Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану-әлеуметану лекция 1-5.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1. Әлеуметтану ғылымының қалыптасуына дейінгі кезең. Ежелгі дүние, ортағасыр, жаңа заман ойшылдарының әлеуметтік идеялары.

Әлеуметтану ғылымының даму тарихын үшке бөліп қарастыруға болады: 1) Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар 2) Орта ғасыр мен жаңа дәуiр социологиясы 3) Қазіргi заманғы социология

Ежелгі дәуірдегi социологиялық көзқарастар грек философтары Платон (б.з.б 428/427- 348/347) мен Аристотель (б.з.б. 384-322) есiмдерiмен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлердi, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды корытып, қоғамды одан әрi жетiлдiруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түздi.

Платонның «Мемлекетi» жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек больп саналады. Оның негiзгi тұжырымы әлеуметтiк проблемаларды сыни талдаулардан өткiзiп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетiлген мемлекеттi негiздеп құруға болады дегенге саяды.

«Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп бiлген Платон зиялылардан адамгершiлiк тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттiң ойдағыдай өмiр сүруiн қоғамның негiзгi үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етедi. «Тек осындай мемлекетте ғана бай адам алтынға емес, қайырымдылық пен парасатқа билiк жасайды».

Сөйтіп, Платонның әлеуметтік тұжырымдамасында мемлекеттік құрылысты түсіндірудің кілтін адамның болмысынан, ал мемлекеттің сипатын саяси қайраткерлердің типтік белгілерінен іздеу керек деп саналып келді.

Мемлекеттегі қоғам мен қайраткер идеялары Аристотель шығармаларында одан әрі дамытылды.

Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілкке жету болып табылады.

Бұл орайда әділеттікке белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі. Билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот жүйесіне бөлу әділеттілік орнатуға септігін тигізеді.

Оның көзқарасы бойынша, мемлекеттік құрылым дегеніміздің өзі мемлекеттік басқару тәртібі. Ал мемлекеттік құрылым үш жақсы үш жаман болып 2 түрге бөлінеді. Біріншісіне монархиялық билік (жеке дара билік), ақсүйектер билігі (қоғамның ауқатты топтарының жоғары бөлігінің билігі) және полития (көпшіліктің парасатты билігі) жатады, ал екіншісіне тиранды (бір адамның заңсыз билігі), олигархияны (қоғамның ауқатты топтарының төмен бөлігінің билігі) және демократияны (халықтың билігі) жатады.

Сонымен мемлекет, Аристотельдің айтуынша, адамдарға үстемдік етіп тұратын тұтастық.

Орта ғасырларда Аврелий Августин (354-430) мен Фома Аквинскийдің (1225-1274) еңбектері ерекше мәнге ие болды. Августин құдайға сүйіспеншілік идеясын өз тұжырымдарының өзегі етіп алып, саясат пен қоғамдық прогреске теологиялық тұрғыдан түсінік берген.

Ал Ф.Аквинский болса, адамды саяси тұлға ретінде қарастырады. Ол сол заманғы мемлекеттік биліктің шіркеуге тікелей тәуелді екендігіне қарамастан, шіркеу ғана емес, мемлекет те жаратқанның туындысы деп дәлелдеді.

Әлемдік өркениет тарихындағы қайта өрлеу кезеңінің идеялық өзегі – адам құндылығын, оның бостандық пен бақытқа ұмтылу құқықтарын мойындайтын көзқарастар жүйесі, яғни гуманизм болды.

Гуманизмнің алғашқы өкілдерінің бірі – Италия ойшылы Данте Алигьери (1265-1321). Ол «Құдіретті комедия» және «Халық сөзі туралы» деген шығармаларында жаңа гуманистік көзқарастың негізін қалады. Онда Данте құдай мен жаратылысты бір-біріне қайшы келмейтін, бір-бірін толықтырып тұратын тең құқылы екі шындық деп уағыздады.

Гуманизмнің атасы атанған Франческо Петрарка (1304-1374) ежелгі дәуір мәдениетін зерттеп, адам мәселесін қоғамдық ойдағы негізгі мәселеге айналдырды. Ол антропоцентризмді теоцентризмнен арылу үшін қолданды.

Адам туралы жаңа көзқарас бірсыпыра әлеуметтік-саяси мәселелерді дұрыс шешуге ықпал етті. Италия ойшылы Никколо Макиавелли (1469-1527) «Тита Ливияның алғашқы он күндігі туралы ойлар», «Елбасы», «Флоренция тарихы» сияқты трактаттарында адамның белсенділік идеясын дамытты.

Жан Боден (1530-1596) «Мемлекет туралы алты кітап» атты трактатында мемлекет отбасы негізінде пайда болып, жеке меншікті нығайтуға қызмет етеді деп жазды.

Томас Мор (1478-1535) «Утопия аралығындағы мемлекеттік құрылыстың тамаша үлгісі туралы шын мәніндегі асыл әрі пайдалы, әрі жұбаныш кітапшасы» атты шығармасында, Томазо Кампанелла (1568-1639) «Күн қаласы» атты еңбегінде мемлекеттің әлеуметтік-саяси құрылымы проблемалары, меншік мәселесіне хақында толғанды.

Материализмнің алғашқы өкілдерінің бірі Томас Гоббс (1588-1679) қоғам туралы натуралистік тұжырымдаманың дамуына өзіндік үлесін қосты. «Левиафан немесе материя, шіркеулік және зайырлық мемлекеттің түрі мен билігі» атты еңбегінде адам мен мемлекет табиғаты туралы баяндай келе, мемлекеттік билік қоғамды жаңа сапалық күйге ауыстырады деп көрсетті.

Әлеуметтік саяси ілімдердің дамуындағы келесі қадамды Джон Локк (1632-1704) жасады. Ол «Табиғат заңдары туралы зерттеу», «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» атты еңбектерінде буржуазия мен дворяндықтың арасындағы өзінше бір келісімпаздық ретінде ағылшын либерализмі идеясын қолдады.

XVIII ғасырдың жартысындағы әлеуметтік-философиялық ой-пікірдің өкілдерінің бірі Шарл Лук Монтескье (1689-1755) «Заңдардың рухы туралы» деген еңбегінде адам табиғаты мен әлеуметтік-саяси құбылыстар туралы жаңа идея көрсетті.