңiнен танылды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлiмiнiң толық мүшесi болды.