Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сын. .т. саб. ж. 4 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Абайға сипаттама беру.

  2. Абайдың өмір жолына шолу жасаған кезде оның қай оқу орындарынан білім алғандығын анықтау.

  3. Еңбектерін көрсету. Атап шығу.

  4. «Қара сөздер» еңбегінің маңызы.

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 47, оқу, мазмұндау.

Сынып: 8 «а». Сабақ №: 61 Күні:______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақсатанның әлеуметтік-демографиялық дамуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағында ХІХ-ХХ ғ.ғ. халықтың әл ауқаты мен экономикалық жағдайы туралы білім қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың әдеби шығармаларымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, автордың айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынаға үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсеңділік арттыру.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің қарқының ерекшеліктері туралы баяндап беріндер.

  2. Қақақстандағы мектептердің қандай түрлері болды.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Әлеуметтік жағдай.

III. Жаңа сабақ.

Түркістан генерал-губернаторлығы  (Орталығы – Ташкент)  Сырдария облысы  Жетісу облысы

Дала генерал-губернаторлығы  (Орталығы - Омбы)  Ақмола облысы  Семей облысы  Орал облысы  Төрғай облысы

1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.

Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.

Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.

Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.

Қала халқының көбеюі жолдары:  1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.  2.Жатақтар санының артуы.  3.Ішкі демографиялық өсім.  4.Сауда қатынасының дамуы.

Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.