Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану-әлеуметану лекция 1-5.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2) Орта ғасырлардағы саяси ілімдер

Батыс Еуропаның Феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері. Ерте Феодалдық қоғамдағы, феодаллизмнің гүлденуі және құлдырауы кезеңдеріндегі римкатолик шіркеуі мен зайырлы биліктерінің дамуындағы өзара қатынастары.

Фома Аквинский – «католицизмнің бірден-бір шыншыл Философиясының жасаушы. Плейбейлік шаруа және бюргерлік қала еретиктері. Джон Уиклиф, Ян Гус». «Мыңжылдық патшалық» тұрғысындағы саяси аңсау сарысындағы ойлар.

Араб Шығысы, Орта Азия және Закавказье елдеріндегі саяси ой-пікірлер. Исламдық саясатты дәріптеушілер Ибн Рушд, Ибн Халдун. Әбу насыр әл-Фарабидің «Тамаша қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» деген трактаттарындағы қоғам, мемлекет мүддесіне орай тұжырымдалған гуманистік идеялар. Әлішер Науаи, Низами Гянджеви, Шота Руставели, Мхитар Гош шығармаларының саясат тарихындағы алатын орны.

Феодалдық теологиялық идеологияның үстемдігі.

Мемлекет алдындағы шіркеудің беделінің негізделуі.

Табиғат пен қоғамның заңдары - мақсатқа жетудің ережелері - Ф.Аквинский ХШ ғ.

Мемлекеттің діни мәнінің тұжырымдамасы: әлемдік тәртіпті құдай жаратқан.

Өкіметті сөзсіз тыңдау, келісімділік уағызы. Дегенмен, адамдар жаратқанның алдында да, жер бетінде де тең.

Шіркеудің рухани диктатурасымен күрес, саяси құрылысты өзгерту үшін зорлықты жоққа шығару.

Орыс мемлекетінің тәуелсіздігі мен патша үкіметінің үстемдігі туралы идеялар.

Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді.

Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.

Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген:

Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады.

Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді.

Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы" деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты "ортақ игілікке жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған.

Ф.Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік діни билікке бағынуға тиіс. Аспанда құдай жерде Рим папасы билік етуі керек деген.

3) "Қайта өрлеу" және "Ағарту" дәуіріндегі саяси ойдың ерекшеліктері

Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар.

Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу.

Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу.

Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау.

Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы.

Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы.

ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм.

Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.

Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету.

Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.

Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді.

"Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған.

Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.